kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мамандықтың қайсысы жақсы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мамандықтар туралы түсінік беру. Ертегі сахналау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мамандықтың қайсысы жақсы?"»

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Мамандықтар»

Мақсаты: Балалардың сюжетті – рөлді ойындарға деген қызығушылығын арттыруға, ойын жағдайын құруға көмектесу.Сөздік қорын молайтып,дұрыс айтуын бекіту.

Міндеттері:

Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.Шаштараз, аспаз, дәрігер, жол полициясы, құрылысшы мамандарына керек заттарды ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: қызығушылықтарын арттыру,үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, слайд, мамандықтар киімі,

Қос тілділік компонент (билингвальный): Шаштараз-парихмахер - hairdresser, аспаз-повор - cooker, дәрігер-доктор - doctor, жол полициясы-полиция - policeman, құрлысшы-строитель - builder.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбері: 
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.
Жүректі біз ашайық,
Бақыт нұрын шашайық.
Барлық жақсы тілекті,
Сіздерге біз арнайық.

Балалар шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Балалар қараңыздаршы менде мынадай құрастырғыш суреттер бар. Қане, барлығымыз бірге құрастырып көрейік.

-Балалар қандай суреттер шықты?




-Жақсы,жарайсыңдар,балалар барлығын біріктіріп не деп айтамыз?

-Тамаша,ал, қане ендеше осы мамандықтардың жұмыс жасау аймағын айта қойыңыздаршы?

Назарымызды көгілдір экранға аударайық.






Балалар «Мамандықтар» ойынын ойнағыларың келе ме?

-Ендеше біз бүгін ол ойынды ерекше қылып өткізейік.Мен сіздерге бұл ойынды «Қызыл телпек» ертегісімен байланыстырып ойнауды ұсынамын.

-Ол үшін мамандық иелері және ертегінің басты кейіпкері кім?

-Дұрыс айтасыңдар,Қызыл телпек қажет.Суреттерден мамандық иелерін және Қызыл телпек кейіпкерін таңдай қойыңдар.Ал бастайық ендеше еретгімізді,мен сіздерге нұсқау беріп отырамын.

–Жақсы, Қызыл телпек анасымен сөйлесіп отыр.Шаштаразға сұранады.

Қызыл телпек «Шаштаразға» барып шашын сәндетіп,анасының жұмысына барады.Анасы наубайқанада аспазшы болып жұмыс жасайды.



Анасы қызын әжесіне жұмсайды.






Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыз абайсызда аяғын жараққаттап алады.

Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек анасының тапсырмасын қалайда орындау керектігін түсініп,сапарын жалғастырады.Кенеттен ол бір үйшікке кезігеді.Бұл дәрігердің үйі екен.Есігін ашып,ақырын кірсе,дәрігер үйінде екен.







Қызыл телпек сапарын жалғастырып,жолға шығады. Ұзақ жолдан шаршап,шалдығып келе жатқан Қызыл телпекке Жол полициясы жолығады.
























Жол полициясы Қызыл телпекке тура әжесінің үйіне апаратын қысқа жолды көрсетеді.

Әжесінің үйін көрген Қызыл телпек қуанып кетеді.Есікті қағады: - Тоқ-тоқ-тоқ!







Қыз әрі-бері жіпті тартып көреді есік ашылмайды.Есіктің ашылмайтынына көзі жеткен Қызыл телпек әжесінің үйінің жанында жүріп жатқан құрылысты көреді.Осындағы құрылысшылардан көмек сұрап көрейін деген Қызыл телпек құрылысқа бет алады.Құрылыс қызып жатқан кез екен.Қызыл телпектің жақындағанын байқаған бір құрылысшы сыртқа шығып,Қызыл телпекпен жолығады.Қызыл телпек бар мән –жайды түсіндіреді.Құрылысшы Қызыл телпектің әжесінің есігін ашып,тұтқасын жөндеп береді.Қызыл телпек әжесімен қауышып мәре-сәре болады. Қызыл телпек құрылысшыға анасы пісірген бәліштен ауыс тигізіп,алғысын білдіріп,қоштасады.


Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

дәрігер,шаштараз, құрылысшы, жол полициясы, аспазшы

-мамандықтар


-Дәрігер емдейді.

Аспазшы-тамақ пісіреді,

Жол полициясы-жол жүрісін бақылайды.

Шаштараз-шашты сәндейді.

Құрылысшы-үй салады.

-Иә


Балалар қызығушылық танытады.




-Қызыл телпек

Балалар ертегі кейіпкері мен мамандық иелерін таңдайды.





Қызыл телпек: Анашым мен шаштаразға барып шашымды сәндетіп келейін деп едім.

Анасы: Жарайды. Кейін менің жұмысыма келерсің.

Анасы бәліш пісіріп, қызына:
– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, хал-жағдайын біліп қайтшы, – дейді.

Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады. 










Қызыл телпек: - Сәлеметсіз бе?

Дәрігер: - Сәлеметсіз бе!

Болған жағдайды толық түсінген дәрігер,Қызыл телпекке ем-шарасын жасап,аяғын байлап береді.



Жол полициясы: -Сәлеметсіз бе,Қызыл телпек!

Қызыл телпек: -Сәлеметсіз бе!

– Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды жол полициясы.
– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.
– Ал әжең қайда тұрады?
– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді.

-Түсінікті бірақ сен ұзақ жолға түсіп кеткен екенсің,мен саған басқа тез баратын қысқа жолды көрсетейін.


-Тоқ-тоқ-тоқ-

– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім. 
– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады.




-Мен қызыл телпекпін,әжеме келіп едім,есікті аша алмай тұрғаным,көмектесіп жібересіз бе?

-Иә,көмектесейін.

-Көп рахмет,бәліштен ауыз тиініз,

Сау болыңыз!

-Сау болыңыздар!

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар,сіздер қандай мамандық туралы өлең шумақтарын білесеіздер?












-Жарайсыңдар,балалар!

-Қонақтармен қоштасайық!


-Сау болыңыздар!

Шаштараз

Мамандықпын керекті

Шашты әсем сәндейтін.
Дәрігер

Мен дәрігер боламын,

Үлкенге де,балаға.

Қиналғанда қасына,

Бірінші болып барамын!

Құрылысшы

Кірпішті дұрыс қалайтын,

Құрылысшымын ардақты.

Жол полициясы

Жол полициясы мен болам,

Әрдайым тәртіп орнатам.

Аспазшы

Жасайтын түрлітағамдар, 
Аспазшы жақсы мамандық.

-Сау болыңыздар! 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өткен сабақтағы білімдерін ойын арқылы көрсете білу.

Игереді: әр түрлі мамандық иелерінің атын, олардың қандай жұмыс істейтіні туралы түсінікті.

Меңгереді: мамандықтар туралы сөздік қорын молайту, ойын барысында достық, ұжымдық, татулық деген түсініктерді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Мамандықтың қайсысы жақсы?"

Автор: Умбетова Асел Картпаевна

Дата: 18.04.2017

Номер свидетельства: 409939

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Тренининг -ойын «Мамандықтың бәрі жақсы»"
    ["seo_title"] => string(38) "trenining_oiyn_mamandyktyn_b_ri_zhaksy"
    ["file_id"] => string(6) "506828"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1555006358"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Маманды?ты? б?рі де жа?сы" "
    ["seo_title"] => string(29) "mamandyk-tyn-b-ri-die-zhak-sy"
    ["file_id"] => string(6) "215392"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432661764"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді."
    ["seo_title"] => string(36) "k_siptik_mamandyk_tar_syr_shiertiedi"
    ["file_id"] => string(6) "406430"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491299580"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Маманды? та?дау - жауапты ?адам. С?з тудырушы ж?рна?тар."
    ["seo_title"] => string(49) "mamandyktandauzhauaptykadamsoztudyrushyzhurnaktar"
    ["file_id"] => string(6) "289595"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454842247"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Маманды?тар ?лемінде" "
    ["seo_title"] => string(22) "mamandyk-tar-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "190927"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427229204"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства