Балалардың білім денгейін тексеретін техкарта.Тәрбиешілер пайдаланса болады
Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Балалардың білім денгейін тексеретін техкарта.Тәрбиешілер пайдаланса болады
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бау- бақшада, бақтарда» (дидактикалық ойын)
Мақсаты:Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту. Балалар сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
Көрнекілігі: фланелеграф, көкөністер мен жемістер муляждары, ғажайып қалта.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ойындар ұйымдастыру, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру. Сөздік жұмыс: бақ, бақша, көкөністер, жемістер.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері. «Бауда ма, бақшада ма?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Ортаға фланелеграфты қояды. Фланелеграфтың оң жағына ағаштың суретін қойып, ал сол жағына егін егетін жердің суретін қойып: «Мынау- бақ, ал мынау– бақша» - деп балаларға түсіндіреді. Балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетеді. Қызылшаны көрсетіп: «Бұл не? Қайда өседі? Суретті қайда қоясың?»,-деп сұрайды. Суреттерді фланелеграфқа бау мен бақшаның ортасына қояды. Оқу іс-әрекетінің бұл бөлігін оң жақта орналасқан жемістер, сол жақта орналасқан көкөністер деп қорытындылайды. − Жемістер- бақта, ал көкөністер бақшада өседі |
Жарты шеңбер болып отырады
Суреттегі заттардың атын атап, оны қайда қоятындарын айтады. Суретті алған бала: «Бұл қызылша. Бұл бақшада өседі. Сол жаққа бақшаға қоямын.» - дейдіШақырылған бала суретті алып, бауға немесе бақшаға қояды және не үшін қойғанын дәлелдейді. Алма, сәбіз, қияр, алмұрт, қара өрік, орамжапырақ, тәтті бұрышты рет-ретімен қояды.
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Сергіту сәті. Дидактикалық ойын :«Ғажайып қалта» Шарты: Балалар «Ғажайып қалтада» жатқан жемістер мен көкөністерді сипап сезу арқылы ажыратады. Қалтаға әртүрлі 5-7 көкөністер мен жемістердің муляжын салуға болады.Шақырылған бала қалтаға қолын салып, сипап сезу арқылы бір затты ұстап, қолын қалтадан шығармай не затты ұстап тұрғанын айтады (Мен сәбізді таптым). Егер бала затты дұрыс тапса, онда үстел үстінде тұрған тарелкеге немесе жеміс салатын ыдысқа, қайсысына тиісті соған салады. Егер бала дұрыс таппаса, онда затты қайта қалтада қалдырады. Балалар көкөністерді, жемістерді қарайды, түрін, түсін, пішінін, дәмін ажыратып, суреттеп айтады. Мысалы: Бұл қияр-көкөніс. Бақшада өседі. Түсі жасыл. Көлемі сопақ. Шикілей жеуге болады. Балалардан жалпылама және жеке-жеке жауап алуға болады. Ары қарай балаларға көкөністер мен жемістерге байланысты жұмбақтар жасырады. Ортасында қазығы, Бұтағында азығы. Сырты тәтті, іші тәтті, Ортасы сүйек қатты. Қабат-қабат тоны бар, Кішкентай ғана бойы бар. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бақшадан жер қазып, Жиып алдым жер қазық. Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. | Сергіту сәтін орындайды. Шақырылған бала қалтаға қолын салып, сипап сезу арқылы бір затты ұстап, қолын қалтадан шығармай не затты ұстап тұрғанын айтады (Мен қияр таптым). Егер бала затты дұрыс тапса, онда үстел үстінде тұрған тарелкеге немесе жеміс салатын ыдысқа, қайсысына тиісті соған салады. Бұл қияр-көкөніс. Бақшада өседі. Түсі жасыл. Көлемі сопақ. Шикілей жеуге болады.
Жауаптарын табады.
-Алма
-Өрік
-Қырыққабат
-Пияз
-Сәбіз
-Қияр |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Балаларға оқу қызметін бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Балалар көкөніс пен жемістерді сипаттай білді.
Болуы керек:Жемістер мен көкөністерді сипап сезу арқылы ажыратуды игерді.
Қолынан келуі керек:Көкөністер мен жемістерді атауларын атай білді.
Күні:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Әйгерім бізге қонаққа келді» (ойыншықты суреттеу арқылы әңгіме құру)
Мақсаты: Балаларда тәрбиешінің үлгісі бойынша қуыршақ және оның киімі бойынша сипаттау әңгімесін құру дағдысын қалыптастыру. Сөздікқорынбайыту, байланыстырасөйлеугежаттықтыру.
Көрнекілігі: ұлттық киім киген қуыршақ, кішкентай қуыршақтар, қуыршақтар жиһаздары.
Әдіс-тәсілдері: алдын ала жұмыс, педагогтың үлгі әңгімесі, үлгі әңгімені қайталау, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын «Қуыршақтар
қайда отыр?».
Сөздік жұмыс: қарақат көзді, қою қара шашты, қос бұрым, кәжекей
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. − Балалар, бүгін бізге қуыршақ Әйгерім қонаққа келді. Әйгерім: − Сәлеметсіңдер ме, балалар!
| Шаттық шеңберіне тұрады.
− Сәлеметсіз бе, Әйгерім! |
Іздену - ұйымдастырушы
| − Балалар, қуыршақ Әйгерімді және оның киімінің түр-түсін сипаттап әңгімелейік. Әйгерімнің көздері қандай? − Қазақта қара көзді қыздарды «қарақат көзді» деп атайды. Ал, енді айтыңдаршы Әйгерімнің шашы қандай? − Оны былай деп толықтырып айтамыз: Әйгерім қарақат көзді және қою қара шашты. Әйгерім: − Менің қою қара шашым қос бұрым етіп өрілген. Міне бір бұрымым, ал мынау екінші бұрымым. (тәрбиеші Әйгерімнің атынан сөйлейді). − Балалар, сендерге Әйгерімнің көйлегі ұнайды ма? Оның түсі қандай? Әйгерім: − Балалар, сендер айтыңдаршы менің үстімдегі мына киім қалай аталады? (кәжекейін көрсетеді). − Әйгерімнің кәжекейі немен әшекейленген? (Әйгерімнің үстінде жасыл түсті кәжекейі бар. Ол ұзын және әдемі. Әйгерім: − Балалар, мен туралы әңгімелегендерің маған өте ұнады. Мен балабақшада сендермен ойнауға қаламын. − Әйгерім, балалардың да сенімен ойнағысы келеді. Мен де сені сипаттап әңгімелеп берейін. Әйгерім: − Жарайды. − Біздің Әйгерім қуыршағымыз өте әдемі. Көздері қарақаттай қап-қара. Ал шашы қою қара. Шаштары екі бұрым етіп әдемілеп өрілген. Әйгерімнің киімі өте сәнді. Оның үстінде қызыл түсті, етегі бүрмелі көйлек және жасыл түсті кәжекейі бар. Кәжекейі ұзын, сары түсті ою-өрнекпен әшекейленген». Сергіту сәті. − Ал, енді Әйгерім, біздің балалар өзіңді әңгімелеп айтып береді. Кейбір әңгімелеуге қиналған балаларға тәрбиеші көмектеседі. Дидактикалық ойын: «Қуыршақтар қайда отыр?» Үстел үстіне кішкентай қуыршақтарға арналған жиһазды қояды. Жиһаздардың үстінде кішкентай қуыршақтар орналасады. − Балалар, Әйгерім қуыршағымыз бізге жалғыз келмепті. Ол өзінің кішкентай қуыршақ достарымен келген екен. Бірақ Әйгерім кішкентай қуыршақтарды таба алмай қалды. Келіңдер, Әйгерімге оларды табуға көмектесейік. Сендер қуыршақтың қайда отырғанын айтасыңдар, ал мен ол қуыршақты Әйгерімге алып беремін.
|
− Әйгерімнің көздері қара.
− Әйгерімнің шашы қара.
(Балалардың жауабын ).
− Бұл кәжекей. Түсі жасыл.
Кәжекей сары түсті ою-өрнекпен әшекейленген.)
Сергіту сәтін орындайды. Бірнеше бала Әйгерімді сипаттап әңгімелейді.
− Қуыршақтардың бірі орындықта отыр. − Екіншісі диванда отыр. − Үшіншісі кілемде отыр, т.с.с. жалғаса береді. Толық сөйлеммен қуыршақтың қайда отырғанын айтып, тауып береді. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Балаларға ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді.. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Үлгіге қарап сөйлей білуі керек.
Болуы керек:Байланыстыра сөйлеуді игереді.
Қолынан келуі керек:Қуыршақты сипаттай білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ит және оның кішкене күшіктері» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Балалардың сурет мазмұнына қарай әңгіме құру біліктіктерін жетілдіру (тәрбиеші үлгісі бойынша). Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: «Ит және оның күшіктері» сюжетті суреті.
Әдіс-тәсілдері: сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, әңгімелету.
Сөздік жұмыс: күшіктер, пысық, үлпілдек.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Балаларға суретті көрсетеді. Сурет бойынша балаларға сұрақтар қояды. − Мына суретке қараңдаршы. Суретте не бейнеленген? − Ит қандай?
Балалардың назарын суреттегі күшіктерге аударады. − Күшіктер қандай?
− Күшіктер не істеп жүр?
− Мынау не? Итаяқ па? Тамақты не шоқып жатыр? Кішкентай торғайлар үлкен иттен қорқып жатыр ма? Ит мейірімді ме, әлде қабаған ба? Сендер неге үлкен итті мейірімді деп ойлайсыңдар? Адамдар итке және оның күшіктеріне қамқорлық жасай ма? |
Шаттық шеңберіне тұрады.
− Суретте ит және күшіктер бейнеленген. − Ит үлкен, қоңыр, жүні сабалақ. − Иттің тұмсығы ақ.
− Күшіктер кішкентай, икемсіз. Жүндері үлпілдек. − Бірі иттің қасында жатыр. Ал екіншісі жүгіріп келе жатыр.
Жауабы. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Балаларды өз әңгімесін тыңдауға шақырады. «Үлкен, қоңыр және сабалақ жүнді иттің екі күшігі бар. Олар әлі өте кішкентай, икемсіз, тіпті үруді де білмейді. Күшіктердің жүні үлпілдек. Итке үй иесі тамақ құйып еді, торғайлар оны шоқып қояр емес. «Бұлар нелер?»- деп, иттің қасында жатқан күшік таңғалып, жүгіріп келді. Екінші күшік орнынан қозғалмады. Бұл күшікке иттің жанында жылы және жайлы.» Тәрбиеші әңгімені екі рет қайталап айтады. Сергіту сәті.
Балаларды суретті әңгімелеуге шақырады. Сұрақтар қою арқылы балаларға бағыт бере отырып, оларды әңгімелетеді. − Балалар, бұл сурет бойынша тағы да бірнеше әңгіме құрауға болады. Біз суретті топта қалдырайық. Егер қаласаңдар ұйқыдан кейін ит және оның күшіктері туралы өздерің әңгіме ойлап және оны бізге айтып бересіңдер- дейді.
Дидактикалық ойын:«Дәміне қарай ажырат» Шарты:Шанышқымен көкөністі немесе жемісті баланың аузына салады. | Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Суретке қарау арқылы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді.
Үстел қасына шақырылған бала көзін жұмады. Дәмін тату арқылы көкөніспен жемісті ажыратады |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. | Сұраққа жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Сұраққа жауап бере білуі керек.
Болуы керек:Көкөніс пен жеміс дәмін тату арқылы ажыратуды игереді.
Қолынан келуі керек:Балалар сурет мазмұнына қарай әңгіме құруды білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Не дәмді?»
Мақсаты:Балаларды шағын ертегі мазмұнын мәтініне жақын айтып беруге үйрету. Тіл байлығын дамыту. Сөздік қорларын мазмұндау барысында қолдана білуге белсендіру.
Көрнекіліктер: жануарлар мен құстардың бет перделері.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ертегіні сахналау, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: тары, сүйек, шыбық, қою сүт, қызыл кеңірдек, бәтуа
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Балаларды шеңбер жасап тұрғызып, бір-біріне ертеңгілік жылы лебіздерін білдіреді. Армысың , асыл күн! Армысың, асыл жыр! Армысың, көк аспан! Армысың, жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым! − Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстап тұрғанда нені сезінеміз?
|
Шаттық шеңберіне тұрады.
(Балалардың жауабы). |
Іздену - ұйымдастырушы
| − Ендеше барлығымыз орнымызға жайғасайық. Балалар, бүгін мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін оқып беремін. Мұқият тыңдаңдар. Ертегіні оқиды. Ертегіні оқып болған соң, ертегі мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қояды. − Ертегі қалай аталады? − Ертегіде не туралы айтылған? − Ертегі қандай сөздермен басталады? − Құстар мен хайуанаттар неге таласты? − Тауық нені дәмді деді? − Не үшін ит сүйекті дәмді деді? − Қоян нені дәмді деп мақтады? − Ешкі нені дәмді деп мақтады? − Қою сүтті қай жануар мақтады? − Балалар, сендер нені дәмді деп ойлайсыңдар? − Ертегіні тағы да бір рет тыңдаңдар. Балалардан ертегіні мазмұндауды сұрайды. Сұрақтар қою арқылы ертегі мазмұнынан ауытқымай мазмұндауға бағыт береді. Сергіту сәті. − Балалар, енді ертегіні рөлдерге бөліп ойнаймыз. Ол үшінертегідегі кейіпкерлердің бетпердесін алып киейік. Кім қандай кейіпкерді ұнатса, сол рөлді ойнасын. Дидактикалық ойын:«Менің сүйікті тағамым» Мақсаты: Балараларды өздері жақсы көретін тағам туралы әңгімелеп айтуға үйрету. Әңгімелеу барысында сөзбен сөзді байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Барысы: Санамақ айту арқылы бір бала таңдап алынады. Бала өзінің жақсы көретін тағамы туралы әңгімелеп айтып береді. Ойынды осылай әрі қарай жалғастырып, бірнеше баладан сұрауға болады |
Ертегіні мұқият тыңдайды. -Не дәмді? -Құстар мен хайуанаттар туралы
-Тары
-Сәбіз
Сұрақтарға жауап береді.
Ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды.
Өзінің жақсы көретін тағамы туралы әңгімелеп айтып береді. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу-іс әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балалардымадақтайды. | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Өз ойын еркін айта білуі керек.
Болуы керек:Шағын ертегі мазмұнын мәтініне жақын айтып беруді игереді.
Қолынан келуі керек:Ертегі кейіпкерлерін атай білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «С» және «З» дыбыстары Тілдің дыбыстық мәдениеті
Мақсаты: Балаларға «С» және «З» дыбыстарының артикуляциясын көрсету және түсіндіру. Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуларын және дыбыстарды таза айтуларын дамыту. Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті дыбысталуын бекіту. Дауыс және артикуляциялық құралдарын дамыту. Дыбысты дұрыс қабылдауды (сөздегі берілген дыбысты есту және айта білуді) дамыту.
Көрнекілігі: мазмұнды сурет, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын-жаттығулар, дидактикалық ойын.
Сөздік жұмыс: үйшік ашылады, жабылады, ызылдайды, ысылдайды.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері. | Тәрбиешімен шаттық шеңберіне тұрады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар,сендер білесіңдер ме? Біздің аузымызда Тіл өмір сүреді екен. Ауыз Тілдің үйшігі. Үйшік ашылады, жабылады. Тіл бірде үйшіктен қараса, бірде оған жасырынып қалады. Тіл әртүрлі ән айтқанды өте жақсы көреді екен. Бірде ол былай ән айтты: «а-а-а». Қалай айтты? Қәне барлығымыз бірге айтайық. Маған көмектесіңдер. Бірде орманда жүрген жылан «с-с-с» деген дыбыс шығарды. Тіл жыланның да әнін үйреніп алды. Тіл: «с-с-с»- деп, әндетеді. Қәне, балалар, барлығымыз бірге жыланның әнін айтайық. «С» дыбысын дұрыс айту үшін тілдің ұшын астыңғы тіске тигізу керек. Тілімізді тигізейік (тәрбиеші балалардың тілді дұрыс қойғанын қарап шығады) Аузымызды жауып демаламыз. Тілімізді астыңғы тісімізге тигізіп, баяу дауыспен айтамыз: «с-с-с». Балалар, Әділет қалай «с» дыбысын айтады екен тыңдайық. − Балалар айтыңдаршы «з-з-з» деп ән салатын қандай жәндік? − Иә, бұл масаның әні. Бұл әнде жыланның әні сияқты айтылады. Жуан дауыспен айтамыз. Ал, енді дауыстап бәріміз бірге «з» дыбысын айтайық: «з-з-з-з». Қәне, тыңдайық Іңкәр қалай айтады екен. (4-5 баладан сұрау.). Масалардың барлығы ән салды (барлық бала ызылдайды). Олар алысқа ұшып кетті, тып-тыныш болып қалды. Балалар Тілге «с», «з» дыбыстары өте ұнады. Енді ол әртүрлі ән айта бастады. Са-са-са- ызылдайды маса. Су-су-су -біз ішеміз су. Ас-ас-ас- қазанда тұр піскен ас. За-за-за - үйдің іші таза. Зу-зу-зу - ағаш түбін қазу. Сергіту сәті: Ұзын қанат инелік, Инелікке тимелік. Ұшақты біз жасадық, Инеліктен үйреніп. Зу-зу, зу-зу, зу-зу. − Балалар «с», «з» дыбыстары сырға, сағат, сандық, тасбақа, зере, қаз, зебра сөздерінде кездеседі. Мысалы, қуыршақ, орман, дала, бала сөздерінде бұл дыбыстар кездесе ме?
Олай болса Айбек сен «тасбақа» сөзін айт біз «с» дыбысын еститін болайық. Сабина сен «қазақ» сөзін айт, «з» дыбысын еститін болайық. Ойын:«Сөз ойла, тез ойла» Балалар «с», «з» дыбыстарына сөздер айтады. | Тәрбиешнің әңгімесін тыңдайды.
«А-а-а-а» ( орташа дауыспен айту.)
«с-с-с».
-Маса.
«з-з-з-з».
Хормен, жеке айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
-Жоқ.
-Тасбақа. -Сабина.
«с», «з» дыбыстарына ойлаған сөздерін айтады. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қойып, қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек?:Естіген дыбысты дұрыс қабылдай білуі керек.
Болуы керек:С» және «З» дыбыстарының айтылуын игереді.
Қолынан келуі керек:«С» және «З» дыбыстары бар сөздерді айта білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Балаларда отбасы және отбасы мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы мүшелерінің отбасындағы атқаратын қызметтері туралы білімдерін пысықтау. Сөйлемде сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып, дұрыс сөз тіркестерін құра білуге үйрету. Отбасындағысыйластыққатәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасылық суреттер, доп.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, әңгімелету, ойын ойнату, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: отбасы, туысқан, қамқорлық, сыйластық.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Шаттық шеңбері.
| Шаттық шеңберіне тұрады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, отбасы дегеніміз не? Отбасы мүшелерін атаңдаршы. Сендер кіммен тұрасыңдар? Аға, апаларың, ата, әжелерің бар ма? Олардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? Отбасы мүшелері туысқан адамдар ма? − Балалар, отбасы мүшелері бір-бірімен тату болады. Бір-біріне қамқорлық жасап, сыйластықта өмір сүреді. Қазір мен сендерді доппен ойналатын ойынды ойнауға шақырамын. Дидактикалық ойын: «Отбасында кім, қандай қызмет атқарады?» (әке, ана, ата, әже, аға, апа, мен сөздерін пайдаланып, сөйлемді толықтыру). (Әкем)... жұмысқа барады. ... киім тігеді. ...дүкеннен азық-түлік сатып алады. ...сабағын оқиды. ...тамақ пісіреді. ...гүлдерге қарайды. ...үйді жинайды. ...киім тоқиды. ...кітап оқиды. − Балалар, бүгін өз отбасы туралы жақсылап әңгімелеген балаға сыйлық дайындалды. Кәне, кім өз отбасы туралы айтып береді? Сергіту жаттығуы.
− Балалар, сендердің өз отбасыларың туралы айтқан әңгімелеріңіз маған ұнады. Барлығыңда сыйлыққа ие болдыңдар. (Сыйлықтарды таратады.) Құттықтаймын! Енді, А.Сопыбековтың «Біздің отбасымыз» өлеңін жаттап алайық. Әкем менің–қауыншы, Апам менің– сауыншы, Ағам менің– егінші, Жеңгем менің– тігінші. Атам болса, ол– ұста, Бәрі, бәрі жұмыста, Отырмаймын мен текке, Кеттім мен де мектепке. Өлеңді оқиды.
| Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Сөйлемдерді толықтырады.
Ата-анасы, атқаратын қызметтері және отбасы мүшелері туралы топқа әкелген отбасылық суреттерін көрсете отырып, қызығушылықпен әңгімелейді. Сергіту сәтін орындайды
Тәрбиешімен бірге жаттауға кіріседі.
Өлеңді қайталайды және тәрбиешінің көмегімен жаттауға кіріседі.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
| Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар отбасы және отбасы мүшелері туралы білуі керек.
Болуы керек:Сөз тіркестерін құруды игереді.
Қолынан келуі керек:Отбасы мүшелерінің отбасындағы атқаратын қызметтері туралы білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әйгерімнің туған күні» (шығармашылықпен әңгіме құрастыруу)
Мақсаты: Балаларды ойыншықтар туралы түрлі оқиғалар айтуға баулу. Өз ойын дұрыс қалыптастыру, жеткізу қабілеттерін дамыту. Балалардың шығармашылықпен әңгіме құрастыруға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: ойыншықтар - қуыршақ, көжек, күшік, қонжық.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, әңгіме құрастыру, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: жақсы тілек, әдемі сыйлық, құттықтау
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Шаттық шеңбері. Тәрбиешінің үстелінде қуыршақ Әйгерім отыр. Оның жанында қонжық, көжек, күшік бар. Балалар ойыншықтарға қарама-қарсы жарты шеңбер жасап отырады. | Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| − Балалар, бүгін біздің сүйікті ойыншығымыздың бірі- Әйгерім қуыршақтың туған күні. Қане, барлығымыз бірге оны туған күнімен құттықтайық. − Әйгерімнің туған күнін тойлайтын достары өте көп. -Қараңдаршы, Әйгерімнің қасында қандай ойыншықтар бар? − Олар Әйгерімнің туған күніне не сыйлар екен? Сендерге айтты ма? − Балалар, Әйгерім- туған күн иесі. Сондықтан оған бүгін жақсы тілектер айтып, шын көңілімізбен әдемі сыйлықтар сыйлауымыз керек. Әйгерім туралы не айтасыңдар? − Әйгерімнің достары күшік, көжек, қонжық туған күнге қалай дайындалды? Кәне, балалар, ойланыңдаршы. Арслан, сен қай ойыншықты ұнатасың? − Мақсат, күшікті қолыңа алып, оның Әйгерімнің туған күніне қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы айтып берші. − Жарайсыңдар, балалар! Біз Әйгерімнің туған күніне достарының қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы білдік. Сергіту жаттығуы. − Балалар, енді М.Жаманбалиновтың «Бөбек жыры» өлеңін жаттап алып, Әйгерімге айтып берейік. Бөбек жыры Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. Өлеңді оқиды. − Жарайсыңдар, балалар, өлеңді жаттап алдыңдар. Әйгерім сендерге өте риза болды. Біз де әр жыл сайын өз туған күнімізді достарымызбен, ата-анамызбен атап өтеміз. Балалар, бір-біріңізді осындай қуанышты күнмен құттықтауды ұмытпаңыздар.
|
− Туған күнің құтты болсын, Әйгерім!
− Қонжық, көжек, күшік бар. − Әйгерім– өте әдемі қуыршақ. Ол әдепті, ұқыпты. − Әйгерімнің үстіндегі ақ гүлдері бар қызыл көйлегі өзіне жақсы жарасады. − Әйгерім бүгін шаштарына әдемі бантиктерін тағып келіпті. − Қолында сәнді сөмкесі бар. − Аяқтарында жылтыраған туфлиі бар. − Мен күшікті жақсы көремін. Өз ойынан әңгіме құрастырып айтады, осылайша балалар қонжық болып, көжек болып әңгіме құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Өлеңді қайталайды. Тәрбиешінің көмегімен өлеңді жаттауға кіріседі
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды. | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Өзінің ойыншықтары туралы айтып бере білуі керек.
Болуы керек:Қуыршақты сипаттай білуді игереді.
Қолынан келуі керек:Өз ойын дұрыс жеткізе білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Көжек және балапан» (екі түрлі ойыншық туралы сипаттау әңгімесін құруы)
Мақсаты: Балаларға тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуді үйретеді. Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрай білуге үйретуді жалғастыру.
Көрнекілігі: ойыншықтар- көжек және балапан, ғажайып қалта.
Әдіс-тәсілдері: қысқа сахналау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, әңгімелету, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: қорқақ , үлпілдек, ұнамай қалды, дос болу.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Шаттық шеңбері. Балалар алдында тәрбиешінің үстелі тұр. Үстелдің артынан көжектің құлақтары көрінеді.
|
Жарты шеңбер болып отырады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Бұл не?-деп таңқалады. − Сендер көжекті көріп тұрсыңдар ма? Ал мен тек ұзын, ақ құлақтарды көріп тұрмын. Ал сендер не көріп тұрсыңдар? -дейді. − Құлақтар қандай? − Құлақтар жоқ болып кетеді. − Қорқақ көжек тығылып қалды. Бізге кел, көжек. Қорықпа, келе ғой,-деп көжекті шақырады. Көжектің қысқа құйрығы көрінеді. − Сенің қысқа құйрығыңды көріп тұрмыз. Балалар, көжекке: сенің кішкентай құйрығыңды көріп тұрмыз- деп айтыңдаршы дейді. Көжек секіріп үстелдің үстіне шығады. Тәрбиеші көжекті сипап: − Сен не деген аппақсың! Сен не деген үлпілдексің! Құлақтарың ұзын. Ал екінші құлағы қайда қарап тұр?- деп сұрайды. Көжекті үстелдің бір шетіне қояды. Үстелдің екінші шетінен көжекке қарай балапан жүгіріп келеді. Балапанды балаларға көрсетіп: − Өзі кішкентай. Түсі сары және үлпілдек. Тұмсығын ашып, бірдеңе деп сыбырлап жатыр. Мүмкін анасы тауықты шақыру үшін «ку-ка-ре-ку» деп айтқысы келген шығар. Қанаттарын күлкілі етіп көтеріп алыпты. Көжек қарашы, қандай сүйкімді балапан. Ол саған ұнай ма?-дейді. Көжек қарайды да, балапанға теріс қарап отырып алады. − Балалар, көжекке балапан ұнамай қалыпты. Балапан да көжекке теріс қарап отырып алады. − Балалар, енді не істесек екен? Біз оларды достастыруымыз керек. Не ойластырсақ екен? Ойлап тапқан сияқтымын. Оларға өздері туралы әңгіме айтып берейік. Мүмкін сонда олар бір-бірімен дос болғысы келетін шығар. Ал маған кім көмектеседі? Әр ойыншық туралы 2-3 баланың әңгімесін тыңдайды. Әңгімесінің соңында екі ойыншықты достастырады. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Ғажайып қалта» − Балалар, көжек пен балапанға жаңа достар табуға көмектесейік. Ол үшін ғажайып қалтада жасырынған ойыншықты бір-бірден алып, олар туралы көжек пен балапанға әңгімелеп айтып бересіңдер. Қалтада балаларға таныс 4-5 ойыншық салуға болады. Балалардың әңгімесінен кейін олардың бәрі дос болады.
| − Бұл көжек –деп қуанады.
− Біз құлақтарды көріп тұрмыз. − Құлақтар ақ және ұзын.
Жалпылама және жеке-жеке қайталап айтады.
-Қоянның бір құлағы жоғары қарап тұр, − Екінші құлағы төменге қарап тұр,- дейді.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Балапан мен көжек туралы сипаттап айтып береді.
Сергіту сәтін орындайды.
Ғажайып қалтадан ойыншықтарды алып оларды сипаттап береді. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. | Сұрақтарға жауап береді.. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ойыншықтардың атауларын білуі керек.
Болуы керек:Тәрбиешіні тыңдауды игереді.
Қолынан келуі керек:Ойыншықтарды сипаттай білуі керек.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Кішкентай бағбаншы» (М.Төрежановтың әңгімесі)
Мақсаты: Мәтінді жүйелі мазмұндауды үйрету. Балалардың назарын сөздердің дыбысталуына және сын есім мен зат есімнің үйлесімділігіне аудару.
Көрнекілік: үлестірмелі суреттер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, әңгіме оқып беру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, мақал жаттату.
Сөздік жұмыс: бағбаншы, жомарт, аянбай еңбек ету, ауыз тигізу
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. − Балалар, сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер? Ата-аналарың тапсырған істі аяғына дейін орындайсыңдар ма?
| Жарты шеңбер болып отырады. -Ия Балалардың жауабы -Ия |
Іздену - ұйымдастырушы
| Жарайсыңдар, балалар! Қазір мен сендерге М.Төрежановтың «Кішкентай бағбаншы» әңгімесін оқып беремін. Барлығың мұқият тыңдаңдар. (Тәрбиеші әңгімені оқып береді). «Кішкентай бағбаншы» (әңгіме) Садықтың әкесі бағбаншы. Ол әкесіне үнемі көмектеседі. Күн жылынып, қар еріп, жер кебісімен олар құмырсқалар сияқты бақта еңбектенеді. Бір күні олардың қасына Халел жүгіріп келіп: − Садық, жүр ойнайық,- деді. − Менің жұмысым көп,- деп жауап берді Садық. − Осыны да жұмыс деп ойлайсың ба? Әкең бәрін жасай салады. Ойнаған өте көңілді емес пе? Халел ойыншықтарының бірінен соң бірін шығара бастады. Садық қатты ойнағысы келсе де, өзін жігерлендіріп, жұмысын әрі қарай жалғастыра берді.Күз келді. Бақта көптеген жемістер мен жидектер пісіп жетілді.Садық жеміс-жидектерді өзі де жеп, досына да ауыз тигізді. Халел жеміс-жидектерді тойып жеп алып: − Қазір мен барлығын да жеп тауысамын, ештеңе қалмайды,-деді. − Қалады. Әкем: «Жер-ана еңбекті ойынға айырбастамай, аянбай еңбек еткендерді өз жомарттығымен сыйлайды» деген,-деді Садық. Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын пысықтау: − Садықтың әкесі кім? − Олар қайда еңбектенеді? − Олардың қасына кім келді? − Халел Садыққа не деді? − Садық не деп жауап берді? − Халел Садықты қалай қызықтырды? − Садық досын немен сыйлады? − Халел жеміс-жидекке тойып алып, не деді? − Садық оған қалай жауап берді? − Балалар, біздің әңгімеміздегі Садық өте еңбекқор бала екен. Ол өзінің әкесіне көмектесті. Садық өз еңбегінің арқасында мол өнім алды. Сонымен қатар өте жомарт екен. − Ал, Халел болса еріншек, ойын ойнаудан қолы тимейтін, еріншек бала екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл екі баланың қайсысын жақсы бала деп, айта аламыз? Сендер Халелдің орнында болсаңдар не істер едіңдер? − Балалар, мен сендерге әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Мұқият тыңдаймыз. Сергіту жаттығуы.
Балалардан әңгіме мазмұнын айтуды сұрайды. Бірнеше баланы тыңдайды. − Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей,- деген мақал біздің кейіпкеріміз Садыққа арнап айтылғандай. Кім көп еңбектенсе, аямай тер төксе, ол адам өз еңбегінің жемісін жейді. Мол өнім алады. Қарны тоқ болады. Дидактикалық ойын «Бөлігін тап» Мақсаты:Балалардың бақша өнімдері, яғни көкөністер туралы білімін бекіту. Шапшаңдыққа және ұжымда ойнай білуге тәрбиелеу. Керекті құралдар: Көкөністердің жердің астында және жердің бетінде өсетін бөліктерінің суреттері. Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топқа көкөністердің жердің астында және жердің бетінде өсетін бөліктерінің суреттері араластырылып беріледі. Балалар көкөністердің бөліктерін тауып, олардың атын атауы керек. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді
| Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
-Бағбан. -Бау-бақшада. -Халел. -Ойыншықтармен ойнайық. -Әкеме көмектесемін –деді. -Ойыншықтарын көрсетіп. -Піскен жеміс-жидектерді. Балалардың жауабы. Балалардың жауабы.
(балалар жауабы)
Мұқият тыңдайды. Сергіту сәтін орындайды.
Әңгімені мазмұндайды.
Екі топқа бөлінеді. Көкөністердің бөліктерін тауып, олардың атын атайды. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Тәрбиешіні мұқият тыңдац білуі керек.
Болуы керек:Мәтіннің мазмұнын түсініп, игереді.
Қолынан келуі керек:Мәтіннің мазмұнын айта білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бізде қонжық қонақта» (ойын-сахналау)
Мақсаты: Балаларды шағын тақпақтарды жатқа айтуға, кейіпкерлер бейнесін сомдауда көркем оқу әдіс-тәсілдерін қолдануға, дауыс ырғағына, дыбыстау көркемдігіне көңіл аударуға үйрету. Қонақ күту мәдениетіне тәрбиелеу. Сыпайы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Көрнекілік: ойыншық қонжық.
Әдіс- тәсілдер: тәрбиешінің әңгімесі, ойын-сахналау, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: қонақжайлылық, жарқын жүзді.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Шаттық шеңбері. Топқа келген қонақтар, үлкендер мен балаларды қалай қарсы алу керектігі, оларға нені көрсетуге және не туралы айтуға болатындығы жайлы айтып өтеді.
| Шаттық шеңберіне тұрады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, енді мен сендерге әңгіме айтып берейін, тыңдаңдар. Бір күні таңғы астан соң топқа бір кісі кіріп келді. «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»- деді ол. Балалар өте қызу ойнап жатса да, келген қонаққа «Қайырлы күн!»-деп айтуды ұмытқан жоқ. Балалар не деп жауап берді? Олар қалай жауап берді? − Қонақтың аты-жөні Жанар Амангелдіқызы еді. Бұл кісі біздің оқу қызметіне қатысуға рұқсат сұрап отыр»,- деп балаларды қонақпен таныстырды. Қонақты балаларға таныстырып отырғанымда Айнұр қонаққа орындық әкеліп берді. Мен оған «ақылдым» деп айттым. Айнұрды не үшін «ақылдым» деп мақтадым? Айнұр қонаққа орындық әкеліп ұсынған кезде қандай сөз айтты? Жанар Амангелдіқызы Айнұрға алғысын айтып, орындыққа отырды. Мақсат қонаққа: «Біздің гүлдердің қалай гүлдегенін көргіңіз келе ме?» -деді. Мақсат қонаққа нені қарауды ұсынды? Ол қонаққа қалай сөйледі? Әсел қонаққа: «Егер қаласаңыз, мен сізге біздің тотықұсты көрсетейін?»- деді. Әсел қонақтан қалай сұрады? «Ал мен, сізге қызықты кітаптар көрсеткім келеді»,- деді Нұржан. «Ал мен, сізге дәмді шай дайындап беремін»,- деді Маржан. «Ал мен, сізді біздің тәрбиешінің көмекшісі Асыл Лесбайқызымен таныстырамын» - деді Айгерім. «Ал мен...», «Ал мен...»- деп балалар жан-жақтан таласты. Бәрінің де қонаққа бір затты көрсетіп, сол туралы айтқысы келді. «Қандай сүйкімді және жарқын жүзді балалар»,- деп ойлады Жанар Амангелдіқызы. Ал үйіне келген соң, біздің топтың балалары туралы өзінің достары және таныстарына айтты. Оның айтқанын естіген қоңыр қонжық та, біздің топқа қонаққа келемін деп шешіпті. Біздің топтың қонақжай балаларын өз көзімен көргісі келіпті. Қандай балаларды көргісі келді? Қонақжай балаларды. − Қоңыр қонжықтың балабақшамызға келетін уақыты да болып қалды. Терезеден қараңдаршы, қоңыр қонжық келе жатқан жоқ па екен? Әзірге көрінбейді. − Балалар, қонжық келгенше сергіту жаттығуын жасап алайық. Сергіту жаттығуы. − Ал енді, орнымызға отырамыз. Балалар, қастарыңдағы көршілеріңмен қонжық келгенде не көрсетіп, не туралы айтатындарыңды ақылдасыңдар. Мен барып кіреберіс бөлмені қарап келейін. Мүмкін, қонжық келе жатқан шығар? Қонаққа орындықты Иса дайындайды. Топқа қонжық кіріп келеді. Қонжық балалармен амандасып, орындыққа отырған соң, балаларға топтағы ең қызықты заттарды көрсетуді ұсынады. (қонжықтың атынан сөйлеп отырады) Баланың заттарды көрсетуде сөйлемді дұрыс айтуына назар аударады. Мысалы: − Мен қонжыққа біздің балықтарды көрсеткім келеді,- дейді Самат. − Менің ойымша бұл біздің қонағымызға өте қызықты болатын сияқты,- деп мақұлдайды. − Бара ғой, қонжыққа балықтарыңды көрсет. − Қонжық, сенің балықтарды көргің келе ме?»- деп сұрайды Самат. Қонжық балаларға қонақжайлылық көрсеткендіктері үшін алғыс айтады |
(Балалардың жауабы)
(Балалардың жауабы)
Сергіту сәтін орындайды.
Қонжыққа топтағы жануарларды, өсімдіктерді, кітаптарды, сүйікті ойыншықтарын көрсетеді және тәрбиешінің көмекшісімен таныстырады.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды мадақтайды | Оқу қызметін соңында қонжыққа өздері білетін тақпақтарды айтып береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Сұраққа жауап бере білуі керек.
Болуы керек:Қонақ күту мәдениетін игереді.
Қолынан келуі керек:Тақпақты жаттай
Күні:
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жаз-күз» (суреттер бойынша әңгіме құрау)
Мақсаты: Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай, әңгіме құрауға үйрету. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.
Көрнекілік: Жаз, күз мезгілінің үлкен суреті және бірнеше осы мезгілдердің ерекшеліктерін білдіретін кіші суреттер.
Әдіс-тәсілдері: суретті қарау, сұрақ-жауап, тәрбиешінің үлгі әңгімесі, балалардың әңгімесі.
Сөздік жұмыс: көк шалғын, жайқалып, жадағай
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Шаттық шеңбері. Балалардың үстелдерінің үстінде, жаз, күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген үлестірмелі суреттер теріс қарап жатады (суреттер балалар санынан бірнешеуі артық болады)
| Жарты шеңбер болып отырады |
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, есікті біреу қағып тұрған сияқты. Кім болды екен? (тәрбиеші барып жаз-күз суреті бейнеленген суреттерді және хатты алып келеді). − Балалар, бізге қуыршақ Әйгерімнен хат келіпті, онда былай деп жазыпты: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Маған көмектесіңдерші? Мен мына екі суреттің қай мезгілге жататынын және бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін білмей отырмын. Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Әйгерім.» − Балалар, Әйгерімге көмектесеміз бе? (Тәрбиеші күздің суретін тақтаның сол жағына, жаздың суретін оң жағына іледі.) Балалардың назарын жаз мезгілі бейнеленген суретке аударады да, балаларға сұрақтар қояды: − Суретте не бейнеленген? − Бұл жылдың қай мезгілі? − Не себепті мұнда жаз мезгілі бейнеленген деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптарын тыңдайды және сурет мазмұны бойынша олардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Балалардың назарын күз мезгілі бейнеленген суретке аударады да сұрақтар қояды: − Суретте не бейнеленген ? − Бұл жылдың қай мезгілі? − Не себепті мұнда күз мезгілі бейнеленген деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптарын тыңдайды және сурет мазмұны бойынша балалар жауаптарына толықтырулар енгізеді. Жаз, күз мезгілдері туралы үлгі әңгіме айтып береді. Сергіту сәті. − Жарайсыңдар, балалар! Сендер жаз және күз мезгілдерінің белгілерін айтып бердіңдер. Бірақ бұл мезгілдердің тағы да басқа ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер сендердің алдарыңдағы суреттерде бейнеленген. Дидактикалық ойын:«Адаспай тап» Ол үшін сендер алдарыңдағы үлестірмелі суреттің біреуін таңдайсыңдар, мұқият қарап, қай жыл мезгілі белгіленгенін анықтайсыңдар және не бейнеленгенін айтып бересіңдер. Суреттің қай жыл мезгіліне жататынын анықтаған соң, оны тақтадағы жаз және күз мезгілдері бейнеленген суреттердің астына жапсырасыңдар.Тек мұқият болыңдар. Бір баланы шақырады. Мысалы: − Мына суретте жаз мезгілі бейнеленген. Себебі мұнда жасыл орман, жап-жасыл шөптер бар. Жасыл шөптің арасынан піскен жидектер көрініп тұр. Мен бұл суретті оң жаққа қоямын. Ары қарай бірден екі баланы шақырады. Ал қателесіп жатқан балаларға көмек көрсетіледі.
|
Хатты мұқият тыңдайды.
-Әдемі табиғат. Суда шомылып жүрген балалар. -Жаз мезгілі.
-Орман, сарғайған жапырақтар. -Күз.
Сергіту сәтін орындайды.
Бала суретті алады, балаларға көрсетеді, жыл мезгілін атайды, қай жыл мезгілі екенін қалай білгенін айтады, суретін тақтадағы жыл мезгілінің суреттің астына іледі. Содан кейін таңдаған суреттерін тақтадағы тиісті суреттің астына қояды және не үшін онда қойғандарын, қай жыл мезгілі екенін дәлелдеп айтады. Осылайша барлық балалар суретті алып, тиісті орнына қояды. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін соңында жаз, күз суреттері бойынша балалардың қойған суреттерін қорытындылайды. Суреттерде әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктері толық қамтылуы керек. Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жыл мезгілдерін атай білуі керек.
Болуы керек:Сурет бойынша әңгімелей білуді игереді.
Қолынан келуі керек:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атай білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» (ертегісін сахналау)
Мақсаты: Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл- қозғалыс, дауыс құдіреттілігі) қолдануды дамыту.
Көрнекіліктер: ертегі бейнеленген суреттер, бетперделер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, сахналау.
Сөздік жұмыс: мейіз, қатық, жұмыртқа, сағыз.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Топқа есік қағылып, мысық бетпердесін киген тәрбиешінің көмекшісі кіреді. Балалармен амандасады.
| Мысықпен амандасады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| -Бұл не? − Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкері? Сұрақ-жауап арқылы «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын пысықтап, балалардың естеріне түсіреді. − Мақта қыз неге мысығын шақырды? − Мысық келмеген соң, Мақта қыз не істеді? − Мысық құйрығын алу үшін Мақта қызға не алып келуі керек? − Мысық қайда барды? − Құйрығын қалай алды? Ертегі мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға балалардың толық жауап беруін қадағалайды. Сергіту жаттығуы.
− Балалар, енді мына бетперделерді киіп, ертегіні сахналайық. Бетперделерді өздерің таңдаңдар. Ертегіні сахналау кезінде балалардың кейіпкер бейнесін дұрыс сомдауына көмектеседі
| -Мысық. -Мақта қыз бен мысық.
-Мейіз тауып алды. -Мейізді өзі жеп қойды. -Мақта қызға сүт әкеліп беруі керек. -Дүкеншіге барды. -Құйрығын зорға алды.
Сергіту сәтін орындайды.
Бетперделерді таңдап, ертегіні сахналауға кіріседі.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ертегіні мазмұндай білуі керек.
Болуы керек:Ертегі кейіпкерлерін сомдауды игереді.
Қолынан келуі керек:Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білді.
Күні:
Білім беру салалары: «Коммуникация»
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «С» және «Ң» дыбыстары Тілдің дыбыстық мәдениеті
Мақсаты: Балаларға дара алынған «с» және «ң» дыбыстарының артикуляциясын буындар мен сөздерде көрсету. Тыныс алуды, дыбыстауды, дауыс күші мен дыбыс екпінін өзгерте білуді: ақырын не қатты, баяу не тез сөйлеуді дамыту. Дыбысты қабылдауын дамыту.
Көрнекіліктер: қоңырау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, жаттату, жаңылтпаш айтқызу.
Сөздік жұмыс: қоңырау, таң, шаң, тоң, шуда, өркеш.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. | Шаттық шеңберін орындайды. |
Іздену - ұйымдастырушы
| «С» дыбысын айтып, балалардан ненің әні деп сұрайды. Дидактикалық ойын: «Дыбысты ажырат» Мақсаты: Сөздерде, сөз тіркестерінде кездесетін «с», «з» дыбыстарын ажырата білуді үйрету. − Келіңдер, келісейік, егер сендер «с» дыбысын естісеңдер, жыланның қимылын жасаңдар. Ал, «з» дыбысын естісеңдер, қоңыз сияқты ұшу қимылын жасаңдар. Одан соң тәрбиеші «с» және «з» дыбыстары кездесетін сөздерді атайды, балалар сәйкес қимылдарды жасайды. Оқу іс-әрекетін әрі қарай жалғастырады. − «С» дыбысы көп сөздерде кездеседі. Осы дыбыстан басталатын сөздерді айта аласыңдар ма? Мысалы, сағыз, сағат, сары, сәбіз, сөмке және т.б. − Балалар, енді қоңыраудың үнін естіп көріңдерші. «Дың-дың-дың» - бұл қоңыраудың әні. Соңында қандай дыбыс естіледі? «Ң-ң-ң» деген дыбыс естіледі. «Ң» дыбысы кедергілермен айтылады. Кәне, бәріміз қолымызбен қоңырауды ұстаған сияқты қимыл жасап, «дың-дың-дың» - деп ән айтайық. − Мен «ң» дыбысы кездесетін сөздерді айтайын, сендер менің айтқанымды қайталаңдар. Аң, аңдар, шаң, таң, оң, тоң т.б. Сергіту жаттығуы. − Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешіп көріңдер. Жұмбақ Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан. Екі өркешін қоң басқан, Алабота теріскен. Мұрындығы келіскен. Бұл қай жануар? − Жарайсыңдар, балалар. Осы жұмбақты жаттап алайық. Жұмбақты қайталап айтады. − Енді мына жаңылтпашты тыңдаңдар. 1.Су, су, су Менің бетімді жу. 2. Шапсаң шапшаң, Бұрқырайды ақ шаң
| − Бұл жыланның әні,- деп жауап береді.
(Бетіне тигізбей, жуынғанды көрсетеді.) (екі қолын екі жаққа созып ұшып бара жатқан сияқты қимыл жасайды.)
Бірінен соң бірі «с» дыбысынан басталатын сөздерді атайды. (қоңырауды соғады).
Сөздерді қайталайды.
Сергіту сәтін орындайды.
− Бұл түйе.
Жаңылтпашты қайталайды, жаттайды.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Жұмбақ пен жаңылтпашта кездесетін «с» және «ң» дыбыстарының дұрыс әрі таза айтылуын қадағалайды, оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу қызметін бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
| Жұмбақ пен жаңылтпаштарды қайталайды.Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жұмбақты қайталай білді.
Болуы керек: «с» және «з» «ң» дыбысы бар сөздерді айтуды игереді.
Қолынан келуі керек:Жаңылтпаштарды қайталай білуі керек.
Күні:
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр» (дидактикалық ойын ). Грамматикалық сөздер қатары
Мақсаты: Жұрнақ жалғану арқылы туындаған жаңа сөздерді көрсету (қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, шәйнек, сүт құйғыш). Балаларды сөздерді септіктермен түрлендіре білуге үйретуді жалғастыру. Балаларды жай сөйлем құрылымын еркін ұғына білуге және жай сөйлемнен күрделі сөйлемді құрастыруға үйрету
Көрнекіліктер: қуыршақ, қуыршақ үйі, ыдыс-аяқтар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, сөйлем құрату.
Сөздік жұмыс: қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, сүт құйғыш.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық
| Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. | Шаттық шеңберін орындайды. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, біз бүгін сүйікті қуыршағымыз Әйгерімнің үйіне қонаққа барамыз. Әйгерімнің үйі алыс, «Ойыншықтар әлемінде», сондықтан пойызбен баруымыз керек. − Кәне, жолға шығайық. − Салеметсің бе, Әйгерім. Біз саған қонаққа келдік. Әйгерім: − Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қош келдіңдер. Төрлетіңдер, дастарқанымнан дәм татыңдар. − Балалар, Әйгерім қонақжай екен, біздің келгенімізге қуанып, дәм ұсынып жатыр. Ендеше Әйгерімнің үйіндегі орындықтарға жайғасайық. − Балалар, қараңдаршы, Әйгерімнің үйінде жиһаздар мен ыдыс-аяқтар көп екен. Әйгерім бізге арнап дастарқан жайып жатыр. Дастарқанға алдымен нан әкелді, оны нан салғышқа салды. Мынау қант салғыш, оған Әйгерім қант салып қойды. Сары майды дастарқанға қою үшін арнайы ыдыс керек, оны май салғыш деп атаймыз. Кез келген тамақты тұзсыз ішпейміз, мына ыдыс дастарқанға тұз салып қою үшін пайдаланылады, бұл- тұз салғыш. Шәй ішу үшін әрине сүт керек, сүтті Әйгерім сүт құйғышқа құйыпты. Байқадыңдар ма, балалар, біздің ыдыстардың аттары ұқсас екен. Қайталап көрейікші. − Жарайсыңдар, енді осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырып көрейік.
− Жарайсыңдар, балалар, келіңдер, ортаға шығыңдар. Сергіту сәті.
− Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын тауып көріңдер. Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. Өзі аппақ қардай, Шайға салсаң балдай. Сылдыр сұйық, ағады, Ақ болса да, қар емес, Шешуін кім табады? − Өте, жақсы балалар, енді нан, қант, сүт, тұз, май сөздерін пайдаланып күрделі сөйлемдер құрастырып көрейік. Дидактикалық ойын: "Берілген сөздерге сөйлем құрастыр" Мақсаты: Ыдыстарды дастарқанға әкелгенге дейінгі іс-әрекетін бейнелеп айтуға үйрету. Балаларды сөздерді септіктермен түрлендіре білуге үйретуді жалғастыру. Шарты: Қолдарындағы ыдыстарды пайдаланып күрделі сөйлем құрастыру. Балалар тәрбиеші көмегімен күрделі сөйлемдер құрастырады.
− Өте жақсы, балалар. Балалар, сендерге Әйгерімнің үйі ұнады ма? − Жақсы, ендеше Әйгерімді біз де өз бақшамызға қонаққа шақырып, қоштасайық. − Сау бол, Әйгерім. − Бізге қонаққа кел. − Біз бақшамызға қайтамыз. Сау бол!
|
(пойыз дыбысын салып, бір-бірінің артынан жүреді).
-Сәлеметсиз бе. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Қайталайды.
Тәрбиешінің көмегімен сөйлемдерді құрайды. Мен нан салғышты дастарқанға әкелдім. Менің апам сүт құйғышты жуды. Қант салғыштың сыртына гүл салынған. Тұз салғышқа тұз салдым. Май салғыштың қақпағын жауып қойдым.
Сергіту сәтін орындайды.
(таба нан)
(қант)
(сүт)
Сөйлем құрайды.
− Мен дүкеннен май сатып алып, май салғышқа салдым. − Мен нанды нан салғышқа салдым және қатып қалмасын деп бетін жаптым. − Тұзды тұз салғышқа салып, дастарқанға қойдым. − Шәй ішіп отырған анама сүт құйғышты әкеліп бердім. − Жаңадан алған қант салғыш әдемі екен, мен оған қант салып дастарханға әкелдім.
− Иә, ұнады.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс- әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды | Пойызға мініп, пойыз дыбысын салып, бір-бірінің артынан жүреді, балабақшаға қайта келеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Үлкендерге қамқорлық, көмек көрсете білуі керек..
Болуы керек:Дастарханды әзірлеуді игереді.
Қолынан келуі керек:Қарапйым сөйлемді айта білуі керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қонақтарды күтеміз»(дид. ойын)
Мақсаты: Балаларды затты топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: шайға арналған, ас үйлік, асханалық), сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, дидактикалық ойын , әңгімелеу
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, біз бүгін сүйікті қуыршағымыз Әйгерімнің үйіне қонаққа барамыз. Әйгерімнің үйі алыс, «Ойыншықтар әлемінде», сондықтан пойызбен баруымыз керек. − Кәне, жолға шығайық. | Жарты шеңбер болып отырады..
(пойыз дыбысын салып, бір-бірінің артынан жүреді).
|
Іздену - ұйымдастырушы
| − Балалар, бүгін таңертең ерте топқа келсем, есік сыртында мына қорап тұр екен. Бетінде хаты тұр. Сендер мұқият тыңдаңдар, мен хатты оқиын. Бұл ормандағы досымыз сұр көжектен келген екен. Хат: "Сәлеметсіңдер ме, балалалар! Мына қораптың ішінде ыдыс-аяқтар бар. Мен сол ыдыстардың қайсысы шайға арналған, қайсысы асханалық, қайсысы ас үйдікі екенін ұмытып қалдым. Сендер ыдыстарда топтап маған қайта салып жібересіңдер ме? Алдын-ала көп-көп рахмет." − Балалар, сұр көжекке көмектесеміз бе? − Олай болса мұқият қарап отырыңдар. Қораптағы ыдыстарды атаймыз. Қораптан шай ішуге арналған ыдыстарды шығарып, атын атап, үстел үстіне қояды. − Бұл аққұман - шай демдеуге арналған. Бұл кесе-шай құйып ішуге арналған. Бұл қант салғыш- қант салуға арналған. Сүт құйғыш - сүт құюға арналған. − Балалар бұл ыдыстардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады. (Шай ішуге арналған ыдыстар). − Дұрыс айтасыңдар. Бұл ыдыстар шай ішуге арналған. Бұл ыдыстардан басқа тағы қандай ыдыстарды білесіңдер? − Шұңғыл тәрелке, қасық, шанышқы, тостаған. Тәрбиеші балалардың жауабын тыңдап, пысықтайды. Қораптан асханалық ыдыстарды шығарады. − Бұл нан салғыш– нан салуға арналған. − Бұл– шұңғыл тәрелке– сорпа құюға арналған. − Бұл–тостаған. − Бұл қасық және шанышқы – тамақ жеуге арналған. − Бұл ыдыстардың барлығын бір сөзбен- асханалық ыдыстар деп атаймыз. − Енді, балалар, аналарыңның ас үйде пайдаланатын ыдыстарды атаңдаршы? Бұл ыдыстарды бір сөзбен- ас үйлік ыдыстар деп атаймыз. − Міне балалар, қоянның қорабында берілген ыдыстарды ас үйлік, асханалық және шайға арналған ыдыстар деп үш топқа бөлдік. Бұл ыдыстарды дәл осылай бөліп қоянның мекен- жайына салып жіберейік. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын: «Ыдыстарды топтастыр» |
Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап береді
Сергіту сәтін орындайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ыдыстарды топтастырып білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек: Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: .«Бауырсақ» (ертегіні сахналау)
Мақсаты: Балаларды таныс әдеби шығармаларды сахналауға атсалысуға ұмтылдыру, ондағы кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу біліктілігін дамыту.
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің бетперделері.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көркемсөз оқу, саяхат, сахналау.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Отырғыштарды жарты шеңбер етіп орналастырады. − Балалар, бүгін бізде мереке. Біз театрға барамыз. Театрға бару үшін қалай киінеміз? − Дұрыс айтасыңдар. Ал, театрда қандай мамандық иелері жұмыс жасайды? Білесіңдер ме? Театрда әртістер жұмыс жасайды. Олар - өнер адамдары. Ал, сендер өнерлісіңдер ме? Қане, кім ортаға шығып, өлең оқып береді.
|
Жарты шеңбер болып отырады.. Сұрақтарға жауап береді: − Әдемі, сәнді, ұқыпты т.б. Өздері білетін тақпақтарын айтады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| -Жарайсыңдар, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Ендеше жолға дайындалайық, үстеріңдегі киімдеріңді, шаштарыңды жөндеңдер. − Театрға бару үшін қандай көлікке мінеміз? − Дұрыс. Автобусқа міну үшін қайда барамыз? Автобусқа міну үшін аялдамаға барамыз. − Ал, балалар, біз театрға да келдік. Театрда шулауға болмайды, өйткені бұл жерге адамдар көрініс тамашалауға келеді. Көріністе әртістер әртүрлі кейіпкерлерді сомдайды. Олардың сөздерін тыңдап, не туралы айтып жатқандарын түсіну керек. − Міне, біздің алдын-ала алынған билеттерімізге сәйкес, орындарымыз дайын тұр. Осы орындарға отырыңдар. Сендер көрермендерсіңдер. Әртістерге қол соғып, қошемет көрсетіңдер. Балаларды театрда әртіс апай қарсы алады. Әртіс апай: − Балалар, кішкентай әртіс болып көргілерің келе ме? Ендеше «Бауырсақ» ертегісін сахналау үшін бетперделерді алып тағыңдар. Әртіс апай жүргізуші болады. Жүргізуші: − Құрметті, көрермендер, бүгін сіздердің назарларыңызға біздің әртістер «Бауырсақ» ертегісін сахналайды. Ертегі біткеннен кейін көрермендер қошеметпен әртістерді шығарып салады. Жүргізуші: − Балалар, осымен ертегі аяқталды. Келгендерің үшін сендерге көп рахмет. Сау болыңыздар! − Енді балалақшамызға қайтуымыз керек. Балаларды қатарға тұрғызып, автобуспен кері қайтады.
|
Назары тәрбиешіде. Сұрақтарға жауап береді: − Театрға бару үшін автобусқа мінеміз. Тәрбиешінің соңынан жүреді, автобустың дыбысын салады: «дыр-дыр-дыр». Балалар театрға келеді.
Топтың бірнеше балалары ертегі кейіпкерлерінің бетпердесін тағып алады,
Ертегіні сахналайды.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | − Сендерге кішкентай әртістердің қойған ертегісі ұнады ма? . − Олай болса, әртістің өнері туралы не айта аламыз? -Ертегіде тағы кімдер болды? − Өте жақсы, балалар, ертегіні тыныш отырып, мұқият көргендерің байқалып тұр. Ертегі қойып берген әртістер де, көрермендер де өздерін мәдени орталарда жақсы ұстай алатынын көрсете білді. Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. − Бауырсақ әнді жақсы айтты. − Қоянның, қасқырдың, аюдың қимылдарын дәл сала білді. − Ертегіде ата мен әже болды. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ертегіні білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Біз қалай аяз атаны қарсы алдық?» (өз тәжірибесінен әңгімелеу)
Мақсаты: Өз тәжірибесіне сүйене отырып, сын есімдерді қолдану арқылы әңгімелеуге үйрету. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру біліктілігін дамыту.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, келіңдер шеңберге тұрайық. Қараңдаршы, біздің шеңберіміз қандай үлкен болып шықты. Біздің шеңберіміз неге ұқсайды? (күнді көрсету). Енді бір-бірімізге жылы тілектер тілейік. - Күніміз жарық болсын! - Аспанымыз ашық болсын! - Еліміз тыныш болсын! - Ата-анамыз аман болсын!
|
Жарты шеңбер болып отырады.. Сұрақтарға жауап береді: − Әдемі, сәнді, ұқыпты т.б. Өздері білетін тақпақтарын айтады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, мына суретке қараңдаршы. Бұл жылдың қай мезгілі? − Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? − Жарайсыңдар, балалар! Қыс мезгілінде қандай мереке болады? − Балалар, мына суретке қараңдаршы. Суретте өздерің сияқты балалар Аяз атаның келгеніне қуанып жатыр. Жаңа жылдық ертеңгіліктеріңе Аяз ата мен Ақшақар келді ме? − Олар сендерге не әкелді? − Сыйлық алу үшін сендер өз өнерлеріңді көрсеттіңдер ме?
Сергіту жаттығуы.
− Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін тауып көріңдер. Тікен, тікен тік пістe, Қысы жазы бip түсте. (шырша) − Жарайсыңдар, балалар! Енді Т.Молдағалиевтің «Аяз ата келгенде» өлеңін жаттап алайық. Балаларға ән салдырған, Шыршасымен тамсандырған. Аяз ата келіп қапты, Сол атаңды қарсы ал, балам. Би билесең артығы жоқ Өлең айтып бер атаңа. Әндеріңді аялайды, Мадақтайды, бағалайды. Қоржындағы барын ата, Балалардан аямайды.
| Назары тәрбиешіде. Сұрақтарға жауап береді: − Бұл жылдың қыс мезгілі. − Қыста қар жауады. − Күн суытады. − Қар борайды. − Мұз қатады. − Жаңа жыл мерекесі болады − Аяз ата мен Ақшақар ертеңгілікке келді. − Бізге сыйлықтар әкелді − Иә, біз ән айттық, би биледік. Балалар Жаңа жыл туралы өлең-тақпақтар айтады. Аяз атаны қалай қарсы алғандықтары туралы әңгімелейді Сергіту сәтін орындайды.
Өлеңді қайталайды. Тәрбиешінің көмегімен өлеңді жаттауға кіріседі.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларға оқу іс- әрекеті бойынша сұрақтар қояды. Балаларды мадақтайды. | Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жаңа жылдық ертеңгілік туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру. Балаларға синоним сөздердерді пайдалануды, ойын әдіс- тәсілдері арқылы байланыстыра сөйлеуді үйрету. Балалардың бір- біріне деген адамгершілік қасиеттерін және ұжымда жұмыс жасай білу дағдыларын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Аққала» костюмі, «Қыс қызығы» тақырыбындағы сурет.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сурет бойынша жұмыс, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: қар, ұлиды, төбешік;.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балалардан таңертең балабақшаға келе жатқанда ауа райының қандай болғанын сұрайды. Қысқы табиғат туралы әңгімелеседі. Күннің суытқанын, жылы киініп жүру керек екенін айтады
|
Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап береді
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Қарлы боранның әуені естіледі. Балаларға қарлы бораннан тығылып қалуды ұсынады. Ойын- жаттығу:«Жел қалай ұлиды» Ол үшін балалар қолдарын сыбызғы сияқты етіп ұстап, желдің дауысын салады. Тәрбиеші балаларға желдің біресе қатты, біресе жай соққанын айтып, балалардың соған қарай дыбыстауын талап етеді. Топқа аққала кіріп келеді. − Балалар, аққалаға қыс сурет сыйлаған екен. Сол сурет бойынша қалай әңгіме құрауды білмей, қиналып отыр екен. Балалар, аққалаға сурет бойынша әңгіме құрауға көмектесеміз бе? Молбертьке «Қыс қызығы» тақырыбындағы сурет ілінеді. Балаларға бірнеше сұрақ қойып, жауаптар алады: − Суретте жылдың қай мезгілі суреттелген? − Тәуліктің қай мезгілі суреттелген? − Бұл күні ауа райы қандай еді? − Күннің жылы әрі шуақты екенін қалай білдіңдер? − Қыстың жылы әрі шуақты күні балалар серуенге шықты. Шаналарын алып сырғанай бастады. Балалар, төбешіктен сырғанап жатқан балалар туралы кім әңгімелеп береді? Олар қалай киінген? О − Қараңдаршы, төменде тұрған балалар қардан не жасап койды? Неше бала аққала жасады. Балалар аққаланың қасына тағы да екіншісін жасамақшы. Шанадан сырғанаушылардың қасында не жүгіріп жүр? Балалардың жауаптарынан соң сурет бойынша үлгі әңгіме айтып береді: «Қыстың жылы әрі шуақты күні балалар серуенге шықты. Шаналарымен төбешіктен сырғанай бастады. Балалардың көпшілігі төбешікте жүр екен. Ақтөс те шанадағы балалардан қалмай қастарында жүр. Төбешіктің жанында аққала тұр. Ұл мен қыз үлкен аққаланы қардан жасап болды да, екіншісін жасауға кірісті. Бірақ олар төбешіктен жарысып сырғанаған балаларға назар аударды. Шанада сырғанаушылардан Ақтөс озып кетті. «Жарайсың, Ақтөс!»- деп қуанды балалар. Қыс мезгілі өте керемет.» Аққала әңгімесін қайталап айтып беруді сұрайды. Балаларға риза болып, алғысын айтып шығып кетеді. Сергіту жаттығуы.«Тез атап шық» − Балалар, сендер сурет бойынша қызықты әңгімелер құрдыңдар. Енді сендердің есте сақтау қабілеттеріңнің қалай жұмыс жасағанын білгім келіп тұр. Кәне, бәріміз екі топқа бөлінеміз. Мен суретті алып қоямын. Ал сендер суреттің мазмұны бойынша естеріңде қалған заттар мен кейіпкерлерді атайсыңдар. Әр топ кезек-кезек жауап береді. Әр жауапқа бір ақша қар алады. Қай топта ақша қар көп болса сол топ жеңіске жетеді. |
Ойынды ойнайды.
Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап беріп отырады.
Суреттерге қарап суретті әңгімелейді.
Балалардың бірі төбешіктен сырғанап жатқан балалар және олардың киімдері туралы әңгімелеп береді.
Қайталайды
Сергіту сәтін орындайды.
Тәрбиеші көмегімен күрделі сөйлемдер құрастырады
Балалар пойызға мініп, пойыз дыбысын салып, бір-бірінің артынан жүреді, балабақшаға қайта келеді
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Сөйлем құрапбілу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Сүйкімді көжектер» (кескіні бойынша көжек жайлы әңгіме құрау)
Мақсаты: Балаларды өз іс-тәжірибесінен әңгіме құруға, сөйлеу барысында сын есімдер мен етістіктерді қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып сұрауға және сұраққа жауап беру белсенділігін дамыту.
Көрнекіліктер: көжектер бейнеленген кеспе сурет.
Әдіс-тәсілдер: жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгіме құрау, дидактикалық ойын ұйымдастыру.
Сөздік жұмыс: үлпілдек жүнді, ұзын құлақ, кысқа құйрық, түсі сұр;
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балаларға жұмбақ жасырады: Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян) − Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл жұмбақтың жауабы қоян
| Назары тәрбиешіде. Жарты шеңбер болып отырады.
Жұмбақ шешеді
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, қоян үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма? − Балалар, қоянның баласын қалай атаймыз? − Балалар, егер бір көжек болса көжек деп, ал бірнеше көжек болса көжектер деп айтамыз. − Бүгін біз сендермен осы қоянның кескіні бойынша әңгіме құраймыз. Ол үшін бәріміз үстел үстінен бір-бір кеспе қағаздан аламыз және ондағы көжектің не істеп жатқандығы жайлы айтамыз. (көжек қатты жылап жатыр, көжек сәбіз жеп отыр, көжек ұйықтап жатыр, көжек сырнайда ойнап отыр, т.с.с.) Есік қағылып топқа ана қоян жылап кіреді. Ол балалармен амандасып өзінің көжектерін жоғалтып алғанын, олардың ізі осы балабақшаға алып келгенін айтады және балалардан көжектерін табуға көмектесулерін сұрайды. − Балалар, ана қоянға көжектерін табуға көмектесеміз бе? − Балалар, қоянға қалай көмектесеміз? − Менде көжектердің суреттері бар (көжектердің суреттері бейнеленген кеспе қағаздарды көрсетеді) . − Қандай жақсы болды, қазір суреттерді бір-бірден алып, дауыстап, суреттегі көжектерді сипаттаймыз. Балалар, сендер алдарыңдағы кеспе қағаздағы суреттерге қараңдар. Мүмкін сендердің көжектерің жайлы айтылып қалар. Үлгі әңгіме (тәрбиеші бір суретті алып, ондағы көжекті сипаттап айтады): − Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Көжек жоғалды. Оның түсі сұр, құлақтары ұзын, қысқа үпілдеген құйрығы бар. Көжектің үстінде қызыл жейдесі, көк түсті шалбары, аяғында қара түсті бәтеңкесі бар. Ол телефонмен сөйлесіп тұр. Өтініш, көжекті тапқан бала ана қоянға хабарлассын. − Балалар көжекті сипаттап әңгімелегенде: оның түсін, құлақтары мен құйрығының қандай екенін, үстіне қандай киім кигенін, не істеп тұрғаны туралы толық айтыңдар. − Балалар, сендер маған көжектерімді табуға көмектестіңдер. Сендерге рахмет. Мен сендерді мына себеттегі сәбіздерді сыйлаймын. Онда дәрумендер өте көп. Ана қоян балалармен қоштасып шығып кетеді. − Балалар, сендер ана қоянға көжектерін табуға көмектестіңдер. Ол сендерге риза болып өз орманына кетті. Сендер шаршаған боларсыңдар. Орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәті. Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Дидактикалық ойын «Адасқан төлдер» Мақсаты:Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың балалары мен олардың аналарын ажырата білуге дағдыландыру, зейінін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың төлдерінің көрнекі және үлестірмелі құралдары. Барысы: Балаларға үлестірмелі материалдар беріледі. Онда үй жануарлары мен жабайы жануарлардың төлдері бейнеленген. Балалар төлдердің анасын тауып сызықпен қосу керек.
| Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап беріп отырады. -Қоян жабайы жануар. Себебі орманда өмір сүреді -көжек
− Иә, көмектесеміз
Қолында сипатталған көжектің суреті бар бала ана қоянға келіп: − Мен телефонмен сөйлесіп тұрған көжекті таптым, – дейді.
Ана қоянның қасына келіп, қолындағы суретте бейнеленген көжекті сипаттап айтып береді. Ал отырған балалар өздеріндегі суреттеріне қарап, сипатталған көжекке сәйкес келсе, ана қоянға әкеліп береді.
Сергіту сәтін орындайды.
Дидактикалық ойын ойнайды.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Қояндар туралы білу керек
Болуы керек:Оқу қызметіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қонжықтар» (көлемі әр түрлі бірдей ойыншықтарды бейнелеп, сипаттау әңгімесін құру)
Мақсаты: Балаларды тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Көрнекіліктер: ойыншықтар (әр түрлі пішіндегі, түстегі, көлемдегі қонжықтар).
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, өлең жаттау.
Сөздік жұмыс: тері (аң терісі), мата, түйме.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші үстелінде әртүрлі төрт қонжық және олардан алшақтау аю отырады. Балалалардан үстел үстіндегі қандай ойыншықтар екенін сұрайды. Бұл қонжықтарды аюдың ертіп келгенін айтады.
| Үстел айналасында отырады. Назары тәрбиешіде.
Үстел үстіндегілер не екенін айтады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, мына қонжықтар бір-біріне ұқсай ма? Қонжықтар көлемі бойынша бір-біріне ұқсай ма? Ал олардың түстері қандай? Балалардың сөйлемдерін толықтырып өтеді. − Балалар, аю сендерге жұмбақ жасырғысы келіп отыр. Аю осында отырған қонжықтарды сипаттап айтады, ал сендер оның қайсысы қонжық екенін табасыңдар. Аю: − Ол өте үлкен, түсі қоңыр, матадан жасалған. Оның құлақтары және аяқтарының түсі ақ. Көздері қара түймеден жасалған. Айтыңдаршы бұл қайсы қонжық? Балаларды дұрыс тапқаны үшін мадақтайды. Сендерге түсінікті әрі оңай болу үшін аю бәрін толықтырып сипаттап айтып берді: аюдың көлемінің қандай екенін (өте үлкен), түсі қандай екенін (қоңыр), неден жасалғанын (матадан), қонжықтың аяқтары мен құлақтарының ақ екенін және көздерінің түймеден екенін. Осылай балаларға өз беттерімен әңгімелегенде қандай белгілеріне назар аудару керектігін айтып өтеді. Сергіту сәті Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен Теріп теріп алайық қалтамызға салайық. Тәрбиеші балаларға өз бетімен өздеріне ұнаған қонжық туралы сипаттау әңгімесін құрап айтуға ұсыныс жасайды. Аю қонжықтарға және балаларға теріс қарап отырады. Балалардың сипаттау әңгімесі бойынша аю қонжықтарды табады. Бала сипаттау әңгімесін аяқтаған соң, аю қонжықтарға жақындап, оларды асықпай қарап шығып, жасырынған қонжықты табады. Бірнеше балаға сипаттау әңгімесін айтқызады. Қиналған балаларға есіне түсіретін сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Қиналған балаға достарының жауаптары арқылы да көмектесуге болады. Өлең жаттау. «Аю» Кезіп ішін орманның Кетіп қалма, қорбаңым. Қалың нудан бал таңдап, Қаңғи берме бал таңдап. Әдібай Табылдиев | Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап беріп отырады. (Біреуі өте үлкен. Ал тағы біреуі ең кішкентай. Қалған екеуі орташа көлемді.)
(Екеуінің түсі қоңыр. Оның бірі теріден, ал екіншісі матадан жасалған. Ал қалған екі қонжықтың бірі қара, екіншісі сары.)
Сергіту сәтін орындайды.
Өлең жаттайды
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Аю туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар, олардың балалары туралы білімдерін пысықтау. Балалардың ойлау қабілеттерін, сұрақ қою және сұраққа жауап беру арқылы дамыту. Бір-бірінің айтқан ойларын тыңдай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: қоян, кірпі, түлкі, аю, тиіннің және төлдерінің бет
Әдіс-тәсілдер: жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.
Сөздік жұмыс: түлкішек, айлакер, кеміру, желаяқ
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Ғажайып сәт. Осы кезде есік қағылып, топқа Дымбілмес келеді. Балалармен, педагогпен сәлемдеседі. |
Назары тәрбиешіде.
Үстел қасында отырады.
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Дымбілмес:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менде өте қызық кітап бар. Онда жер бетіндегі барлық жануарлар, өсімдіктер туралы жазылған. Бірақ мен мына жұмбақтардың жауабын таба алмадым. Маған көмектесесіңдер ме? (Балаларға жабайы жануарлар туралы жұмбақтар жасырады, жұмбақ шешуін тапқан соң жұмбақ шешуіне сәйкес жануарлар үстел үстіне отырғызылады.) Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі) Қыс бойы жатады, Тәтті ұйқыға батады. (аю) Үсті толған ине. Бірақ та , іс тігіп, Қадамайды ине. (кірпі) Бұтақтарға секіріп, Әр жерден қылт етеді. Кейде жаңғақ кеміріп, Жоғары өрлеп кетеді. (тиін) Қорыққанда желаяқ, Отырғанда томардай-ақ. (қоян) − Балалар, бұл жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз? − Бұл жануарлар қайда мекендейді? Дымбілмес: − Мен, ормандағы әрбір жануардың баласы бар екенін білемін. Бірақ олардың қалай аталатынын ұмытып қалдым. − Ал, біздің балалар жабайы жануарлар балаларының атын біледі. Жабайы жануарлар балаларының бет перделерін бастарыңа киіңдер. Дымбілмеске жабайы жануарлар балаларының қалай аталатынын ойын арқылы көрсетейік және еске түсіруіне көмектесейік. Дидактикалық ойын: «Өз анаңды тап» Мақсаты: Жабайы жануарлардың балалары мен олардың аналарын ажырата білуге дағдыландыру, зейінін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Жабайы жануарлар балаларының бетперделері. Ойыншықтар: қоян , түлкі, кірпі, аю, тиін. − Жарайсыңдар балалар, сендер жануарлар балаларының атын атап, аналарын тауып, Дымбілмеске көп көмектестіңдер. Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады?» Мақсаты: Жабайы жануарлардың тұрағы туралы білімдерін пысықтау, зейінін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қажетті құралдар: көрнекі және үлестірмелі тірек қағаздар (жануарлардың және олардың тұрағы бейнеленген). Бірнеше баланы тақтаға шақырып, тапсырманы орындатады. Тақтаға шыққан балаларды сұрақ-жауап арқылы білімдерін тиянақтап отырады. Мысалы: - Бұл– аю. Ол орманда апанда өмір сүреді және т.с.с. − Жарайсыңдар балалар, барлығың да жануарлардың мекен- жайы туралы өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Дидактикалық ойын: «Жануарлар балаларын тамақтандыр» Мақсаты: Балалардың жануардың немен қоректенетіндері туралы алған білімдерін пысықтау, зейінін жетілдіру, жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Әр-бір жануар балаларының және олардың қоректерінің жеке суреттері. Әр баладан қандай жануар таңдағанын және немен қоректенетінін сұрақ-жауап арқылы пысықтап шығады. Мысалы: - Сен қандай жануардың баласын таңдадың? Ол немен қоректенеді? (Бұл қоян. Ол сәбізбен, көк шөппен, қырыққабатпен қоректенеді.)
|
Жұмбақтардың шешуІн табады.
Сұрақтарға жауап беріп отырады.
(Жабайы жануарлар). (Орманда мекендейді).
«Өз анаңды тап» ойынын ойнайды Жануарлар балаларының бетпердесін басына киіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сол балаларының аналарын табады.
«Не қайда тұрады?» ойынын ойнайды Орындарында отырып, жануарлар және олардың тұрағы бейнеленген үлестірмелі тірек қағаздарды алып, ондағы жануарлардың суретіне сәйкес тұрағымен сызық арқылы қосады. Ал қалған балалар тақтадағы орындалған жұмыспен өз жұмыстарын салыстырып тексереді.
«Жануарлар балаларын тамақтандыр» ойынын ойнайды. Екі үстел айналасына жиналады. Бірінші үстелдегі балалар үй жануарларының, екінші үстелдегі балалар жабайы жануарлардың немен қоректенетінін анықтайды. Бір- бір жануардан алады, ал үстел үстінде сол жануардың қоректенетін қоректерінің суреттері жатады. Соның ішінен өз жануарына тиістісін тауып қосу керек |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жабайы жануарлар туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуікерек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Күшік пен мысық» (үлгі бойынша мазмұнын айту)
Мақсаты: Үлгі бойынша ертегіні қайталап айта білуге үйрету. Сұраққа жауап беруде ертегі мәтінін қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.
Көрнекіліктер: «Күшік пен мысық» ертегісі бойынша дайындалған сурет.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, ойын ойнату, ертегіні оқу, әңгімелету
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге |
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| − Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын арқылы мен сендердің білімдеріңді, есте сақтау қабілеттеріңді тексеремін. Яғни, бұрын танысқан жануарлар туралы не үйренгендеріңді анықтаймын. Дидактикалық ойын «Жануарларды ажырат» Мақсаты: Бір-біріне ұқсас үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге, атай білуге үйрету. Олардың кейбір қасиеттерін еске түсіру. Шарты: фланелеграфқа суреттерді іліп қою, ит-қасқыр, жолбарыс- мысық, қой-арқар т.б. балалар олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беруі керек. − Ойынды өте жақсы ойнадыңдар. Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды дұрыс таптыңдар. Енді мен сендерге ертегі айтып беремін. Ертегі «Күшік пен мысық» деп аталады. Ертегіні әңгімелеп береді. − Сендерге ертегі ұнады ма? Онда орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап алайық. Сергіту жаттығуы. Жел гулейді: гу-гу Құйын келіп билейді: зу-зу Қатты-қатты жел соқты: гу-гу Жапырақтар қол соқты: ду-ду. − Балалар, бүгін сендер қандай ертегі тыңдадыңдар? Қажетті сұрақтар қою арқылы балаларға ертегі мазмұнын айтқызады. − Күшік далаға не іздеп шығады? − Ол қандай аңды кездестіреді? − Қасқыр оған не дейді? − Күшік қасқырды қалай сипаттайды? − Қасқыр күшікті жейді ме? − Күшік тағы нені кездестіреді? − Мысық күшікті қалай сипаттайды? − Күшік қандай мінезінің кесірінен таяқ жеді? − Сонымен күшік мақтанамын деп неге тап болды? – Мақтануға бола ма екен? − Қолыңнан келмейтін жұмысты «мен жасай аламын» деп мақтануға болмайды, керісінше үлкендерден сұрап, үйрену керек. |
Назары тәрбиешіде. Ойын ойнайды
Дидактикалық ойынды ойнайды.
Ертегі тыңдайды
Сергіту сәтін орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ертегінібілу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы түсініктерін толықтыру. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (түйе- түйелер, бота-боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: жануарлардың және төлдерінің суреттері.
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме оқу, сурет бойынша жұмыс, жұмбақ жасыру, ойын ұйымдастыру.
Сөздік жұмыс: қамыс құлақ, марғау.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық Алақанды ашайық Күннің нұрын алайық Таза ауаны жұтайық Жүрекке жылу салайық Мейірімділік шоғын алайық Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Мұқият тыңдап, жауап беріңдер. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты, Бұл не?(сиыр) Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы) Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қой) Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды, Болса– дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. (ешкі) Кездесті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе) Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті - қолын жуады. (мысық) Балалар жауап берген сайын, жануарлардың суреті тақтаға ілінеді. − Дұрыс, балалар, бәрін таптыңдар. Бұлар- үй жануарлары. Қазір мен сендерге осы үй жануарлары туралы М.Дулатовтың «Үй хайуандары» әңгімесін оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Әңгімені оқиды. − Сонымен үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді, адам оған қамқорлық жасайды, күтеді, тамағын, суын береді, ал сол үшін жануарлар адамға өз пайдасын көрсетеді екен. − Балалар, ал енді кішкене сергіп алайық, шаршаған шығарсыңдар, шеңберге тұрамыз. Ән: «Төлдер» Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? Секең-- секең, ей лақ, Жүрмін саған кейіп - ақ. Тыным тапсаң болмай ма, Секірмей - ақ кей уақ. Ботақаны нардың, Жарға неге бардың? Тілерсегің дірілдеп, Секіре алмай қалдың. − Балалар, үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады? − Керемет, бәрін таптыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Енді осы төлдерді және аналарын жекеше және көпше айтып үйренейік. Мысалы: түйе-түйелер,бота-боталар. Дидактикалық ойын «Адасқан төлдер» Мақсаты: Үй жануарларының төлдері мен олардың енелерін ажырата білуге дағдыландыру, зейінін жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Назары тәрбиешіде.
Жұмбақтар шешеді
М.Дулатовтың «Үй хайуандары» әңгімесін тыідайды
Шеңберге тұрып «Төлдер» әнін айтамыз
Жауаптары: − Сиыр – бұзау. − Жылқы – құлын. − Қой – қозы. − Ешкі – лақ. − Түйе – бота. − Есек – қодық. − Ит – күшік. − Мысық – марғау Дидактикалық ойынды ойнайды. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Үй жануарларын білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемі»
Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге, жасалуы бірдей заттарды топтастыруға, сөйлеу барысында: ағаштан, резеңкеден, пластмассадан, матадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету. Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, сиқырлы қорапша.
Әдістер: ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгімелету, өлең оқу, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: резеңкеден, пластмассадан, ағаштан, матадан.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Сәлем саған алтын күн! Сәлем саған көк аспан! Сәлем саған жер Ана! Сәлеметсің бе, достарым?!
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Есік қағылып хат тасушы топқа сиқырлы қорапшаны алып келеді. − Ой, балалар қараңдаршы бұл қандай қорап болды екен? Қорапты ашып қарайықшы. Балалар, мұнда әсем, әдемі ойыншықтар бар екен. − Балалар мына жұмбақтың жауабын шешіп көріңдерші: Тепсең-ақ секіріп, ұстатпай қашады, Бір жерге бекініп, тұра алмай сасады. Ол не?. − Доптың пішіні қандай? − Доптың түсі қандай? − Доп неден жасалған? − Кім доп туралы тақпақ біледі? Машинаның суретін көрсетіп, бұл не деп сұрайды?. − Ал, машина неден жасалған? − Кім машинаны сипаттап айтып береді? − Кім машина туралы тақпақ біледі? − Ал енді, мына жұмбақтың шешуін табыңдар: Салпаң құлақ , масақ мұрт, Қыли көзді, жырық ұрт, Көлеңкесінен қорыққан, Үрей дейді оны жұрт. − Бұл не балалар? − Қоян неден жасалған? − Қоянды кім сипаттап айтып береді? . − Балалар, енді мына жұмбақтың жауабын тауып көріңдер: Асты, ұйқыны білмейтін, Мұндай бала көрсем ше. Жүгірмейтін, жүрмейтін, Жыламайтын, күлмейтін. − Бұл не?. − Балалар, дұрыс айтасыңдар бұл қуыршақ, аты -Әйгерім. − Қуыршақтың киімін кім сипаттап айтып береді? − Қуыршақ неден жасалған? − Кім қуыршақ туралы тақпақ біледі? − Балалар, міне сендермен бірге ойыншықтардың неден жасалатынын білдік. Яғни ойыншықтар: резеңкеден, пластмассадан, ағаштан, матадан жасалады екен. Сергіту жаттығуы. − Балалар, егер бір ойыншық болса, біз ойыншық дейміз. Ал, бірнеше ойыншық болса, ойыншықтар дейміз. Сол сияқты бірнеше ойыншық атауларын жекеше және көпше түрде айтқызады. Ойын «Ғажайып қалта» Шарты: Баланың көзі байланып, қалтадан бір ойыншық алады да, сипап сезу арқылы неден жасалғанын айтады. Содан кейін көзін шешіп ойыншықты сипаттап айтып береді, алдын ала жасалған үйдің біріне апарып кіргізеді. Ойыншықтың неден жасалатынына қарай «жасыл түсті үйге - матадан», «қоңыр түсті үйге - ағаштан», «қызыл түсті үйге - пластмассадан», «көк түсті үйге - резеңкеден» жасалған заттарды кіргізу керектігі балаларға түсіндіреді.
| Назары тәрбиешіде.
Жұмбақ шешеді
− Доп Доп туралы өлең оқиды. Добым менің домалақ, Тоқтамайсың домалап. Үстел үстін бүлдірдің, Тарелканы сындырдың. Тентек болып кеттің деп, Тұрмыз сені тепкілеп. Сұраққа жауап береді − Машина. Үлкенмін ғой, міне, мен, Ойыншықтарды жинаймын. Машинама мінер ем, Орындығына сыймаймын. Жұмбақ шешеді − Қоян. Қоян туралы өлең оқиды Түбіртектің түбінде Бұғып жатыр ақ қоян. Құлағын жел үніне Тігіп жатыр сақ қоян. Қорқақ қоян қалтырақ Тағдырына не шара? Сыбдыр етсе жапырақ Селт етеді бейшара Жұмбақты шешеді − Қуыршақ Жібек көйлек киінген, Қуыршағым құлпырып. Келбетіне сүйінем Қолыма алып ынтығып. Күні бойы қасымда, Қызығына тоймаймын. Бантик тағып шашына Еркелетіп ойнаймын. Ә.Қасымбеков Сергіту жаттығуын орындайды
Ойын ойнайды
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ойыншықтар туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Анама сыйлық» (өз тәжірибесінен әңгіме құру)
Мақсаты: Әңгіме құрастыра білуге, сөздерді жұрнақтар арқылы түрлендіре білуге үйрету. Балалардың сұраққа толық жауап беру, әңгіме құра білу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын дамыту, аналарын сыйлауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мазмұнды сурет, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: суретпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелету, ойын ойнату.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балаларға ана мен баланың іс-әрекеті бейнеленген суреттерді таратып береді. − Суретте кім бейнеленген? − Ана мен бала бейнеленген. − Ана не істеп отыр? − Ана баласын жұбатып отыр. − Мына суретте ана не істеп отыр? − Ана бесіктегі баласын ойнатып отыр. Балалармен бірге топта өткен ертеңгілікті еске түсіреді. − Наурыз айында қандай мерекелер бар? − Аналар мерекесі, наурыз тойы − Аналар мерекесінде не істедік? − Тақпақ, әндер айттық, анамызға сыйлық бердік, тілектер айттық. − Олай болса, тақпақтарымызды еске түсірейік. − Енді аналарымызға айтқан тілектерімізді еске түсірейікші − Аналарымызға қандай сыйлық дайындадық? − Әдемі гүл жасадық. (топтың есігі қағылып, қуыршақ Әйгерімді кіргізеді). − Бізге Әйгерім келіп, өз анасы туралы айтып беруге рұқсат сұрайды. − Рұқсат берейік. − Балалар, аналарыңда жақсы көресіңдер ме? Әйгерім қуыршақ та анасын жақсы көреді. Әйгерімнің әңгімесін тыңдаңдар. «Мен анамды жақсы көремін. Анамды үнемі қуантқым келеді. Сол үшін анама көмектесемін. Айтқанын тыңдаймын. Анам менің қылығыма қуанады. «Менің қызым ақылды»,- деп анам мақтанады.» Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз. Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. − Балалар, сендер өз аналарың туралы Әйгерімге айтып бересіңдер ме? «Менің анам» тақырыбында балалардың әңгіме құрауы. Менің анамның аты -.... Менің анам әдемі, көрікті, сұлу, т.б. Мен анамды жақсы көремін. Менің анам мейірімді, ақылды, т.б. Менің анам көрікті. Менің анам – жақсы адам. Дидактикалық ойын: «Анама сыйлық» (пішіндерден гүл құрастыру) Мақсаты: Балаларды тез ойлап, шапшаң қимылдауға үйрету. Пішіндерді түстеріне, көлемдеріне қарай ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Шарты: Әртүрлі пішіндердің түсіне, көлеміне қарай ажырата отырып, қажетті пішіндерді пайдану арқылы гүл құрастыру.
| Назары тәрбиешіде.
Суреттерге қарап сұрақтарға жауап береді.Балалар әр суретке тәрбиешінің көмегімен жауап береді.
Балалар аналарына арналған тақпақтарын айтады
Айтылған тілектерін еске түсіріп, айтып береді − Анамыз аман болсын! − Дендері сау болсын! − Ұзақ өмір сүрсін!
Әйгерімнің әңгімесін тыңдайды
Сергіту жаттығуын орындайды
Өз аналары туралы әңгімелейді
Дидактикалық ойынды ойнайды
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Аналар мерекесі туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ш» және «Ж» дыбыстары. Тілдің дыбыстық мәдениеті
Мақсаты: «Ш» және «Ж» дыбыстарының артикуляциясын көрсету, түсіндіру. Ауыз қуысынан, тыныс алу жолдарынан кедергіге ұшырап шығатын барлық дыбыстардың айтылуын игертуді дамыту. Сөздердегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың толық таза айтылуын бекіту. Дыбысты қабылдауын дамыту. Сөздегі берілген дыбысты дұрыс есту және анық айта білуге үйрету.
Көрнекіліктер: сурет, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын ойнату, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: жалқаулық, еріншек, таңдай, жырақта.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан
|
Шаттық шеңберіне тұрады Тәрбиешімен бірге Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айтады.
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар сендер желдің, жапырақтардың дыбыстарын (әндерін) білесіңдер ме? Күзгі жапырақтар жел соқса қалай ән салады? (Ш- ш-ш). − Бұл дыбысты дұрыс айту үшін аузымызды керіп, тілімізді таңдайымызға тигізуіміз керек. Барлығымыз бірге баяу үнмен «ш» дыбысын айтамыз. Балалардан сұрау, дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау. − Тіл үйшігінде отырып бір әуенді естиді: ж-ж-ж. Мен бұл әуенді бұрын естімеппін жапырақтың, жыланның, масаның әндерін білетін едім деп мұңайыпты. Балалар, кәне тілімізге көмектесейік «ж» дыбысын айтайық. «Ж-ж-ж»- бұл қоңыздың әні, бұл дыбыс «ш» дыбысы сияқты айтылады. Дыбысты айтқанда жуан дауыспен, тамағымыздан айтамыз. Балалардан дыбыстың қалай айтылатынын сұрайды. (жеке-жеке сұрау, бірнеше балаға айтқызу). Балаларға «ж» дыбысының «ш» дыбысына ұқсас екенін ескертіп, дауыстап айтқанда: «ж» өлеңінің дыбысы тамақтың ішінде-ақ басталатынын түсіндіреді. Оны дәлелдеу үшін балаларға алақандарын тамағына қойып, әуелі «ш» дыбысын, сонан соң «ж» дыбысын айтуды өтінеді.. Балаларға келесі шумақты өте қатты емес, бірақ таза, нақты қайталауды ұсынады: Жа-жа Менің атым – Қожа, Тауып алдым олжа. Ша-ша Ойын сауық тамаша. Ойын:«Қателеспе» Шарты: балалар айтылған сөздерден «ж» және «ш» дыбыстарын естісе алақандарын шапалақтайды. Мысалы: жаңбыр, алаша, бала, олжа, шана, жауқазын, қуыршақ, ботақан, қошақан және т.б. Сергіту сәті − Балалар, С.Әлімқұловтың «Еріншек» өлеңін жаттап алайық. Жүр, Бақытжан, моншаға... Кір емеспін соншама... Жүр, түсейік бұлаққа... Не бар шаршап жырақта? Бұл не тұрыс сазарып, Керек қой бір тазалық. Құлағың кір, мойның кір, Жуынуды қойдың бір. «Жүр» дегенге көнбесең, Үйде жуын онда сен. Тұр Бақытжан есінеп, «Жуынамын несін?» деп. Балаларға өлеңді жаттату кезінде «ш» және «ж» дыбыстарының дұрыс айтылуын қадағалайды. Оларға өлең мазмұнын түсіндіреді және үнемі таза, ұқыпты жүруге шақырады
| Назары тәрбиешіде.
«ш» және «ж» дбыстарын айтып көреді
Шумақтарды қайталайды
Ойын ойнвйды
Сергіту жаттығуын орындайды Өлең жаттайды |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:«Ш» және «ж» дыбыстарын айтып білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қуыршаққа бөлме жасайық» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Балаларды жиһаздық заттардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру. Сөйлеу барысында зат есімдер мен сын есімдердің түрленуін қолдана білуге баулу.
Көрнекіліктер: қуыршаққа арналған бөлме жиһаздары.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, әңгімелету.
Сөздік жұмыс: жиһаз, кереует, орындық, шкаф, үстел
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, қуыршақ Әйгерім бүгін бізге қонаққа келді. Әйгерімнің бөлмесінде бөлме жиһаздары жоқ екен. Әйгерім бізден, бөлмесін жиһазбен жабдықтауға көмектесуімізді өтініп тұр. Әйгерімге бөлмесін жабдықтауға көмектесеміз бе? − Балалар, айтыңдаршы бөлмеге қандай жиһаздар керек? − Әйгерім жатып ұйықтау үшін бөлмесіне не қоямыз? − Әйгерім, киімдерін қайда іледі және салады? − Дұрыс айтасыңдар, балалар.. − Әйгерімге сурет салу үшін, ған не керек? Бұл заттардың барлығын бір сөзбен «Жиһаздар» дейміз. (Тәрбиеші әрбір затты айтқан кезде қуыршаққа арналған жиһазды бөлмеге қойып отырады) − Міне, балалар, Әйгерім бөлмесін жиһазбен жабдықтауға көмектестік. Бөлмеге қандай жиһаздар қойдық? − Балалар, кім Әйгерімге өз бөлмесі туралы әңгімелеп айтып береді? (3-4 баладан сұрау) Сергіту жаттығуы. Дидактикалық ойын «Дастарқан жасаймыз» Мақсаты: Дастархан жасау үшін пайдаланылатын ыдыстарды атауға, ажырата білуге үйрету. қандай ыдысқа не салынатынын есте сақтауын дамыту. Шарты: Тәрбиеші көрсеткен немесе атаған тағамдарды қандай ыдысқа салу керектігін атай білу, көрсету. Шай ішуге арналған үстел үстіне ыдыстарды шығарып қояды. − Балалар, Әйгерім жаңа жиһаз алды. Енді үйіне достары қонаққа келеді. Достары келгенде дастарқан жайып, шай беру керек. Балалар, Әйгерім қонақтар келгенде үстелді қалай жабдықтау керек екенін ұмытып қалыпты. Ол қандай ыдысқа не салу керектігін білмейді. Қане барлығымыз оған көмектесейік. 1. Нанды нан салғышқа саламыз. 2. Қантты қант салғышқа саламыз. 3.Кәмпитті кәмпит салғышқа саламыз. 4. Көкөністерден жасалған салатты салат салғышқа салады. 5. Майлықтарды майлық салғышқа салады. Сұрақ қояды.
| Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап береді (кереует, орындық, шкаф, үстел) (кереует) (шкаф) (үстел және орындық)
Сергіту жаттығуын орындайды Дидактикалық ойынды ойнайды
Дастархан жабдықтап үйренеді Сұраққа жауап берген бала затты ыдысына салады. (Мысалы, «Қантты қант салғышқа саламын» т.б. с.с.) |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жиһаздарды білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Суреттеу бойынша тап» (дидактикалық ойын)
Мақсаты: Балаларды заттармен ойыншықтардың сипаттық бейнесін баяндау арқылы әңгімелеуге үйретуді жалғастыру. Балалардың сөздік қорын ұлттық атаулармен толықтыру, таныс заттарды негізгі атауымен байыту (сандық-әбдіре, малақай-тымақ, желпуіш, жалған шаш, теңге сөздерінің мәнін, қолдану аясын түсіндіру). Зат есімдер мен сын есімдерге жалғанған қосымшаларды бағдарлауға деген бейімділіктерін дамыту. Жай сөйлемдердің құрылымын еркін игеруге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру. Көрнекіліктер: сандық, тымақ, желпуіш, жалған шаш, теңге.
Әдіс-тәсілдер: таңғажайып сәт, көрсету, түсіндіру, ойын ұйымдастыру, жұмбақтар жасыру, жаңа сөздерді бекіту.
Сөздік жұмыс: әбдіре, малақай-тымақ, желпуіш, жалған шаш.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң, балалар!
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, бүгін біз сендермен жаңа заттармен танысамыз. − Ертеде қазақтар киіз үйде өмір сүрген. Дөңгелек пішінді үйде жиһаздары аз болған. Сол жиһаздың біреуін олар заттарын, киімдерін сақтау үшін пайдаланған. Бұл не деп ойлайсыңдар? (Сандықты шығарып көрсетеді). − Оны «әбдіре» деп те атайды. Қайталап айтайықшы. − Әб-ді-ре. (балалармен бірнеше рет қайталайды) − Құлақшын, малақай, тымақ қыста киетін бас киімдерді осылай атаймыз. (Малақайды көрсетеді) қайталап айтайық ма-ла-қай, ты- мақ. − Жазда адамдар ыстықтайды, осы кезде қолдарына желпуіш алып желпінеді. Көріп жүргенмен атын дұрыс білмейсіңдер, бәріміз бірге айтайық. Жел-пу-іш. (желпуішті шығарып көрсетеді, балалармен қайталайды). − Ой, балалар, есік қағылды, бұл кім екен, қарайық. Бізге Сайқымазақ қонаққа келіпті. − Сәлеметсіздер ме, балалар, мен ең көңілді, ең сиқырлы сайқымазақпын. − Келгеніңе қуаныштымыз. Қош келдіңіз. − Балалар, мен жәй келген жоқпын, сендерден көмек сұрай келдім. Мына менің басымдағы шашыма бәрі күледі, бұл қалай аталады деп мазақтайды. Қалай аталатынын сендер білесіңдер ме? − Бұл – жалған шаш. Жалған шашты арнайы жіптерден жасайды. Балалар да бұл сөзді бірінші рет естіп тұр, балалар қайталайық жалған шаш. Көбінесе мұны театрда ойнайтын әртістер киеді. Сайқымазақ, сен оған мұңайма. Сергіту сәті: Балаларға сиқырларыңды көрсет. Сайқымазақ әуенмен фокус көрсетеді. Ең соңында қалтасынан теңгелер алып шығарды. − Балалар, қараңдар бұл нелер?. Дидактикалық ойын «Суреттеу бойынша тап» Мақсаты: Заттар мен ойыншықтардың сипаттық бейнесі арқылы балалардың елестету, ойлау қабілеттерін дамыту. Заттардың атын дәл атауға, шапшаң еске түсіруге тәрбиелеу. Шарты: Тәрбиешінің сипаттаған заты немесе ойыншығын тауып, атау. − Балалар, мына қалтаның ішінде бірнеше заттар бар. Мен бірақ оны сендерге көрсетпеймін. Жұмбақ жасырамын. Сендер не туралы айтқанымды табуларың керек. Кіруге адам батпайды, Затыңды аман сақтайды. (сандық) Төрт бұрышты, Бір ауызды. (әбдіре) Алды ұзын, арты қысқа, Беттері өзіне сай әрбір тұста, Суықта да, жылыда да пана болар, Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста. (Тымақ). Павлин құстың құйрығын, Кішірейтіп жасаған. Сәл қозғасаң қолыңды Салқындатып тастаған. (желпуіш) − Балалар, бүгінгі танысқан заттарды пайдаланып шағын әңгімелер құрастырып айтайық.
|
Назары тәрбиешіде.
Сұрақтарға жауап береді
− Сандық.
Сергіту жаттығуын орындайды
Сұрақтарға жауап береді − Теңгелер
Дидактикалық ойынды ойнайды
Жұмбақ шешеді
Әңгімені құрастырып айтады, тәрбиеші толықтырады |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Суреттеп, және суреттелген нәрсені таба білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Күшік неге көңілсіз?» (сурет бойынша шығармашылықпен әңгімелеу)
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға, зат есімнің «күшік» сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету.
Көрнекіліктер: аудиодыбыстар, күшіктің суреті;
Әдіс-тәсілдер: ойын ойнату, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: көңілсіз, жабырқаулы, қабағы түйілген
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық бірге Арайлап атқан күнге
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Дидактикалық ойын«Дауысынан ажырат» Мақсаты: Үй жануарларын дауысын тыңдай отырып ажырата білуге үйрету. Шарты: Аудиодыбыстағы дыбыстарды мұқият тыңдап ажырату. Онда мына жануарлардың дыбыстары естіледі: мысық, әтеш, сиыр, жылқы, түйе, қой, күшік. − Дұрыс таптыңдар, үріп тұрған күшік екен. − Мына суретке қараңдаршы бұл не? − Күшіктің түсі қандай? − Ол әлі кішкентай. Жалғыз тұр. Анасынан адасып, тоңып қалған-ау деймін. Біз оған ат қояйықшы. Қане, не деп қоямыз? − Ақтөс деп қоямыз. − Жақсы ат ойлап таптық, енді маған Ақтөс туралы кім айтып береді? Ол қандай? − Дұрыс оның басы, аяқтары, құлақтары бар. Ал, енді кім айтады: − Оның көңіл-күйі қандай? − Күшіктің қасына не келді?. − Ол қайда отыр? − Балалар, мына сурет туралы менің әңгімемді тыңдаңдар. Сонан соң сендердің әңгімелеріңді тыңдаймын. Әңгіме: «Күшік ұйқыдан оянғанда, қасында анасы болмады. Іздеп арлы-берлі жүгіріп іздеп еді, таппады. Көңілі түсіп, үйшіктің қасына келіп жатты. Итаяқтағы суы да таусылды. Мысық күшіктің көңілсіз екендігін көріп: «Тезірек анасы келсе екен. Күшіктің көңілі көтерілер еді. Сонда екеуміз ойнар едік»,- деп ойлады.» Сергіту жаттығуы. . − Балалар, әңгімелерің маған ұнады. Енді Б.Серікбаевтың «Ақ күшік» өлеңін жаттап алайық. Итаяқтан ақ күшік Жуындыны жатты ішіп. Мысық келіп жанына: -Бар ма-ау,- деді,- тағы да? -Баррр, беррр-меймін біррр-ақ та, -Деді күшік ұнатпай -Дос боламын текке,- деп Қалды мысық өкпелеп. Балаларға өлеңді жаттату кезінде сөздердегі дыбыстардың дұрыс, таза айтылуын қадағалайды, өлең мазмұнын түсіндіреді.
|
Дидактикалық ойынды ойнайды
Сұрақтарға жауап береді − Бұл күшік. - Күшіктің түсі ақ және қара дақтары бар.
(балалар әртүрлі аттар атайды)
− Әдемі, кішкентай, жүні жұмсақ − Басы, аяқтары, құлақтары бар. (балалар суретті көрсету арқылы айтып береді)
Ренжіп тұр, қабағы түйілген, ойнағысы келмеді. − Мысық келді − Ол үйшік үстінде отыр.
Тәрбиешінің әңгімесінен кейін балалар өз әңгімелерін айтады
Сергіту жаттығуын орындайды Б.Серікбаевтың «Ақ күшік» өлеңін тәрбиешімен бірге жаттайды |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Суретке қарап әңгіме құрап білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта» (таныс ертегілердің қойылымдық жабдықтары арқылы әңгімелеу )
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйрету. Сөздік қорларын дамытып, балалардың сұраққа толық жауап беру, әңгіме құра білу дағдыларын қалыптастыру
Көрнекіліктер: «Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Мақта қыз» , «Жеті лақ» ертегілерінің көрнекті суреттері, көрініске қажетті құралдар (бетперделер, фланелеграф), үстел үсті театры.
Әдіс-тәсілдер: суретпен жұмыс, сахналау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Топ ішіне балаларға бұрыннан таныс ертегілер кейіпкерлерінің суреттері ілінеді. Бір бұрышта үйшік тұр. − Балалар, мына сиқырлы кілемге мініңдер, бұл кілем бізді ертегілер еліне алып барады. Көздерімізді жұмып, мына сиқырлы сөздерді айтайық: Ертегі Қаламыз кей күні Балалар азайып. Бәрібір бітпейді Ертегі ғажайып! Орманды таулармен, Өтеміз көлдерді. Танысып аңдармен Аралап елдерді. (Бақтыгерей Ысқақ)
|
Шаттық шеңберіне тұрады
Көздерін жұмып өлеңді тәрбиешімен бірге айтады. |
Іздену - ұйымдастырушы
| Бір, екі, үш. Көзімізді ашамыз, қайда келдік табамыз? Балалар, біз ертегілер еліне келдік. Жан-жақтарыңа қараңызшы, сендер не көріп тұрсыңдар? − Енді ертегілер елін аралайық. Балалар мына жерде үй бар екен. Бұл үйде кім тұрады екен? Ғажайып сәт. Үйшіктің артынан Ерден ата шығады. Ерден ата: − Сәлеметсіздер ме, балалар! Ерден ата: − Балалар сендер мені танымаған шығарсыңдар. Мен ертегі айтатын Ерден атайларыңызбын. Менің еліме қош келдіңіздер! − Рахмет, ата. Ерден ата: − Сендер ертегілер елінде не істеп жүрсіңдер? − Біздің балалар ертегі кейіпкерлерін жақсы біледі. Ерден ата: − Келіңдер, төрлетіңдер ендеше мен сендерді сынап көрейін. − Қандай ертегі білетіндеріңізді анықтайын. 1-сұрақ: Баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп бер дейді. Бұл қандай ертегі? Ерден ата: − Дұрыс айтасыңдар. Тауығы туған жұмыртқаны шал ұрып- ұрып сындыра алмады, кемпір ұрып-ұрып сындыра алмады. Тышқан жүгіріп өтіп, құйрығы тиіп кеткенде жұмыртқасы жарылып қалды. Бұл қандай ертегі? Енді мен бір ертегіден өлең айтып жасырайын: «Лақтарым, шұнақтарым, есікті ашыңдар, анаң келді, сендерге тамақ әкелді.» − Бұл қай ертегі? . Ерден ата: − Бір қыз мейіз тауып алдым деп мысығын шақырады. Мысық қыздың қатығын төгеді. Қыз болса мысықтың құйрығын кесіп алады. Бұл қай ертегі? − Сендер өте қабілетті балалар екенсіңдер. Сергіту жаттығуы. Ерден ата: − Сендерге қандай ертегі кейіпкерлері ұнайды? Мына жердегі ертегі кейіпкерлерінің қасына келіп, айтып беріңдер. (тәрбиеші балалардың таңдауы бойынша топтарға бөледі). Ерден ата: − Рахмет, өркендерің өссін, мен бір демалып қалдым. − Ерден ата, сізге көп рахмет. Біздің бақшамызға кететін уақытымыз болды. Балалар, атамен қоштасайық. Сау болыңыз. Балалар атаймен қоштасып, кілемге мінеді, балабақшаға қайта келеді. Өлеңнің қалған бөлігін оқып береді. Шарлаймыз көк төсін, Қалады даламыз. Ертегі біткесін Тез ұйықтап қаламыз. − Мінекей, балалар, біз өз тобымызға келдік. Ертегілер еліне саяхат сендерге ұнады ма?
| Назары тәрбиешіде. Сұрақтарға жауап береді − Мынау– Аю. − Мынау– қасқыр. − Мынау қыз, ата, әже. − Ал, мыналар күшік пен мысық және жеті лақ. − Сәлеметсіз бе, ата!
(балалар отырады)
− «Бауырсақ» ертегісі.
− «Шұбар тауық» ертегісі.
«Жеті лақ» ертегісі
− «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Сергіту жаттығуын орындайды
Өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін пайдалана отырып, сахналап айтып береді. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | − Балалар, бүгін Ерден атайға өздеріңнің білімді де, білгір, тапқыр да, талапты және өнерлі балалар екендіктеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар. Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Өткен ертегілерді білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әтеш пен тоты құс» (ертегіні баяндау)
Мақсаты: Кейіпкерлердің мінез-құлқына сәйкес қимыл-әрекетін сипаттап айтуын дамыту арқылы ертегінің мағынасын ашу, байланыстыра баяндай білуге үйрету.
Көрнекіліктері: ертегі мазмұны бойынша сурет;
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, әңгімелету, ойын ұйымдастыру.
Сөздік жұмыс: сымбатты, маңғазданады, қоқыраяды, жібі түзу;
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң, балалар!
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, мен сендерге Ыбылай Алтынсарин аталарыңның «Әтеш пен тоты құс» ертегісін оқып беремін. «Әтеш пен тоты құс» ертегісі Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі тоты құс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мен сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы,- деп қиыла жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады. Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін,- дейді. Сөйтіп, тоты құс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. Содан күні бүгінге дейін әтеш тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен. Балаларға ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қою арқылы ертегі мазмұнын пысықтайды. − Ертегі қалай аталады? Әтеш қандай болды?Оның әдемі киімдерін қандай құс сұрап алды? Тоты құс қайда кетті? Әтеш енді неге шақырады? Сергіту жаттығуы. − Балалар, мен сендерге әңгімені тағы бір рет оқып беремін. Мұқият тыңдаңдар. Тәрбиеші әңгімені оқып болған соң, балаларға әңгімелетеді. Бірнеше баланы тыңдайды. Дидактикалық ойын «Кім шақырды?» Мақсаты: Балаларды дауысынан танып білуге үйрету. Шарты: Бір бала балаларға арқасымен қарап тұрады. Отырған балалардың біреуі оның атын атап шақырады. Мысалы: «Қайрат!». Қайрат алдына қарап, кімнің шақырғанын тауып айтады. Бұл ойын бірнеше рет қайталанады
| Ертегіні мұқият тыңдайды.
Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді
Сергіту сәтін орындайды.
Дидактикалық ойынды ойнайды |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ыбылай Алтынсарин аталарыңның «Әтеш пен тоты құс» ертегісін білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Шалқан» (ертегіні сахналау)
Мақсаты: Сахнада ойнай білу іскерліктерін дамыту. Сөйлеу мәнері мен қарқынына аса мән бере отырып, кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға, олардың ішкі жан дүниесін жеткізе суреттеуге ұмтылыстарын арттыру.
Көрнекіліктері: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, бетперделер, ертегі сахналауға арналған атрибуттар.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сахналату, әңгімелету.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық бәріміз Арайлап атқан күнге
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, мен бүгін таңертең балабақшаға келе жатып, хат тауып алдым. Хатта «Ақтау қаласы, №35 «Балдырған» бөбекжайы , №5ортаңғы тобына» деп жазылған екен. Кәне, бәріміз ашып қарайық. Хатты оқиды . «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегілер елінің Ханшайымымын. Сендер Шалқан ертегісін өте жақсы көретіндеріңді білемін. Сондықтан Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлердің бетперделерін жіберіп отырмын. Сол бетперделердің көмегімен ертегіні сахналап ойнауларыңды сұраймын. Мен сендерді сиқырлы айнамның көмегімен тамашалап отырамын. Сендерге алдын ала рахмет. Сәттілік тілеймін. Сау болыңдар!» − Балалар, сендер ертегі мазмұнын білесіңдер. Ертегі кейіпкерлерін атаңдаршы. − Ертегі қалай басталатын еді? Есімізге түсірейік. − Олай болса Ханшайымның өтінішін орындаймыз ба? (Балаларды рөлдерге бөлу, қалған балаларды көрермен ретінде отырғызу). Балалардан өздеріне ұнаған ертегі кейіпкері туралы айтып беруді сұрайды. Балаларды аянбай еңбек етуге шақырады. | Хатты мұқият тыңдайды.
Сұраққа жауап береді − Шал, кемпір, немере, күшік, мысық, тышқан. Ертегі мазмұнын естеріне түсіреді. «Шалқан» ертегісін сахналайды.
Балалар кейіпкерлер туралы әңгімелейді.
Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:«Шалқан» ертегісін білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жаңа үйді кім тұрғызды?» (шығармашылықпен әңгіме құру)
Мақсаты: Балалардың шығармашылықпен қиялдауын дамыту. Сюжетті дамыта келе, жай, күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейін арттыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру біліктілігін дамытуды жалғастыру.
Көрнекіліктер: Ақтау қаласының көрінісі, көп қабатты үйлер, үй салып жатырған құрылысшылар суреттері.
Әдіс-тәсілдер: суретпен жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, үлгі әңгіме, сұрақ-жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: көп қабатты үйлер, зәулім, биік, құрылысшылар, тас қалайды.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Армысың, шапағатты Күн-Ана, Армысың, мейірімді Аспан-Ана, Армысың, қасиетті Жер-Ана, Армысың, балабақша, достарым!
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балаларға өз қалалары Ақтау туралы суреттерді пайдалана отырып, сұрақтар қояды. (Ақтау қаласының көрінісі, көп қабатты үйлер). − Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? − Ақтау қаласында нелер бар? − Мына суреттен не көріп тұрсыңдар? − Құрылысшылар үй салу үшін не істейді? − Құрылысшылар тас қалайды, балшық илейді, шатырын жабады. − Жаңа үйді кім тұрғызды? Сурет бойынша үлгі әңгіме: «Ақтау- менің туған қалам. Ақтау қаласында зәулім, биік, көп қабатты үйлер бар. Ол зәулім, биік, көп қабатты үйлерді құрылысшылар салады. Құрылысшылар үйдің қабырғаларын тұрғызу үшін балшық илеп, тас қалайды, үйлердің терезелерін қояды, есіктерін салады, шатырын жабады. Құрылысшыларға үйлерді салуға үлкен жүк көтергіш крандар көмектеседі. Сонымен қатар олар үй салу үшін балға, қалақ, күрек, балта, ара сияқты құралдарды пайдаланады» Сергіту сәті Балалардан Ақтау қаласы туралы әңгімелеуді ұсынады. Дидактикалық ойын:«Құрылысшыға не керек?» Мақсаты: Балалардың құрылысқа керекті кұрал түрлерін естерінде сақтап қалуларына көмектесу.
|
Сұраққа жауап береді
− Ақтау қаласын көріп тұрмын. − Ақтау қаласында зәулім, биік, көп қабатты үйлер бар. − Құрылысшылар үй салып жатыр − Құрылысшылар тас қалайды, балшық илейді, шатырын жабады. − Жаңа үйді құрылысшылар тұрғызды.
Әңгімені мұқият тыңдайды.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойынды ойнайды. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Туған қаласы туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Көктем келді» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту және көктем мезгілі туралы білімдерін бекіту.
Көрнекіліктер: көктем көрінісі бейнеленген сурет.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сурет бойынша жұмыс, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: жылғалардан, бәйшешек, жауқазын, бүршік
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Қар су болып жөнелді, Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш. − Балалар, өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылып тұр? − Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі туралы айтылған.
|
Шаттық шеңберіне тұрады Сұраққа жауап береді
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Енді біз, сендермен мына көктем мезгілі бейнеленген сурет бойынша әңгіме құраймыз. Мольбертке «Көктем келді» тақырыбындағы сурет ілінеді. Сурет мазмұны бойынша балаларға төмендегідей сұрақтар қойып, олардың жауаптарын тыңдайды. − Балалар, айтыңдаршы мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? − Ауа райы қандай? − Балалар қалай киінген? − Қызыл мойын орағышы бар бала не істеп жүр? − Ағаштардан қандай өзгеріс байқадыңдар? − Қардың астында қандай гүлдер өсіп тұр? Үлгі әңгіме: «Көктем келді. Қарлар еріп, жылғалардан су ақты. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Балалар серуенге шықты. Қызыл мойынорағышы бар бала өзінің күшігін ертіп шықты. Ол қағаздан ұшақ жасап ұшырып, риза болып жүр. Балалар көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектің гүлдегенін көріп таң қалды. Ағаштар да бүршік жара бастаған. Көктем мезгілі өте көңілді.» Бірнеше балаға әңгімелетеді. Сергіту сәті. − Балалар, енді сендермен Б.Қозыбековтың «Құстар келді» өлеңін оқып берейін. Себебі көктем мезгілінде біздің өлкемізге жыл құстары ұшып келеді. Құстар келді Қар су болып жөнелді, Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш. Келіп көктем құстары Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды. Б.Қозыбеков Өлең мазмұнын түсіндіреді. Ойын: «Тез атап шық» Мақсаты: Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін және зейінін дамыту. Топтасып және жеке жауап беруге үйрету. Шарты: Балаларды екі топқа бөлу. Суретте бейнеленген заттарды шапшаң әрі нақты атау арқылы ұпай жинау. − Балалар, сендер сурет бойынша қызықты әңгімелер құрадыңдар. Енді сендердің есте сақтау қабілеттеріңді байқағым келіп тұр. Кәне, бәріміз екі топқа бөлінейік. Мен суретті алып қоямын. Ал сендер суреттің мазмұны бойынша естеріңде қалған заттар мен кейіпкерлерді атайсыңдар. Әр топ кезек-кезек жауап береді. Әр жауапқа бір бәйшешектен аласыңдар. Қай топта бәйшешектер көп болса сол топ жеңіске жетеді.
|
Назары тәрбиешіде
Сұраққа жауап береді
Өз ойларынан сурет мазмұны бойынша әңгіме құрап айтады
Сергіту сәтін орындайды. Өлеңді мұқият тыңдайды.
Ойынды ойнайды. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Көктем мезгілі туралы білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» (ертегі)
Мақсаты: Ертегіні баяндау арқылы кейіпкерлердің қарым-қатынасын, сөйлесуін дауыс ырғағымен жеткізуге дағдыландыру, байланыстыра баяндай білуге үйретуді жалғастыру.
Көрнекіліктер: ертегі бейнеленген сурет.
Әдіс-тәсілдер: жұмбақ жасыру, ертегі оқып беру, сұрақ-жауап, мазмұнын айту, дидактикалық ойын ұйымдастыру
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Армысың, шапағатты Күн-Ана, Армысың, мейірімді Аспан-Ана, Армысың, қасиетті Жер-Ана, Армысың, балабақша, достарым!
|
Шаттық шеңберіне тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Балалар, мен сендерге мен жұмбақ жасырайын. Мұқият тыңдап, жауабын тауып көріңдер. Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай да шу. − Бұл қай аң балалар? − Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл- түлкі. (тәрбиеші үстел үстіне ойыншық түлкіні қояды) − Ал, енді екінші жұмбақты тыңдаңдар: Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады. − Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл- қоян. (тәрбиеші үстел үстіне ойыншық қоянды қояды). − Балалар, қазір мен сендерге біздің қорқақ қоян мен қу түлкі жайлы Тұрдақын Жексенбайдың «Түлкі мен қоян» ертегісін айтып беремін. Сұрақ-жауап арқылы әңгіменің мазмұнын пысықтау: − Қоян неден қашты? Ол қайда тығылды? − Қоянды не ұстап алды?Қоян көкке қарап не деді? − Түлкі неден қорқады? Қоян түлкіге қандай кеңес берді?− Қоян түлкіден қалай құтылды? Сергітусәті. − Балалар, қоян түлкіден қорыққанымен, ақылдылығының арқасында түлкіден құтылды. Бірнеше баланы тыңдау. Дидактикалық ойын: «Мұқият бол» Мақсаты: Балардың сөйлемдерді мұқият тыңдап, қателіктерін табуға баулу. Тыңдау, есту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шарты: Тәрбиеші жануарлар мен аңдардың төлдерін шатастырып сөйлем құрайды, ал балалар қатесін тауып, дұрыс жауабын береді. − Балалар, енді «Мұқият бол» ойынын ойнайық. Мен сөйлемдер айтамын. Сендер сөйлемдегі қателіктерді табыңдар.Түлкінің баласын көжек деп атайды. - Қасқыр үй жануары. - Аю өте кішкентай жануар. - Қоян батыл жануар. - Қоянның баласын түлкішек деп атаймыз. - Түлкі мен қоян тату достар. - Аң патшасы түлкі. − Қасқырдың баласын қонжық деп атаймыз.
|
Жұмбақты мұқият тыңдайды.
Сұраққа жауап береді − Қу түлкі. -қоян
Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді
Сергіту сәті
Мазмұнын айтып береді
Дидактикалық ойынды ойнайды
Сөйлемдерді мұқият тыңдап, ондағы қателіктерді табады және сөйлемді дұрыс айтады |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ертегі мазмұнын білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
Күні:
Білім беру салалары: қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қоянның туған күні» (ойдан ертегі тудыру)
Мақсаты: Балаларды берілген тақырып бойынша ертегі ойлап табуға, онда бірнеше кейіпкердің рөлін көркемдеп сипаттай білуге үйретуді жалғастыру.
Көрнекіліктер: ертегі бейнеленген сурет.
Әдіс-тәсілдер: жұмбақ жасыру, ертегі оқып беру, сұрақ-жауап, мазмұнын айту, дидактикалық ойын
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотиватциялық- қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі. Есік қағылып, хат тасушы сиқырлы қобдиша қалдырып кетеді
|
Жарты шеңбер болып тұрады
|
Іздену - ұйымдастырушы
| Сиқырлы қобдишаны ашып, ішінен түрлі аңдардың, т.б ертегі кейіпкелерінің бейнелерін шығарады. − Балалар, мына аңдарды, кейіпкерлерді қатыстырып, «Қоянның туған күні» деген тақырыпта өз ойларыңыздан әңгіме құрастырайық. − Ал, мен сендерге көмектесіп, әңгімені бастап берейін: «Ерте, ерте, ертеде қоян өзінің туған күніне ормандағы достарын қонаққа шақырады. Түлкі, қасқыр, аю – бәрі қонаққа келеді. Ары қарай өздеріңіз жалғастырыңыздар...» Балалардың әңгімесін тыңдап болған соң өзінің үлгі әңгімесін айтып береді. Үлгі әңгіме: «Ерте, ерте, ертеде қоян өзінің туған күніне ормандағы достарын қонаққа шақырады. Қоянның туған күніне түлкі, қасқыр, аю қонаққа келеді. Аңдар қоянға әртүрлі сыйлықтар әкелді. Аю баянда ойнады. Қоян биледі, ал қасқыр ән айтты. Түлкі жұмбақ жасырды. Қоянның туған күні өте көңілді өтті.» Сергіту сәті Дидактикалық ойын: «Қандай? Не істейді?» Мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, сын есім мен етістіктерді дұрыс қолдана білуді үйрету. Шарты:Әр аңды сипаттау. Мысалы: − Қоян қандай? – қорқақ, кішкентай, мейірімді, еңбекқор, сұр, үлпілдек. − Қоян не істейді? – ұйықтайды, секіреді, жүгіреді, кеміреді, билейді, дірілдейді, қорқады, қашады... − Қонақтар туған күнде не істейді?- қуанады, көңілденеді, ойнайды, ән айтады, жұмбақ жасырады, шай ішеді, тамақтанады. |
Хатты мұқият тыңдайды.
Әр түрлі мазмұнда әңгімені әрі қарай жалғастырып айтып береді.
Сергіту сәті Дидактикалық ойынды ойнайды
|
Рефлексті - Коррекцялаушы | Оқу іс -әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
| Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Ойдан ертегі тудыра білу керек
Болуы керек:Оқу іс-әркетіне қызығушылығы болу керек.
Қолынан келуі керек:Сұрақтарға толық жауап беру керек.
object(ArrayObject)#863 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(30) "?сімдік топтары. " ["seo_title"] => string(15) "osimdik-toptary" ["file_id"] => string(6) "137526" ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1417363922" } }
object(ArrayObject)#885 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(50) "Ашы? саба? "?сімдік м?шелері" " ["seo_title"] => string(31) "ashyk-sabak-osimdik-mushielieri" ["file_id"] => string(6) "148177" ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1419606788" } }
object(ArrayObject)#863 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(33) "Б?лме ?сімдіктері. " ["seo_title"] => string(21) "bolmie-osimdiktieri-1" ["file_id"] => string(6) "219416" ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1434169089" } }
object(ArrayObject)#885 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(163) "?сімдік тіршілігіндегі суды? р?лі. Су?а ?атынасы бойынша ?сімдіктерді? экологиялы? топтары." ["seo_title"] => string(88) "osimdiktirshilighindieghisudynrolisugakatynasyboiynshaosimdiktierdinekologhiialyktoptary" ["file_id"] => string(6) "256670" ["category_seo"] => string(9) "biologiya" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1448196473" } }
object(ArrayObject)#863 (1) { ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) { ["title"] => string(46) "Мейірімділік -асыл ?асиет" ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-5" ["file_id"] => string(6) "286550" ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi" ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki" ["date"] => string(10) "1454349709" } }
Пожалуйста, введите ваш Email.
Если вы хотите увидеть все свои работы, то вам необходимо войти или зарегистрироваться
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт