Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі? Қонаққа Алдар көсе келеді. Алдар көсе: -Сәлеметсіңдер ме балалар! - Бұл қандай топ? -Мен жанды көлік болып есептелетін өзімнің жануарымда келдім. Ол қандай жануар екенін білесіңдер ме? - Иә. Таптыңдар ма, қандай жануар екенін? Мен сендерге қазір сый тартар едім, бірақ менің сиқырлы дорбам тек қана, өз ақылын және білімін көрсететін балаларға ғана ашылады. Осындай сынақтардан өтуге дайынсыңдар ма? Тәрбиеші: - Балалар, қане олай болса тапсырмаларды орындайық. Алдар Көсе: Менің сиқырлы дорбамда жеміс пен көкөністер бар. Қазір сендер дорбаға қолдарынды салып, заттың жеміске әлде көкөніске жататының ажыратып беріңдер. Қандай пішінге ұқсайтының, түсін айтып беріңдер. Алдар Көсе: Балалар сендер қалай бәрін білесіңдер. Алдар Көсе сіз біздің балалармен саяхатқа шыққыңыз келеді ме? -Иә Олай болса балалар саяхатқа шығамыз ба? - Саяхатқа шығу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын: Темір жолда жүретін көліктің бір түрі қалай аталады? Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне мына жерде әр түрлі пішіндер берілген ,сол пішіндерден қане поездың вагонын құрайық. Олар қандай пішіндерден құралған? Балалар төрт бұрыштың түсі қандай? Домалақтың түсі ше? -Балалар мына жерде неше вагон тұр? Ал біз поездың вагондары болсақ нешеу боламыз? Олай болса поездың жүргізушісі Бота болсын қане кеттік. Балалар орманға да жеттік. Балалар мына жерде кішкентай қонжық ренжіп отыр ғой. Қонжық сен неге ренжіп отырсың? -Мен лентамды таға алмай отырмын. Балалар қонжыққа көмектесемізбе? Балалар мына лентаның түсі қандай? Қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Балалар оны қалай білеміз? -Балалар қонжықтың қолында неше шар бар санайықшы. Балалар орманда желде соғып тұр екен, қане бәріміз жел болайықшы. Сергіту сәті: Жел соғады бетіме, Ағаштар да желпуде. Жел тына қалған кезде Ағаштар биік болып өседі. Балалар мына жерде шыршалар тұр. Шыршалардың бойы бірдей ме? -Оң жақтағы шырша қандай? - Сол жақтағы шырша қандай? Ал балалар мына жерден не көріп тұрсыңдар? Қане аңдарды орналастырайықшы. Ойын: «Орнын тап» (алды, арты, оң жақ, сол жақ ) -Өте жақсы балалар. Енді поездымызға отырып, тобымызға қайтайық. Балалар үстелді айнала тұрады. Балалар міне мына жерде сендерге геометриялық пішіндер берілген. Қане бәріміз геометриялық пішіндерден мысықтың басын құрайықшы. Д\О: «Мысық». Мақсаты: Геометриялық пішіндерді және пішіндердің көлемдерін ажыратуға үйрету. Балалардың танымдық процестерін дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын тудыру. | Қазір жылдың көктем мезгілі екенін айтады. Күн жылынады,далада қар ериді, ағаштар бүршік ата бастайды. Балалар көктем туралы тақпақтарын айтады. -Сәлеметсіз бе! -№4 «Құлыншақ» тобы Иә. Есекпен. Иә. Иә. -Поезд -Төртбұрыш -Домалақ -Балалар түстерін айтады. -1 вагон -Көп вагон -Қысқа лентаның түсі қызыл - Ұзын лентаның түсі көк. -Екі лента әр түрлі. -1,2,3 -Один, два, три -Уан, ту, сри Балалар желдің дыбысын келтіреді. Балалар белгілі бір қимыл әрекеттерді қайталайды. -Жоқ -Ұзын -Аласа Аңдарды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар мысықты құрайды. Қандай пішіннен жасалғандарын айтады. |