kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын арқылы балаларды сахналауға үйрету

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды ойын арқылы драмалауға, сахналауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын арқылы балаларды сахналауға үйрету»

   Ойындар арқылы балаларды сахналауға үйрету.

Драматизация ойындарында мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің және т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Олар сюжетті – рольді ойындарға ұқсас: екеуіде құблыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым – қатынастарын, т.т шартты түрде елестеуге негізделген, сондай – ақ екеуінде де творчество элементтері бар. Драматизация ойындарының өзіндік ерекшелігі сол, ертегінің немесе әңгіменің  сюжеті бойынша балалар белгілі бір рольдерді атқарады, оқиғалаларды дәл жүйелілікпен жасайды.

              Драматизация ойындарының көмегімен балалар шығарманың идеялық мазмұнын, оқиғалардың  логикасы мен бірізділігін,олардың дамуы мен себептік шартын жақсы түсінеді.Ортақ әсерленумен біріккен балалар үйлесімді іс-әрекет жасауға,өз қалауын коллектив мүддесіне бағындыра білуге үйренеді.

         Драматизация ойындарын өрістету үшін мыналар қажет: балалардың ойынға ынтасын туғызу және дамыту,олардың шығарма мазмұны мен тексін білуі,костюмдердің,ойыншықтардың болуы.Ойынға костюм кейіпкер бейнесін толықтаырады, бірақ ол балаға жайсыз болмауға тиіс. Егер костюм жасауға мүмкіндік болмаса, онда қайсыбір персонажға тән ерекшеліктерін сипаттайтын және элементтерді: қораздың айдарын, түлкінің құйрығын, қоянның құлағын, т.т. пайдалануға болады. Костюмдер жасауға балалардың өздерін тартқан жақсы.

      Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар, сюжеті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады.

Мектепке дейінгі балалармен ертегіні арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Тамаша тіл, тартымды сюжет, текстегі қайталаулар, оқиға дамуының ширақтығы – осының бәрі оны тезірек игеруге көмектеседі. Ертегі қайталап айтқанда балалар оны жадында жақсы сақтайды да, ойынға араласып, жекелеген кейіпкерлердің рольдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен, ыммен, интонациямен тікелей жеткізеді.

        Драматизация ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек – ол үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс.

Драматизация ойыныөрістетуде, ойынның сипатты белгілерін игеріп, оны рөльде ойнап көрсетуге, оған педагогтың өзінің ықылас қойып  ертегіні оқып немесе айтып берген кезде көркемдік әсерлендіру құралдарын пайдалана білуінің зор маңызы бар. Дұрыс ырғақ, алуан түрлі интонация, пауза, кейбір ишараттар бейнені жандандырып, оларды балалағарға жақын етеді, олардың ойнауға ықыласын күшейтеді. Ойынды үсті – үстіне қайталай бастайды.  Драматизация ойынына бір мезгілде бірнеше бала ғана қатыса алады, сондықтан педагог балалардың бәрі де кезекпен қатысып шығатындай етуге тиіс.

       Мектепке дейінгі ересек балдар рольдерді бөлісерде балалардың ынтасын, тілегін ескереді, ал кейде санау қолданады. Бірақ, бұл реттеде тәрбиешінің кейбір көмегі қажет: ол жасқаншақ балаларға құрбыларына игі тілектестігін туғызып, оларға қандай рольді тапсыруға болатынын айтып беруге тиіс. Басқалардың күте – күте жалықпауы үшін, бір мезгілде ойнайтын бірнеше топ ұйымдастыруға, көрушілер мен ойнаушыларды алмастырып отыруға болады.    

А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыстада көп жағынан ұқсас болады». В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқандай «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы балаланың рухани сезімі, жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

      «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады».( А. С. Макаренко).

Ойын- мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі

          Шығармашыл бала тұлғасын қалыптастыруда ертегіні жандандыру үлкен рол атқарады. Белгілі бір шығарманы оқып, талдағаннан кейін оның мазмұнын ойын, жобалау, эксперименттеу, театрландыру, драмалау арқылы жандандырады. Ертегіні жандандырудың негізгі мақсаты ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің өмір сүретін әлеміне ену. Шығарманы кейіптендіру балалардың әдебиетке құмарлығын, артистік шеберлігін, шығармашылық қаблеттерін дамытуға ықпал етеді.  Бала қашанда өзінің ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады. Бейнеге енуде, бала кез-келген ролде ойнап, көргеніне, қызыққанына еліктеп, содан  эмоционалды рахатқа бөленеді. Тәрбиеші мәтіннің мазмұнын жаттанды айтқызудан сақ болуы керек. Мәтін мазмұнын жатқа айту бір сарындылыққа ұласып, бала қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан драмалау әрекетінде импровизация(жанынан шығару) принцпін ұстанған дұрыс. Сонымен драмалау әрекетінде ең маңыздысы- кейіптендіру, образды шығармашылықпен енгізу және іске асыру.

Шығарманы  жандандыру үрдісінде педагог мынадай міндеттерді шешеді:

  • Балалардың ортақ іске жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

  • Баланың жаңа ақпаратты пен әрект тәсілдерді меңгеру тәсілдерін жетілдіру;

  • Баланың ойлауын, мақсатқа жетудегі табандылығын, еңбек сүйгіштігін қалыптастыру;

  • Балалардың шығармашылық ізденісін, қызығушылығын, өз идеясын іске асыруға ынталандыру.

  • Ойындар ғалымдар сөзімен.......

Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті. «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын-қашанда жаман ойын. «Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «жұмыс адамның қоғамдық өндіріс матералдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар. Ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психологиялық күш жұмсауға үйретеді.

Н. К. Крупская былай деп жазған: Педагогикалық басшылық болмаған жерде балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы да мүмкін. Қатыгездікке, дөрекілікке машықтандыратын, ұлттық өшпенділікті қоздыратын, нерв жүйесіне жаман әсер ететін, құмарпаздық, менменшілдік туғызатын ойындар бар.

А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады

 Психолог А.В.Зопорожец былай деді: « Ертегі сиақты, ойында баланы бейнелейтін адамдарының ойы мен сезіміне терең байлауға үйретеді,күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады»

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ойын арқылы балаларды сахналауға үйрету

Автор: Нургожина Райгул Орынгалиевна

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 394938

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ойын арқылы бала тілін дамытуға арналған сабақ"
    ["seo_title"] => string(49) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytug_a_arnalg_an_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "468121"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525161703"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "iertieghilier_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tanymdyk_dag_dylaryn"
    ["file_id"] => string(6) "375638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483617438"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Балаба?шада 2-3 жасар балаларды? тілі  мен  ?имыл-?оз?алысын  дамыту "
    ["seo_title"] => string(72) "balabak-shada-2-3-zhasar-balalardyn-tili-mien-k-imyl-k-ozg-alysyn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "164740"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422694475"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Тіл дамытуда сауса? ойын  жатты?уларыны? ?са?  моторикасыны? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(59) "tildamytudasausakoiynzhattygularynynusakmotorikasynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "282164"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453651230"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту"
    ["seo_title"] => string(47) "balalardyn_k_oldarynyn_u_sak_motorikasyn_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "438204"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510380043"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства