Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика
Тақырыбы: Не қайда орналасқан?
Мақсаты:
- Балаларды «Не қайда орналасқан?» деген сұраққа дұрыс жауап беруге, кеңістік қатынастарын анықтауға үйрету, танымдық білімдерін тереңдету.
- Балалардың есте сақтау қабілетін, кеңістікті бағдарлай білуге тереңдету
- Мейірімділікке, тапқырлыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: слайд шоу, ойын, түсінік беру.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, музыка, дене тәрбиесі.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Ұйымдастырушылық оятушылық
«Елестету»
Музыка әуенімен
«Ал балалар барлығымыз жартылай шеңбер құрып отырайық, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Барлығымыз көзімізді жұмып, терең тыныс аламыз. Денемізді бос ұстап менің айтқанымды елестетіп отырайық. Сендердің көз алдарыңда жап-жасыл жайқалған орман, ауасы таза. Көгілдір аспан күннің шуағымен жарқырап тұр, күлімдеген күн шуағымен сырласқан.
Балалар өздерінің ыңғайына қарай орналасып, музыка әуенімен, тәрбиеші үнімен болып жатқан жағдайды елестеді.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Өткен оқу іс-әрекетін естеріне түсіру:
Ойын «Геометриялық пішіндер»
Жаңа оқу іс-әрекеті:
Слайд арқылы суреттер көрсетіп жаңа тақырыппен таныстыру
Бір, екі, үш
Орманға қарай ұш!
Енді көзімізді ашайық. Ой балалар біз орманға да келіп қалыппыз ғой.
- Балалар мынау кім?
- Осы кезде аю шығады
Аюдың тапсырмасын орындау
1 - Тапсырма
Ойын «Жоғары-төмен»
Шарты: тәрбиеші жоғары дегенде, балалар аяқтарының ұшымен, қолдарын жоғары көтереді
Төмен дегенде отырады
2 – тапсырма
Ойын: «Шапалақтау»
1 рет шапалақтағанда солға қарай бір адым жасайды
2 рет шапалақтағанда оң жаққа қарай бір адым жасайды
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш,
Балабақшаға қарай ұш!
- Ал енді балалар біз өзіміздің балабақшамызға да оралдық
- Өте жақсы!
Берілген суреттерге қарай кеңістікке бағдарлайды
Біз тақтадан хатты көріп тұрмыз
Балалар таң қалып тынышталып отырады
Хатты мұқият тыңдайды
Машаға көмектесеміз
Ертегі аюынан қорқамыз (қорықпаймыз)
Аю орманда мекендейді
Әңгімелеседі
Балалар ойланып қалады
Қимылмен қайталайды
Барлығы көздерін жұмып сиқырлы сөзді қайталайды, осылайша балабақшаға оралады
Оралғандарына қуанып, мәз болады
Рефлекстік түзету
- Не істедік?
- Не көрдік?
- Не білдік?
Қойылған сұрақтарға толық жауаптар қайтарады