І кезең Мотивациялық -қозғаушы | Шаттық шеңбері: Айдай жарқырап, Күндей жадырап. Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық. Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанасы қалай атаймыз? Үй қандай бөліктерден тұрады? Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? | Балалар шатық шеңберін айта отырып бір біріне деген жылы лебіздерін білдірді. Үй Төбесі, есік, терезе , үйдың қабырғасыннан тұрады. Төбесі үшбұрышқа, есігі тік төртбұрышқа, терезесі төртбұрышқа, қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды. |
ІІ кезең Ұйымдастырушылық -ізденушілік | Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған үйдың неше терезесі бар екенін санайық Балалар мен сендерге әр терезеде жұмбақтар бар екен мен сендерге соны оқып берейін 1. Терезе Қамыс құлақ, мінсең қанат тостаған тұяқ, сүті дәрі, еті тамақ. 2. Терезе Үстінде екі тауы бар, Қызық бір жануар. 3. Терезе Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар 4. Терезе Екі айнасы бар, Екі найзасы бар. 5. Терезе Үй жанында өмір сүреді Біреу келсе үреді 6. Терезе Сүтті жақсы көреді Жылы жерде ұйықтайды 7. Терезе Секең- секең етеді, Таумен тасқа жетеді. Жұмбақ шешілген терезе ашылып ішіннен көрінген үй жануарлары тақтаға ілінеді. Сурет арқылы үй жануарларын таныстыру, әр жануардың ерекшелігін түсіндіру. • Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме? • Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз? • Олар немен қоректенеді; • Олардың бізге берер пайдасы бар ма? Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы. Ненің суретін көріп отырмыз? Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз. Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады? . Д/қ ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр». Мақсаты: Әр балаға суреттер беріледі сызық арқылы төлдерін қосу. Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағың Ботам былай жүреді Сыртылдатып тұяғын Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын Ойнақтайды ботақан Көкке қарай мұрынын Шүйіреді бұзауқан. | 1, 2, 3, 4, 5, 6 Жылқы Түйе Қой Сиыр Ит Мысық Ешкі Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйелер Олар адамның көмегімен үйде өсіріледі. Шөп, жем, сумен қоректенеді; Біз олардың сүтін, етін, жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз. Түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі. • Сиырды - аухау - аухау дейміз. • Түйені - көс - көс дейміз. • Жылқыны - қырау - қырау дейміз. • Қойды - пұшайт - пұшайт • Ешкіні - шөре - шөре дейміз Балалар сызық арқылы өлдерді иелеріне қосты. Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды. |
ІІІ кезең Рефлексивті – түзетушілік | Енді балалар мына үй жануарлары мен жабайы аңдарды суреттер арқылы ажырату. • Үй жануарларына нелер жатады екен? • Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз? • Жануарлар қалай дыбыстайды? | Үй жануарлары үйде, жабайы аңдар орманда тіршілік етеді. Жылқы, қой, сиыр, ешкі, мысық, ит Балаларды сұрақ - жауап арқылы, үй жануарлар суреттері арқылы марапатталды. |