kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика кітапша

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

       Дидактикалық ойындар балалардың білімін кенейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.

       Ойын үстінде бала өзін  еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика кітапша»

«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№7 бөбекжай-бақшасы» МҚКК

















Қостанай қаласы

Алғы сөз.


Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кенейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденім

паздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын

молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын

сабақтар және дидактикалық тапсырмалар.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады.Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп

нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.

Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау,ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.

Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру,математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.













Дидактикалық ойындар.


«Сипаттамасы бойынша тап» ойыны.

Мақсаты: Ұзын–қысқа, жуан-жіңішке, үлкен–кіші, оң-сол, ұғымдарын қайталау.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар,таяқшалар т.б.

Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір – біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.


«Дүкен» ойыны.

Мақсаты: сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.

Ойынның мазмұны: ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен, сусымалы заттар таразыға салынып өлшейді.

«Өз жұбыңды тап» ойыны.

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Ойынның мазмұны. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама – қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бірі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгірі келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.


1

« Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стөл бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде тәрбиешіге айтады.

Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.

«Ол не?» ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.

Керекті материалдар: Балалардың санына есептеліп, бөлшектклген ағаш матрешкалар.Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы:Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.

Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,

Жинағанда бір ойыншық сияқты.

Матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенін анықтайды.

«Қолымда не бар?» ойыны.

Мақсаты: Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол; кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түсіну сезімдерін дамыту.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны. Балалар қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалы, үлкен және кіші тасты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында-кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдей екі қарандаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір-біріне ұсақ 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

2

«Өз жұбынды тап»

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.

Керекті материалдар:Балалар он адамнан кадандаға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы баладардың омырауында-суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанның соғады. Бәрі неше соққы болғаның санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық бала өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.


«Дабыл соғу»

Керекті материалдар: бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті бар салынған карточкалар (әр балаға бір карточка берілуі тиіс)

Жаттығудың мазмұны: Мұғалім дабыл соғады немесе столды тақылдатады. Балалар неше соққы болғаның іштерінен санап, карточкасында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді. Балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс. Мысалы «Сіз үш рет соқтыңыз, ал менің карточкамда үш балапанның суреті бар».


«Осы, өткен, келер уақыт»

Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру; бар, қазір, бүгін-осы шақ; болды –өткен шақ; ертең, болады-келер шақ.

Ойынның ережелері: Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және болатынын айту. Барлық уақытты белгілермен көрсетеді: осы шақ-көгілдір түспен, өткен шақ-сұр-түспен, келер шақ-қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсететінін көреміз.Қане, бастайық!Бүгін балалар мектепке бара жатыр.

Кеше біз саяжайдан келдік.Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.

Құстар ұя салып жатыр.Тауда ұяда балапандар пайда болды.

Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.


3



«Үй тұрғызайық»

Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен-кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап керекті нәрсені таңдай білуді үйрету.

Керекті материалдар: Әрбір балада үлкен-кішілі үйдің бөлшектері (төбесі,есігі,терезесі т.с.с.) Тәрбиеші үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгіні қыстырады.Балаға тапсырма. Үй тұрғызу, үлгіге қарап оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналастыру.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға ағаш ұштасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғаның айтып оларды көрсетеді. Балалар үй бөлшектерінің пішінің, үлкен-кішілігін атап, үй мен бөліктердің арасындағы кеңістік қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырыфп көріп, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік «ағаш ұстасын» атайды.

«Көліктерді гараждарға орналастыр»
Дидактикалық тапсырма: басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру; түсі бойынша көліктерді айыра білу; аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу; грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыру. 
Материал: басты түстермен боялған кубиктер мен кірпіштер; аталған түстердегі ойыншық машиналар; Басшылық: тәрбиеші балаларға машиналарды көрсетеді. Гараждың не үшін қажет екендігін балалардан сұрайды. Гараж қандай болуы тиіс? Көлікті гаражға кіргізу үшін не істеу қажет? Балаларға әр түрлі түстегі құрылыс материалдарын көрсетеді. Екі түстен- көк және сары түстен бастау қажет, кейіннен қызыл және жасыл түстерді енгізу қажет. Балалар қателеспей екі түстегі затты айыруды үйренгенде, оларға барлық төрт түске боялған ойыншықтарды ұсынуға болады. Тәрбиеші балаларға кірпіштерден гараж құрастыруды ұсынады. Құрылыстың бірнеше тәсілдері бар. Балаларға жолда тұрған көліктерді қарастыруды ұсынады. Тәрбиеші әр көлікті көрсете отырып, оның қандай түске боялғандығын сұрайды. Егер балалар аталған көлік түсін сенімсіз атаса басқа нұсқа қолданылады: тәрбиеші бір

4

түсті атап, аталған түске боялған көлікті тауып беруді сұрайды. 
Тәрбиеші еденде бордың көмегімен жол суретін салады. Балаларға ойын ойнауды ұсынады: тәрбиешінің айтқандарын тыңдап,аталған түстегі гаражды тауып, машинаны гаражға кіргізеді. 

