Биология пәні мұғалімі Тлеуимбетова Баянның 8 «а» сыныбына арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспары.
№
12-17.01.2015ж
36 сабақ
1
Сабақтың аты:
Қанайналым мүшелері, жүректің жұмысы.
2
Сілтеме:
Жоспар,биология 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» баспасы Е.Очкур Л.Аманжолова Р.Жұмабаева
3
Сабақтың мақсаты:
Жүрек және қан тамырларының құрылысы артериялар,капиллярлар,веналар бойынша мәліметтер базасын түсіндіру, тоқталып өту. Мәліметтер базасы құрылымын меңгеру, сыни тұрғыдан түсіну,білімдерін тереңдету.
4
Оқыту нәтижесі:
Білу керек:
Жүрек
Артериялар Капиллярлар Веналар
Даптерге жазу керек: Төменгі қуыс вена, жүрек бұлшық еті, май ұлпасы, оң жақ қарынша, өкпе артериясының жарты ай тәрізді қақпақшасы, оң жақ жүрекше, жоғарғы қуыс вена, қолқа, өкпе артериясының тармағы, сол жақ жүрекше, өкпе венасының тармақтары, қолқа қақпақшасы, қос жақтаулы қақпақша, сол жақ қарынша, қалқа, сіңір жіпшелері.
5
Негізгі идея
Мәліметтер базасы
6
Тапсырма көздері
Жигсо стратегиясы бойынша оқыту.
Оқулықпен жұмыс
Жүрек қан тамырларын атап айту.
Топтық жұмыс:
Жүрек жұмысының үш кезеңін көрсету.
Жүрек ауырғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы өз ойларын айту.
Ой қозғау сұрақтары:120 беттегі 10 сұрақ.
Жеке жұмыс:
Әр оқушы өзінің жүрегінің 1 минуттағы соғысының қанша екенін анықтайды.
Постер қорғау.
7
Міндеттері
Топпен жұмыс,оқушымен жұмыс, оқулық
8
Бағалау
Формативті бағалау және өзін-өзі бағалау
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
I.Ұйымдастыру. (3 минут)
1.Сыныпты пазылдар арқылы топқа бөлу
2.Сабақ мақсатымен таныстыру:
3.Оқушыларға жағымды ахуал туғызу.
4.Бағалау критерийі:
Егер тапсырманы өзің түсініп, өз бетіңмен орындасаң-«5»
Егер тапсырманы біреудің көмегімен түсініп,өзің орындасаң «4»
Егер тапсырманы біреудің көмегімен орындасаң «3»
II.Қызығушылықты ояту. (2 минут)
Жүрек және қан тамырларының құрылысы, жүрек, артериялар, капилярлар
III Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс: Жигсо стратегиясы бойынша
I топ II топ III топ IV топ
1.Жүрек және қан тамырларының құрылысын оқу.
2.Веналар туралы оқу.
3.Жүрек автоматизмін оқу.
4.Жұрек жұмысының реттелуін оқу.
IY. Топтық жұмыс: (5 минут)
Жүрек жұмысының үш кезеңін көрсету.
Жүрек ауырғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы өз ойларын айту.
Y.Ой қозғау сұрақтары:
1.Жүрек құрылысындағы қандай бейімделулер қанның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді?
2.Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады?
3.Жүрек үшін жүрек қабы қандай рөл атқарады?
Жүрек ішінде аздаған сұйықтығы бар жүрек қабында орналасқан. Сұйықтық жүрек бетін ылғалдап, жүрек жиырылғанда, үйкелісін азайтады.
4.Жүректі қандай ұлпалар құрайды?
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады.
5.Жүректің қандай бөлімінде миокардтың ең қалың қабаты бар? Бұл неге байланысты?
Сол жақ қарыншаның қабырғасы едеуір қалың болады, себебі ол қолқаға, одан әрі тамырдың бүкіл ұзына бойына қанды үлкен күшпен айдап шығарады.
6.Жақтаулы қақпақшалар қайда орналасқан?
Жақтаулы қақпақшалар қанның жүрекшеден қарыншаға қарай өтуін реттейді.Олар тек қарынша жаққа қарай ашылады.
7.Жарты ай тәрізді қақпақшалар қайда орналасқан?
Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде жарты ай тәрізді қақпақшалар орналасқан.
8.Артерияның құрылысы қандай?
9.Венаның құрылысы қандай?
10.Капилярлар дегеніміз не?
YI .Жеке жұмыс (2 минут)
Әр оқушы өзінің жүрегінің 1 минуттағы соғысының қанша екенін анықтайды.
YII. Постер қорғау: (8 минут)
I топ II топ III топ IV топ
YIII. Үйге тапсырма:
IX. Бағалау: Сабақ барысында оқушылар формативті бағаланады және бағалау бетшесі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды. (2 минут)