kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл дамытуда сауса? ойын жатты?уларыны? ?са? моторикасыны? ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл дамытуда

сауса? ойын  жатты?уларыны?

?са?  моторикасыны? ма?ызы

?дістемелік ??рал

??растырушы: Бещембаева Мархабат М??ан?ызы, №5 балаба?ша,

 А?су ?аласы.

Рецензент: С.Д.Н?р?алиева, Павлодар облысы бойынша педагог ?ызметкерлеріні? біліктілігін арттыру институтыны? а?а о?ытушысы

  ?сынылып отыр?ан н?с?ауда мектеп жасына дейінгі балаларды? тілдерін дамытуда?н ыр?а?ыменсауса? ойын жатты?уларыны? ?са? моторикасын ж?ргізе отырып, оларды айналасында?ы заттармен таныстырып, атын атай білуге, ?асиеті мен сапасын, т?р - т?сін ж?не пішінін ажырата білуге, ?мірдегі, ?орша?ан ортада?ы т?рлі ??былыстар жайында?ы ??ым, т?сініктерін дамыта отырып, белсенді т?рде тілдік ?арым- ?атынас жасай білуге ?йрету ?лгілері берілген.

      Жалпы ?дістемелік ??рал ?азіргі талаптар?а сай жасал?ан, п?наралы? байланыстарды іске асыру?а к?мектеседі,сонды?тан мектепке дейінгі мекемелерді? т?рбиешілері мен ?н-к?й жетекшілеріне ?дістемелік ??рал ретінде ?олдану ?шін ?сыныла алады.

Мазм?ны

Т?сініктеме...................1

Кіріспе....................2-3

?са? моториканы дамыту ар?ылы с?йлеу тілін жетілдірудегі сауса? ойын-жатты?уларыны? ма?ызы   ..............4-6

Бала сауса?ын ойната отырып тілін дамыту.........7-10

Сауса? ойын жатты?уларын орындау?а ба?ыт.........11

Балы?тар....................12

?ол?ап....................13

Торайлар....................14

??рттар....................15

?озылар...................16

Маймыл...................17

?рмекші...................18

Тук-ток....................19

Ша?ала....................20

Аралар....................21

Маймылдар...................22

?лу.....................23

?олданыл?ан ?дебиеттер...............24

Т?сініктеме

 Балаба?шада балалармен сауса? ойын жатты?уларын ж?ргізе отырып, оларды айналасында?ы заттармен таныстырып, атын атай білуге, ?асиеті мен сапасын, т?р - т?сін ж?не пішінін ажырата білуге, ?мірдегі, ?орша?ан ортада?ы т?рлі ??былыстар жайында?ы ??ым, т?сініктерін дамыта отырып, белсенді т?рде тілдік ?арым- ?атынас жасай білуге ?йрету.

Сауса? ойындарын ж?ргізу ар?ылы балаларды? сауса?тарыны?  ?имылдары мен б?лшы? еттеріні? жетілуімен бірге, оларды? с?йлеу тілі мен ойлау ?абілеттері, ?н ыр?а?ымен айту мен жазу шеберлігін ойда?ыдай ме?герту ?шін:

  • сауса? ойыны - сауса?тарды? к?мегімен ?ле?-та?па? шума?ын сахналау?а;
  • ?н айту, музыка ты?дау да?дыларын ?алыптастыру?а;
  • сергіту, ерте?гілік жатты?улар?а арнал?ан

?ле? шума?тары ?олдан?ан сауса? жатты?улары берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойын баланы? алдынан ?мір есігін ашып,  оны? шы?армашылы? ?абілетін дамытады, ойынсыз а?ыл- ойды? ?алыптасуы м?мкінемес»

В.А. Сухомлинский

Кіріспе

Балаба?ашада?ы о?ыту- т?рбиелеу ж?мысында балаларды? тілін дамыту, с?здік ?орларын молайту, ауызша с?йлеуге ?йрете отырып, ?йренген с?здерін к?нделікті ?мірде еркін ?олдану, одан ?рі к?нделікті іс- ?рекет кезіндегі тілдік ?арым- ?атынаста ?олдана білуге жатты?тыру ісіне ерекше м?н берілген. Мектеп жасына дейінгі кезе?дегі балалармен ойын жатты?уларын ж?ргізу - тіл дамытуды? негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

         Балалармен ойын жатты?уларын ж?ргізе отырып, оларды айналасында?ы заттармен таныстырып, атын атай білуге, ?асиеті мен сапасын, т?р- т?сін ж?не пішінін ажырата білуге, ?мірдегі, ?орша?ан ортада?ы т?рлі ??былыстар жайында?ы ??ым, т?сініктерін дамыта отырып, белсенді т?рде тілдік ?арым- ?атынас жасай білуге ?йрету.

         Мектеп жасына дейінгі балаларды? с?здік ойын жатты?уларын дамыту ісінде т?рбиешіні?:

-балаларды? с?здік ?орларын дамыту;

-жа?а іс-?имылды ме?герту;

-?йренген с?здерін, іс-?имылдарын тияна?тап, аны?тап, ?рі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы атал?ан міндеттерді т?рбиеші ?немі ойын жатты?улар ж?мысын ж?ргізуде басшылы??а алып отыруы тиіс. Балаларды? с?здік ?орын молайтуда ойын, тапсырма жатты?уларды? орны ерекше. Соны? ішінде ойын- баланы? шын тіршілігі. Ойын ар?ылы бала айналасында?ы н?рседен ?зіне ?ызы?тысына ы?ыласы ауып, та?дап алады. Баланы? бір ерекше ?асиеті с?йлеуден еш жалы?пайды. Ойын бала тіліні? дамуына ы?палын тигізіп, таным белсенділігіні? дамуына жол ашады. ?ай бала болмасын ойынмен ?седі, ?йткені бала таби?атыны? ?зі тек ойынмен байланысты. Ойын ?стінде бала еш н?рсеге т?уелсіз. Ол озін еркін ?стайды. Ал еркіндік дегеніміз барлы? дамуды? баспалда?ы, б?рін білуге деген талпынысы мен ??лшынысы. Баланы? білуге деген ??штарлы?ы, с?йлеуі ойын ?стінде ?алыптасады.

Халы? даналы?ында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, ?мірде де озады» деген аталы с?здер сырына ж?гінсек, мектепке дейінгі жаста?ы баланы? ойын?а деген ??л?ы, ?арым- ?атынасы, мінез- ??лы? к?ріністері олар ?сіп- есейгенде де жал?асы береді. Ойын барысында бала ?зін ?орша?ан ?лкендер сия?ты, ?зіні? с?йікті ??гімелері мен кейіпкерлері сия?ты ?мір с?реді, ?рекет жасайды. Ойынды ?олданумен бірге ойлау?а, тілді дамыту?а, шы?армашылы? ?рекетін байыту?а ба?ыт алады. Баланы? ойын кезіндегі ?имыл- ?оз?алысы дене бітімін жетілдірсе, ал ?арым- ?атынаста?ы пайымдаулары ?зіндік таным- т?сінік, мінез- ??лы? ?дептерін бекітуіне ?сер етеді. Бала ойын ар?ылы бір ?рекеттен екінші ?рекетке ауыса отырып, ?зіне т?рлі а?параттар алады, д?ние сырын ашады.

         Мектепке дейінгі т?рбиеленушілерде педагогикалы? процестер барысында баланы? к??іл-к?йін аны?тап, психологиялы? мотивтерді туындатып, жа?ымды мінез- ??лы? да?дыларын ?алыптастыру к?зделеді. Психологиялы? жатты?улар баланы ?лкендермен ж?не достарымен ?арым- ?атынас м?дениетіне т?рбиелеп, ?з пікірлерін айтып жеткізе білуге к?мектеседі. Ойын жатты?улар ар?ылы баланы? білімділік да?дыларын к?нделікті іс-?рекетте ?олдана білу м?мкіндіктері ?арастырылады.

         Психологиялы? ойын- жатты?улар баланы? жан д?ниесіні?, рухани жай-к?йіні? ?йлесімді дамуына ы?пал етеді. Баланы? сезім ?рекетін, ?серленушілік де?гейін аны?тау ?шін ?олданылады.

Ойындарды? негізгі ма?саты балаларды? ы?ылас зейінін, с?здік ?орын, бай?ампазды?ын, есте са?тау, ?абылдауын дамыту?ы, икемділікті арттыру?а, ?зіні? жеке ??рбыларыны? іс- ?рекетін ба?алай, ??рметтей, ?з ісіні? д?рысты?ын д?лелдей білуін аны?тау, ?алыптастыру. Ойын?а зер салып, ой ж?гіртіп ?арар болса?, сол ойындардан ?лкен де м?нді, ма?ыналы істер туындап ?рбитінін бай?аймыз. ?йткені е? алдымен не н?рсені? болсын ж?н бастар ?айнар к?зі болатыны белгілі. Сонды?тан да ойын бала бойында?ы ?андай да бір ?нерді? бастауы деп білеміз.Сонымен балаларды? с?здік ?орларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жатты?уларды ?олдану ?лкен н?тиже береді. Ойын ар?ылы балаларды? с?здік ?оры дамып, ауызша с?йлеу машы?ын игереді., таным белсенділіктері ?алыптаса т?сіп, а?ыл- ойы ?сіп жетіледі, ?рі адамгершілік ?асиеттер бойына сі?іреді.?рпа?тан ?рпа??а  жал?асын тауып келе жат?ан, ?рі ?лкен м?ні бар м?дени шы?армашылы?- сауса? ойыны. Сауса? ойынын ойнай отырып, балалар ?орша?ан ортада?ы заттар мен ??былыстарды, жан- жануарларды, ??старды, а?аштарды т.б к?птеген бейнелерді бейнелей алады.С?йлеу тілі м?шелері ?рекетіні? ?оз?алуларыны? дамуы ?ол сауса?тарыны? н?зік ?имылдарыны? дамуымен ты?ыз байланыста бол?анды?тан, бала ?олыны? ептілігін толы? жетілдіру, т?зеті- т?рбие ж?мысын ж?йелі ж?ргізуді ?алайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамытуда сауса? ойын жатты?уларыны? ?са? моторикасыны? ма?ызы»











Тіл дамытуда

саусақ ойын жаттығуларының

ұсақ моторикасының маңызы


әдістемелік құрал













Құрастырушы: Бещембаева Мархабат Мұқанқызы, №5 балабақша,

Ақсу қаласы.









Рецензент: С.Д.Нұрғалиева, Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы




Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытудаән ырғағыменсаусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету үлгілері берілген.

Жалпы әдістемелік құрал қазіргі талаптарға сай жасалған, пәнаралық байланыстарды іске асыруға көмектеседі,сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен ән-күй жетекшілеріне әдістемелік құрал ретінде қолдану үшін ұсыныла алады.
















Мазмұны


Түсініктеме..............................................................................................................1

Кіріспе .................................................................................................................2-3

Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдірудегі саусақ ойын-жаттығуларының маңызы ...............................................................................4-6

Бала саусағын ойната отырып тілін дамыту ...................................................7-10

Саусақ ойын жаттығуларын орындауға бағыт...................................................11

Балықтар.................................................................................................................12

Қолғап.....................................................................................................................13

Торайлар.................................................................................................................14

Құрттар...................................................................................................................15

Қозылар..................................................................................................................16

Маймыл..................................................................................................................17

Өрмекші..................................................................................................................18

Тук-ток....................................................................................................................19

Шағала....................................................................................................................20

Аралар.....................................................................................................................21

Маймылдар.............................................................................................................22

Ұлу..........................................................................................................................23

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................24





















Түсініктеме


Балабақшада балалармен саусақ ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері, ән ырғағымен айту мен жазу шеберлігін ойдағыдай меңгерту үшін:


  • саусақ ойыны - саусақтардың көмегімен өлең-тақпақ шумағын сахналауға;


  • ән айту, музыка тыңдау дағдыларын қалыптастыруға;


  • сергіту, ертеңгілік жаттығуларға арналған


өлең шумақтары қолданған саусақ жаттығулары берілген.



















«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкінемес»

В.А. Сухомлинский


Кіріспе


Балабақашадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізу - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа іс-қимылды меңгерту;

-үйренген сөздерін, іс-қимылдарын тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.


Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдірудегі саусақ ойын – жаттығуларының маңызы


Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан

активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және

мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Бұрын ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

Бүгінгі күнде балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады,өйткені балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді.Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.




Пассивті жаттығу – ұсақ мотоиканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшуұсынылады. Оныңдеңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендіпмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.


Бала саусағын ойната отырып тілін дамыту.


Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш .

- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес.

- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.

Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек».




Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.


Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады.Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады.Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт,баланы мезі қылмауы керек.



Күнделікті саусақ жаттығулары және баланың екінші жыл өмірінің бірінші жарты жылдығындағы 3-4 жұмасындағы дамуда сөйлеу дағдыларын жеделдетіп, меңгеру сабақтары. Осылайша, сөз қоры артып буынның белсенді қозғалтқышын саналы қолдануына себепші болады.







Саусақ ойын жаттығуларын орындауға бағыт.


Мақсаты:

Ән ырғағыменбаланың саусақ жаттығуларын, өз бетімен орындауына дайындап, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасының қалыптасуын және саусақ қозғалысының еркіндігін меңгерту.


Тапсырмалар:


Саусақтардың көмегімен «Балықтар», «Қолғап», «Торайлар», «Құрттар», «Қозылар», «Маймыл», «Өрмекші», «Тук-ток», «Шағала», «Аралар», «Маймылдар», «Ұлу»өлең – тақпақ шумақтарын, әндетіп орындау арқылы қолдың негізгі қызметін жаттықтыру. Саусақтармен әртүрлі позициядағы жаттығулар жасау , музыка тыңдау дағдыларын қалыптастыру.

Саусақ ойын жаттығулары мен тапсырмалары арқылы, баланың білім-білік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.






Саусақ ойындары

Тук-ток, тук-ток жұдырық балға сияқты соғады,

Тук-ток, тук-ток екі қолмен ұрамыз,

Тук-ток, тук-ток тақамен де соғамыз,

Тук-ток, тук-ток тақалармен тарсылдатып,

Тук-ток, тук-ток екі қолмен, екі аяқ.




Өрмекші

Өрмекші бұтақта өрмеледі,

Балалар да артынан ерді,

Жаңбыр жауып,

Өрмекшіні бұтақтан шайып жіберді,

Күн жылына бастап,

Өрмекші талға міне бастады,

Балалар ерді өрмекшімен,

Бұтақта серуендеуге.

Маймылдар

Маймылдар серуенге шығып,

Билей бастады,

Біреуі үйіне кетті,

Себебі ол шаршады.




Аралар

Бір қолда ағаш, екінші қолда араның үйі,

Араның үйіне қараймыз:

- Ара қайда?

- Көрінбейді.

Үйінің есігін қағамыз,

-1,2,3,4,5

-Ал, мен шыршаны қағамын

-Қайда, қайда аралар?

Кенеттен аралар ұша бастады,

-1,2,3,4,5


Торайлар

Біздің барлық саусақтар торайлар,

Олар билей біледі,

1 саусақ, 2 саусақ, 3 саусақ, 4 саусақ, 5саусақ

Барлығы бірге билейді.



Қозылар

Мына қозы күні бойы құйрығын бұлғандатты,

Ал мына қозы арқасын қоршауға сүйкеді,

Мә-мә-мә-мә-мә-мә-мә,

Қозыларды мен жақсы көрем,

Мына қозы аяқтарымен жерді қопарды,

Қопарды да өзі сурет салды,

Мә -мә -мә -мә -мә -мә -мә,

Қозыларды мен жақсы көрем,

Мына қозы ортаға тұрам деп,

Бүкіл ағаларын итеріп тастады.

Құрттар

1,2,3,4,5

Құрттар серуенге жүрді,

Бір уақытта қарға алдарынан шықты,

Басын шайқап иіле ,

-Менің түскі асым- деп,

Енді қараса құрттар жоқ.

Ұлу

Бір қолда гүл, екінші қолда ұлу

Ұлу мүйіздерін қозғайды,

Гүлге өрмелейді,

Жапырақтарды кеміріп,

Тығылады да ұйықтайды.




Балықтар

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!



Маймыл

Жел қатты үрлейді пальманы,

Жан-жаққа шайқайды,

Пальманың астында маймыл отыр,

Саусақтарын санайды.



Шағала

Шағала су бетінде ұшып жүр,

Балықтардың соңынан сүңгуге,

Ал судың асты терең,

Түбінде қолтырауын жатыр.



Қолғап

Тышқан қолғап тауып алды,

Оның ішіне ұя салды,

Балаларын шақырып, нан қоқысын береді,

Ұйқыға жатқызып, бастарынан сипайды.













Қолданылған әдебиеттер:



1. «Отбасы және балабақша» 2002 ж №5. (6-8 бет)


2. «Логопедия» Е.Н.Краузе (30-38 бет)


3. «Дошкольное воспитание» 2003 ж. №1 (50 бет)


4. «Дошкольное воспитание» 2000 ж. №11 (49 бет)


5. «Отбасы және балабақша» 2000 ж. №5 (15 бет)


6. «Отбасы және балабақша» 2010 ж. №5 (12 бет)


7. Калмыкова Е.В . Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту. Алматы, 2007.


8. Қарапаев С. Музыка сабағын шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуда ойын элементтерін пайдалану //Бастауыш мектеп. - №1. - 2010 – (9бет)


9. Қордабаева А. Ойындардың тиімділігі // Ұлағат. - №7. – 2005ж –(3 бет)


10. Оңғарова А. Ойын технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі Қазақстан мектебі. - №12, 2009ж – (11бет)


11.Ахметова Р.М. Бала тілін дамытуда ойын технологиясын пайдаланудың теориялық негіздері. Отбасы және балабақша - №1 – 2012ж-( 5 бет)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл дамытуда сауса? ойын жатты?уларыны? ?са? моторикасыны? ма?ызы

Автор: Сыздыкпаева Гульнур Маратовна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282164


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства