ІІ кіші топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен- кіші. Бір- көп»
Мақсаты: таңертең (таң)- тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері:таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:мезгіл бейнеленген сурет, заттар бейнеленген сурет.
Сөздік жұмыс:таңертең, үлкен, кіші
Билингвальді компонент: таңертең- утро, үлкен- большой, кішкентай –маленький.
Оқу қызмет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әректі
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар бізге қонаққа кірпі келіпті. Ол бізге тәулік мезгілдері (бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші.
Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болады, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталады. Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды.
Совет Әлімқұловтың «Таң» тақпағыын тыңдаңдар.
Таң шапағын алаулап, Жүзін желдің өтіне
Дала нұрға боялды. Тосты гүлдер желбіреп.
Мүлгіген бақ манаурап, Жапырақтар бетіне
Ұйқысынан оянды. Мөп-мөлдір шық қонады.
Қызығушылық танытады. Амандасады.
Кірпінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Тақпақты тыңдайды.
Ұйымдастыру – іздестіру
«Бұл қай кезде болады?» ойыны. Тәулік бөліктерінің суреттері бойынша әңгімелеу.
Балалар, тақпақта тәуліктің қай мезгілі (бөлігі) туралы айтылған?
Біз таңертең не істейміз. Бала не істеп жатыр?
«Үлкен және кішкентай» ойыны.
Балалар Кірпіге суреттен оның досарын тауып берейік.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Кірпілер бірдей ме? Олар қандай екен?
Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынған: үлкен кесе үлкен кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.
Сөздік жұмыс:таңертең, үлкен, кіші
Билингвальді компонент: таңертең- утро, үлкен- большой, кішкентай –маленький.
Сергіту минуты. Екі деп-екі рет айналамыз.
Жаттығу жасаймыз! Үш деп –үш рет секіріп
Бір деп-тік тұрамыз. Төрт дегенде –отырамыз.
«Бір және көп» ойыны.
Кірпілер тек сутті ғана емес, алманы да қатты жақсы көреді. Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші.
Ағашта неше алма бар? Жерде неше алма бар?
Қай жердегі алма көп? Ағаштағы өсіп тұрған бір алманы қоршап сызындар.
«Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір -бірден» -сұраймын
Текшелермен, пирамидалармен ойнаған кезде балалардың назарын көлеміне аудару.
Таңертең ұйқыдан тұрамыз, төсегімізді жинаймыз, жаттығу жасаймыз, жуынамыз, таңғы асымызды ішеміз.
Бала оянып, жуынып, жаттығу жасап, таңғы асын ішіп отыр.
Үлкен кірпі үлкен кеседен, кішкентай кірпі кішкентай кеседен ішеді.
Қайталайды.
Жаттығу жасайды.
Мұқият тыңдайды.
Ағашта бір алма бар.
Көп алма жерде жатыр.
Қоршап сызады.
Кірпімен қоштасады.
Үлкен орындық біреу, ал кішкетай орындықтар көп.
Рефлексивті
«Картинаны тап» ойыны.
Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып айтады.
Күтетін нәтиже:
жасайды: заттардың көлемі мен санын, тәулік мезгілін- таңды атайды;
түсінеді: заттардың көлемі бойынша (үлкен-кішкентай) және саны бойынша (біреу -көп)
болатынын;
қолданады: көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.