«Апта күндері»

Мақсаты: Апта күндерін есте сақтау.

Керекті материалдар: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суреті салынған 7 және суреті жоқ 1-2 тәж.

Ойынның мазмұны: Мұғалім балалардың мынаған келісіп алуын өтінеді. Бір таңба бар тәж аптаның екінші күні сейсенбі және т. Б. Білдіреді. Балалар апта күндерінің атын хормен қайталайды.

Тәрбиеші тақта алдына 7 баланы шақырып, оларға тәждерді таратып береді. Тақта алдына шақырылған баланың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап тұрып: «Сабыр-сәрсенбі», «Мен жұмамын» және т.с.с. дейді.

Осыдан кейін тәрбиеші аптаның кез келген күнінің атын дауыстап атайды, мысалы: «сәрсенбі» деген соң өзін «сәрсенбі» деп білетін бала алдыға шығып тұрады. «Апта күндері, сапқа тұрындар» деген берілісімен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиіс. Сапқа тұруда қателік болса, оны орындарында отырған балалар бірден байқайды. Бұдан соң тәрбиеші тақта алдына келесі жеті баланы шығарады т.б.

«Жоғарыда-төменде»

Кім биік? Кім аласа?

Керекті материалдар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген декаративтік таблица.Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдызшаның, самолеттың, құстың, инеліктің, балықтын, түрлі аңдардың картоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойылады.

5

Ойынның барысы: Бала қорапқа қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орның анықтап, декоративтік таблицаға бекітеді. Мысалы бала самолетті таблицаның жоғарғы жағына-аспанға, ал балықты-төменгі жағына судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: самолет жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді дейді т.с.с.

Бұл жаттығу «Жоғарыда, төменде», «биік-аласа» ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуді үйретеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады.


«Шырша және саңырауқұлақ»

Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету.

Сөйлесу қабілетін арттыру. 
Материал: жасыл және қызыл түске боялған қораптар, аюдың бас киімі. 
Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды. Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі. 
Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді? 
Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада тұрады. Аю ортада тұрып секіреді,балалар қол соғады. 


«Қуыршақтарға өз ойыншықтарын табуға көмектес»

Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру. 
Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар. 
Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті қуыршақты қарау барысында тәрбиеші

6

оның көйлегінің әдемілігіне назар аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады. 
Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы: саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді тапсырады. 
Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды ұсынады.Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті саңырауқұлақтарды таңдайды. 
Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан таяқшаларды таңдауды ұсынады. 
Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді. 

«Қызықты төртбұрыштар» ойыны 
Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру. 
Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі.
Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер

7

салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар.

«Ол не»? ойыны 
Мақсаты:Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету. 

Керекті материалдар:Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар. 
Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкенматрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру. 
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: 
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы, 
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты. 
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей, 
Жиналғанда бір ойыншық сияқты. 
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады. 
Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз аталады. 
Ойынның ұзақтығы 10-15 минут.



8

«Шарлар» ойыны.

Дидактикалық міндеті: Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған. 
Қажетті материалдар:30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді. 
Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады. 
Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді. 
Ойынның ұзақтығы мен қайталануы 
Ойын ұзақтығы 15 минут, 1-2 рет қайталап ойнауға болады


«Геометриялық пішіндер» ойындар.

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. 
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. 
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып,

9

мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. 
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: 
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. 
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. 

«Дәл осындай пішінді тап»

Ойынның мақсаты:геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны:алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. 

«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) 
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.


«Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. 

10

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

«Кім зейінді?»

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. 
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер. 
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады. 


«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

«Өз үйіңді тап»

Ойынның мақсаты:түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.

11


Ойынның мазмұны:Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады. 

«Вагондарға дөңгелек таңдау»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады. 

«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді. 

«Сиқырлы қапшық»

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 


«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын — қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. 

12

«Үй құрылысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. 
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Бет орамалға лайық жамауларды табу»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған киімдердің үлгісі, әртүрлі пішіндер. 
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну. 

«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар. 

13


Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру. 

«Қай қолымда көп»

Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер 
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады. 

« Жұбын тап»

Мақсаты:геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері. 
Мазмұны:Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру. 

«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар 
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады. 

«Тапсырманы орында»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

14

«Әдемі кілемшелер»

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды. 

«Зейінді бол»

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. 
Барысы:Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? 
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. 

15

«Гараждар»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар. 
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» — деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.

«Қандай пішін шықты?» 
Мақсаты:Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу. 
Көрнекілік:Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары 
Барысы:Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. 
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

16

«Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. 
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. 
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. 

«Біркелкі пішіндерді сана» 

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана) 
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» 
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. 
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер. 
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.


«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. 
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. 

«Қолымда не бар?

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар. 
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату.

17

Мысалы,үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. 


«Сипаттамасы бойынша тап»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы. 
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады. 

«Тәулік бөліктері » 
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер күн мен түн.
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 

18


«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты:Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік:Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. 
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»


«Доппен ойнау»

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: доп. 
Ойынның мазмұны: Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 

«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 


«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. 

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды. 

19


«Танып ал да, атын ата»

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. 


«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Суретті карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. 

«Ойыншықты тап»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Топтағы ойыншық. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. 


«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Суретті карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. 

20

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. 
Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. 
Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, — деп сипаттап айту керек. 

Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар. 

«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Суретті карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. 

«Заттарды сана»

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру.

2.Көкіністер санымен сандарды тауып қою.

3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту. 
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар. 
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау. 

«Тез ойла» 

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту.

2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету.

3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу. 
Көрнекілік: Топтағы заттармен. 
Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 


21

«Автобус» 
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Сандық карточкалар. 
Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 
5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.

«Нешінші?»

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. 
Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар. 
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру. 

«Қол соғу»

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру. 
Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/ . 
Барысы: 1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 
2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

22

«Қанша? Қандай?»

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 
2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру. 
Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша) 
Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады. 

«Әрі қарай кері сана»

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау. 
Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» — дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» — дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады. 

«Жәндікте неше аяқ бар?»

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. 
Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер 
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады. 


«Қанша болса, сонша»

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру. 
Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу) 
Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау. 

23


«Неше саңырауқұлақ немесе көкіністер?»

Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана) 
Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды. 

«Қандай сандар жетіспейді?» 

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету. 
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар. 
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек. 

«Көрші–көрші»

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салысты үйрету. 
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10. 
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады. 

«Сандар шатасты»
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.

24

«Қай вагонға мінемін?»

Мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған

карточкалар.

Ойынның барысы: амалдарға берілген сан өрнектері жазылған карточкаларды тарату. 1+4, 4+2, 5-2, 5-4. Олардың мәні бала отырған вагонға сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмірлі вагон, өрнектердің жауабы 5-ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.


«Ненің баласы?»

Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту;жабайыжәне үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны:Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

25

«Біреу және көп»

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.

Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады.

Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр»
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

«Зат неге ұқсайды?»
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Адасқан цифрлар»
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

26

Қолданылған әдебиетттер.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Математика кітапша

Автор: Бапалаққызы Жақсыгүл

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419368

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Математика 1сынып "Жазық фигуралар""
    ["seo_title"] => string(36) "matiematika_1synyp_zhazyk_fighuralar"
    ["file_id"] => string(6) "363897"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480432120"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Канспекти по уроки казахского языка"
    ["seo_title"] => string(39) "kanspiekti_po_uroki_kazakhskogho_iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "415750"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494913723"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Олимпиада?а  о?ушыларды ?алай  дайындаймыз?"
    ["seo_title"] => string(44) "olimpiadag-a-ok-ushylardy-k-alai-daiyndaimyz"
    ["file_id"] => string(6) "299492"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456539923"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Олимпиада?а  о?ушыларды ?алай  дайындаймыз??"
    ["seo_title"] => string(46) "olimpiadag-a-ok-ushylardy-k-alai-daiyndaimyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "299493"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456540138"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Кітап-а?ылды ?уаттандыратын ??рал "
    ["seo_title"] => string(37) "kitap-ak-yldy-k-uattandyratyn-k-u-ral"
    ["file_id"] => string(6) "183009"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425667671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства