kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Фигуралар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу іс-әрекеті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Фигуралар»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМҰҚ

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Фигуралар

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

1.Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтау, «көпбұрыштың қабырғалары», «фигураның бұрышы» түсініктерін нақтылау.

2. Балалардың зейіндерін,есте сақтау,ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Балаларды топта жұмыс істей білуге,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: әліппе- дәптер,геометриялық пішіндер,ойын.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жайнап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар шеңберге тұрады.

Ұйымдастыру- іздестіру

1. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз пішіндер немесе геометриялық фигуралар туралы көптеген мәлімет аламыз.

Ал енді назарымызды «Электронды әліппеге» аударайық.Ол не дер екен? «Пішіндер» әні

-Қандай фигуралар түрін айтты?

-Шаршы,шеңбер , тікбұрыш,сопақ, жұлдыз,үшбұрыш туралы айтты.

-Бұл фигуралардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Үшбұрыш, шаршы,тіктөртбұрыш,яғни көп бұрышы бар барлық фигуралар көпбұрыштарға жатады.

Балалар,шеңбер мен көпбұрыштарды дөңгелетіп көрелік. Көпбұрыш шеңбер сияқты дөңгелемейді.Оған бұрыштары кедергі келтіреді.

Жұмбақтар.

1.Шуақ шашқан

Күнге ұқсаймын көбірек,

Менің атым (дөңгелек)

2. Барлық шатыр

Ұқсайды тек өзіме.

Бірден білер

Құлақ асқан сөзіме. (Үшбұрыш)

3.Теледидар таныс екен баршаға,

Ал пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).

-Шаршы,дөңгелек,үшбұрышты екі сөзбен қалай атауға болады?



2.Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Фигуралар қандай белгісі бойынша топтастырылған?

а)пішіні бойынша ә) пішіні бойынша б) түсі бойынша в) бұрышы


3.Сергіту сәті. «Біз де санай аламыз»

Мұнда бері қараңыз,

Біз де санай аламыз.

«1,2,3» дегенде

Түзу тұра қаламыз.

«4,5,6» дегенде

Алға қадам басамыз.

Бәрін қайта бастаймыз:

Шатаспаймыз,санаймыз.

«1,2,3» дегенде,

Қол соғуға болады.

«4,5,6» дегенде,

Созыламыз жоғары


2-тапсырма

-Балалар ,алдымен берілген фигуралармен танысып алайық. Балалардың назарын үшбұрыш,төртбұрыш,бесбұрыш,алтыбұрыш, сегізбұрыш салынған плакатқа аударады.Барлық фигуралардың көп қабырғасы,төбесі,бұрышы бар.

Фигураларды қабырғаларының саны азынан көбіне қарай сызық арқылы қос.Қабырғаларының саны ең көп фигураны боя.


3-тапсырма.

Есеп құрастырамыз және шығарамыз.

а)Сөреде 6 стақан тұр еді.Самат тағы 2 стақан әкеліп қойды. Сөреде барлығы неше стақан болды?

Шешуі:6+2=8 Жауабы:Барлығы 8 стақан

ә)Алаңқайда барлығы 1 аю мен 5 қонжық жайылып жүр еді.Аю кетіп қалды.Алаңқайда неше қонжық қалды?

Шешуі:5-1=4 Жауабы: 4 қонжық қалды.


4-тапсырма

5 және 6 цифрларын жазу.

5-тапсырма.

Суретті көшіріп сал.


Көңілді фигуралардан не құрастыруға болады?

-Балалар,біз берілген фигуралардан кеме құрастыруымыз керек.Ол үшін бәріміз бір-бірден фигура таңдаймыз.Оны өз орнына желімдеу үшін математикалық өлең есептер шығарамыз.

1.Үшеу еді қызғалдақ,

Екеу еді түймедақ.

Қанша болды көріп ал,

Сана-дағы теріп ал. (3+2=5)

2.Шанада отыр үш бала,

Жай қарап тұр бір бала.

Айта қойшы,ойнап жүр,

Қанша бала далада? (3+1=4)

3.Ұшып жүр үш көбелек,

Қонып отыр үшеуі.

Тоқтап енді қалмашы,

Бәрі қанша санашы. (3+3=6)

4. Айдос үш тал балықты,

Айдар төрт тал балықты,

Қармақ салып өзеннен,

Бүгін ұстап алыпты.

Шелегіне қарайық,

Қанша болдды санайық. (3+4=7)

5.Айша терді бес алма,

Жанар терді үш алма.

Қыздардың бар алмасы,

Қанша болды санашы. (5+3=8)

6. Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды? (5-3=2)


7.Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі? (5-3=2)

8. Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік? (4+1=5)

9.Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма? (5-5=0)


Балалар геометриялық пішіндерді танысу мақсатында «Пішіндер әнін» тыңдайды.

















Жұмбақтардың шешуін табады.







Геометриялық пішіндермен танысады.





Тапсырмаларды орындайды.









Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.















Тапсырмаларды орындайды.



















Балалар ауызша есептеуге үйренеді.




























Тапсырманы орындайды.

















Балалар ауызша есептеуге үйренеді.








































Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды

-Балалар,біз бүгін қандай фигуралармен таныстық?

-Мысықтың суретіне назар аударайық.Суретте неше үшбұрыш бар? Дөңгелек нешеу?Тік төртбұрыш ше?

-Мына суреттегі заттар қай фигураға ұқсайды? (Теледидар,үтік,алма)

-«Жоғалған фигураны тап» ойынын ойнайық

Мадақтау

Сұрақтарға жауап береді.

-3 үшбұрыш

-4 дөңгелек

-3 тік төртбұрыш


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Геометриялық пішіндер мен денелердің аттарын білу керек

Нені игереді

Есеп құрастыра алуды игереді.

Нені біледі

Қарапайым есептерді шешуді үйренеді.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Фигуралар

Автор: Салыкбаева Гульмира Сидыховна

Дата: 16.02.2017

Номер свидетельства: 392405

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Математика 1сынып "Жазық фигуралар""
    ["seo_title"] => string(36) "matiematika_1synyp_zhazyk_fighuralar"
    ["file_id"] => string(6) "363897"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480432120"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Фигуралар "
    ["seo_title"] => string(10) "fighuralar"
    ["file_id"] => string(6) "178577"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424857348"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Фигуралар. "
    ["seo_title"] => string(12) "fighuralar-1"
    ["file_id"] => string(6) "215792"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432797574"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Геометриялы? фигуралар. Периметр. Аудан. "
    ["seo_title"] => string(45) "gieomietriialyk-fighuralar-pierimietr-audan-1"
    ["file_id"] => string(6) "161086"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422180435"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Геометриялы?  фигуралар. Периметр.Аудан."
    ["seo_title"] => string(45) "gieomietriialyk-fighuralar-pierimietr-audan-3"
    ["file_id"] => string(6) "253786"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447667076"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства