kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ойлан да, тап"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі:Оқушылардың  өтілген  сандарды  қаншалықты  денгейде  меңгергендерін  анықтау,  алған  білімдерін  тереңдету,  пысықтау,  бекіту.

Дамытушылығы:  Ойын  арқылы  ойлау  қабілетін,  ой-өрісін,  есте  сақтау  қабілетін  дамыту,  ұшқыр  ойға,  ұтымды  жауап  беруге  баулу,  пәнге  деген  қызығушылығын,

белсенділігін  арттыру.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тапқырлыққа,  ұйымшылдыққа,  ізденімпаздыққа,  жылдамдыққа,өздігінен  жұмыс  істеуге  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ойлан да, тап"»

Қызықты математика

Ойлан да, тап.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың өтілген сандарды қаншалықты денгейде меңгергендерін анықтау, алған білімдерін тереңдету, пысықтау, бекіту.

Дамытушылығы: Ойын арқылы ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, ұшқыр ойға, ұтымды жауап беруге баулу, пәнге деген қызығушылығын,

белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жылдамдық-

қа,өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сандар, суреттер, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауа,. түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Мұғалім:Құрметті, балалар! мектепалды даярлық сыныптар арасындағы "Ойлан да, тап" атты сайсымызды бастаймыз.

Оқушылардың назарын сайыс сабағына аудару.

1-ші топ. Дөңгелек.

2-ші топ.Сопақша

3-ші топ Төрт бұрыш

4-ші топ үшбұрыш

1-ші тапсырма: А)Дөңгелектер тобына: Әр топ өзінің белгілері не затқа ұқсайтынын айтады.

ә) «Кім шапшаң» ойыны.мақсаты:0-10 дейінгі сандардың атауын, орнын қайталап, есте сақтау.

Сопақшалар тобына: А)Әр топ өзінің белгілері не затқа ұқсайтынын айтады.

Ә) «Кім шапшаң» ойыны.мақсаты:0-10 дейінгі сандардың атауын, орнын қайталап, есте сақтау

Төрт бұрыштар тобына: А)Әр топ өзінің белгілері не затқа ұқсайтынын айтады.


Ә) «Кім шапшаң» ойыны.мақсаты:0-10 дейінгі сандардың атауын, орнын қайталап, есте сақтау

Үшбұрыштар тобына:

А)Әр топ өзінің белгілері не затқа ұқсайтынын айтады.

ә) «Кім шапшаң» ойыны.мақсаты:0-10 дейінгі сандардың атауын, орнын қайталап, есте сақтау

2-ші тапсырма: а)Дөңгелектер тобына:

А)10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды,

айтшы сонда нешеуі өзіңде қалды?(7)

Ә) «Саңырауқұлақтар жинау» ойыны.


Сопақшалар тобына:

А)Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қалды біреуі.

Нешеу енді жайылып

Жүргенін айт айырып. (5)

Ә) «Саңырауқұлақтар жинау» ойыны.


Төрт бұрыштар тобына:

1.Бір қоянның екі құлағы бар,

Екі қоянның неше құлағы бар?(4)

Ә) «Саңырауқұлақтар жинау» ойыны.


Үшбұрыштар тобына:

А)Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз,

Қонбады оның нешеуі,

Қәне, кім тез шешеді?(5)

Ә) «Саңырауқұлақтар жинау» ойыны.


Сергіту.

Бір теңге, бес теңге,

Ақша санап аламыз.

Саусақ бүгіп, шапалақтап соғып,

Қайта санап аламыз.


3-ші тапсырма:Cөз жұмбақ

Дөңгелектер тобын:

А)Үш қарбызға, екі қарбыз қосақ

Барлығы неше қарбыз?

Жауабы неше? (5)

Ә)Заттардың жекеше және көпше түрлерін ата.

Мысалы: қасық, қасықтар, кесе, кеселер. доп, доптар.

Сопақшалар тобына:

А)Тышқанды аулайтын жануар. (мысық)

Ә)«Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлерін атап шық.


Төрт бұрыштар тобына:

А)Жас нәресте жататын орын (бесік)

Ә)«Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерін атап шық.


Үшбұрыштар тобына:

А)Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

Ә)Оқу құралдарының аттарын атап, олардың не үшін керек екенін айтып бер.


Сергіту сәті.

4-ші. тапсырма. А)Дөңгелектер тобына.

Табақта бес алма

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?(7)

Ә)Шаршадық, қарнымыз да ашты, енді асханаға барып, тамақтанамыз.Есеп шығару. 1 тілім нан 5 тг. 1ст.шай 4тг Барлығы қанша тұрады?

( 9 тг.)


Сопақшалар тобына:

А)6 алманы, екі балаға тең бөліп берсек,

Тиеді әркімге неше алма?.

Ә)Алты көгершін ұшып жүреді,

Олардың екеуі ағашқа келіп қонды.Сонда нешеу ағашқа қонбады?(6)


Төрт бұрыштар тобына:

А)Алма ағашта он алма,

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуін жеп қойсам

Қалады сонда неше алма? (5)


Ә)Автотұрақта 6 машина тұрды.

Оған тағы бір машина келіп қосылды.

Сонда барлығы неше машина? (7)


Үшбұрыштар тобына:

А)Алғашында күнара,

Қонушы еді бір ара

Бүгін тоғыз туысын

Ертіп кепті бір ара

Келіп қонды неше ара? (10)

Ә)Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек,

1-еуі тығылды, 1-еуі жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (6)


Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолым бес саусақ.

қосып едім екеуін болып

болып шықты 10 саусақ.


Оң аяқта бес бәшай,

Сол аяқта бес бәшай.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 бәшай.

5-ші. тапсырма: Дөңгелектер тобына.

а)Бір қыз қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты.

Қанша адам қалаға барды?



4+2 =

6-3=

5+2=

2+2=

Сопақшалар тобына:

а) Ағаштың басында

Тоғыз алмұрт тұр еді.

Үзіп алдым екеуін,

Қалды нешеуі(7)


3+3=

6-2=

2+1 =

7+2-=

Төрт бұрыштар тобына:

а)Екі бала тоғаннан

Сегіз балық ұстады.

Бөліскенде тең оларға

Тиді әркімге неше балық?(4)


Ә)5+3=

5-3=

4+3=

7+3=

Үшбұрыштар тобына:

А)Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай,

Алдында онаң бастаушы

Артында төртеу –қостаушы.(5)


ә)8-2=

6+1=

6-0=

9+1=

Сергіту сәті.


Сұрақ-жауап:

1.Бір аптада неше күн бар?

2.Қазір жылдың қай мезгілі?

3.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

4.Бүгін аптаның қай күні?

5.екі қоянның төрт құлағы бар.

Үш қоянның неше құлағы бар? (6)

6.Үлкен қарбыз ауыр ма немесе кішкентай алма ауыр ма?

7.6-ға 0-ді қосақ қанша болады?

8. 7-ден 3-ті алсақ қанша болады?

9.9-дан 3-ті алсақ қанша болады?

10.5-ке 4-ті қосақ қанша болады?


Оқушылардың барлығы қосылып санамақты айтады.

Санамақ.

Бір дегенім-бесіқ

Шықтың содан өсіп.

Екі деген-елім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім,

Төзе білім өзім.

Бес дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты деген-ақыл,

Тыңдағаның мақыл.

Жеті деген-жалау,

жүректегі алау.

Сегіз деген-сөзің,

Серт береті кезің.

Тоғыз деген -тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім-Отан,

Қорға соны, ботам!


Қ.Мырза Әли.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ойлан да, тап"

Автор: Габдуллина Гульжан Сергалиевна

Дата: 30.09.2018

Номер свидетельства: 479310

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "ОЙЛАН ТАП"
    ["seo_title"] => string(9) "oilantap1"
    ["file_id"] => string(6) "329307"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463914819"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Ойлан,тап!" Интеллектуалды? ойын саба?"
    ["seo_title"] => string(38) "oilan-tap-intielliektualdyk-oiyn-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "276076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452676455"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Ойлан , тап!"
    ["seo_title"] => string(8) "oilantap"
    ["file_id"] => string(6) "318016"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460478303"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Ойлан, тап"
    ["seo_title"] => string(9) "oilantap2"
    ["file_id"] => string(6) "336483"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1467174945"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Физика п?нінен «Ойлан,тап» атты сайыс  7- сынып "
    ["seo_title"] => string(44) "fizika-p-ninien-oilan-tap-atty-saiys-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "157811"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421657010"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства