Просмотр содержимого документа
«Орамалды безендірү»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
Технологиялық картасы
Тәрбиеші:Хайрулина Г.К.
Құндылығы: Махаббат.
Білім беру саласы. "Қатынас"."Шығармашылық"."Қоршаған ортамен таныстыру".
Бөлімі: Тіл дамыту. Сурет салу. Қоршаған орта.
Күні: 21.05.2015ж
Тақырыбы: " Орамалды безендіру".
Мақсаты:
Отбасы туралы білімдерін кортындау.Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы ауызекі сөйлеулерін дамытып, есте сақтау қабілеттерін қортындау. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Қағазға саусақтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету.Саусақ, қол қимыл-қозғалыстары мен икемділіктерін дамыту. Балаларды әсемдікті көре білуге тәрбиелеу;
Балалардың отбасына деген ыстық сезімдерін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар: Сары түсті парақ, түрлі түсті бояу,сүлгі, су, үлестірмелі материалдар, әдемі және әр пішінді орамалдар, әженің суреті, отбасының суреті, қуыршақ Асем.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Педагог балалармен Сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
- Топ,топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!,
Жаса жаса, алтын күн!
Жаса жаса, жарқын күн!
Жарайсындар ,балалар қандай жақсы тілектер.Рахмет сендерге.Ал енді, бәріміз орнымызға барып отырайық.
1)Сурет бойынша әңгіме жүргізу:
Педагог балаларға "Отбасы" суретін көрсетеді.
-Балалар мына суретке қарандаршы, бүл суретте сендер нені көріп отырсындар?
-Дұрыс,балалар
-Бүл суретте отбасы бейнеленген.Міне отбасы мүшелері-ата, әже ,әке,ана және олардың балалары. Отбасысымыз болуы қандай үлкен бақыт. Барлығымыз кәнеки отбасы тұралы тақпақ бірге қайталаймыз.
"Отбасы".
Отбасы-ол бақыт,
Отбасы-ол ата-ана.
Отбасы-туыстарымыз,
Отбасы -ол шанырақ.
Сергіту сәті:
"Бес саусақ"
( саусақ ойыны.)
-Балалар,біріміздің үйімізде әжелеріміз бар. Міне мына суретке қарап, әже туралы әнгімелесейік. Әжеміз үлкен ,қарт адам. Әжемізді құрметтеп, сыйлау керек.
"Әже" (өлені)
Қ.Қуатбаев.
Өзін мені өсірген
Айналайын ақ әжем,
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің ба, дана әжем.
Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шенберің жасайды.
Суретке қарап қызығушылық білдіреді.
Қарайды.
-Отбасы.
Әже.
-Ата.
-Әке.
Олардың балалары.
Педагогты мұқият тындайды.
Өлен жолдарын қайталайды.
Қайталайды.
Әже тұралы әнгімелеседі.
Тындайды.
Тақпақты айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең
Ғажайып сәт:
Есікті біреу қағады.
Қуыршақ Асем келеді.Балалармен амандасады.
-Балалар,
бүгін әжеміздің туған күні екен.
Қуыршақ Асем әжесіне не сыйлайтының білмей отыр, оған сендердің көмектерің қажет.
-Кәнеки ,балалар қуыршақ Асемге көмектесеміз бе?
-Бәріміз ойланып көрейікші не сылауға болатынын?
-Балалар мен таптым!
Педагог қораптан әдемі орамал шығарады.Балаларға оны көрсетеді. Педагог орамалдардың әртүрлі болатының балаларға түсіндіреді.Түрлі пішінде,түрлі түсте болуы түсініктеме береді.
Оны біз не үшін қолданамыз.
Қай жерімізге байлаймыз- деп бірнеше сұрақтар береді.
-Бүгін әжемізге сыйға тарту мына орамалды әдемі етіп безендіріп берейік.
Педагог балаларға фон және онда үшбұрыш сызылған үлестермелі материалдарды таратып береді. Берілген орамал пішіні ішіне дөнгелек пішіндерді салу жолын көрсетеді.Қызыл,сары,көк түсті гуашты пайдаланатының айтады.
Саусақ арқылы дөнгелек пішіндерді бояймыз.
Бір саусағымызды алып қызыл түсті бояуға батырып қагазға дөнгелетіп із түсіреміз,солай басқа түстерді пайдаланамыз.Содан кейін қолымызды дымқыл сүлгіге сүртеміз.
-Ал енді қәнеки ауада қайталаймыз.
Сурет салу барысында балаларға дөнгелектерді орамалдың бір шетінен бастап,арақашықтығын дұрыс сақтай отырып салып шығуды тапсырады.Жұмыс барысында балаларға нақты бағыт -бағдар беріліп отырады.Балалар безендірген орамалдарын қуыршақ Асемге ұсынады.
Балалар есікке қарайды.
Балалар қуыршақпен амандасады.
Балалар көмек көрсетуге талпынады,аяушылық танытады.
Балалар ойланады.
Балалар әжелерінің аналарының орамалдары жайлы өз білгендерің айтады.
Балалар педагог басшылығымен жұмыс жасайды,орамалдағы дөнгелектерді саусағымен бояйды.
Балалар саусақтарымен ауада қимыл-қозғалыстарды қайталайды.
Рефлексиялық – түзетушілік кезең
Педагог балалардың салған суреттерің жинап алған соң,олардың суреттерін жинап талдау жұмысын жұргізеді.
Қимылды ойын ойнайды
"Поезд"
Сонан соң педагог қорытынды жасайды:
- Балалар бұл орамалды кімге жасадық?
- Бұл орамалды не үшін жасадық?
- Біз кімге көмек бердік?
Балалар бір-бірлерінің суреттеріне қарап тамашалайды..
Ойын ойнайды.
Балалар педагог сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Отбасы мүшелерін,бастырмамен жұмыс істеу дағдысын біледі,үш негізгі түстерді.
Игереді:орамалдардың алуан түрлі формада,түсте болатыны туралы мәліметті,үлкендерге құрмет көрсету дағдысын,суретке қарап әңгіме құрастыруды,жаңа сөздердің мағыналарын,;
Меңгереді:Орамал туралы толық әңгіме құрастыруды,әртүрлі тәсілмен дөңгелек пішінді салуды,саусақ арқылы орамалды безендіруді;