kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітап-а?ылды ?уаттандыратын ??рал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Кітап – а?ылды ?уаттандыратын ??рал

Ма?саты: Кітап – сар?ылмас рухани ?азына дей келе, білімні? кітап ар?ылы берілетінін ??ындыру. Кітапты? адам ?міріндегі ма?ызы, ?ылым мен білімні? пайдасы  жайлы т?сіндіру. Кітап?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. О?улы?тарын к?тіп ?стау?а ?йрету.                             

 К?рнекілік: О?у – білім туралы с?здер жазыл?ан плакаттар, балалар а?ын –  жазушыларыны? портреттері ?олданылады.     

Саба? барысы: ?йымдастыру кезе?і

                           Кітап та алма а?ашы

                           Жемісін біздер теретін

                           Т?тті алма?а балашы,

                           Кітабыны? ?р бетін, -

деп М?зафар ?лімбаев атамыз жырла?андай ?деби кітаптар мен о?улы?тар сендерге білім к?зі, рухани ?азына. Біз кітап ар?ылы бастауыш мектепті? ?зінде – а? б?кіл адамзат ?мірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан к?п ?лгі ?неге мен т?рбие аламыз.   

О?ы?аны?, то?ы?аны? к?п болса же?бейтін жау, алынбайтын ?амал жо?. Дана хал?ымыз «Білекті бірді жы?ады, білімді мы?ды жы?ады» деп бекер айтпаса керек деп б?гінгі 4 – сынып о?ушылары дайында?ан «Кітап – а?ылды ?уаттандыратын ??рал» атты т?рбие са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

1 – о?ушы: Кітап – рухани  азы?. Кітап адамны? д?ниетанымын ке?ейтеді. Біз кітаппен к?н сайын кездесеміз. Ертегі ??гімелермен сыр шертетін кітаптар бізді? е? жа?ын а?ылшымыз.

2 – о?ушы: Кітапты шы?ару ?шін к?птеген адамдар е?бек етеді. Біз оны ?алай ?стауымыз ?ажет?

3 – о?ушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей, б?лдірмей таза ?стап, о?ы?ан кезде м?нерлеп о?у керек.

М??алім: Балалар, бізге б?гін ?она??а Кітап келіп отыр. Кітапты орта?а ша?ырайы?.

Кітап: мен адамны? досымын. Мені? атым Кітап. Мені жасау ?шін адам баласы к?п е?бек сі?ірді. Алдымен адам орманнан а?аш кеседі. Оны фабрика?а апарады. Фабрика ол а?аштан ?а?аз жасап шы?арады. Содан со? о?ан авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шы?арады. Ж?мысшылар машина мен поездар?а тиеп ауыл – ауыл?а, ?ала – ?ала?а таратады.

Міне, мен енді сендерді? ?астары?да т?рамын. Мені к?тіп, жыртпай ?ста. Мен сенімді досы?мын!

О?ушы: Адамны? досы кітап, ?мір кілті.

              Те? келмес о?ан жи?ан м?лкі

               А?ылшы жан?а серік, жол бастаушы

               Асыл ?ой ?азынасы, ?мір к?ркі

О?ушы: Кітапты о?ымайды сыйлама?ан

              Білімге жанын жанып ?инама?ан

              ?сірген кімні? болсын ой – ?рісін

              Сол кітап бек а?ылшы к?нде ма?ан

К?рініс: О?улы?тар м ??ы

Математика – Ей т?рса?шы!

О?улы?тар: ?айда келдік? Тірімісі? ?зі??

Ана тілі: Ой мазамды алма, б?йткен тірлігі? ??рсын. М?нан да пара?тарым дал – д?л болып желмен бірге ?шып, не ?ртеніп кеткенім жа?сы еді.

Математика: Не болып ?алды? Жал?ыз сені? басы?а келді деймісі? б?л ?асірет. Бізді? де к?рген ?орлы?ымыз аз емес. Биыл?ы о?у жылын зор?а ая?тап шы?ты?. Басы?ды к?тер, ж?н с?расайы?. Кімсі? ?зі??  Сырты? б?п – б?тін ?ой

Ана тілі: Сыртымды ?айтесі?? Сыртым б?тін, ішім т?тін. Ана тілі о?улы?ымын. Мен ?шін авторлар т?н ?й?ысын т?рт б?ліп, ?анша ?ызиет етті десе?ші. Сонда кім ?шін? Балалар о?ысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ?ой б?рінікі. Мен ?олымнан келгенше ?з бойымда?ы білімді беріп балаларды адамгершілікке, парасаттылы??а  т?рбиелеуге тырыстым. Сонымен к?нім не болды? Сорыма ?арай Адырбай деген баланы? ?олына т?сіп, бір жыл бойы осындай к?йге ?шырадым. ?айтейін  ?ткен к?нім есіме т?ссе, сай с?йегім сыр?ырайды.

?аза? тілі: Т?ры?дар достарым! Мені ?ста?ан Д?уренбек деген бала бар. Сол сендеоді б?тіндейді, ??дайым Адырбай мен Сот?арбай сия?тылардан са?тасын. Келесі о?у жылында Д?уренбек сия?ты бала?а тап бол?айсы?дар.

О?ушы: О?улы?тар, неге осыншама т?рлері? жаман, ?здері? ?ашып келе жат?ан?а ??сайсы?дар ?ой?

О?улы?тар: Ия, ауырып т?рмыз, жараланба?ан жеріміз?ал?ан жо?. ?ре? ?ашып ??тылды?.

О?ушы: Ия, жа?дайларын белгілі болып т?р. Сендер сала?, ??ыпсыз о?ушы?а т?скенсі?дер, содан ол ?алай болса солай ?ста?ан. Ж?рі?дер мен сендерді «Кітап емханасына» апарайын. Мен сізге о?ушыдан ?ашып келе жат?ан о?улы?тарды алып келдім. Екеуі де ?атты ауырып т?р.

Д?рігер: Кел, Ана тілі ты?дап к?рейін. Сені? бірінші диагнозы?: су тиген, су тиген со? беттері ?обырайып, тез сын?ыш болып келеді. 2 – ші диагнозы?: кір ?олмен ?ста?ан. Кір шайды? іздері т?скен, беттері б?ктелген.

Математика о?улы?ы: Кел сені де к?рейін, сені? диагнозы? сенімен ?атты заттарды ?р?ан, содан кітапты? сырт?ы м??абасы сынып кеткен де, т?бі т?сіп беттері б?лек шашылып ?ал?ан.

?аза? тілі: 1 – ші диагнозы? беттерін шимайлан?ан, белгі со??ан содан кітапты? ?с?ыны кетіп т?р. Енді мен сендерді иелері?е жібермеймін, емханада жатып емделесі?дер.

М??алім: Міне балалар сендер ?те ??ыпсыз ?ста?ан о?ушыларды? кітаптарын к?рді?дер, естіді?дер. Кітап ?шін к?п адамдар е?бек етеді. Соны? б?рі сендер ?шін, о?ысын, білім алсын деген. Сол сенімді а?тап, е?бектерін ба?алап, о?улы?ты ??ыпты, д?рыс ?ста?дар.

О?ушы: Са?ан білім жемісін,

              О?улы?ы? береді

              Талай адам сол ?шін,

               Ма?дай терін т?геді

О?ушы: О?улы?ты мектебі?

               Берер са?ан теп – тегін

               Білмейсі? – ау еш біра?,

               ?аншама е?бек кеткенін

О?ушы: О?улы?ты ??рметте,

               К?тіп ?ста кірлетпе

               Кішілерге табыс ет,

               Да? т?сірмей бір бетке

К?рініс: О?ушы мен КІтап

О?ушы: Асыл айды? иесі, бар ?ылымны? ж?йесі

              ?уанышты к??ілді? баспалда?ы ?мірді?

              Жан азы?ым, серігім, арда?тамас сені кім?

Кітап: К?нде ?сіп к??ілім,

          К?ріктеніп келемін,

          К?пті? тауып керегін

          Кезінде айтып беремін

          Біра? білмес пар?ымды,

          Бай?ап ж?рмін ?ркімді

О?ушы: ?серлемей, асырмай айтып

               Берші жасырмай

              Жан азы?ым, серігім

              Ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос ж?руден зерігіп,

           Бетімді мені? ашады,

           ??гімеге басады

            Жолдарымды сызады, шыр?ымды б?зады

            Онымен іс бітпейді, беттерімді б?ктейді

            К?п жерімді жазады,

            ?айшыменен ?ияды

            Налымайын неге мен, б?л секілді пендеге

О?ушы: Сені с?ймес адам аз,

              А?ылды к?п надан аз

              Ондайлардан т??ілме

              Сені сыйлар т?бінде

Балалар енді «Кім тап?ыр» ойынын ойнайы?. Ж?мба? шешу

?сын?ан ?ойнынан,

Білімні? ?лесін

Шы?пайды ойы?нан

Досы? ?ой білесі?, б?л не?

Бір ?ойым бар, ?аны жо?

?анатыны? ?аны жо?

Адамменен с?йлесер,

А?ылы бар жаны жо?

Тілі бар да ?ні жо?

?зін адам т?сінген,

Ж?регі бар ?аны жо?

С?йлей ту?ан ішінен

Бірінші ?ріп – к?зде бар, мрында жо?.

 Екінші ?ріп – тісте бар, б?рымда жо?.

 ?шінші ?ріп – бетте бар, білекте жо?.

 Т?ртінші ?ріп – ??ла?та бар, ж?ректе жо?.

 Бесінші  «П» ?рпі а?ыр?ысы

Ж?мба? шешкен баланы? а?ылдысы.

Ребус шешу.

Балалар «Кітап» туралы жаз?ан ?лы ??лама а?ын, жазушыларды? ?андай на?ыл с?здерін білесі?дер.

1. Білім бізді? шамшыра?ымыз, кітап бізді? ?стазымыз

2. Кітап а?ылды ?уаттандыратын ??рал

3. ?мірде е? жа?сы ке?есші – кітап

4. Кітапсыз ?й – жансыз дене

5. Кітап ?ажап дос. ?мірді? ?иын с?ттерінде сенімді сырласы? болады. Еш?ашан ?кіндірмейді.

6. Кітап дегеніміз ?о?ам. Жа?сы кітап жа?сы ?о?ам т?різді. Сезім мен сана?ды н?рландырады, к?ркейтеді.

Балалар б?гін бізге мектебімізді? кітапханашысы ж?не ауыл кітапханашысы ?она??а келді.  Апайлары? кітапхана?а келіп т?скен о?улы?тар, ?деби кітаптарды таныстырады.

Е? жа?сы о?ырмандарды атап, ?лгілі жа?сы, таза ?ста?ан о?ушыларды мада?тап, диплом сыйлы?тар ?сынды.

Кітап с?зін 5 о?ушы айтады

К – О?ы талмай.

І- Т?й сана?а жас б?бек.

Т – Сыр ??ямын, жыр ??ямын бойы?а

А – Таза ?стап, о?ы мені ?астерлеп

П – Бар білімді мен егемін сана?а

Кітапты о?у ережесі

1. Кітапты к?нделікті  ?збей о?ып да?ды?а айналдыр.

Ол ?шін к?ніне кітап о?у?а уа?ыт б?луді жоспарла.

2 Кітапты ?алай болса солай о?ымай, оларды белгілі ма?сатпен жоспар бойынша о?у?а да?дылан.

3 Кітапты т?секте жатып, ас ішіп отырып о?ыма,кітап о?уды ?лкен ой е?бегі?мен о?ы.

4 Барлы? кітапты ?немі бірдей т?сілмен. Біры??ай т?сілмен о?у?а болмайды.

5 Кітапты о?ы?анда ой?а са?тау?а, керекті с?здерді жазып алып ?мірде пайдалану?а ?деттен.

?орытындылау: О?ушылар?а естелік ретінде «Кітапты о?у ережесі» жазыл?ан кітапша ?сынылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітап-а?ылды ?уаттандыратын ??рал »

Тақырыбы: Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал

Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілік: Оқу – білім туралы сөздер жазылған плакаттар, балалар ақын – жазушыларының портреттері қолданылады.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін

Тәтті алмаға балашы,

Кітабының әр бетін, -

деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге мен тәрбие аламыз.

Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 4 – сынып оқушылары дайындаған «Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 – оқушы: Кітап – рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

2 – оқушы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

3 – оқушы: Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Мұғалім: Балалар, бізге бүгін қонаққа Кітап келіп отыр. Кітапты ортаға шақырайық.

Кітап: мен адамның досымын. Менің атым Кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл – ауылға, қала – қалаға таратады.

Міне, мен енді сендердің қастарыңда тұрамын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын!

Оқушы: Адамның досы кітап, өмір кілті.

Тең келмес оған жиған мүлкі

Ақылшы жанға серік, жол бастаушы

Асыл ғой қазынасы, өмір көркі

Оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой – өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнде маған

Көрініс: Оқулықтар м ұңы

Математика – Ей тұрсаңшы!

Оқулықтар: Қайда келдік? Тірімісің өзің?

Ана тілі: Ой мазамды алма, бүйткен тірлігің құрсын. Мұнан да парақтарым дал – дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп – бүтін ғой

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызиет етті десеңші. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен қолымнан келгенше өз бойымдағы білімді беріп балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі: Тұрыңдар достарым! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендеоді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.

Оқушы: Оқулықтар, неге осыншама түрлерің жаман, өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?

Оқулықтар: Ия, ауырып тұрмыз, жараланбаған жерімізқалған жоқ. Әрең қашып құтылдық.

Оқушы: Ия, жағдайларын белгілі болып тұр. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға түскенсіңдер, содан ол қалай болса солай ұстаған. Жүріңдер мен сендерді «Кітап емханасына» апарайын. Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: Кел, Ана тілі тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың: су тиген, су тиген соң беттері қобырайып, тез сынғыш болып келеді. 2 – ші диагнозың: кір қолмен ұстаған. Кір шайдың іздері түскен, беттері бүктелген.

Математика оқулығы: Кел сені де көрейін, сенің диагнозың сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың сыртқы мұқабасы сынып кеткен де, түбі түсіп беттері бөлек шашылып қалған.

Қазақ тілі: 1 – ші диагнозың беттерін шимайланған, белгі соққан содан кітаптың ұсқыны кетіп тұр. Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін, емханада жатып емделесіңдер.

Мұғалім: Міне балалар сендер өте ұқыпсыз ұстаған оқушылардың кітаптарын көрдіңдер, естідіңдер. Кітап үшін көп адамдар еңбек етеді. Соның бәрі сендер үшін, оқысын, білім алсын деген. Сол сенімді ақтап, еңбектерін бағалап, оқулықты ұқыпты, дұрыс ұстаңдар.


Оқушы: Саған білім жемісін,

Оқулығың береді

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді

Оқушы: Оқулықты мектебің

Берер саған теп – тегін

Білмейсің – ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін

Оқушы: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке

Көрініс: Оқушы мен КІтап

Оқушы: Асыл айдың иесі, бар ғылымның жүйесі

Қуанышты көңілдің баспалдағы өмірдің

Жан азығым, серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім,

Көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін

Кезінде айтып беремін

Бірақ білмес парқымды,

Байқап жүрмін әркімді

Оқушы: Әсерлемей, асырмай айтып

Берші жасырмай

Жан азығым, серігім

Ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады,

Әңгімеге басады

Жолдарымды сызады, шырқымды бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады,

Қайшыменен қияды

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені сыйлар түбінде

Балалар енді «Кім тапқыр» ойынын ойнайық. Жұмбақ шешу

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің, бұл не?

Бір қойым бар, Қаны жоқ

Қанатының қаны жоқ

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар жаны жоқ

Тілі бар да үні жоқ

Өзін адам түсінген,

Жүрегі бар қаны жоқ

Сөйлей туған ішінен

Бірінші әріп – көзде бар, мрында жоқ.

Екінші әріп – тісте бар, бұрымда жоқ.

Үшінші әріп – бетте бар, білекте жоқ.

Төртінші әріп – құлақта бар, жүректе жоқ.

Бесінші «П» әрпі ақырғысы

Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.

Ребус шешу.

Балалар «Кітап» туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушылардың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

1. Білім біздің шамшырағымыз, кітап біздің ұстазымыз

2. Кітап ақылды қуаттандыратын құрал

3. Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап

4. Кітапсыз үй – жансыз дене

5. Кітап ғажап дос. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді.

6. Кітап дегеніміз қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді. Сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.

Балалар бүгін бізге мектебіміздің кітапханашысы және ауыл кітапханашысы қонаққа келді. Апайларың кітапханаға келіп түскен оқулықтар, әдеби кітаптарды таныстырады.

Ең жақсы оқырмандарды атап, үлгілі жақсы, таза ұстаған оқушыларды мадақтап, диплом сыйлықтар ұсынды.

Кітап сөзін 5 оқушы айтады

К – Оқы талмай.

І- Түй санаңа жас бөбек.

Т – Сыр құямын, жыр құямын бойыңа

А – Таза ұстап, оқы мені қастерлеп

П – Бар білімді мен егемін санаңа

Кітапты оқу ережесі

1. Кітапты күнделікті үзбей оқып дағдыға айналдыр .

Ол үшін күніне кітап оқуға уақыт бөлуді жоспарла .

2 Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.

3 Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма,кітап оқуды үлкен ой еңбегіңмен оқы.

4 Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен. Бірыңғай тәсілмен оқуға болмайды.

5 Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керекті сөздерді жазып алып өмірде пайдалануға әдеттен..

Қорытындылау: Оқушыларға естелік ретінде «Кітапты оқу ережесі» жазылған кітапша ұсынылды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Кітап-а?ылды ?уаттандыратын ??рал

Автор: Кумарова Айгул Карловна

Дата: 06.03.2015

Номер свидетельства: 183009


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства