kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛДАРЫНЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете  және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпен орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,

Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды.

Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен (перцептивті, кинестетикалық, кеңістік) белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады.

В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады.» деп жазған.

Мектеп жасындағы балалардың бейнелеу сабақтарында ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені нақ бейнелеу қызметі сенсомоториканың дамуына себеп болады: жұмыс жасау кезінде көз және қол келісімділігі, іс-әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету.

Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады.

Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді.

Зерттеу бағытында балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты. Саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты.

 

 Баланың қол еңбегі мен тілін арттыру үшін не істеу керек?

- Қолмен ермексазды жұмсарту

- Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру

- Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық - жабылдық)

- Жұмсақ жұдырық жасау, тез ашу, үлкендер саусақтарын өткізу, қатты аша алмайсың

- Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану, содан кейін тез жүгіріп келуі.

- Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен

- Жеке бір саусақты көрсету, содан соң екеуін ары қарай үш, төрт, бес

- Жеке бір саусақты көрсету – үлкенін

- Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу

- Ауада саусақпен былғау

- Қолдың басымен фонарик жасау

- Қол соғу: ақырын, қатты, әр түрлі әрекетте

- Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды - қашты)

- Жуан жіпке түймелер, шарлар, мойыншақтар кигізу.

- Түрлі түсті жіңішке сымды катушкаға орап, өзінің саусағына арнап (сақина немесе спираль шығады)

- Қалың арқан, жіп ұштарын байлау

- Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу

- Болттар мен гайкаларды бұрау

- Ауада сурет салу

- Құммен, сумен ойнау

- Сурет салу, бояу, штрихтау(қаламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен, түрлі-түсті борлар және т.б.)

Зерттеу өзектілігі ұсақ моториканың дамуы психиканың тану, еріктілік пен эмоционалды салаларын дамыту байланыстығымен белгіленеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда ұсақ моториканы дамыту деңгейі тану қызметінің мүмкіндіктерімен келісілген және оқыту тиімділігіне үлкен әсер етеді. Жіңішке моториканы дамыту – бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады, тек дәстүрлі әдістерімен ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланумен өткізілетін табысты оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда мәселенің шешімі түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырылады, олардың ішінде ерекше орынды бейнелеу өнері алады.

Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.

Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Бұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту»

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту жұмыстары

Адам баласының тілдік қарым-қатынасы өмірінің алғашқы кезеңінен басталады. Сәби бала үлкендердің еркелете сөйлеген сөзіне құлақ түріп, әлдиіне бұрыла қарайды да,естіген сөздерді жадында ұстап түсінуге ынталанады. Баланың осы алған мағлұматтарын әрі қарай дамыту үшін сәби кезінен әр түрлі ойындар қолданып білім деңгейін, сөздік құрамын молайту қажет.

Ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі қоршаған орта туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Ойынның қандай түрі болмасын, ол баланың ойлау, есте сактау, есту және де белсенді, енжар сөздік құрамның дамуына тигізер пайдасы мол.Бала саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Ақыл-ойы кем дамыған балалардың ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда IX-X ғасырларда анықтап, қолөнерді дамытуға, оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды, саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген.

Осы жағдайларды ескере отырып, мен өз жұмысыма «Су Джок» терапиясын енгіздім. Жеке және топпен жұмыс жүргізгенде балаларға ұшы бар жаңғақты ұсынамын:

  1. Оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз:

  2. Жаңғақтың ұшы бар жағына, әр саусақтың ұшымен басып шығамыз.

Сонымен қатар:

  1. Бұдыр-бұдыр шармен жұмыс жасаймыз (оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).

  2. Қыры бар қарандашпен жұмыс (екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).

  3. Балаларды өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырдым.

Осы жұмыс оң нәтижесін беріп келеді. Балалар сабаққа қызығушылығымен қатысады, қимыл іс-әрекеттерін қадағалап, берген нұсқауларды мұқият орындауға тырысады.

Ата-аналар мен педагогтің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар беру керек, ұсақ моторика жетілдіруге және қол бұлшық еттерін дұрыс дамытуға екі міндеттерін шешеді: 1) жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді; 2) жазуға жаттығады.

Қарапайым жаттығулар арқылы баланы естуге және де, көргенін, естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор.

Ойынмен таныстыру жұмысын үш кезеңге бөлеміз:

  1. Балаларға ең алдымен орындайтын жаттығуларды көрсетіп, содан соң оның орындау тәсілін мұқият түсіндіріп көрсетуіміз қажет.

  2. Ұсынған жаттығуды баламен бірге орындаймыз, қимыл іс-әрекетті сөзбен түсіндіріп отырамыз. Балаға өз бетімен жұмыс жасауға ұсыныс жасаймыз. Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып, біз баланы мұқияттылыққа тәрбиелейміз. Ең алдымен қарапайым жаттығулардан бастаймыз:

  • «Тіке үстелден бастап, есікке дейін жүр».

  • «Орындықты айналып шық».

  • «Жердегі іздерді басып жүр» және т.б.

Баланың тапсырманы бұлжытпай орындағанын қадағалап, дұрыс нұсқау берген маңызды.

Мысалы: Бөлме ішін айналып шық, ал мен алақан соғып тұрамын (бала ритм бойынша қимылдау қажет).

Менің тапсырмамды орында:

Қолыңды алға, жоғары, төмен.

Оң қолыңды – оңға, сол қолыңды-солға.

Оң қолыңды-белге, сол қолыңды-басыңа.

Оң аяқты-алға, сол аяқты-қасына.

Бала өзінің қимыл-әрекеттерін бақылап отырады. Берілген тапсырмаларды жәй жаттығулардан бастаймыз, сосын оны біртіндеп күрделене түсеміз.

Мысалы, жеңіл жаттығулар:

«Гимнастика»-ені 20 см. тақтайдың үстімен жүру;

«Қасқыр»-ені 20 см. тақтайдың үстімен төрт аяқтап өту.

«Тасты аттап өтеміз»; «Таспен жүреміз».

Күрделі жаттығулар:

-Саусаққа арналған жаттығулар: «Сәлем саусақ қал қалай!»; «Қайық»; «Гүл»...

-Қолға арналған жаттығулар: «Жайқалады талдар».

-Елес бейне бойынша: «Аю», «Бақа», «Қоңыз», «Жануарлар»...

Балалар көз алдында жануарларлды елестетіп,олардың қимыл іс-әрекеттерін салады. Содан соң біздер, өмірден алған бейнелерді көрсетеміз.

Мысалы: Доппен ойын: «Жерге лақтыр да, ұстап ал»;

Кубикпен ойнайтын ойын: «Орындық», «Үстел», «Жол»...

Жіппен ойнайтын ойындар: «Жыланды бейнеле», «Баспалдақпен жүреміз»...

Таяқшамен ойнайтын ойын: «Үй», «Тал», «Қайық», «Көзәйнек», «Шана» (бұл ойынды үстел басында сірінкемен ойнауға болады, алдын-ала күкіртін алып тастау қажет)

Содан соң ұсақ моторикаға арналған ойындарды қасып, баланың қызығушылығын одан әрі көтеру керек. Бала саусақтарымен ойнап әр түрлі бейнелерді көрсетуге тырысып, қызықтап, ойынға деген құштарлығы үдейе түседі. Мысалы:





















«Көзәйнек»-оң және сол қолдың үлкен саусағына барлық саусақтарды қосып, дөңгелек жасаймыз да, көзімізге тақап, дөңгелектен қараймыз. Саусақпен жұмыс жүргізгенде


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Балалардың қолдарының ұсақ моторикасын дамыту

Автор: Утеева Жанар Косаевна

Дата: 11.11.2017

Номер свидетельства: 438204

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Мүмкіндігі шектеулі балаларда ұсақ қол моторикасы дағдыларын қалыптастыру"
    ["seo_title"] => string(80) "mumkindighi_shiektieuli_balalarda_u_sak_k_ol_motorikasy_dag_dylaryn_k_alyptastyr"
    ["file_id"] => string(6) "445210"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513668079"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Ғажайып құм еліндегі күз""
    ["seo_title"] => string(26) "gazhaiyp_ku_m_elindegi_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "506862"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555047290"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(226) "Баяндама. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тәрбие берудің және дағдыларды дамытудың бірден-бір жолы — ойындар арқылы дамыту."
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_mumkindighi_shiektieuli_balalarg_a_t_rbiie_bierudin_zh_nie_dag_dylardy"
    ["file_id"] => string(6) "361256"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1479755475"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "ТРЕНИНГ СУ-ДЖОК ТЕРАПИЯСЫ та?ырыбы:  «Мен сия?ты жаса»"
    ["seo_title"] => string(50) "trieningsudzhoktierapiiasytakyrybymiensiiaktyzhasa"
    ["file_id"] => string(6) "321256"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461246658"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "коспект урока на тему осень"
    ["seo_title"] => string(29) "kospiekt_uroka_na_tiemu_osien"
    ["file_id"] => string(6) "346438"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475063643"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства