Павлодар облысы, Павлодар ?аласы №43 мектебіні? м??алімі
Жакенова Жанат Темирбулат?ызы
Сыныбы 4 ?дебиеттік о?у
Та?ырыбы: Жаз?ыт?рым. Ма?жан Ж?мабаев
Саба?ты? ма?саты:
?аза? ?дебиетіні? к?рнекті ?кілі Ма?жан туралы дерек, ?ле?деріні? та?ырыбы мен идеясын, ?ле?ні? мазм?нын игерту.
О?и?а ар?ылы о?ушыларды? бойында эстетикалы? тал?аины? ?алыптасуына, адам мен таби?ат байланысын т?сіндіру ар?ылы д?ниетанымын ке?ейтуге, шы?армашылы? ?абулеттеріні? дамуына жол ашу.
Жыл мезгілдерін ?астерлеуге, ??рметтеуге, е?бекс?йгіштікке, жауапкерщілікке т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары "Жаз?ыт?ры" М.Ж?мабаев»
Павлодар облысы, Павлодар қаласы №43 мектебінің мұғалімі
Жакенова Жанат Темирбулатқызы
Сыныбы 4 Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Жазғытұрым. Мағжан Жұмабаев
Сабақтың мақсаты:
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан туралы дерек, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, өлеңнің мазмұнын игерту.
Оқиға арқылы оқушылардың бойында эстетикалық талғаиның қалыптасуына, адам мен табиғат байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабулеттерінің дамуына жол ашу.
Жыл мезгілдерін қастерлеуге, құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, жауапкерщілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, өзін-өзі тану
Сабақ жоспары:
1-сабақ
№
Кезеңдері
Уақыты
І
Ұйымдастыру
3 минут
ІІ
Жаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу
33 минут
ІІІ
Қорытынды
5 минут
ІҮ
Бағалау
2 минут
ҮІ
Үйге тапсырма
2 минут
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
І Қызығушылықты ояту
«Ойашар» өткізу: Күннің шуағы
Мына күннің шуағынан бәріміз жылу алайық. Сендердің ықыластарына бөленген күннің шуағынан бәріміз жылу алайық. Сендердің ықыластарыңа бөленген күннің шуағы алақанымызға сыймай барады. Енді біз шуақты босатып жіберейік, оның жылуы мен нәзік сәулесі бізді және біздің жүрегімізді жылытсын.
Бұл « Ойынашарымыз» не туралы?
Саған күн шуағы жарқырайтын қай жыл мезгілі ұнайды? Не себептен?
Адам тіршілігіне Күннен басқа тағы не керек?
«Топтастыру» жүргізу
Ендеше бүгінгі сабағымыз осындай шуақты күндердің бірі және табиғат сыйы туралы болмақ. Мағжан Жұмабаевтың « Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.
Мағжан Жұмабаев туралы оқулықтағы мәліметтерді оқу. Интерактив тақта арқылы қысқаша өмірбаянын оқып беруге және қосымша деректерді баяндау
ІІ Мағынаны тану
«Баяғы өткен заманда, ерте, ерте, ертеде, болған Күн, Су, Жел. Бір-бірінен әбден зеріккеннен жаратыпты олар бір еркетай Жер нәрестені.»
Өлеңнің бірінші шумағын оқушыға мәнерлеп оқыту. Мазмұнына тоқталу. Оқушыларға Күнді бейнелеуді ұсынып, араларынан Күн болатын баланы таңдап алу.
«Оңайлықпен ұйқысынан тұра қоймаған Жер нәрестені оятуға...»
Өлеңнің екінші шумағын оқыту. Мазмұнына тоқталу.
Сонымен кім келеді екен?
Желді бейнелеу арқылы араларынан Желді таңдап алу.
«Жер нәрестенің әр қимылын қызықтап отырған әрқайсыс оны аймалағысы, өпкісі келді. Тіпті қолына алып, шырқата ән салып тербеткісі келді. Бірақ Жер нәресте олардың әрекетіне ояна қоймады. Сол кезде...»
Өлеңнің үшінші шумағын оқу.мазмұнына тоқталу.
Кім келді?
Су не істеді деп ойлайсың? Егер біз ұйқыдан оянбасақ, ата – анамыз не істер еді?
«Судың салқын лебімен көзін ашқан Жер нәрестені бәрі аймалай ортаға алып, қызықтап жүр. Оның әрбір қылығын, әрбір қимылын, әрбір күлкісіне мәз болған олар әрқайсысы одан өз сыйын аямайды.»
Өлеңнің төртінші шумағын оқыту
Содан бері талай жылдар, талай ғасыр өтті. Күн, Жел, Су т.б. Жер нәрестені өз балаларындай бағып-қағып, әрқайсысы барын беріп әлпештеуден еш жалыққан жоқ. Жер нәресте де ер жетіп, ол да Адам атты балақайды бағып қағуда.
Сөздік жұмысын жүргізу. Түсініксіз сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс. Сол тіркестерді тауып, түсініктеме жасап, сөйлем құрастыру керек.
«Т кестесі» арқылы тізбектеп жазып шығу.
Енді осы жазғанымыздың ішінен өз қолдарыңнан келетін бөлімдерін дәптеріңе теріп жазып алыңдар.
Қалай ойлайсыңдар, қорғау қолымыздан келер ме?
Топпен жұмыс. Әр топ өз қалауынша кез келген шумақты қағаз бетіне бейнелеп салып көрсету. Оқушылардың жұмыстарынан « Галереяға саяхат» ұйымдастыру.
Әр оқушы саяхат кезінде өз пікірін, сурет туралы ойын жапсырма қағазға жазу арқылы қалдыруына болады.
Жыл мезгілджері туралы тағы қандай ақын-жазушылардың өлеңдерін білесің?
Жатқа айтар ма едің?
Абайдың « Жазғытұры» өлеңін интерактив тақтада көрсету. Мәнерлеп оқу.
Жазғытұры
Жазғытұра қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұландап ағады су.
Абай
Мағжан Жұмабаев пен Абайдың өлеңдерін «Венн диаграммасына» салып салыстыру. Айырмашылық пен ұқсастықтарын табу.