kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ортаңғы тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы:«Қу түлкі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өтпелі тақырып: Аңдардың  қысқы тіршілігі»                          

Білім беру саласы: «Коммуникация»                                       

Пән:Драма

Тақырыбы:«Қу түлкі»

Мақсаты:

Дамытушылық: Балалар ертегіні тыңдауға, ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру. 

Оқыту: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету

Тәрбиелік:Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: айлакер, зәресі ұшу

Үштілдік компоненет: түлкі – лиса – fox, жолбарыс - тигр – tiger

Керекті құрал - жабдықтар: қорапша, қоңырау, кейіпкерлердің суреттері, «Ненің үйі?» дидактикалық ойынына керекті карточкалар.

Шаттық шеңбер:

Күн күлімдеп нұр шашты,

Бізге жолдап сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі,

Бізге жолдап сәлем!

Есте сақтап кеңесті,

Достарға жолда сәлем!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы:«Қу түлкі»»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өтпелі тақырып: Аңдардың қысқы тіршілігі»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән:Драма

Тақырыбы:«Қу түлкі»

Мақсаты:

Дамытушылық: Балалар ертегіні тыңдауға, ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру.

Оқыту: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету

Тәрбиелік:Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: айлакер, зәресі ұшу

Үштілдік компоненет: түлкі – лиса – fox, жолбарыс - тигр – tiger

Керекті құрал - жабдықтар: қорапша, қоңырау, кейіпкерлердің суреттері, «Ненің үйі?» дидактикалық ойынына керекті карточкалар.

Шаттық шеңбер:

Күн күлімдеп нұр шашты,

Бізге жолдап сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі,

Бізге жолдап сәлем!

Есте сақтап кеңесті,

Достарға жолда сәлем!

Ғажайып сәт:

Мен жолда келе жатып, кішкентай ғана қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме? Қане ашып қарайықшы. Бір балаға алып шыққызады.Бұл не? Қоңырау.

Қоңырау. Дұрыс айтасыңдар.Сыңғырлатып көрейікші. .Бір бала сыңғырлатады

Орыс халқының әуенімен топқа орыс халқының киімін киген «Ертекші» кіреді. Балалармен амандасады. Қызыға, мұқият тындайды

Ертекші :

Всем от сердца , большой поклон! Таңдана қарсы алады, үш тілде амандасады.

Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Hello!

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сиқырлы қоңыраудың дыбысын естіп сендерге келдім. Құр қол келген жоқпын, сендерге ертегі елінің патшасының мына ертегілер кітабын сыйға тартуға келдім. Тағы бір жерде қоңырау соғылған сияқты. Мен кетейін, ал апайларың сендерге ертегі оқып берсін.

Рахмет, Сізге Ертекші! Сау болыңыз! (Ертекші шығып кетеді)

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады.

Әңгімелесу:Мен бүгін сендерге орыс халқының тағы бір ертегісін айтып беремін. Ертегі не туралы болатынын білгілерің келеді ме? Иә!Онда жұмбақ шешіп көріңдер.

Жұмбақ жасырады:/ Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табуға тырысады/.

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу

Ол не? Бұл түлкі!

Кіріспе әңгіме.

Балалар, бүгін біз түлкі туралы тағы бір ертегімен танысамыз. Үстел үсті театрының көмегімен ертегіні айтып береді./ Қызыға қарайды, мұқият тыңдайды./

«Айлакер түлкі» ертегісі.

Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлғаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

Мені жей алмайсың. Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді. Жолбарыс Түлкіге олай бір, бұлай бір, бұлай бір қарап, сенбей:

Мүмкін емес, - дейді.

Сенбесең, екеуміз орман ішімен жүріп өтейік, - деп ұсыныс жасайды Түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі Жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстардың зәресі ұшып, тым – тырақай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшып кетеді. Ал қу Түлкі басын одан сайын көтере түсіп:

Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма? – деп мақтанады.

Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, - деп, алданған Жолбарыс жайына кетеді.



Әңгімелесу.

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Иә, ұнады

Ертегідегі түлкі қандай аң? Түлкі қу.

Түлкі үй жануары ма, әлде жабайы аң ба? Түлкі жабайы аң.

Жабайы аңдар қайда өмір сүреді? Түлкі орманда өмір сүреді.

Түлкіні орысша қалай айтады? Түлкі орысша лиса.

Ал, ағылшынша түлкі «fox», жолбарыс - тигр – tiger

Сергіту сәті:

Тышқан шықты інінен,

Сағат неше болды деп?

Бауын тартып қалып еді,

Дүңгірледі барлық жер.

Тышқан қорқып қайтадан,

Кіріп кетті ініне. /Қимылдарын келтіріп, бірге айтады./

Сөздік жұмысы:

Айлакер деген – қу, бәрін алдап кететін деген сөз. Ал, зәресі ұшты деп қорыққан кезді айтады. Жаңа сөздердің өзге тілдердегі баламаларын қайталап, есте сақтауға тырысады.

Тақпақ айту.Балалардың түлкі туралы тақпақтары.

1-бала

.Түлкі, түлкі, түлкімін.

Көрдің бе түсін тонымның?

Қара етік киемін,

Бойымда жоқ бір мінім!

2-бала

Иә,біраз айлам бар,

Айладан түсер пайдам бар.

Жолап кетсем қораңа,

Тауықтарың жоғалар.

«Не жасырынды?» дидактикалық ойыны

Балаларға әртүрлі үйдің артына жасырынған бір аңның суреті бар, суреттер таратылады. Бұл суреттерде, сол аңдардың бір дене мүшесі көрініп қалған . Осы дене мүшесі бойынша, қай аңның үйі екенін тауып алуды ұсынады.

Суреттерге мұқият қарайды, қай аң жасырынғанын табады.

Мысалы:

- Мынау, түлкі, өйткені құйрығы көрініп тұр.

- Мынау, қоян. Оның құлақтары көрініп тұр.

Қорытынды:

Балалар біз қандай ертегімен таныстық? «Айлакер түлкі» ертегісімен таныстық.

Түлкі қандай екен? Түлкі қу.

Ал жолбарыс қандай? Жолбарыс аңқау.

Түлкі орысша қалай? Түлкі орысша «лиса».

Мақтап, мадақтайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ортаңғы тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Тақырыбы:«Қу түлкі»

Автор: Асанова Бахыткул Кайпеновна

Дата: 19.01.2019

Номер свидетельства: 496125


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства