«Ою - өрнек сәніміз»
 
 Мақсаты:
 Сабақты қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар туралы түсінік беру. Ою - өрнек туралы мағлұмат беру. Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, саусақпен ою - өрнекті салуды үйрету.
 Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
 
 Қолданатын әдіс - тәсілдер:
 Көрсету, түсіндіру, көркем сөз, жұмбақ шешу, ойын ойнату, қайталау, мадақтау.
 Көрнекіліктер:
 Киіз үй, үй жабдықтары әже суреттері; түрлі түсті картоннан қиылған ұлттық киім-кешектер мен жиһаздардың пішіндері; тіс пастасы, дымқыл шүберек.
 
 Сабақ барысы:
 Амандасу
 Армысың шұғылалы алтын күн!
 Армысың мейірімді жер ана!
 Сәлеметсіздер ме қонақтар!
 Бәріміз күндей жарқырайық!
 Бәріміз тату дос болайық!
 
 Кіріспе әңгіме:
 Жыл мезгілі туралы; апта күні туралы сұрақтар қою.
 өткен сабақты қайталау.
 Жаңа сабақ:
 Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
 Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
 «қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.
 
 Тақпақ жаттату:
 Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз»
 Орын алар тұрағы, көрпе - киіз.
 Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде
 Көз тартып құбылады оюымыз.
 Қызықты сәт:
 Киіз үйде тұратын Әженің үйіне қонаққа бару.
 Әженің тапсырмасы:
 
 Жұмбақ.
 Кіруге адам батпайды
 Затыңды аман сақтайды.(сандық)
 Текшелеп төрге
 Жиғаным не? (көрпе, жастық)
 Тәрбиеші:
 Балалар! Қараңдаршы, әжеміздің киім-кешектеріне, жиһаздарына не жетіспейді?
 
 Балалар: Ою - өрнектер.
 Тәрбиеші: Олай болса әженің киім-кешектері мен жиһаздарына ою - өрнектермен безендіріп берейік.
 Біздер бүгін әдеттегідей бояумен немесе түрлі - түсті қарындаштармен салмаймыз.
 Бүгін біз кәдімгі тіс пастасымен, саусақтарымызбен саламыз
 Тәрбиеші алдымен өзі үлгі ретінде көрсетеді.
 
 Сергіту сәті:
 Орнымыздан тұрайық
 Қылқаламды қояйық
 Қолымызды созайық
 Оңға қарай иіліп,
 Белімізді жазайық.
 Айналаға қарайық
 Отырайық, тұрайық
 Бір тынығып алайық.
 Тынығып біз болған соң
 Әсем сурет салайық
 
 Балалар түрлі - түсті қағаздан қиылған киімдер мен жиһаздарға ою салып болған соң, әжеге сыйға тарту етеді.
 Қимылдық ойын: «Тақия тастамақ»
 Қорытындылау, сұрақтар қою, тақпақты қайталау. Балаларды мадақтау.
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    