kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаба?шада 2-3 жасар балаларды? тілі мен ?имыл-?оз?алысын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Егеменді елімізді? талабына сай мемлекеттік тілді ме?геру, о?ыту, ?азіргі заман?а сай білімді де, т?рбиелі ?рпа? т?рбиелеу т?рбиешілерді?  еншісінде.
Мектепке дейінгі балалар?а т?рбие мен білім беру ж?мыстарын ?йымдастыруда оларды? с?йлеу, тілін дамыту, байланыстырып с?йлеу м?дениетін жетілдіруге, ??растыра с?йлеуге, с?здік ?орыны? молаюына баса к??іл б?лген ж?н. С?билерді? д?ниетанымын ке?ейтіп, ойын ?рістетіп, тіл байлы?ын жетілдіруде к?ркем ?дебиетті? алатын орны ерекше. Балаба?шада балаларды д?рыс с?йлей білу м?дениетіне айнала ?орша?ан ортамен, сондай-а? к?ркем ?дебиетпен те?естіру ар?ылы ж?зеге асыру?а болады. ?рбір ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетінде дидактикалы? ойындарды ?олдану ар?ылы балаларды? ?иялын шары?татып, ойлау ?абілетін ?штау?а болады.
Балаба?шада?ы т?рбиелеу-о?ыту ж?мысында балаларды? тілін дамыту, с?здік ?орларын дамыту, ауызша с?йлеуге ?йрете отырып, ?йренген с?здерін к?нделікті ?мірде еркін ?олдану, ?рі оны к?нделікті іс-?рекет кезіндегі тілдік ?арым-?атынаста ?олдана білуге жатты?тыру ісіне ерекше м?н берілген.

      Мектеп жасына дейінгі кезе?дегі балалармен с?здік ж?мысын ж?ргізу ісі- тіл дамытуды? негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

      Біз балалармен с?здік ж?мысын ж?ргізе отырып, оларды айналасында?ы заттармен таныстырып, атын атай білуге, ?асиеті мен сапасын, т?р-т?сі ж?не пішінін ажырата білуге, ?мірдегі, ?орша?ан ортада?ы т?рлі ??былыстар жайында?ы ??ым, т?сініктерін дамыта отырып, белсенді т?рде тілдік ?арым-?атынас жасай білуге ?йретеміз.

    Бала ?мірінде екінші жас ерекше ма?ызды. Баланы? ж?руді ме?геруі кейіп - кескінді ?згертіп, сенсорлы? дамуды тездетуге м?мкіндік ту?ызады.

2-3 жаста баланы? дене ж?не психикалы? дамуы одан ?рі ж?зеге асады. Ай сайын салма?ына 170,0-190,0 г, бойына - 1 см ?осып отырады. 2-3 жаста?ы баланы? салма?ы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойыны? ?зынды?ы 85,0-86,0 см жетеді, 20 с?т тісі болады. Сергектік уа?ытыны? ?за?ты?ы: бірінші жарты жылды?та 3 са?аттан бастап 4 са?ат?а дейін, екінші жарты жылды?та 4 са?аттан бастап 5,5 са?ат?а дейін. Т?уліктік ?й?ы м?лшері 14 са?аттан 12,5 са?ат?а дейін ?ыс?арады.

Бала ?міріні? екінші жылында с?йлейді, ж?ре бастайды, заттармен ?рекет жасауды? ?арапайым т?сілдерін ме?гереді. Ол ?лі де ересектерді? к?мегін ?ажет етеді, біра? с?билерге ?ара?анда, онда талпыныс, ересектерге т?сіндіре білуге деген ?мтылыс пайда болады.

Екі жасында - тіл дамуы ?те ?ар?ынды ?тетін, тілді ?йретуге ерекше сезімталды? бай?алатын тіл дамытуда?ы «сензитивті» кезе?. Бала екі жасында ересек адамдарды? с?здері мен с?йлемдеріне еліктеп, тілдерін т?сіне бастайды. Оны? белсенді с?здік ?оры ?седі, бала тілді? грамматикалы? ??рылысын ме?гереді, с?йлемдерді ?олдана бастайды.

Тілді т?сіну біртіндеп болатын процес. Б?л процесті? дамуы ?шін бір жарым жас?а дейін заттар, ?имылдар мен оларды? атаулары арасында?ы байланыс ?ар?ынды орнай бастайды, б?л байланыстар алдымен ?лсіз болады, оларды ны?айту ?шін арнайы жа?дайлар ?ажет. Жекелеген анализаторларды? (?оз?алыс, к?ру, есту ?абілеттері) арасында?ы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді т?сінгенімен, олар?а назар аудармауы м?мкін.

Бірінші жарты жылды?та тіл айтарлы?тай ?ар?ынмен дамиды; с?йлеуге еліктеу ?абілеті жетіледі, былдыры к?рделенеді; бір жарым жасында белсенді с?здік ?оры 30-40 с?зге жетеді.

Екінші жарты жылды?та белсенді тіл дамуында айтарлы?тай ?згерістер болады: белсенді с?здік ?оры 200-300 с?зге дейін артады. Бала тілінде зат есімдерді? септік ж?не к?птік жал?аулары, етістікті? б?йры? райы мен ?ткен ша? пен келер ша? т?рлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды д?рыс айтады.

2 жасты? со?ына ?арай тіл ?зіні? негізгі ?ызметі - ?орша?ан ортамен ?арым-?атынас ?ызметін ат?ара бастайды. Бала тілді, е? алдымен, ересек адамдармен ??гімелесуде ?олдана бастайды. Б?л жаста?ы балалар суреттегі ?здеріне жа?сы таныс ?арапайым сюжеттерді т?сініп ?ана ?оймай, сонымен бірге ересектерді? кейбір с?ра?тарына жауап бере алады. Бала ?шін тіл ?орша?ан ортамен ?арым-?атынас жасау ??ралы, ал ересектерді? тілі балаларды т?рбиелеуді? негізгі ??ралы болып табылады.

Бала ?шін ойынны? ж?не заттармен ?рекет жасауды? алар орны ерекше. ?міріні? екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жал?астырады: алмалы-салмалы ойыншы?тармен ойнайды, текшелерді біріні? ?стіне бірін ?ояды, пирамида ді?гегінен шы?ыршы?тарды алып, ?айта кигізеді. Заттармен ?рекет жасай отырып, оларды? ?асиеттерімен танысады. Заттармен ?рекет жасау еліктеу ?абілеттері мен ?ол ?имылдарыны? ?йлесімді дамуыны? ар?асында біртіндеп к?рделі сипат?а ие болады. Бала кірпіштерді ?ырымен ?ояды, «?й», «гараж» ??растырады, таныс заттарды (поезд, орынды?) атайды ж?не та?ы бас?а заттарды ?олдана отырып, салыстыру?а, те?естіруге ?йренеді, я?ни іс-?рекетті ойлана отырып ж?ргізеді.

Балаларды?  тілін  дамытуда ойын, тапсырма, жатты?уларды? орны ерекше. Соны? ішінде ойын – баланы? шын тіршілігі. Ойын ар?ылы бала айналасында?ы н?рседен ?зіне ?ызы?тысына ы?ыласы ауып, та?дап алады. Баланы? бір ерекше ?асиеті с?йлеуден еш жалы?пайды. Ойын бала тіліні? дамуына ы?палын тигізіп, таным белсенділігіні? дамуына жол ашады. ?ай бала болмасын ойынмен ?седі, ?йткені бала таби?атыны? ?зі тек ойынмен байланысты. Ойын ?стінде бала еш н?рсеге т?уелсіз.Ол ?зін еркін ?стайды. Ал еркіндік дегеніміз барлы? дамуды? баспалда?ы, б?рін білуге деген талпынысы мен ??лшынысы. Баланы? білуге деген ??штарлы?ы, с?йлеуі ойын ?стінде ?алыптасады.

      С?здік ?орды дамыту ісін ?йымдастыру ж?мысында ойын саба?ы е? негізгі орын алады.Т?рбиеші ба?ылау, заттарды ?арау, сурет ?арау, ж?мба? шешу ж?не ??растыру, саяхат, ойын-саба?тарын ?йымдастыру барысында балаларды? с?здік ?орларын дамытады.

      Арнайы ойын-саба? ж?не саба? мазм?нына ?арай танымды?, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды ?олдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыру?а, оларды ?асиетіне ?арай ажырату?а ж?не оны танып білуге ?йретеді. С?йтіп бала топта?ы жасына с?йкес ба?дарламалы? міндетті ме?гереді. Ойын ?йымдастыруда т?рбиеші ?зі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін са?тау?а, ?рі оларды ойната отырып, ойлану?а ба?ыттайды, затты? атын немесе ?асиетін есінде са?тап ?алу?а жол ашады, ойын?а ?ызы?тыра отырып зейінін, ?иялын дамытады.

        Сонымен ?атар ойын барысында бала ?лкендермен, ?з ??рбыларымен ?арым-?атынас жасайды. ?р бала ?з жетістігіне ?уанып, м?з болады. Сонды?тан да ойын-тапсырмаларды та?дауда ж?не іріктеуде балаларды? жас ж?не жеке ерекшелігін ескерген ж?н.

Балалармен «Кім ?алай дабыстайды?», «Кім ша?ырды, тап!» тіл дамыту?а арнал?ан ойындар, «Шарды ?рле» атты дем алу жатты?уларын ?йымдастыру. Пейзаж, натюморт, портрет жанрларымен суреттерді ?арастыру. ?лкендерді? к?мегімен «Т?лдерін тап ж?не ата» дидактикалы? ойынын ойнау. Балалар?а арнал?ан: д?кен, ойыншы?, отбасы, ба?ша жемістері, орман, к?л, бассейн, ?й ж?не дала жануарлары мен оларды? т?лдері, ?й ??стары, г?лдер, сонымен бірге ??мырс?а, к?белек, ара сия?ты ж?ндіктер туралы кітапшаларды ?арастыру.

«Ала?ай», «Бесік жыры», «?лди-?лди», «Т?лкі», «Шырша», «?ыс», «?оян», «?онжы?», «Доп», «Жа?быр» ?ле?дерін жат?а айту?а ?йрету.

«Бауырса?», «Ш?бар тауы?», «Шал?ан», «Т?лкі мен тауы?», «?ш аю» атты ертегілерді ты?дап сахналау?а баулу.

       Т?рбиеші балалармен ойынды (заттармен, ?стел ?сті ж?не с?здік ойын) ?ш т?рлі етіп ?ткізуіне болады.

       Заттармен ойналатын ойын ойыншы?тарды, таби?и заттарды ?олдану ар?ылы ?ті леді. Мысалы: «Д?л осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «?ай а?ашты? жапыра?ы», «Бірдей ойыншы?ты тап», «?айсысы к?п, ?айсысы аз», т.б.

       ?стел ?сті ойынын ?йымдастыруда домино, лото, суреттер ?олданылады. Мысалы: «Суретті ??растыр», «?андай зат?а ??сайды?», «?ай сурет ты?ылды?», «Бір с?збен ата», «Кім бай?а?ыш», «?иыл?ан суреттер», «??сасын тап», «4-ші не арты??», «Есі?де са?та».

        Ал с?здік ойын ар?ылы с?зді орынды ?олдана білуге, д?рыс жауап айту?а, с?з ма?ынасын т?сінуге, орынды с?йлеуге ?йренеді. Мысалы: «С?з ойла», «С?з ??ра», «Ж?мба? ойла», «Жа?сы-жаман», «Жал?астыр», «?ш с?з ата».

        Сонымен ?атар балаларды? с?здік ?орларын дамыту ж?мысына ойындарды ?олданумен ?атар, «Пішіндер к?рмесі», «?рнекті есі?де са?та», «?иын жолдар», «Суретті жал?астыр», «Биші адамдар», «К??ілді тая?шалар» т?різді жатты?у тапсырмаларды да пайдаланып отыру ?з н?тижесін берді. Б?л атал?ан жатты?у, тапсырмалар балаларды? с?здік ?орын дамыта отырып, таным белсенділіктерін ж?не сауса? б?лшы? етін дамытады.

       Жалпы ойынды ?йымдастыру ойынды ?ткізуге ?зірлік, ойынды ?ткізу, ойынды талдау сия?ты ?ш ба?ытты ?амтиды. Ойын?а ?ажетті ??рал, заттарды даярлау ойынды ?ткізуге ?зірлік болып табылады.

        Балаларды ойынны? мазм?нымен таныстыру ойынды ?ткізу болып табылады. Ойынды талдау, б?л ойынны? ?з ма?сатына жетуі, балаларды? белсенділігі ж?не оларды? іс-?рекеті болып табылады.

        Сонымен балаларды? с?здік ?орларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жатты?уларды ?олдану ?лкен н?тиже береді. Ойын ар?ылы балаларды? с?здік ?оры дамып, ауызша с?йлеу машы?ын игереді, таным белсенділіктері  ?алыптаса т?сіп, а?ыл-ойы ?сіп жетіледі, ?рі адамгершілік ?асиеттер бойына сі?іреді.

3 жасты? со?ына ?арай біртінділікті ?ажет ететін сюжеттік ойындар?а ауысады. ?йткені, бір жарым жас?а дейін бала к?збен к?ргеніні? ?серінде болады, оны? т?жірибелері мардымсыз, ойындары т?ра?сыз, ал ойын жа?дайын т?рбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын ед?уір т?ра?ты бола бастайды, бала бір затпен ?рт?рлі іс-?рекеттер орындайды. Егер бір жарым жас?а дейін бала бір іс-?рекетпен 2-4 минут айналысса, екі жас?а ?арай, ?з ?рекетін с?збен т?сіндіре отыра, 5-7 минут?а дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау ?алыптаса бастайды: бала ойында ауыстыр?ыш заттарды ?олданады, ?лкендерді? ?имылына еліктейді, ?зіні? іс-?рекетін бас?а жа?дай?а ауыстыра алады. Балада к?рнекі-?имылды ойлау ?абілетіні? негізі ?алыптаса бастайды.

Екінші жылды? басында ж?ру ?лі де жеткілікті ?йлеспейді: бала?а т?зуді? бойымен ж?ріп ?ту ?иын, ш?п, тас, т?бешіктер мен ойлар к?рделі кедергілер болып табылады. Балалар?а ?орша?ан ортада?ы ?имылдармен ?зіні? ?имылын с?йкестендіру, ке?істікте ба?дарлану ?иын?а со?ады, заттар?а шалынып, бас?а балалармен со?ты?ысып ?алуы м?мкін. Бала ?з ?имылын жолда кездесетін кедергіге с?йкестендіре алмайды. Мысалы, боса?аны немесе ойыс жерді аттап ?ту ?шін ая?ын ерте к?теріп ?ояды. Екінші жылды? бірінші жарты жылды?ында баланы? ж?рісі жетіле т?седі - бала тек тегіс еденде ?ана емес, сонымен ?атар далада, ш?пті? ?стінде жа?сы ж?ре бастайды, т?бешіктерге ?рмелейді, ?лкендерді? к?мегімен сатылардан ?теді. Ла?тыру мен ?рмелеу жетіледі, балалар т?бешікке, диван?а, орынды??а ?рмелеп, т?рлі кедергілерден (б?рене, орынды?) асып ?теді, оларды? ?имылдары ?йлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар ?здеріні? ?имылдарын бас?а балаларды? ?имылдарымен с?йкестендіріп, ?имыл-?оз?алыс да?дыларын жа?сы ме?гере бастайды.

Бала таныс заттарды, ?лшемі, ре?кі мен орналасу орнына ?арамастан, тани алады. Ал?аш?ы к?рнекті жалпылауы дамиды. Белгілі т?сі, пішіні, ?лшемі бойынша заттарды іріктей алу ?абілеттері пайда болады. Балалар ?здеріні? іс-?рекеттерін ?абылдайтын заттарды? ?асиеттеріне, оларды? пішініне, ?лшеміне, ке?істіктегі орнына бейімдеуге ?йренеді.

Екі жаста?ы бала музыка мен к?ркем с?зге ?уес келеді. Балалар би ж?не байсалды орындалатын музыканы т?рліше ?абылдайды. ?арапайым ?н айту ыр?а?тары пайда болады, балалар жеке буындар?а ?осылып, ыр?а?ты ?айталайды. ?имылдарын музыкамен с?йкестендіру ?абілеттері дамиды, ?арапайым ыр?а?тылы?ы пайда болады, музыкамен орындалатын ?имылдар ?рт?рлі болады.

Т?рбиелеу ж?не ?йрету ?дістеріні? к?мегімен баланы? ?орша?ан ортамен байланысы ке?иді: ол ?зін-?зі ?стауды? кейбір ережелерін ме?гереді, ?лкендерді? талаптары мен тапсырмаларына ба?ынады, ересек адамдармен бірінші болып ??гіме бастайды. Бас?а балалармен ?арапайым ?арым-?атынастары пайда болады: бала ??рбылары мен оларды? ?рекеттеріне еліктейді, ?ызы?ушылы? танытады, бірге ойнау?а тырысады, бас?а балаларды? ойынына ?осылу?а талаптанады. ?ш жаста?ы балаларды? дамуында айтарлы?тай ?згерістер пайда болады, сонды?тан да т?рбие ж?мысында ?р баланы? жеке ерекшеліктерін ескеру ?ажет.

    

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада 2-3 жасар балаларды? тілі мен ?имыл-?оз?алысын дамыту »

ДЖумабекова Айымгул Куатовна Қарғалы ауданы Бадамша ауылы «Айгөлек» балабақшасы Баяндама:"Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту"

      Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілердің еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

      Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

      Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

    Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп - кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады.

2-3 жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0-190,0 г, бойына - 1 см қосып отырады. 2-3 жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0-86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады.

Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.

Екі жасында - тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды.

Тілді түсіну біртіндеп болатын процес. Бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.

Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді.

Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады.

2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі - қоршаған ортамен қарым-қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір сұрақтарына жауап бере алады. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.

Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, «үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді.

Балалардың тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

      Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

      Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

        Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Балалармен «Кім қалай дабыстайды?», «Кім шақырды, тап!» тіл дамытуға арналған ойындар, «Шарды үрле» атты дем алу жаттығуларын ұйымдастыру. Пейзаж, натюморт, портрет жанрларымен суреттерді қарастыру. Үлкендердің көмегімен «Төлдерін тап және ата» дидактикалық ойынын ойнау. Балаларға арналған: дүкен, ойыншық, отбасы, бақша жемістері, орман, көл, бассейн, үй және дала жануарлары мен олардың төлдері, үй құстары, гүлдер, сонымен бірге құмырсқа, көбелек, ара сияқты жәндіктер туралы кітапшаларды қарастыру.

«Алақай», «Бесік жыры», «Әлди-әлди», «Түлкі», «Шырша», «Қыс», «Қоян», «Қонжық», «Доп», «Жаңбыр» өлеңдерін жатқа айтуға үйрету.

«Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Шалқан», «Түлкі мен тауық», «Үш аю» атты ертегілерді тыңдап сахналауға баулу.

       Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.

       Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

        Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

        Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

       Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

        Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

        Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

3 жастың соңына қарай біртінділікті қажет ететін сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында ауыстырғыш заттарды қолданады, үлкендердің қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.

Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі - бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.

Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.

Екі жастағы бала музыка мен көркем сөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.

Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Үш жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

    



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Балаба?шада 2-3 жасар балаларды? тілі мен ?имыл-?оз?алысын дамыту

Автор: Ж?мабекова Айымг?л Куатовна

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164740


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства