kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Маманды?ты? б?рі де жа?сы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды маманды? атауларымен таныстыра келе, ?здеріне сахналы? ?ойылымды к?рсету ар?ылы к?нделікті ?мірде ?андай маманды? иелері туралы білетіндерін, не білетіндіктерін тияна?тау. Маманды?ты? ?ай ?айсысы да елімізге ?ызмет етуге ба?ыттал?анды?ын атап к?рсету к?зделеді. ?р т?рлі маманды? иелеріні? ауыр да ?иын ж?мыстары, л?ззаты ж?нінде ??ым беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Маманды?ты? б?рі де жа?сы" »



Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебі

Даярлық сынып жетекшісі

Карасаева Орынгул

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
1. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
2. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көргізбелігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер және мамандық иелеріне керекті құрал-жабдықтар суреттері.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей балалар

«Сәлем» десейік үлкенге

II. Психологиялық дайындық:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата – аналарың, аға – апаларың, көршілерің қандай мамандық иелері? Соларды атап өтіңдер.

III. Жаңа сабақ:
«Мамандықтың бәрі жақсы»

Еңбек етсең ерінбей,
Абыройыңды асырған.
Бірақ өзі көрінбей,
Бізден бойын жасырған. (Мамандық)

Енді мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын.Түсініп, ойланып шешеміз.Құлақ салып тыңдап отырамыз.
IV. Жұмбақтар:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)
7) Тәп-тәтті тағамы

Астардың маманы(Аспаз)

8) Кірпіштен үй салады

Ол адам кім болады?(Құрылысшы)
Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтасыңдар.
V. Суретке қарап «Кімге не керек?» ойыны

Шарты: Құрал-жабдықтар суреттерін мамандық иелері суреттерімен сәйкестендіру.Ойлау қабілеттерін дамыту.Жақсы маман иесі болу үшін еңбек ету керек.

VI. Еңбек туралы мақал-мәтелдер.

  1. Нұрдәулет Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті

  1. Ақерке: Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар

  1. Олжас Еңбек –ата, жер-ана

  2. Жасұлан: Еңбек ердің сәні.

  3. Сәбит: Еңбек пен оқу-аға мен іні.

  4. Ақмарал: Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей

  1. Жандарбек: Еңбек іссіз қалмайды.

  2. Бекарыс: Еңбек- ырыс бұлағы

Еңбек-бақыт шырағы.

  1. Ақерке: Еңбек- барлығын жеңбек.

  2. Жасұлан: Ерінген екі істейді.

  3. Адайбек: Еңбексіз өмір жоқ

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  1. Айсұлу: Еңбектен қашпа,

Ырысыңды шашпа.

13. Мерейлім: Ынта болса адамда,

Қиын іс жоқ ғаламда

  1. Индира: Еңбегің егіз болса,

Байлығың сегіз болады

  1. Жұлдызай: Еңбек етте мақтан,

Ойнап-күл де шаттан

Vǁ. Әр түрлі мамандықтар туралы тақпақтар

Мұғалім: (Мәдина)
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.


Дәрігер: (Тоғжан)
Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы мамандық.

Шекарашы:(Азамат)
Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.

Жүргізуші: (Асылан)
Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.

Аспазшы: (Ясира):
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

Ғарышкер:(Дархан)
Тоқтар, Талғат-нағыз ер

Солардай болам ғарышкер

Полиция:(Нұрдәулет)
Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.
Құрылысшы:(Ақтан)
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.
Кенші (шахтёр):(Бекарыс)
Ел байлығын көбейткен,
Шахтёр болам есейсем.
Тігінші:(Ақмарал)
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.
Электрик:(Адайбек)
Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.

VIII. Қорытынды: Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Маманды?ты? б?рі де жа?сы"

Автор: Карасаева Орынгул

Дата: 26.05.2015

Номер свидетельства: 215392


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства