Дәлелдеп талаптану | Тәрбиеші балаларға сұрақ қою арқылы сабақты бастайды. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі екенің қайдан білдіндер? Аптаның қай күні? Ал,қазір қай уақыт? | Көктем мезгілі Далада қар еріп жатыр.Күн жылыды. Құстар жылы жақтан ұшып келіп жатыр Бүгін сәрсенбі Қазір таң |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Сәлеметсіңдер ме,балалар? Мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын сендер маған оның шешуін айтып беріңдерші. Көзінде көзілдірігі бар,көп оқиды.Әжеге көмектеседі,дүкенге барады. Немерелерімен ойнайтын ол кім?Дұрыс айтасыңдар, ол ата. Ал сендердің аталарың қандай?Балалар ал сендер білесіңдер ме әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады:Ата,әже,апа,әке,ана,аға,іні,әпке,қарындас,сіңлі және т.б.Олар кез келген істі бірігіп атқарады,бір-біріне көмектеседі. Отбасында біз үлкендерді сыйлауға,кішілерге көмек көрсетуіміз керек. Тәрбиеші мысал ретінде суреттерді көрсетеді. Ал,енді балалар суретке қарайықшы онда сендер не көріп тұрсындар? Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? Отбасы дегеніміз не? «Менің жанұям» саусақ жаттығуы Дид.ойын: «Кім жоқ?» Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3-4 бала енді өз отбасы туралы айтып береді. Тіл ұстарту жаттығуы: Шы-шы-шы, әкем менің аңшы. | Балалар «Ата» деп жауап береді. Балалар әртүрлі жауаптар айтады. Балалар сұрақтарға жауап беріп отырады. Ата, әже,әке,ана т.б. Отбасы деп жауап береді Саусақ жаттығуын тәрбиешімен бірге жасайды. Ойынға деген қызығушылықтары артады. Әңгіме айту арқылы тілдерін дамытады. Артикуляциялық жаттығуды қайталайды |
Рефлексивті-коррекциялау | Балалар біз бүгін кімдермен таныстық? Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? | Отбасымен Ата,әже,әке,ана,апа, аға т.б. |