Десант сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Пәні
Қазақ тілі 3-сынып
Тақырыбы
Түбір сөз және туынды сөз
Мақсаты
Күтілетін нәтиже:
Әдіс-тәсілі:
Пәнаралық байланыс:
Бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер болатыны жайлы түсініктерін кеңейту, ұғындыру және түбірлес сөздерді өздігінен таба білуге үйрету. Сөйлеу тілін дамыту, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Оқушылар сөйлемдер арасынан түбір сөз бен түбірлес сөздерді ажырата алады, дәлелдей біледі.
Миға шабуыл, СТО, талдау, ажырату, сұрақ-жауап, жұптық, топтық
Математика, еңбек,музыка
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра». 3 сынып. 2014ж
Сабақта қолданылатын материалдар
Оқулық, АКТ
Тақырыпқа байланысты сурет, сызба, слайд, стикер
Бағалауға арналған смайлик
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту
Топқа бөлу
Психологиялық ахуал
Күн шуағы – шаттық
Нұр шуағы – бақыт.
Жан шуағы – білім,
Қазақ тілін білің.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу.
Топқа бөлу.
1 топ: Түбір
2 топ: Жұрнақ
3 топ: Жалғау
ІІ. Миға шабуыл
Қайталауға арналған сұрақтар
«Қызықты алтылық»
- Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Туынды сөз дегеніміз ше?
ІV.Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Түбір сөз және туынды сөз (Түбірлес сөздер)
40-жаттығу. Ертегіні түсініп оқы
- Ертегі не туралы? (кітап, кітапша)
- Екеуі бір нәрсе ме, әлде өзгешелігі бар ма?
Кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы- түбірлес сөздер.
Есіңе сақта!
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер дейді.
V.Дәптермен жұмыс
41-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Түбірлес сөздерді тиісті белгімен белгіле.
Су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық.
VI. Сергіту сәті
42-жаттығу
1топ: Түбір – Ой,. (ойна, ойшыл, ойыншық, оймақ)
2топ: Жұрнақ – Бас,. (бастық, басшы, басқар, баспа)
3топ: Жалғау –Бала,.(балалық, балақан, балапан, балақай )
VІІ. Тақтамен жұмыс
44-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді талдау, дәлелдеу.
VIІI. Шығармашылық тапсырма
І топ: Түбір
ІІ топ: Жұрнақ
ІІІ топ: Жалғау
IX. Қорытынды
Есіңе сақта!
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер дейді.
Түбір сөзге жалғау жалғанса, сөз мағынасы өзгермесе түбірлес сөз бола алмайды.
Х. Үй тапсырмасы
43-жаттығу.Ереже жаттау
ХІ. Бағалау
Бағалау парақшасы арқылы бағалау
X.Рефлекция
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?