kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойыншықтар сыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, қулыншақ.

Ойыншықтар ұйықтайды

Әмір берем бұйырсақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойыншықтар сыры»

 Білім саласы: « Коммуникация» 
Бөлімі: «Тілін дамыту»          

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар сыры.     

Сабақтың мақсаты:  Ойыншықтар туралы түсініктерін  кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекіліктері: түрлі ойыншықтар, үнтаспа, күн сәулесі бейнесі.

 Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын. 
Сабақ барысы:

 Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.Қәне орнымыздан тұрып жылулық шеңбер құрайық.

Қайырлы таң ұстазым! Добрый день учитель!

Қайырлы таң достарым. Добрый день друзья!

Шеңберге тұрайық, Посматрите друг на друга,

Жылулық сыйлайық.- Пожелатие добра!- өте жақсы балалар

Олай болса бүгінгі оқу- қызметіне көптеген қонақтар келіпті қәне қонақтармен амандасып аламыз.

-Сәлеметсіздерме апайлар!

-Балалар қазір жылдын қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем айларын атаңдаршы?

-Наурыз ,сәуір ,мамыр.

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші?

(Балаларға бейне ролик көрсету)

Тәрбиеші: Балалар бұл бейнефильмде нені көрдіңдер?Бұлар не деп ойлайсыңдар?Таңертен сендер балабақшаға келгенде сендерді не күтіп алады?

  • Ойыншықтар

Олай болса балалар ашық оқу қызметіміздің тақырыбы міне осы ойыншықтарға байланысты.Ойыншықтардың сырын ашу.

Өте жақсы балалар.(осы кезде музыка қосылады.)

Осы кезде әдемі әуенмен Күлдірген кіреді.

Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.Менімен бірге ойыншықтар еліне саяхатқа барсыңдарма?

Балалар: Сәлеметсіз бе

күлдірген. Ияя

Күлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?

Балалар аттарын айтады.

Күлдірген: Сенің жасың нешеде?

Балалардың жауабы: бесте.

Күлдірген:Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір  керемет көрсетіп берейін бе?

Тәрбиеші: балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?

Балалар: иә, көрейікші.

Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.

(жерде беті жабулы түрлі-түсті қалташалары бар, қалташаларға әдемі ойыншықтар салынған күн сәулесі бейнесі жатады).

Күлдірген сиқырлы сөздерін айтып жапқышты ашып қалады.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы қандай әсем,әдемі қалташалары бар күн сәулесі бейнесі бізге нұрын шашып жатыр. Күлдірген сен неткен керемет сиқыршысың. Ал балалар қалташаларды ашып көрейікші.Ойыншықтар неше түрі болады. Жұмсақ , қатты, пласмасс және т.б болады. Ойыншықтарды сындырмай ,күтіп,жуып,таза ұстауымыз кажет.

Балалар әрқайсысы өз қалташаларына отырады.

Бақыт :    мынау аю. Ол жұмсақ,түсі қоңыр.Қорбаң,қорбаң етіп  жүреді.Тақпағын айтады.

Мәдина: мынау қоян. Мен қоянды ұнатамын. Қоянның құлағы ұзын, ол сәбіз жақсы  көреді. Мен қоян туралы тақпақ білемін айтып берейінші.Тақпақ айтады.

Нұрхат: қой ,түсі ақ, бә - бә - ә дейді.Жүнінен киім тоқиды.Тақпағын айтады.


Айару: Ит . ит- адамның досы. Үй күзетеді. Ит аф-  аф -  аф , р – р-  р-  р  дейді  .Тақпағын айтады.       

Жансұлтан : мынау түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. Ол бө -бө - ө - ө  дейді.Тақпақ айтады.

Айжұлдыз : Мен мысықты жақсы көремін. Оның түсі ақ, мысық сүт ішеді. Мен мысық туралы тақпақ білемін. Тақпақ айтады.

Тәрбиеші: Балалар өте жақсы ,ойыншықтар жайлы көп нәрселерді біледі екенсіңдер.

Күлдірген:Ал балалар мен сендермен қош айтысайын деп тұрмын. Мені сендер сияқты басқада балақайлар күтіп отыр. Оларға да барып таңғажайып заттарымды көрсетуім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше балалар.

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтысыңдар ғой. Кішкене серігіп алайық.Кәне жақындаңдар.

 Сергіту сәт: (әуен қосылады)

Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл - күйімізді көтеріп алдық.Ал енді  балалар сабағымызды жалғастырайық.Осы сабағымызға орай бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар?

Балалар: Иә. 

Дидактикалық ойын : « Ненің суреті жасырылған»

Ойынның шарты бойынша балалар өздеріне ұнаған пішіндерді таңдап алады да, олардың артында аяқталмаған ойыншықтардың суреттері бар,сол қандай ойыншық екенін табындар және атын екі тілде атау қажет

Тәрбиеші: Кәне балалар ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар.Осы ойыншықтардың суреттерін бояп беріңіздер.

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма?

  • Я

  • Олай болса қолдарыңдағы ойыншықтарды тағы екі тілде қайталып айтамыз.

  Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп  көп рахмет. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен кош айтысайық.

Қәне шеңбер құрайық

Қол ұстасып тұрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

Балалар: сау болыңыздар, келесі кездескенше.



2.Айым: Ойывншығым қуыршақ 
Не берсем де жемейді 
Еркелігі соншама 
Көтермесең жүрмейді 
3. Назым: Ойыншығым қонжығым 
Анасын да білмейді 
Корбандаған аюды 
Түсінде де көрмейді 
4.Мейірім: Ойыншығым қүшігім 
Сүп-сүйкімді жұп-жұмсақ 
Шіренгені болмаса 
Отырғандай ұя жұмсап 
5.Есет: Ұшағын бар ойыншық 
Ұшырмасаң ұшпайды 
Айналам деп аспанды 
Шаршағанға ұқсайды






































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ойыншықтар сыры

Автор: Бисенгалиева Лаззат Болатбеккызы

Дата: 14.04.2018

Номер свидетельства: 466143

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Ойыншықтар сыры"
    ["seo_title"] => string(17) "oiynshyk_tar_syry"
    ["file_id"] => string(6) "384539"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485522065"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Қоянның сырқаттануы"
    ["seo_title"] => string(22) "koiannyn_syrkattanuy_1"
    ["file_id"] => string(6) "484757"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541857660"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Дарынды оқушыларды дайындауда психологиялық жұмыстар"
    ["seo_title"] => string(59) "daryndy_ok_ushylardy_daiyndauda_psikhologhiialyk_zhu_mystar"
    ["file_id"] => string(6) "462053"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521115386"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "Баяндама "Затты? дамыту ортасы ар?ылы 3 жаста?ы балаларды? сенсорлы? ?абілеттерін арттыру." "
    ["seo_title"] => string(96) "baiandama-zattyk-damytu-ortasy-ark-yly-3-zhastag-y-balalardyn-siensorlyk-k-abiliettierin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "142207"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418234270"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ойын ар?ылы тілдерін дамыту."
    ["seo_title"] => string(29) "oiyn-ark-yly-tildierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "259591"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448797685"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства