ІІ кезең Ұйымдастырушылық ізденіс | -Біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Орманда не өседі? Орманда қандай аңдарды кездесеміз? Балалар,орманда тағы құстар да бар екен.Оларды қорқытпау үшін орманда тыныш,бір-бірінің жанында жүруіміз керек. -Міне орманға келіп қалдық! -Ой,балалар,анау жерде не секіріп жүр? -Ол қайда секіріп жүр? Қоян: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Сендер,орманда не істеп жүрсіңдер? -Сен бізді орманға жібересің бе? Қоян: -Егер сендер менің тапсырмамды дұрыс орындалсаңдар,мен сендерді орманға жіберемін. Тақтамен жұмыс: Мынаған ұқсас санырауқұлақтарды себетке жинау керек. Сергіту сәт: -Қоянға ең биік ағашты көрсетеміз. -Енді кім ең аласа ағашты көрсетеді? Балалар,қоян сендерге тағы бір тапсырманы дайындап қойды.Оны орындаймыз ба? Тапсырмалар: -Ең биік ағаштың қасына аюды қою керек. -Қуыршақты ең аласа ағаштың артына қойындар. -Бақаларды ағаштың алдына қою керек. Қоян: -Жарайсыңдар,балалар!Бәрін білесіңдер. | Балалар қуанды. -Орманда ағаштар,санырауқұлақтар,гүлдер өседі. -Түлкі,қоян,аю,қасқыр,тиын. -Қоян. -Ағаштың артында. -Сәлеметсің бе! -Біз орманға саяхатқа келдік,санырауқұлақтарды жинауға. Балалар ұқсас санырауқұлақтарды себетке жинап қойды. Балалар қимылмен жасап қойды. -Орманға барамыз, Жидек теріп аламыз, Аю ұйықтап жатыр, Бізді көрмей отыр Балалар ең биік,аласа ағаштарды көрсетті. -Иә,орындаймыз. Балалар тапсырмаларды орындады. Қоянмен қоштасады.Сау болыңыз! |
ІІІ кезең Рефлексивті-коррекциялау | -Балалар,біз бүгін қайда саяхатқа бардық? -Орманда нені көрдік? -Орманда не өседі? | -Орманға. -Қоянды көрдік. Ағаштар,саңырауқұлақтар,гүлдер. |