Күні: Лексикалық тақырып: «Киімдер»
Білім беру саласы:
Қатынас
Бөлімі:
Тіл дамыту
Тақырыбы:
«Қолғап»
Мақсаты:
2 кіші тобы:Ертегімен таныстыру.
Ортаңғы тобы: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып беру білуге үйрету.
Міндеттері:
2 кіші тобы: Балаларды ертегімен таныстыру. Сөздік қорын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ортаңғы топ: Әңгімелеуге үйрету. Тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер
қолғап, суреттер
Биллингвальды компонент:
қолғап-варежка
Іс - әрекет кезеңі:
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушы:
2 кіші және ортаңғы тобы:
Шаттық шеңбер:
Өлең айтып, ән салып,
Асыр салып, қуанып.
Бақшада біз жүреміз,
Досымызбен шаттанып.
Жұлулық шеңбері
Балаларды шеңберге жинап, күн нұрының сәулесіндей бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Жүрек жылыуын айтады.
Ұйымдастыру іс – әрекеті:
Рефлексия:
Жұмбақ жасыру:
Ағайынды бесеуі,
Бірге киінеді,шешінеді.
Ол не?
Кіріспе әңгіме
-Ендеше бүгін біз ақын Ә. Дүйсенбиевтің «Қолғап» өлеңімен танысамыз.
Қолғап
Жоғалыпты қолғабым,
Тыз-тыз етті қолдарым.
Сорып аяз тастады,
Естен кетпес тоңғаным.
Қолғаптық жіп шығарып,
Тоқыды әжем біз алып.
Мен отырмын ұяттан
Тонғандай боп, қызарып.
Сұрақ-жауап арқылы оқылған өлең-шумақтың мазмұнын әңгімелеу:
-өлеңнің авторы кім?
-Өлеңде не жайлы жазылған?
-Өлең жолдары сендерге ұнады ма?
-Қолғапты біз қай кезде киеміз?
-Қолғаптың қандай пайдасы бар?
Ойын арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.
«Бөлшектен бүтін құрастыру» ойыны.
Шарты: қиылған қолғап, малақай,
т.б. қысқы киімдердің суреттері беріледі, балалар құрастырады.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Қолғап түрлерін атау.
Қолғап
Балалар өлең жолдарын тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар ойынға ерекше қызығушылық танытады.