Ұйымдастырушылық ізденістік | -Ал, балалар оған немен барсақ екен? -Олай болса мен сендерге автобусқа отыру үшін билет таратып берейін, енді автобусқа жайғасайық. -Біз қалай жүреміз біздің жүргізушіміз жоқ, мен біреуіңді жүргізуші қылып тағайндаймын кәне Баубек сен біздің жүргізушіміз боласың. -ал енді жүрейік, - Балалар біздің автобусымыз неге от алмай тұр, саяхаттап баралмайтын болдықпа, мүмкін біреуің туған қаламыз туралы тақпақ айтып берсеңдер автобусымыз от алатын шығар. -Иә,Бейбарыс айтағой. -Жақсы екен тақпағың енді көрейікші от ала ма екен. Автобустың от алған дауысы шығады балалар қуанады. -Балалар бздің «Қандай жақсы бақшамыз» деген әнімізді айтайық, міне біз бірінші аялдамаға келіп те жеттік, кәне түсеміз асықпаймыз. -Қараңдаршы бұл біздің кино театрымыз, қуыршақ театыр және мұражайымыз мұндакөне заманнан келе жатқан естеліктер сақталған, ал мұнау Абылайхан Резиденциясы мұнда өздерің көріп тұрғандай алаңда Абылайхан аталарыңның атта отырған мүсіні, артқы жағында онда солкісінің атындағы мұражайы. - Балалар, енді қараңдаршы менің қолымда қағаздың кесінділері бар, осыны құрастырып көрейікші, қандай сурет шықты? -Жақсы балалар,ал енді екінші аялдамамызға мына ізбен жүрейік бұл із бізді қайда апарады екен? - Мұнау мектеп, колледж, университетіміз, ертең сендер өскенде осы жерлерде білім аласыңдар. -Енді арғартай жүрейік, ой балалар үшінші аялдамамызға жету үшін мына бағдаршамнан өтуге тиіспіз, кәне біз сапқа тұрұп мына жалаушаны ұстайды бірінші тұрған балалар және соңында тұрған балалар бағдаршамды кім жақсы біледі екен, қызыл түсі жанғанда? Сары түсі жанса?Жасыл түс жанса? Иә, балалар жасыл түсіміз жанды, жолдан абайлап өтеміз. -Ал, мұнда біздің саябағымыз қандаи әдемі ішінде әр – түрлі карусельде бар, саябаққа ата – аналарың мен бардыңдар ма, онда сендерге ұнадыма? Мүмкін осындай демалыс орнына арналған тақпақ білетн шығарсыңдар? -Қандай жақсы тақпақ, рахмет саған Мадина. Әрі қарай тамашалайық мұнда біздің қаламыздың түнгі суреттері бейнеленген қандай әдемі, тамаша. - Балалар қараңдаршы менің қолымда ненің барекенін? Иә, дұрыс бұл жәй жіп емес бұл жіп бізге жол көрсетеді, қанекей артынан еріп барайық. -Бұл біздің туған жеріміздің табиғаты, қандай тамаша қарасаң көз тоймайды мүмкін осы табиғатымызға арналған тақпақ білетін шығарсыңдар -Иә, Аружанды тыңдайық - Ой, рахмет табиғатымызға арналған тақпағың қандай жақсы. Балалар осымен біздің саяахатымыз аяқталды,балабақшаға қайтатын уақыт болды. Автобусқа қайтадан жайғасып отырып балабақшаға жетейік. -Балалар сендер саяхаттан шаршаған шығарсыңдар? -Ендеше сергіту сәтіне тұрамыз. Сергіту сәті: Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін. Екі қолың не үшін керек? Бір біріне көмектесу үшін керек. Құлақтарың не үшін керек? Жақсыларды есту үшін. Аяқтарың не үшін керек? Алыс кетсек туған елге Жету үшін керек. -Жақсы балалар орындарыңа отырыңдар. -Балалар туған елімізге деген төрт парызымыз бар осы парызды кім айтып береді маған? -Баубек өте жақсы,дұрыс айтып бердің. | -Иә, барайық. -Автобуспен. Балалар автобусқа жайғасады. Баубек қуана келіседі. -Мен айтайын туған қалама тақпағым бар. -Туған қалам сенен қуат аламыз Қияға қанат қағамыз Елге шырақ жағамыз Өзіңнен бақыт табамыз. -алақай -алақай. Мен әр көрсетіліп жатқан суретті таныстырып отырамын. -қуыршақ театыры. -тоқтаймыз. – дайындаламыз. – жүреміз. - Мен білем айтып береиінші. Туған жер сәніміз, Мәуесі мол бағымыз. Саясында жетілер, Балдай бала шағымыз. (Мадина) - жіп. -иә,керемет. - Мен білемін Көгінде күн нұрұн төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу неткен көркем, Осы менің туған өлкем. (Аружан) -иә Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. - Мен айтып береиін Туған жерді – Сүю парыз, Сүю үшін білу – парыз, Қасиетін ұғу – парыз, Күзетінде тұру парыз. (Баубек) |