Просмотр содержимого документа
«Қыстап қалатын құстар»
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.01.19ж
Тәрбиеші: Жұмабай С.С
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: ҚҰМҚ
Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»
Тақырыбы: «Г»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір – бірімен қарым – қатынас жасау білу тәрбиелеу; Дамытушылық: Геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру. Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын арттыру. Оқыту: Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, слайд ,әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті, геометриялық пішіндердің суреті. Сөздік жұмыс: геометриялық фигуралар, сипаттама, пішін, Үш тілділік компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі – Балалар математика Патшайымнан хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтайға пішіндердің бейнесін ілу) – Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе?
ІІ. Негізгі бөлімі. Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық. – Міне, дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты. – Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз. Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап» Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру. Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар. 1. кемпірқосақта неше түс бар? (7) 2. бағдаршамда неше көз бар? (3) 3. қолғапта неше саусақ бар? (5) 4. адамда қанша көз бар? (2) 5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5) 6. аспанда неше күн бар? (1) 7. бір жылда неше ай бар? (12) 8. бір аптада неше күн бар? (7) 9. адамда қанша саусақ бар? (10) – Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы. (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үйлер, ағаштар ілінген).1 – тапсырмамыз: «Салыстырып толықтыр» ойыны. Кейбір геометриялық фигуралар жоғалып қалыпты, біз оларды тауып орларына орналастыру керекпіз. Ол тапсырма орындау үшін алдарыңдағы қызыл үшбұрышы бар конвертті алыңдар, ішіндегі карточкадағы тапсырманы орындап, бір-біріңді тексеріңдер. Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру, пішіндер туралы білімдерін бекіту. Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, сондықтан бізге тапсырмаларды орындауға қажет.2-тапсырма: «Бір шығыршықпен ойын» Вирус біздің геометриялық пішіндерді білетінімізге сенбейді, сондықтан осындай тапсырма беріпті: Шығыршықтың ішіне – тек қана дөңгелектерді салыңдар; – енді, тек қана сопақшалар; – тек қана шаршылар; Мақсаты: пішінін бір сипаттамасын терістеу мүмкіндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру. – Өте жақсы, міне тағыда Вирусты жоюға екінші анти – вирус таптық. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояық
Алға қарай бірқадам
Артқа қарай бір қадам
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық
Д\о «Ұқсасын тап»
Геометриялыұ фигуралар туралы білімдерін бекіту. 3-тапсырма: «Пішінді тап» ойыны. Мақсаты: 1 – 2 – 3 сипаттама арқылы және сипаттаманы терістеуімен керекті пішінді табу. Схема арқылы жұмыс. Балалар үстел басында және тақтаға шығып орындайды. 4-тапсырма: «Жүру тәртібі» ойынын өткізу. Вирус геометриялық пішіндердің естерін шығарып жіберіпті, сондықтан олар өз үйлеріне жол таба алмай жүр. Мақсаты: Рұқсат ету және тыйым салатын белгілер туралы түсінік беру, кеңістік бағытты бекіту. – Енді балалар, ақырғы тапсырма. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. 5-тапсырма: «Шартты белгілеушілер» ойыны. Мақсаты: терістеу шартты белгілер арқылы пішіндерді табу. Әр балада карточка шифрмен, бала оны шығарады, өз жауаптарын дәлелдеп береді. – Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, телефон арқылы хабар жібереді. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. (телефон шырылдайды). – Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін. Енді ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық. ІІІ. Қорытынды: – Балалар, біз қай қаланың тұрғындарына көмек көрсеттік? Не қиын болды? Сендерге ұнады ма? Балаларды бағалап текшелер тарату.
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.01.19 ж
Тәрбиеші: Жұмабай С.С
Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»
Пән:Жаратылыстану, Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»
Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар» , «Құстың ұясы» Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Қыстайтын құстарға сүйіспеншілік, қамқорлық сезіміне тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қал ыптастыру. Ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту. 3.Оқыту: Балалардың қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Табиғи материалдардан құстың ұясын жасауды үйрету. Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы,жеке бағытталған технология
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс айларын ата? - Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Соны шешесіңдер ме? Жұмбақ Қанаты бар талмаған Аспанда ұшып самғаған Жауы шыбын – шіркейдей Табиғатты ол қорғаған (құс) ІІ.Негізгі бөлім
- Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз. Тәрбиеші құстардың қысқы тіршілігі жайлы айтып, слайд арқылы түсінік береді. - Балалар енді сендермен ойын ойнаймыз, Ойын «Қандай құс?» Жауабы: Торғай, сауысқан, көгершін, шымшық. - Ал енді осы құстардың орысшасын атайық; Торғай – воробей Сауысқан - сорока Қарға – ворона Көгершін – голубь Шымшық - снегирь - Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма? - Иә! - Ендеше көздеріңді жұмыңдар. - Балалар біз қайда келдік? - Орманға - Мына кісі кім? - Орманшы - Орманшы деген кім? - Орман күзетшісі - Мына жерде әдемі бір ағаш тұр екен, өзі сондай әдемі! - Орманшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің құстарым қиындыққа тап болды, сендер маған көмектесесіңдер ме? - Иә! - Ендеше менің тапсырмамды орындаңдар. Сөздік жұмысы: отырықшы құстар ,қыстап қалатын құстар. Үштілділік компонент: - - , - -Сергіту сәті: Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік, Тергеніңді торғайларға берейік. Торғай, торғай томпаң - томпаң секірсін, Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал Енді міне әңгімеге құлақ сал.
1- тапсырма Қыстап қалатын құстарды көк шеңберге, жыл құстарын қызыл шеңберге жина. - Жыл құстары неге жылы жаққа ұшып кетеді? - Ал қыстап қалатын құстар қиындыққа кездесе ме? 2 - тапсырма Жұмбақты шеш: Өз атын атап қоймаған Қақсауға да тоймаған Ала – шұбар үстері Айдарлы бұл құс тегі (көкек) Еркін самғап ұшсын деп Мәпелейміз баптаймыз Бейбітшілік құсы деп Қайсы құсты мақтаймыз. (көгершін) Ұшқаны қызық жалпылдап Өзі сондай қарқылдақ (қарға) Ауылда, қалада мекені Жолаушы жүрсек шығарып салады Алдыңнан шығады Жаныңды еркелетеді (көгершін) - Қыстап қалатын құстарға қыстан аман есен шығу үшін, қалай көмектесеміз? Бүгін біздер, құстарға ұя жасап берсек қайтеді? Құстың ұясының суретін көрсетіп, үлгісімен таныстырады. Құстың ұясын мүсіндеу жолдарын көрсетеді:-ермексазды жұмсарту-бөлшектерге бөлу-алақан ортасына салып естірту-есілген жолақшаларды орай отырып, ұя бейнесін жасату
Саусақ жаттығуы:
«Жалауша»
Бас бармақты төмен,
алақанды өзіне қаратып,
төрт саусақты қосып ұстау
Жеке жұмыс: Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.
ІІІ қорытынды Сұрақтар қоя отырып, сабақты қорытындылайды Көрме ұйымдастырады Балаларды мақтау.
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.01.19ж
Тәрбиеші: Сатымбаеава А.К.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным»
Пән: Көркем әдебиет. Құрастыру
Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»
Тақырыбы: Ш.Мұхамеджанов «Көңілді қыс», «Құс»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа баулу. 2.Дамытушылық: Өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Балаларды табиғи матириалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру; онымен жұмыс істеуге қажетті құрал жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру;
3.Оқыту: Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге үйрету.Табиғи материалдарды біріктіру, толықтыру жұмысына ермек сазды орынды пайдалануға ұйрету; құстардың бейнесін жасауды үйрету;
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, жеке бағытталған технология
Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс мезгіліне байланысты суреттер, шығарма, құрастыру құралдары
Үштілділік компонент: – - , – - - -
Сөздік жұмыс:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
Дид ойын: «Көңілді сөз»ІІ.Негізгі бөлім. Қыс мезгілі туралы түсінік беру.-Қазір қандай мезгіл?-Қыс мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?-Несімен ұнайды?Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
2. Көңілді қыс.Ш. Мұхамеджанов.-Өлең жолдарын мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.Сұрақ – жауап әдісі арқылы шығарманың мазмұнын сұрау.-Өлең жолдарында не туралы айтылған?-Қыс мезгілін қалай суреттеген? Боран не істейді? Аязды күн қандай? Қыс мезгілі несімен көңілді?
Үштілділік компонент:
Сөздік жұмыс: боран ұлиды, аяз қысады (балаларға сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсіндіру)
Суретпен жұмыс.– «Қыс» сурет бойынша өз ойынан әңгіме құрау.-Сұрақтарға жауап беру.Сергіту сәті. «Қыс»
Сыртта боран зулайды,
Қарды үйіріп қуалап.
Әлсін – әлсін тыңдайды,
Терезеден сығала
Дидактикалық ойын: «Сөйлем құрастыр» Шарты: берілген суреттерге қарап отырып, қыс туралы сөйлемдер құрастыру.
Жұмбақ жасыру: Қанаты бар талмаған Аспанда ұшып самғаған Жауы шыбын – шіркейдей Табиғатты ол қорғаған Ол не? (құс)
Ойын «Қай құс?» Тәрбиеші құстар жайында балалар білімдерін тиянақтайды. Балалармен достасып, Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (Әтеш.) Жазда бақты қорғайды. Шырылдайды жан таппай, Кім біледі... (торғайды) Үй құстары мен түз құстарының ерекшеліктері жайында әңгімелейді. Осындай құстарды біз бүгін алдымыздағы табиғи материалдардан жасап үйренеміз. Табиғи материалдарды бір-бірлеп көрсетіп таныстырады. Шырша бүрлері, жаңғақтар, бұтақтар, әр түрлі кепкен жапырақтар, т.б. Бұлардан неше түрлі құстар, аңдар, ойыншықтар жасауға болатынын айтып, суреттер көрсетеді. Үлгіні талдай отырып, үй құстарынан әтештің, түз құстарынан торғайдың жасалу жолдарын түсіндіреді.
Құрастыру жолдарын көрсету, түсіндіру
- ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөліп ал; - денесін, басын ермексаздан алақан арасына салып домалақтап, оны сопақша пішінге келтіру, басын домалақтау; - бір-біріне екі бөлікті біріктіру; - тұмсығын шымшып созып шығару; - қанаттарының орнын стекамен сызып белгілеп алу; - қанаттарына жұқа жапырақтар сызық бойымен денесіне батырып кіргізу арқылы орналастырылады (екі жағына); - құйрығын сүйірленген ұшына жапырақтарды шаншу арқылы жасайды (4-5 жапырақ); - аяқтарына бұтақтарды пайдаланып, оны ермексазбен біріктіре - ермексаздан тұғыр жасап орналастырады - қимыл-қозғалыс кезеңін бейнелеу баланың ой-қиялына байланысты болады; - әтештің айырмашылығы: айдары шымшып созу арқылы жасалады немесе жапырақтан, қағаздан қиып жапсыруға да болады; - құйрық қанаттары торғайға қарағанда көп, сондықтан бірнеше жапырақтар пайдаланылады; - екі құстың бірін таңдау, балалардың еркінде. Жұмыс дайын болған соң, бұл құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын сұрайды. "Жауабы: Жем шашамыз, ұя жасап, су береміз т.б." Қандай тыйым сөздер білесіңдер? "Жауабы: "Құстың ұясын бұзба", "Жұмыртқаны жарма» ІІІ қорытынды
Қандай шығармамен танысқандарын сұрау. Нені құрастырдындар? Қандай материалдар қолдандындар? Көрме ұйымдастыру.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Денсаулық» «Таным»
Кіші сала:Өзін - өзі тану
Такырыбы: Мен қамқор баламын
Мақсаты: «Қамқорлық»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі менін ашу.
Билингвалдық компоненті: мен –я, баламын- ребенок, көмек беремін- помагаю
Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиеші іс - әрекеті
Балалар іс - әрекеті
І кезең- мотвациялық- қозғаушы
Балалар шеңбер құрып тұрамыз.Әр түрлі суреттері бар карточкалар(су,күн,ағаш т.б)үлестіріліп беріліп, әркі өз суретіне сәйкес көршісіне жылы тілектер білдіредімысалы Зарина күндей күліп жүр(күннің суреті)
Шеңбер болып турады
Балаларсуреттеріне қарап сөздер айтқызу.
ІІ кезең-ұйымдастырушылық-
ізденушілік
Әңгімелесу
«Қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?Бізге үйде , балабақшадакімдер қамқорлық көрсетеді?Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?
Әңгімелеу
«Жай ғана әжей»Окып түсіндіреді
Аңгіме желісінде сұрақтар қояды.
«Кішіні қолдап, жол үлкенді сыйлап ,қол бер»
Сергіту сәті
Ө.Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге»қимыл арқылы жасатады
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!» - деп
Дәптермен жұмыс
-Суретте кімге қандай қамқорлық көрсетіліп жатқанын сызықпен бағыттап көрсетіп,әңгімелеп беріңдер.
Тыныштық сәті
Балалар , денелеріңді тік ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмып, ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздерінің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді асаңдар болады
Ойын – жаттығу. «Мен қамқор баламын»Балалар өз қалаулары бойынша үстел устіндегі түрлі суреттердің (әже,ата,іні,қарындас,ағаш,гүл,құс,ит,мысық,т.б.) ішінен біреуін таңдап алып, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтасыңда
Жақсылық жасау – әдептілік.
Үлкен – кішіге қамқорлық көрсету – жақсылық.
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауып береді.
Сөзді ұғынып, өз ойларын айтады
(бір адым алдыға)
(бір адым алдыға)
(басын иіу)
(екі алақандарын бір – біріне түйістіру)
(екі қолмен көрсетеді)
Балалар айтады
Қамқор бала ағашқа (гүлге)су құяды,топырағын қопсытады
Жаттату.
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші
Біз бүгін үлкендерге,кішілерге,қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік.Жасаған қамқорлығымыз, қайырымымыз,көмегіміз ешқашан ізсіз кетпейді.Қайта соның бәрі өзімізге жақсылық болып оралады.Жақсылықты риясыз жасагған дұрыс.
Жүректен жүрекке
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз,
Айналаға,бар адамға;
Тек мейірім сыйлаймыз
ехнологиялық картасы «Ақбота» Ересектер тобы Білім беру саласы:Әлеумет Бөлім:Өзін-өзі тану Тақырыбы: «Мен қамқор баламын» ( ашық ҰОҚ) Мақсаты: • «Қамқорлық»ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. • қамқорлық ұғым туралы түсінік беру; • қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту, • қамқорлық жасай білуге, алғыс айта білуге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: қамқорлық, адамгершілік, қайырымдылық. Пәнаралық байланыс:тіл дамыту, сурет, көркем әдебиет Билингвалдық компонент: адамгершілік- человечность, алғыс - благодарность Көрнекілік: сурет үлгілері, бейне таспа, слайд
Шаттық шеңбер: Балалар шеңбер құрып тұрады.Әр түрлі суреттері бар карочкалар (су,күн,ағаш,т.б.)үлестіріліп беріліп,әркім өз суреттеріне сәйкес көршісіне жылы тілектер білдіреді.
Топқа Негеш келеді: балалар, мен қамқорлық деген сөзді ұқпадым. Маған түсіндіріп беріңдерші.
Балалар шеңбер құрып, күндей күліп жүр (күннің суреті) Гүлдей әдемі бол (гүлдің суреті) Судай таза бол (судың суреті) Ағаштай мықты бол (ағаштың суреті)т.б суреттерді ала отырып балалар бір -біріне тілек тілейді. Балалар Негешке көмектесуге дайын екендерін айтады.
Ұйымдастыру- барлау Тәрбиеші балаларға «Табиғатты қорғайық» атты слайдты көрсете отырып, қандай қамқорлық жасауға болатынын, оларды қалай баптап күтуге болатыны жайында «сұрақ- жауап» ойынын ұйымдастырады. • Табиғатқа қандай қамқорлық жасар едіңдер? • Құстарды қалай қорғар едіңдер? • Қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер? • Бізге үйде, балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді? • Қамқорлық жасаған адамға не айтар едіңдер? • Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?
Сергіту сәті: «Не деу керек?»
Тәрбиеші балаларға В.Осееваның «Жай ғана әжей» деген әңгімесін оқып береді. Сұрақтар: • Әңгімедегі балалар туралы не айтар едіңдер? • • Ұл баланы әдепті, тәрбиелі деп айта аламыз ба? • Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Ойын-жаттығуы: «Мен қамқор баламын» Балалар өз қалаулары бойынша үстел үстіндегі түрлі суреттердің (әже,ата, ана, әке,іні, қарындас, аға, ағаш, гүл,құс,ит,мысық, т.б,) ішінен біреуін таңдап алып,оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.
Ғажайып сөздер: Жақсылық - жасау әдептілік, Үлкен –кішіге қамқорлық жасау -жақсылық.
Негеш: Рахмет сендерге балалар, сендердің арқаларыңда мен көмек көрсетуді, қамқорлық жасауды, кімдерге алғыс айтуды, рахмет айтуды үйрендім.сау болыңдар балалар. Балалар слайдты қызыға тамашалап, өз ойларымен бөліседі.
Табиғатқа адамдардың тигізетін қамқорлықтары көп. Егер табиғатты өзіміз қорғап жүрмесек табиғат настанып кетуі мүмкін. Құстарға қыста азық табу өте қиын, сондықтан да біз жем сауыт жасап, ұя жасап оларға көмек көрсету қажет. Үйде бізге ата –аналарымыз ал балабақшада біздің сүйікті апайларымыз қамқор жасайды. Қамқор жасаған адамдарға біз өзіміздің алғыс айтуымызды ұмытпауымыз керек. Біз өзімізден кішілерге сондай- ақ үлкендерге де, айналаны қоршаған табиғатымызға да қамқорлық жасай білеміз.Егер де қамқорлық жасай білсек,біз үнемі алғыс аламыз. Балалар өлең жолдарын айта отырып, алғыс айту керектігін ұғады.
Бұл әңгімедегі ұл мен қыз бөтен адамдарға жай қарап тұрмай, қол ұштарын берді. Әрине бұл әңгімедегі ұл баланың әдепті, қайырымды, адамгершілігі бар екенін байқауға болады.Ол танымайтын әжейге көмек көрсете білді,ал әжей оған өз батасын беріп,алғысын жаудырды. Егерде осындай жағдай бізге кездесе үлкенге де, кішіге де қамқор жасай білер едік.
Қамқор бала ағашқа(гүлге) су құяды, топырағын қопсытады. Қамқор бала әжесіне, атасына, су ( орындық таяқ) әкеледі.т.б. Балалар достарының дұрыс жауаптарын қолдап алақандарын шапалақтайды.
Балалар өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Балалар Негешпен қоштасып әрқашанда қамқорлық жасап, қол үшін беруге дайын екендерін айтады. Рефлексифтік- қорытындылау Қорытынды. Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп қамқор болуға үйрендік.Жасаған қамқорлығымыз, қайырымдылығымыз, көмегіміз ешқашан ізсіз кетпейтінін байқадық.Қайта соның бәрі өзімізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасаған дұрыс. ҰОҚ-не жақсы қатысқан балаларды мадақтайды. Балалар қамқорлық жасау арқылы өздерінің көп алғыс алғандарын айтып қорытындылайды.
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18 01.19ж
Тәрбиеші: Сатымбаева А.К
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным»
Пән: Тіл дамыту. Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Қыстайтын құстар»
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.Қыстағы шыршалар
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:Балалардың басқа тіршілік жаңға мейірімділікпен қарауға дегенқасиеттерін дамыту, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбиелеу. Балалардыңқыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуғаүйрету, табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру, ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, грамматикалық түрде жүелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, артикуляциялық аппараттарын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту. Алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды үйретуге машықтандыру.3 Оқыту: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы, қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Қыс мезгілін басқа мезгілдерден айыра, айырмашылығымен ерекшеліктерін баяндау білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, жеке бағытталған технология
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырып бойынша суреттер, сурет салу құралдары
Сөздік жұмыс:
Үш тілділік: - - - –
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі Бүгін ауа-райы қандай?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста неше ай бар? Олар қандай айлар?
ІІ.Негізгі бөлім Ғажайып сәт: Есік қағылып Дымбілмес келеді. Дымбілмес: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым. Ой, балалар сендерге қызық емес пе не? Тәрбиеші: Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда. Суретпен жұмыс
(Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау). Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз. Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды. Әңгіме оқып беру: Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін. Әңгімені талдау.Балалар , әңгіме не туралы? «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған? Кім оған көмекке келді?- Көрдің бе Дымбілмес, құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек
6. Жұмбақтар
Қонып алып жарға, Қарқылдайды (қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын, Шықылықтап тұрмайды Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан, Бұл қандай құс (сауысқан)
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз
Торғай, үкі, тоқылдақ туралы тақпақтар Торғай,торғай,тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап. Бөтегесі бұлтиып, Момақансып отырып ап.
Тақылдатып мазаны ап, Ағаштарды тазалап,
Тоқылдақ орманды емдейді.
Тыныс алу жаттығулары: Ұлпа қарларды үрлеу Балалар мына ұлпа қардың түсін айтындаршы!
Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаныс саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп
Фонетико- фонематикалық жаттығу: ақ-ақ қар аппақ, ық-ық-суық, ыс-ыс-қыс, аз-аз-аяз
Ойын: «Не артық?» Мақсаты:Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.
Шарты:Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.
Сөздік жұмыс: (сөздердің мағынасын түсіндіріп, қайталату. Үш тілділік:Тіл ұстару жаттығуы: Ыс-ыс-ыс Болсын мол ырыс, Болып қапиы қ-ыс Аман болсын ту-ыс, Ыдыстарды жу-ыс.
Жұмбақ жасыру:
Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң Төріңдемін үйіңнің.
Ол не,? Шырша
Ендеше, балалар біз бүгін қысқы шыршалар туралы әңгімелейміз. - Балалар мына суреттерге назар салыңыздаршы, қандай сурет бейнеленген? - Шыршалар
- Дұрыс шыршалар, олар орманда өседі. Шыршалардың түрлері көп болады, үйде де өсетін шыршылар болады. Тауда өсетін шыршалар да бар. - Үйде өсетін шыршаларға үлкен күтім керек балалар, өйткені олардың отаны тау бөктері, орман болып келеді. - Ал мына суретке қараңдаршы, жылдың қай мезгілі бейнеленген? - Балалар, сендер байқадыңдарма шыршалардың қыстағы түсін? - Қандай түс екен? - Яғни, балалар шыршалар жылдың төрт мезгілінде де, басқа ағаштар сияқты емес, жасыл болып қала береді. - Ендеше қазір біз сендермен балауыз арқылы осы шыршаларды салып, бояумен бояймыз. Ал енді қане, балалар саусақтарымыз шаршап қалды, олай болса саусақтарға арналған жаттығуларды жасайық.
Саусақ жаттығуы:
Оң саусағым шаршады,
Сол саусағым шаршады.
Саусақтарым бірігіп,
Билеп, билеп алады.
Тәрбиеші балаларға сурет салу тәсілін көрсетеді:
Ақ қағаз бетіне жасыл бояуды алып шырша ағашын салу;
Шырша бұтақтарына ақ түспен қар салу
Жеке жұмыс: Балалар жұмыстарын жасайды. Ойын: «Шыршаны кім жылдам безендіреді?» Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, алдында тұрған екі шыршаны жылдам безендіруі керек.
ІІІ қорытынды
Көрме ұйымдастыру
Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, бірге талдау жасайды.
Құстардың қысқы тіршілігі жайында қысқаша әңгімелеп беруді сұрау.
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 18.01.19.
Тәрбиеші: Сатымбаева А.К
Білім беру саласы: «Қатынас»
Пән: Сауат ашу
Өтпелі тақырып: "Қыстайтын құстар"
Тақырыбы: «Л л дыбысы және әрпі»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу
2.Дамытушылық:Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Оқыту: Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,кеспе әріптер,буындар,текшелер.
Үш тілділік компонент: лақ– козленок- , жол дорба-рюкзак-
Сөздік жұмыс: ешк
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
Ойын «сөз ойла — тез ойла»
дыбыстарды еске түсіру.
ІІ.Негізгі бөлім
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті. Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті Жеті лақ ертегісін ала келіпті. Сендер лақты көрдіңдер ма? Лақтың анасының аты кім? Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін. Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші. Қандай дыбыс естіліп тұр. Л дыбысын айтып көру. Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз. Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз? Тіл жаттықтыру жаттығуы: Ра — ра келді ұшып ара Ла — ла араның үсті ала Сурет бойынша әңгіме. Суретке ат қоямыз. сурет бойынша әңгімелеу
Үш тілділік компонент: Пияз – лук-Bow, Піл- слон- Elephant
Сөздік жұмыс: Кітап,Парта
Сергіту сәті Отырайық, тұрайық, ал балалар, бір ауық, (Орындарынан тұру)
Әріпсырынұғалық,
«А» дегендеотырып, («А» отырады.)
«Б» дегенде тұралық. («Б» тұрады)
«А», «Б»….. «А» «Б»…. (Қайталайды)
Отырыптұртағы да
Тосылыпқалма, осыныұқ!
Қайталайықтағы да, барлығымызқосылып.
Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық Әдемі етіп жазайық. Л Л Л Ала, тал, ла, ал. Тал, алдар көсе, гүл, телефон
Дауыссыз дыбыс Л дыбысын ауа арқылы жазу. Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену. Тақтамен жұмыс Сөздерді оқу. Ойын «Кім тапқыр» 1 — ші себетке Л дыбысы бар суретті салу. 2 — ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу
ІІІ қорытынды
Бүгін бізге кім келді? Қандай ертегі ала келіпті? Л — дыбысы қандай дыбысқа жатады? Балаларды мадақтау, бағалау.
«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 21.12.18ж
Тәрбиеші: Сатымбаева А.К
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Жапсырма
Өтпелі тақырып: "Достарыма жаңа жылдық сыйлық"
Тақырыбы: «Жаңа жылдық ашық хат»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Мақтадан бұлт жапсырып,щприцпен Тамшылату әдісі арқылы қар жасуды дамыту
3.Оқыту: Балаларға пішіндік сипат бере отырып,қағазды бүктеу арқылы шырша жапсыруды үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім т.б
Үш тілділік компонент: Жаңа жылдық ашықхат-Новогодняя открытка-New Years postcard
Достарына, туыстарына қандай сыйлықтар дайындайсындар?
Сыйлық жасағанды жақсы көресіндер ме?
ІІ.Негізгі бөлім
Жарайсыңдар балалар сендер сұраққа дұрыс жауап бердіңдер.Енді біз бүгін жаңа жылдық ашықхат жасауды үйренеміз.Балалар жаңа жыл мерекесінде біз аяз атадан сыйлықтар аламыз.Достарымызға аналарымызға сыйлық береміз.Бүгін біз өз қолымыздан жаңажылдық ашықхат жасап аналарымызға сыйға береміз.
Жаңа жылдық ашықхатты орыс тілінде новогодняя открытка.ал ағылшын тілінде ню ерс паскарт деп айтады екенбіз.
Көрсету,түсіндіру: Ашықхат жасау үшін қолымыздағы жасыл түсті төртбұрыш қағаздарды бүктейміз.
Оны екі бүктелген картонға шыршаның бұтағы етіп жапсырамыз.
Бұтақтары төменнен жоғары қарай бір-бірінен кішірейе түседі.
Осылайша үш төрт қатар жапсырамыз.Ал өзегін кішкен қоңыр түсті картоннан жапсырамыз.
Төбесіне жұлдызша жасаймыз.
Қауіпсіздік ережесін айту қайшыны қарама қарсы балаға көтеріп ұстамау.Қағазды ауызға салмауды ескерту.
Жеке жұмыс:Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды. Тәрбиеші қиналған балаларға көмектесу.
Жарайсыңдар балалар.Енді картонға желім жағып,үстіне мақтаны бұлт етіп жапсырамыз.Щприцпен тамшылату әдісі арқылы қар жасаймыз.
Үш тілділік компонент: Жаңа жылдық ашықхат-Новогодняя открытка-New Years postcard
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой — өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты — дауыссыз дыбыстарды бір — бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс — әрекеті Баланың іс — әрекеті
Балалар сендер бір — біріңмен доссыңдар ма? Ендеше бір — біріңе достық тілектеріңді білдіріңдер. Жан – жағымызға қарайықшы көптеген қонақтар келіпті. Амандасу. Өтілген дыбыстарды еске түсіру. Ойын «сөз ойла — тез ойла» Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті. Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті Жеті лақ ертегісін ала келіпті. Сендер лақты көрдіңдер ма? Лақтың анасының аты кім? Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін. Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші. Қандай дыбыс естіліп тұр. Л дыбысын айтып көру. Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз. Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз? Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық. Ра — ра келді ұшып ара Ла — ла араның үсті ала Сурет бойынша әңгіме. Суретке ат қоямыз. сурет бойынша әңгімелеу Сергіту сәті. балалармен бірге орындау. Отырайық, тұрайық, ал балалар, бір ауық, (Орындарынан тұру)
Әріпсырынұғалық,
«А» дегендеотырып, («А» отырады.)
«Б» дегенде тұралық. («Б» тұрады)
«А», «Б»….. «А» «Б»…. (Қайталайды)
Отырыптұртағы да
Тосылыпқалма, осыныұқ!
Қайталайықтағы да, барлығымызқосылып.
Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық Әдемі етіп жазайық. Л Л Л Ала, тал, ла, ал. Тал, алдар көсе, гүл, телефон
Дауыссыз дыбыс Л дыбысын ауа арқылы жазу. Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену. Тақтамен жұмыс Сөздерді оқу. Ойын «Кім тапқыр» 1 — ші себетке Л дыбысы бар суретті салу. 2 — ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу
Бүгін бізге кім келді? Қандай ертегі ала келіпті? Л — дыбысы қандай дыбысқа жатады? Бүгінгі ұйымдастыру оқу іс – қызметі сендерге ұнады ма? Жол дорба ұйымдастыру оқу іс – қызметінде жақсы қатысқан балаларға әкелген сыйлығын таратады. Балаларды мадақтау, бағалау.
Тақырыбы:
«Л»-дыбысы мен әрпі
№9 «Балдырған» тобы
Тәрбиеші: Ережепова Эльмира
2013-2014ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»
Тақырыбы: «Л» -дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л-әріпі және дыбысымен таныстыру, әр түрлі тапсырмаларда орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Л-дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты-дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: жұмбақтар, сұрақ-жауап,сүретпен,дәптермен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайлы түсінік беру. Ұлттық тұтынатын бұйымдармен таныстыру арқылы әсемдік өнерін қастерлеуге үйрету. Халықтың көркем өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ою-өрнек туралы мақал- мәтелдер, тақпақтар, жаңылтпаштар айтқызу арқылы балалардың сөздік қорын молайту. Өздігінен қиып, үйлестіріп ұжымдық жұмысты бірлесіп жасай білуге, істеген жұмыстарын түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Оюы бар жиһаздар, зергерлік бұйымдар,қиып жапсыруға қажетті құрал-жабдықтар.
Қолданған пед технологиясы: Проблемалық оқыту технологиясы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар жарты шеңбер болып тұрады,
Тәрбиешінің қолында бір ұшы байланған әр түсті баулар. Екінші ұшын әр бала қолына ұстап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасайық…
Балалар: Сәлеметсіздерме!
Тәрбиеші: Енді маған қараңдаршы. Мына ғажайып баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын жіберемін. Қабыл алыңдар! Балалар оң қолымызды жүрегімізге қояйықшы. Жүрегіміздің соғысын сезінемізбе? Жүрегіміз қандай?Үміт: менің жүрегім мейірімді, Мұхтар: менің жүрегім -батыл, Жансая- бақытты, Ұлпан-қуанышты, Дамир-сәтті, Сейіт-аяулы, Аяулым-жылы, Санат-қайырымды, Анара-жұмсақ. Олай болса жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.( қонақтарға қарап алақанды үрлеу). Балаларды әуен ырғағымен орнына отырғызу.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде күн қандай болады?
-Көктемнің бірінші айына арналған қандай мақал білесіңдер?
«Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз».Жақсы балалар
-Балалар, біз бүгін ата-бабалардың дәстүріне саяхат жасймыз. Мен ол үшін сендерді халық шеберлері жасаған бұйымдарды тамашалауға шақырамын. Оларды мына тұрған ұлттық бұрыштан көресіңдер. «Талабы бар адам, еңбекке бас ұрады»-деген мақал бар. Мына отырған сендер де кейін үлкен шебер болуларың мүмкін. Мінеки жақсылап қараңдаршы қандай әсем бұйымдар. Мынау қазақтың көне заманнан келе жатқан үй жиһаздары: сандық, көрпешелер, киіз үй, қоржын, ұлттық киімдер, тостаған т.б.
Бұдан кейін зергердің бұйымдарына қарайық… Шеберлер осындай түрлі бұйымдар жасау үшін ұлттық ою-өрнек түрлерін пайдаланған. Мен сендерге көрмеден көрген ұлттық бұйымдардың атаулары туралы жұмбақ жасырамын.
1. Бір нәсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі бар айқыш-ұйқыш.
Көзі бар төбесінде жарқырайды,
Жайса үлкен, жиса бір ақ уыс.
(Киіз үй)
2.Аяғы жоқ,,қолы жоқ.
Көйлегі жоқ, қарны тоқ…
(Жастық)
3.Ішіне адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
(Сандық)
Балалар осы сандықтың ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Сандықты ашамын, ішінде сиқырлы асық пен жүзіктер бар екен. Асық балаларға, ал жүзікті қыздарға берсем, сендер өнерлі, шебер болып кетеді екенсіңдер-деп таратып беру.
Ал, ендеше өнер туралы мақал- мәтелдер айтайық.
1. Ою ойғанның, ойы ұшқыр.
2.Ою ойған, сызу да сызады.
3. Оюды оя алмаған, ойланбаған.
4. Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде сызу сызады.
5. Өнерлі бала, ойлы бала.
6. Өнер білім-
Білім-шырақ… 7. Шебердің қолы ортақ…
Балалар, енді өнер туралы тақпақ айтайық…
1. Аңыз болып жоғалмай сан ғасырға,
Салт -дәстүрі, халқымның жалғасуда.
2. Қошқар мүйіз оюы сәндікпенен,
Көз тартып, ұрпақтарға жалғасуда.
3. Әжем өрнек тереді,
Сырмақ сызып оюлап.
Басы ауыра береді,
Шәй ішпесе қоюлап.
4. Ою-өрнек әлемі
Бүгінгі күндей сақталған.
Күнде көріп жүреміз,
Ұрпақтарға жалғасқан.
5. Қол таңбасы әжемнің анық көріп
Бұл кестенің сырына қанық болып.
Қошқар мүйіз, өрнегін салып беріп,
Өнерімен өзгелерді тамсандырған.
Енді жаңылтпаштар айтайық.
1. Төбесі төбел, төрт бөрік.
Төртеуі де көк бөрік.
2. Көк көйлек, көк көйлек,
Тек өзіме дөп көйлек.
3. Сағат сытырлайды-
Сырға сыңғырлайды.
4. Талап-тұлпар,
Білім-сұңқар
Тәрбиеші: Балалар осы ою-өрнекті ата-бабамыз өздерін қоршаған табиғаттан, жан-жануарлардан алған екен.Мысалы: мына «қошқар мүйіз» оюын қошқардың мүйізіне қарап, «жұлдыз» оюын жұлдызға, «құс қанаты» оюын құсқа қарап, «балта» оюын балтаға қарап жасаған екен.
Тақтаға оюлар түрін қыстырып қойып. Балалар қазір мынандай ойын ойнайық.
Ойын: мен сендерге төрт бұрыш, үш бұрыштар таратып беремін. Сол бұрыштарды пайдаланып ұжымдық жұмыс жасайық…
1-топ көрпеше
2-топ кілемше құрастырыңдар.
Балалармен жұмыс.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
«Қошқар мүйіз» «Ботагөз»
«Құс қанаты» «Гүл өрнек»
Ою-өрнек әлемі
Қолға ұстап қайшыны,
Жалғастырып дәстүрді,
Жапсырайық оюды.
Балалар мен сендерге мынандай сыйлық кеселер, құмыралар дайындап едім, ою ойып үлгермедім. Енді оны сендер ойып жабыстырыңдар.
Қайшымен жұмыс істеу ережесін естеріне түсіру
1.Қайшының ұшын жоғары ұстауға болмайды, төмен қаратып қию керек.
2.Қайшыны үстел шетіне қоймау керек, ашасын жауып қою керек.
3.Жүріп келе жатқанда қайшымен қимау керек.
4. Жолдасыңа қайшы бергенде жабық күйінде сақинасын қаратып беру керек.
5. Қайшыны қайшы салғышқа салу керек.
Сабақты қорыту.
-Балалар біз кімнің шеберханасына бардық?
-Халық шеберханасына бардық.
-Қандай оюды қырықтыңдар?
-Құс қанаты оюы.
-Нені әшекейледіңдер?
-Құмыра, кесені оюладық…
Балалар жұмысын бақылау, аяқталған жұмыстарынан көрме жасау.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімдері: ЖАПСЫРУ
Тақырыбы: Жемсауыттағы құстар.
Мақсаты: құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптастыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігі түсіндіру және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: үлестірмелі материалдар,қайшы, желім, түрлі түсті қағаздар,
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
Билингвальды компонент: құстар-птицы
Оқу іс-
әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, достарым.
Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, бұл нелердің суреты?
-Сендер қандай құстарды білесіңдер?
-Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңдер ме? Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.
-Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
-Негізгі фонда жемсауыт және жем берілген. Осы бетке құстарды жапсырамыз. Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз. Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.
Билингвальды компонент: құстар-птицы
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық..
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық!
Педагог іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.
-Құстардың суреті.
-Қарғаны, торғайды.
-Ия.
- құстар-птицы
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар сақтық шараларды ескере отырып, жұмысты
Педагогтың нұсқауы бойынша орындайды.
Рефлекси
ялық-түзету
шілік
Балалардың жұмыстары көрсетіліп бағаланады.
-Балалар, құстарға неге жем шашады?
-Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?
-Жемсауытқа жем шашады.
-жоқ, қиын болған жоқ.
Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, таным
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: "Жемсауыттағы құстар"
Мақсаты: Құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптасыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелесу.
Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, аудиоқұрылғы арқылы құстар үні.
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
Билингвальді компонент: құстар-птицы.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғалыс
Шаттық шеңбері.
Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.
- Балалар, бұл нелердің дауысы?
- Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңдер ме? Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.
- Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?
Сөздік жұмыс: жемсауыт.
Негізгі бетте (фонда) жемсауыт және жем берілген. Осы бетке құстарды жапсырамыз. Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз. Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.
- Қанаты қандай пішіннен жасалған?
- Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.
Билингвальді компонент: құстар-птицы.
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, торғайсың,
Тяу келіп қоңғайсың.
Жем шашайын, тойып ал.
Шашылған нан қоқымын,
Шоқып-шоқып жиғасың.
Сонда аязға тоңбайсың,
Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.
Балалар әуенді тыңдай отырып, құстар әлеміне келгендей сезінеді.
- Құстардың дауысы.
- Қарғаны, торғайды.
- Ия
- Жапсырғымыз келеді.
Қайталайды: жемсауыт
Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдай отырып, жұмысты орындайды.
- Доғал пішіннен.
Балалар екінші құсты да жапсырады.
Қайталайды: құстар-птицы.
Балалар тапсырманы орындайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тақпақты тәрбиеші -мен бірге қайталап айтады.
Рефлексифті
түзетушілік
Қортынды:
- Балалар, құстарға неге жем шашады?
- Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?
Балаларды марапаттайды.
- Жемсауытқа жем шашады.
-Жоқ, қиын болған жоқ.
Балалар жұмыстарынаяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.
Өтілетін күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көңілді қыс.Ш. Мұхамеджанов.Сенің өмірің – сиқырлы әлем кітабынан.
Мақсаты:Өлең жолдарын мәнерлеп оқи отырып, балаларға мағынасын түсіндіру. Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Қыс мезгіліндегі қызықты сәттерді баяндай білу. Өлеңді жатқа айтуға үйрету.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Енгізу
Дәлелді ояту
I. Шаттық шеңбері. «Болайықшы осындай»
А.Меңжанова.
II.Қызығушылықты ояту.
Дид ойын: «Көңілді сөз»
Шеңберде дұрыс тұру және өлең жолдары-мен қимылдар жасау.
Өздері білетін жақсы сөздерді бір – біріне айта білу.
Шаттық шеңбері.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп дұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай
Болайықшы досым-ай.
Ұйымдастыру – іздену
1. Қыс мезгілі туралы түсінік беру.
Сұрақ – жауап.
-Қазір қандай мезгіл?
-Қыс мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?
-Несімен ұнайды?
Қандай ойын түрлерін білесіңдер?
2. Көңілді қыс.
Ш. Мұхамеджанов.
-Өлең жолдарын мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.
Сұрақ – жауап.
-Өлең жолдарында не туралы айтылған?
-Қыс мезгілін қалай суреттеген?
3. Суретпен жұмыс.
-Суреттке өз ойынан әңгіме құрау.
-Сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті. «Қыс»
Сыртта боран зулайды,
Қарды үйіріп қуалап.
Әлсін – әлсін тыңдайды,
Терезеден сығалап.
Қойған сұрақтарға жауап бере білу.
Өз ойын толық жеткізе білу.
Өлең жолдарының мағынасын дұрыс түсініп жеткізе білу.
Суретке сөйлем құрай білу.
Сергіту жаттығуын қимылмен көрсету.
Сөздік жұмыс:
Боран, ұлиды, соғады, басады,
мамықтай, ұлпа,
аяз, үскірік, тікенек,қуанышты, сыйлығын т.б.
Көңілді қыс.
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қар алап,
Іздерінен қар ұшып.
Сәтке қарап тұрмайсың,
Көңілді еді қыс қандай.
Шаңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай.
Рефлекстік түзету
Дид ойын: «Кім тапқыр?»
Жұмбақ жасыру.
Жұмбақтың шешуін сұрақтар қоя отырып, жауап алу
Балаларды мадақтау.
Жұмбақ шешуге қызығушылық таныту.
Қойылған сұрақтарға өз ойымен толық жауап бере білу.
Қолымен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады (Аяз)
Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға тым әйбет. (Мұз)
Аспаннан ақ ұлпа борады,
Қырқаны сейсепке орады. (Қар)
Жерді тырнап, бұтаны ырғап,
Шөпті сыйпап, ұшады зырлап
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап. (Боран)
Көңілді қыс
Бөлімі: Тіл дамыту Білім беру саласы: «Қатынас» Тақырыбы: Көңілді қыс Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті. Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар. Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық. Мейірімділік жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық. Бір жадырап қалайық, Келіп қалған қонақтарды Сүйіп, сүйіп алайық. Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр. Шанамен зырғып желетін, Коньки, шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? Балалар: Қыс мезгілі Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? ( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді) Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? (Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады) Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? (Алақай, деп қолдарын көтереді) Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы. * Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады. *Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды. Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз? Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді) Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар? Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз. Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? Балалар: Жаңа жыл! Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар, мынау ненің суреті? Балалар: Аққала Тәрбиеші: Аққала неден жасалады? Балалар: Қардан Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік. Балалар қарды қолмен ұстап көреді. Тәрбиеші: Қардың түсі қандай? Балалар: Ақ Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма? Балалар: Мұздай Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады? Балалар: Үш бөліктен тұрады Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай? Балалар: Дөңгелек Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/ Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар. Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді? Балалар: Аққала Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Қар жинау» ойыны. Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті. Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма? Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы? Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз. Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз, Иіліп, бүгіліп, денеміз. Хоккейді де ойнаймыз, Шаңғыны да тебеміз. Әрлі - берлі жол салып, Қар лақтырып, ойнаймыз. Қорықпаймыз аяздан Спортшы болмай қоймаймыз. 2. Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады ) Ақниет: Қыс мезгілі көңілді, Айсан: Қар жауғанда топ бала, Аспаннан ақ қар төгілді. Соқты қардан аққала. Шанамен біз ойнаймыз, Мұрны сәбіз, үп - үшкір, Шаңғы теуіп сырлаймыз. Көзі көмір, қап - қара. Барысхан: Далада қар борайды, Қанат: Ауыл сырты - биік жар, Ақ мамыққа орайды. Бізді күтіп, тұр қарап. Мұз болады, қатады, Биік жарға шығып - ап, Жып - жылтыр боп жатады. Жөнелеміз, сырғанап. Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане, балалар ойын ойнап жіберейік. Аққаламызға суретін құрап берейік. Ойын: «Аққала құрастыру» Тәрбиеші: Балалар, енді үйден ата - аналарымызбен салып келген суреттерімізді аққаламызға, қонақтарымызға таныстырайық. Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар! Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді) Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік? Қыс мезгілі Бізге бүгін қонаққа не келді? Аққала Барлығымызға ұнады ма? Иә Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық. «Жүректен - жүрекке»: Балдай тәтті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Ойынменен өседі, Ойымыз бен санамыз. Қол ұстасақ бәріміз, Жарасады сәніміз. Көріскенше күн жақсы, Сау болыңыз бәріңіз!
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. Таным. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар. Сабақтың мақсаты: Балаларға құстардың түрлерін соның ішінде қыстап қалатын құстар туралы білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың бойында қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап алу. Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: бейнепроектор, слайд, қиылған геометриялық пішіндер,қыстап қалатын құстардың суреттері.
Сабақтың барысы:
Амандасу. - Сәлеметсіздер ме, қонақтар! - Сәлем достар аман ба? «Балалардың мейірбанды жүрегі, Адамдарға бақыт, шаттық тіледі»- деп бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады. (Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың! Сен татусың! Сен көңілдісің! Сен сүйкімдісің! Сен еңбексүйгішсің! Сен қамқоршысың! Сен жақсы доссың! т.б.
- Қазір жылдың қай мезгілі? №1 Слайд. Қыс суреті. - Қыс мезгілінің ерекшелігін атап айтып беріңдерші. - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші. - Қазір қыс мезгілінің қай айы? - Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?
Мұстафа, Абайдың «Қыс» өлеңін айтып береді.
Тәрбиеші: Ақын қысты кімге теңеген? /Атаға/ - Атаның киімдері қандай? - Киім деп отырғаны не? - Ақын суреттеген атаны кімге теңеуге болады? - Өлеңдегі атаның мінезі қандай? - Соқыр, мылқау танымас тірі жанды-дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар көзімізді жұмайықшы. /Балалар көздерін жұмады/ Көздерін ашқанда «Қысқы орманға« келеді.
№2 Слайд. Үнтаспадан құстардың дауыстары естіледі. Балалар ненің даусы естиікші. - Құстардың. - Құстардың даусы шыққан жаққа барайық. Балалар таңғалып тыңдайды.
- Біз қайда келдік? - Қысқы орманға. - Орманда қандай жануарлар мен аңдар мекендейді?
- Құстардың неше түрі болады? /үй және дала құстары/ - Үй құстарын атап беріңдерші./ тауық, қаз, үйрек, күркетауық/ - Үй құстарын адамдар қайда ұстайды? /үйде, қорада/ - Үй құстары адамдарға не береді? - Ал, адамдар ше? /жем, бидай, дән, су/ - Қысқы орманда қандай құстар қалыпты? - Суыққа шыдамды құстар қалыпты. - Ал, қалған құстар қайда? - Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” деп атаймыз. Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар? - Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.
- Ал, енді суықторғай, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Отырықшы құстар” немесе “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады? (суреттерін көрсетіп, атап шығу) Отырықшы құстарға тоқталу.
№3 Слайд. ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді. Тәрбиеші: Балалар, бізге қандай құс ұшып келді? Еркін самғап ұшсын деп, Мәпелейміз баптаймыз. «Бейбітшілік құсы», - деп Қайсы құсты мақтаймыз? Балалар: Көгершінді. №4 Слайд. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Кептер қала, адамдарға жақын мекендейді. Ол бізге не алып келді, қане көрейікші. Жаңа ғана қарға туралы айтып бастағанмын. Ал,көгершін құстардың тапсырмаларын алып келген екен.
Қарғаның тапсырмасын оқып берейін:
Мен туралы айтып жатыр екенсіңдер, ендеше мен туралы тақпақ білесіңдер ме?- дейді. Қарға туралы тақпақты Нұркен айтып береді.
№5 Слайд.ТОҚЫЛДАҚ – ұзын тұмсығы бар, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа ,түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді. Тоқылдақтың тапсырмасы: Балабақшаға неше күн келесіңдер? Неше күн демаласыңдар? Күн аттарын атап беріңдерші.-депті. Балалардың жауаптары.
№ 6 Слайд. СУЫҚТОРҒАЙ – кеудесі қызыл, кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.
№ 7 Слайд. САУЫСҚАН-/Сорока/ – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.
САУЫСҚАН: құстарға байланысты тыйым сөздерді айтып беріңдерші. 1 бала: Құстың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе. 2 бала: Құсқа тас лақтыр ма. 3 бала:Құстардың жұмыртқасын жарма. 4 бала: Құсты атпа.
№ 8 Слайд.Торғай /Воробей/–пайдалы, кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.
Тәрбиеші: Сендер серуенге шыққанда қандай құстарды көп көресіңдер? Ендеше, торғай болып сергіту сәтін орындап берейік.
1.Сергіту сәті. Ептеп – ептеп жерден бидай терейік Тергеніңді торғайларға берейік. Торғай – торғай томпаң - томпаң секірсін, Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал Енді менің әңгімеме құлақ сал.
2. Құстар туралы қандай ертегілерді білесіңдер? - Қарлығаш пен Дәуіт. - Қарлығаштың құйрығы неге айыр. - Қарлығаш пен шөже торғай.
3. Слайд. Жалпы құстар қалай пайда болатынын білесіңдер ме? /құстардың жұмыртқадан пайда болатынын айтады/
Жаңа сөздермен таныстыру: құстар-птицы, балапандар - птенцы, Қыстап қалатын құстар- зимующие птицы. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. - Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды. (Мамықтарын көрсету) - Біз қай құстардың тапсырмасын орындадық? - Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?
- Құстар болмай қалса не болады? Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдермен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қоңыздар ормандарды кем іріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды. - Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме). Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек. Амина: Қамқоршы боп жүреміз, Табиғатқа құстарға. Аялаймыз оларды, Жақсы көріп бәріміз.
Торғай –әні орындайды.
Жылы жаққа ұшпайтын Біздің жақта қыстайтын Құстар жүрсе жуықта Жем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз. Қонақтармен қоштасып шығып кетеді
Білім беру салалары: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды қыс мезгілімен таныстыруды жалғастыру, қыстағы орман тіршілігімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы, қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Қыс мезгілін басқа мезгілдерден айыра, айырмашылығымен ерекшеліктерін баяндау білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әңгіме оқып беріп оның мазмұнымен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру.
Түзетушілік: Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру, ұзақ уақыт есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, грамматикалық түрде жүелі сөйлеу қабілеттерін дамыту, артикуляциялық аппараттарын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың басқа тіршілік жаңға мейірімділікпен қарауға деген
қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың
қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстарға қамқор болуға
-Ия, қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.
Ғажайып сәт: Есік қағылып Дымбілмес келеді.
Дымбілмес: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым.
Ой, балалар сендерге қызық емес пе не?
Логопед: Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда.
Суретпен жұмыс
(Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау).
Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт
Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.
Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.
Әңгіме оқып беру: Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.
Әңгімені талдау.
Балалар , әңгіме не туралы?
«Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?
Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты.
- Кім оған көмекке келді?
- Көрдің бе Дымбілмес, құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек
6. Жұмбақтар
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға) Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (сауысқан)
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз
Торғай, үкі, тоқылдақ туралы тақпақтар
Торғай,торғай,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Момақансып отырып ап.
Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Тоқылдақ орманды емдейді.
Тыныс алу жаттығулары: Ұлпа қарларды үрлеу.
Балалар мына ұлпа қардың түсін айтындаршы!
Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаныс саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп
Д/ойын: «Бұл қай кезде болады?!»
Фонетико- фонематикалық жаттығу:
ақ-ақ қар аппақ,
ық-ық-суық,
ыс-ыс-қыс,
аз-аз-аяз
Ойын: «Не артық?»
Мақсаты:Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.
Шарты:Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б.
Дымбілмес: Рахмет сендерге, берген мәліметтеріне, мен енді құстарды аялап, қамқорлық жасайтын боламын! Сау болыңдар,балалар !
Жылулық шеңбері: «Жүректен жүрекке»
Дымбілмеспен қоштасады
Жылулық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздер сыйлайды
Қыстап қалған құстар» тақырыбындағы ашық сабақ
19.03.2015 oquzaman 0 Comments «Қыстап қалған құстар» тақырыбындағы ашық сабақ
Ахметсадыкова Жанипа Құмарбекқызы
ШҚО облысы, Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылы, «Әсем» ясли-балабақшасы
балабақша тәрбиешісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру
Тақырыбы: «Қыстап қалған құстар»
Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Құстар туралы ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құстардың суреттері.
Әдіс тәсілдері: Ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, тосын сый, ойын,ой жүгірту.
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
ұйымдастырушы
Ойқозғау
Ұйымдастыру “Жылулықшеңбері” Психологиялық дайындық
-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетіне қатысуға қонақтар келіп отыр.
Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.
-Балалар енді қонақтарға арналған жақсы тілектер айтайық.
-Жақсы балалар, енді орнымызға отырайық
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыстың неше айы бар?
-Қыс айларын атаңдар:
-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады
Балалар жылулық шеңберіне тұрып қонақтармен сәлем –
деседі!
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Тобымызға келген қонақтарды көргенде
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
-Сәлеметсіздерме апайлар!
-Сіздерге денсаулық тілейміз!
-Қыс.
-Үш ай
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Балалардың жауаптары.
Іздену – барлау
Тосын сый
Ой жүгірту
Қазақ халқының ұлттық ойыны:
«Ұшты – ұшты»
Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуі арқылы оқу іс-әрекетінің тақырыбын анықтаймыз.
Жұмбақтар:
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(Қарға)
Ала шапан кигені,
Сескенгіш болған соң,
Шықылықтап жүргені.
(Сауысқан)
Балалар, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар, ендеше біз құстар туралы, соның ішінде қыстайтын құстар туралы әңгімелейміз.
-Балалар мына құстардың атын атап жіберейікші.
-Ал енді балалар біздің жақта қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
-Суреттен сол құстарды табайықшы, кәне кім көрсетеді?
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Қысқы құстарға: қарға, көгершін, сауысқан, торғай жатады екен.
-Балалар жылы жаққа ұшпайтын, суыққа төзімді құстарды қысқы құстар деп атаймыз. Қысқа қарай олардың қауырсындарының астындағы мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.
-Балалар, осы құстар қыста немен қоректенеді, не жейді деп ойлайсыңдар?
Балалар кейбір ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар сақталып қалады құстар соны азық етеді. Қыста оларға қар астынан дән тауып жеу өте қиын, сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді.
Адамдар, балалар құстарға жемшашар жасап, оған нанның қоқымын, жем салып қамқорлық көрсетеді.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде құстар патшалығы болыпты. Патшалықты басқаратын ханзада және ханшайым болыпты. Құстар патшалығының ханшайымы бізге қонаққа келеді.
Құстар патшалығының ханшайымы
– Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен құстар патшалығының ханшайымымын.
Құстар тақырыбында ашық оқу іс – әрекеті өтіп жатыр деп естіп әдейі қатысуға келдім.
Көрдіңдер ме, балалар менің сиқырлы 3 сандығым бар.
– Мынау жай сандығым.
– Мынау күміс сандығым.
– Ал мынау алтын сандығым.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі сандықшалар!
Ханшайым сандықтарыңызды алып көрсетіңізші.
– Сандықтың ішінде не бар екен?– деп біздің балалар асыға тосып отыр.
Ханшайым: Балалар менің тапсырмамды орындасын, сонда сандықтар ашылады.
Тәрбиеші: Балалар ханшайымның тапсырмасын орындап сандықтарды ашып көрейік.
Ханшайым: Балалар 1 –ші тапсырмамды орындасаңдар жай сандық ашылады.
Мұқият тыңдаңдар!
1 тапсырма: Менің қысқы құстарым туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар!
тапсырмамды орындап алтын сандықты ашуларыңа болады.
3 тапсырма: Менің құстарым туралы қандай тиым сөздер білесіңдер?
Ханшайым: -Жарайсыңдар, балалар! Сендер 3- ші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар!
Алтын сандық ашыл!
(Алтын сандық ашылады).
-Балалар, осы қысқы құстардың ішінде қарға көп ертегілерде жағымсыз кейіпкерлер болады?
-Балалар, естеріңе түсіріңдерші қарға қай ертегіде балаға көмектеспей қойып еді?
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар, тағы бір ертегіде қарға қарлығашқа көмектеспей қойып еді ғой естеріңе түсіріңдерші.
Ойынның аты «Ұшты-ұшты»
Тәрбиеші балаларға ойынның шартын түсіндіреді.
Ұшты-ұшты қарға ұшты
Ұшты-ұшты арба ұшты
Ұшты-ұшты көгершін ұшты
Ұшты-ұшты сілеусін ұшты
Ұшты-ұшты бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты іркіт ұшты
Ұшты – ұшты сауысқан ұшты
Ұшты – ұшты арыстан ұшты
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Балалар суреттегі құстардың атын атайды.
Балалардың жауаптары
Балалар қысқы құстарды көрсетеді.
Балалар қысқы құстар туралы суреттерді қызығушылықпен қарайды.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін зейін қойып мұқият тыңдайды.
Балалар сандықшаларға қызыға қарайды.
Балалар тәрбиешіге қуана келіседі.
Әміре:
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта,
Жем шашуды ұмытпа.
Аружан:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға келіп қорғанар.
Балжан:
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір ағаштан ағашқа,
Секең-секең ауысқан!
Дамира:
Көк көгершін, көгершін,
Көгершін келер жем үшін.
Балалар жем себелік,
Жем жесінде семірсін.
Балалар тақпақтың мазмұнына сай қимылдар жасайды.
«Алтын сақа» ертегісі
«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
Балалар ойын ережесін мұқият тыңдап, ойынға белсене қатысады.
Рефлексивті-түзетуші
-Балалар, сонымен қыстап қалатын құстарға қандай құстар жатады екен?
-Бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Ханшайым қандай сандықтар әкелді?
Құстар патшалығының ханшайымы:
– Жас достар, сендер менің құстарым туралы көп тақпақ тиым сөз біледі екенсіңдер. Сендер менің құстарыммен дос екенсіңдер! Құстарды қорғап, қамқорлық көрсетеді екенсіңдер. Мен сендерге өте риза болдым.
-Балалар сендерге әкелген сыйлығым бар еді соны таратып берейін
-Балалар, мен енді қайтайын
-Сау болыңдар
-Балалар барлығың бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Өздеріңнің білімді, зерек, алғыр, тапқыр балалар екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
-Балалар келген қонақ апайлармен
қоштасайық.
Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Деген ізгі тілекпен оқу іс-әрекетін аяқтаймыз.
Балалардың жауаптары
-Құстар ханшайымы
-Рахмет, сізге!
– Сау болыңыз.
Білім аймақтары: «Таным»
Бөлімдері: Жаратылыстану
Оқу іс-әрекетінің арасындағы байланыс: «Коммуникация»-Сөйлеуді дамыту, «Денсаулық»Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал-мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: суреттер
Сөздік жұмысы: құстар
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік Күлкі көңіл ашады. Күліп өмір сүрейік!
Ұйымдастыру-іздестіру Кіріспе бөлім: Қыс туралы әңгімелеу. - Балалр, қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс екенін қайдан білдіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады. - Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін. Әңгімені талдау. - Балалар , әңгіме не туралы? - «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған? - Ол неге жылы жаққа ұша алмай қалды?
Тосын сый (Осы кезде есік қағылады) - Балалар, біреу есік қағып тұр, тыңдаңдаршы. Көрейік, кім келді екен? Балалар, бізге Ақшақар қонаққа келіпті.
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен орманнан келдім. Менің құстарым орманнан ұшып кетті, соларды ұстауға көмектесулеріңді сұраймын. - Балалар, біз Ақшақарға көмектесейік. Ақшақардан орманда қандай құстар қыстап қалатынын біліп алайық.
-Ол үшін ойын ойнайық. Ал, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақтар Қонып алып жарға, Қарқылдайды (қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын, Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан, Бұл қандай құс (сауысқан)
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз (Торғай, үкі, тоқылдақ туралы) Айтылған құстар суреттерін «жемсауыт» артына жапсырылған магнитті тақтаға қондыру.
Жапалағым ух, ух. Көкек көкек, көкек деп, Ұшады екен желпілдеп.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
- Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына кітаптағы суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.
- Құстардың ұясын бұзуға, таспен атуға болмайды. Құстарға қамқорлық жасау қажет! Балалар сендер маған құстарымды табуға көмектескендеріңе рахмет.
- Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар. (Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)
Балалармен сөздік жұмысын жүргіземін
Қозғалмалы ойын «Ұшты-ұшты»
Рефлексивті-түзетушілік Балалар біз бүгін не үйрендік?