Мектепалды даярлық «» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы: Бидайдың масағы
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Мүсіндеудің әдістерін бекіту. Шеберліктерін машықтандыру.
- Оқыту: Балаларды бірнеше бөліктен тұратын затты мүсіндеуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Шаттық шеңбер
Қолымызды созайық,
Күннен шуақ алайық.
Қуанайық,күлейік.
Шаттанып,біз жүрейік.
Апайларға сәлем берейік.
Балалар орындарына отырады.
ІІ. Негізгі бөлімі:
Жұмбақ шешу.
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. ( Бидай)
Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа. (Масақ)
Балалар бүгін біз бидайдың масағы туралы мәлімет аламыз.
Балалар мынау менің қолымдағы бидайдың масағы.Бидай негізі азық-түлік дақылы.Оның дәні,кебегі,сабаны құнарлы мал азығы. Бидандан біз көптеген тағам түрлерін дайындаймыз.Ол бізге үлкен еңбекпен келеді.Бидайды өсіріп,баптап өсіретін адамды диқаншы дейміз.
Суретпен жұмыс жасау.
Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
Адамдар бидайды жинап жатыр.
Адамдар бидайды егіс алқабынан жинап,қоймаға апарады.Бидайды қауызынан тазартып,одан ұн алады.Ұннан түрлі өнімдер жасаймыз.
Олар:Нан,макарон,кондитерлік тағамдар.
Нанды қайда пісіреді?
Наубайханада.
Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Бидай туралы мақалдар.
Мағынасын түсіндіру.
1.Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
2.Диқан жерін анасындай сүйеді.
Жер диқанға баласындай иеді.
3.Диқаншы жерін мақтайды.
Балықшы көлін мақтайды,
Кәсіпкер кенін мақтайды.
Балалар ендеше бидайдың масағын жасайық. Ол үшін ермексазды екі алақаның ортасына салып ұзынша етіп илеу. Ұсақтап масағын жасау.
ІІІ. Қорытынды:
Бидай қайда өседі?
-Егістікте.
-Бидайдан не аламыз?
-Ұн.
-Ұннан не аламыз?
-Нан жасаймыз.
Жақсы ат салысқан балаларды мадақтау.
Қызыл телпек алмалар таратып береді.