Ұйымдастырушылық ізденіс | Сюрприздік сәт: Есікті біреу қағады,тәрбиеші барып есікті ашса онда қуыршақтар кіріп келеді. Балалар,қарандаршы қонаққа бізге кім келді?Бірақ олар көңілсіз көрініп тұр.Оларға не болғанын сұрайық? Қуыршақтар: Біз қашанға дейін сөреде отыра береміз? Ойнағыларымыз келеді, балабақшаға барғымыз келеді, бірақ балабақша не екенін де білмейміз. Тәрбиеші: Сендер қамықпандар, қазір сендерге балалар көмектеседі. Олар балабақша туралы айтып береді. Балалар, балабақша бұл не?Сендер балабақшада не істейсіңдер?Ал сендерге балабақшаға баруға ұнайды ма?Балалар, балабақша бұл жай үй емес, осында апайларын бар. Олар сендерді неге үйретеді?Дұрыс айтасындар,балалар. Жарайсыңдар,сендер балабақша туралы біраз ақпарат бердіңдер. Балалар, қарандаршы қуыршақтар бізге бірдене әкелді. Конверттің ішінде не бар екен көрейік. Қуыршақтар: Біз сендерге екі суретті әкелдік, бірақ суретте кім екенін білмейміз. Сендердің көмектерін қажет. Тәрбиеші: енді сендер суретте кімдер екенін білетін боласындар.Жарайсындар,балалар сендер шаршаған боларсыңдар. Қане біз бәріміз бірге сергіту жаттығуын жасайық. Қуыршақтарға үйртейік. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық Аяқ пенен қолдарды Біз жаттықтырып алайық Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Енді бірге бәріміз Орнымызға отырамыз. Қуыршақтар: балалар, біз сендерге тағы бір нәрсе әкелдік. Мұнда аспазшының және медбикенің құралдары. Мынау қуыршақ асығып бара жатқанда қорапшаны түсіріп алды. Енді ішіндегісі бәрі шатасып қалды. Енді бізге көмек керек. Дидактикалық ойын: «Құралдарды ажырат» Мақсаты: балалар қорапшадаға заттарды алып, аттарын айтады. Аспазшы және медбикенің құралдарын ажыратып реттеп қояды. | Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда болады. Бізге қонаққа қуыршақтар келді деп жауап береді.Қуыршақтардың келгеніне мәз болады. Балалар балабақша туралы өз білгендерін айтып береді. Бұл үй. Ойнаймыз, өлең айтамыз, серуенге шығамыз... Балалардың жауаптары. Ғажайып қорап пен сиқырлы сандықшада не бар екенін білгілері келеді. Бұл конверт. Бірінші аспазшының суреті. Ол бізге тамақ пісіреді. Оның аты ... Екінші дәрігеріміздің суреті. Ол бізді емдейді. Прививкаларды істейді. Оның аты ... Аспазшы: көкөністер, кастрюль, ожау... Медбике: градусник, шприц, бинт, мақта... |