kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыстап қалатын құстар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыстап қалатын құстар
 
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. Таным.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Сабақтың мақсаты:
Балаларға құстардың түрлерін соның ішінде қыстап қалатын құстар туралы білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.  
Балалардың бойында қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап алу.
Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: бейнепроектор, слайд, қиылған геометриялық пішіндер,қыстап қалатын құстардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Амандасу.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Сәлем достар аман ба?
«Балалардың мейірбанды жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі»- деп бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.
(Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен  қайырымдысың! Сен татусың! Сен көңілдісің! Сен сүйкімдісің! Сен еңбексүйгішсің! Сен қамқоршысың! Сен жақсы доссың! т.б.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
№1 Слайд. Қыс суреті.
- Қыс мезгілінің ерекшелігін атап айтып беріңдерші.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші.
- Қазір қыс мезгілінің қай айы?
- Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?

Мұстафа, Абайдың «Қыс» өлеңін айтып береді.

Тәрбиеші: Ақын қысты кімге теңеген? /Атаға/
- Атаның киімдері қандай?
- Киім деп отырғаны не?
- Ақын суреттеген атаны кімге теңеуге болады?
- Өлеңдегі атаның мінезі қандай?
- Соқыр, мылқау танымас тірі жанды-дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар көзімізді жұмайықшы. /Балалар көздерін жұмады/
Көздерін ашқанда «Қысқы орманға« келеді.

№2 Слайд. Үнтаспадан құстардың дауыстары естіледі.
Балалар ненің даусы естиікші.
- Құстардың.
- Құстардың даусы шыққан жаққа барайық.
Балалар таңғалып тыңдайды.

- Біз қайда келдік?
- Қысқы орманға.
- Орманда қандай жануарлар мен аңдар мекендейді?

- Құстардың неше түрі болады? /үй және дала құстары/
- Үй құстарын атап беріңдерші./ тауық, қаз, үйрек, күркетауық/
- Үй құстарын адамдар қайда ұстайды?  /үйде, қорада/
- Үй құстары адамдарға не береді?
- Ал, адамдар ше? /жем, бидай, дән, су/
- Қысқы орманда қандай құстар қалыпты?
- Суыққа шыдамды құстар қалыпты.
- Ал, қалған құстар қайда?
- Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” деп атаймыз.
Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.

- Ал, енді суықторғай, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты
 «. жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Отырықшы құстар” немесе “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?    (суреттерін  көрсетіп, атап шығу)
Отырықшы құстарға тоқталу.


№3 Слайд. ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қандай құс ұшып келді?
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы», - деп
Қайсы құсты мақтаймыз?
Балалар: Көгершінді.         
№4 Слайд. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Кептер қала, адамдарға жақын мекендейді.
Ол бізге не алып келді, қане көрейікші. Жаңа ғана қарға туралы айтып бастағанмын. Ал,көгершін құстардың тапсырмаларын алып келген екен.

Қарғаның тапсырмасын оқып берейін:

Мен туралы айтып жатыр екенсіңдер, ендеше мен туралы тақпақ білесіңдер ме?- дейді.
Қарға туралы тақпақты Нұркен айтып береді.

№5 Слайд.ТОҚЫЛДАҚ –  ұзын тұмсығы бар, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа,түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді.
Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.
Тоқылдақтың  тапсырмасы:
Балабақшаға неше  күн  келесіңдер?
Неше күн демаласыңдар?
Күн аттарын атап беріңдерші.-депті.
Балалардың жауаптары.

№ 6 Слайд. СУЫҚТОРҒАЙ – кеудесі қызыл, кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды  мекендейді. Бұталардың  дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

СУЫҚТОРҒАЙ: Маған геометриялық пішіндерден торғайларды құрастырып беріңдерші.
/Балалар дайын пішіндерден торғайды құрастырады/

№ 7 Слайд. САУЫСҚАН-/Сорока/ – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.

САУЫСҚАН: құстарға байланысты тыйым сөздерді айтып беріңдерші.
1 бала: Құстың ұясын бұзба, балапандарына  тиіспе.
2 бала: Құсқа тас лақтыр ма.
3 бала:Құстардың жұмыртқасын жарма.
4 бала: Құсты атпа.

№ 8 Слайд.Торғай /Воробей/–пайдалы, кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен  қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.
 
Тәрбиеші: Сендер серуенге шыққанда қандай құстарды көп көресіңдер?
Ендеше, торғай болып сергіту сәтін орындап берейік.

1.Сергіту сәті.
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай – торғай томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді менің әңгімеме құлақ сал.

2. Құстар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
- Қарлығаш пен Дәуіт.
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр.
- Қарлығаш пен шөже торғай.

3. Слайд. Жалпы құстар қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
/құстардың жұмыртқадан пайда болатынын айтады/

Жаңа сөздермен таныстыру:
құстар-птицы, балапандар - птенцы,
Қыстап қалатын құстар- зимующие птицы.
Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары  сақтайды.  (Мамықтарын көрсету)
- Біз қай құстардың тапсырмасын орындадық?
- Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?

- Құстар болмай қалса не болады?
Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдермен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар,  қоңыздар ормандарды кем іріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).
Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.
Амина: Қамқоршы боп жүреміз,
Табиғатқа құстарға.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.

Торғай –әні орындайды.

Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Қонақтармен қоштасып шығып кетеді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыстап қалатын құстар»

Қыстап қалатын құстар
 
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. Таным.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған ортамен таныстыру. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Сабақтың мақсаты:
Балаларға құстардың түрлерін соның ішінде қыстап қалатын құстар туралы білімдерін бекіту, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.  
Балалардың бойында қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап алу.
Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: бейнепроектор, слайд, қиылған геометриялық пішіндер,қыстап қалатын құстардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Амандасу.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Сәлем достар аман ба?
«Балалардың мейірбанды жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі»- деп бір-біріне жақсы тілек сөздер айтады.
(Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен  қайырымдысың! Сен татусың! Сен көңілдісің! Сен сүйкімдісің! Сен еңбексүйгішсің! Сен қамқоршысың! Сен жақсы доссың! т.б.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
№1 Слайд. Қыс суреті.
- Қыс мезгілінің ерекшелігін атап айтып беріңдерші.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші.
- Қазір қыс мезгілінің қай айы?
- Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?

Мұстафа, Абайдың «Қыс» өлеңін айтып береді.

Тәрбиеші: Ақын қысты кімге теңеген? /Атаға/
- Атаның киімдері қандай?
- Киім деп отырғаны не?
- Ақын суреттеген атаны кімге теңеуге болады?
- Өлеңдегі атаның мінезі қандай?
- Соқыр, мылқау танымас тірі жанды-дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар көзімізді жұмайықшы. /Балалар көздерін жұмады/
Көздерін ашқанда «Қысқы орманға« келеді.

№2 Слайд. Үнтаспадан құстардың дауыстары естіледі.
Балалар ненің даусы естиікші.
- Құстардың.
- Құстардың даусы шыққан жаққа барайық.
Балалар таңғалып тыңдайды.

- Біз қайда келдік?
- Қысқы орманға.
- Орманда қандай жануарлар мен аңдар мекендейді?

- Құстардың неше түрі болады? /үй және дала құстары/
- Үй құстарын атап беріңдерші./ тауық, қаз, үйрек, күркетауық/
- Үй құстарын адамдар қайда ұстайды?  /үйде, қорада/
- Үй құстары адамдарға не береді?
- Ал, адамдар ше? /жем, бидай, дән, су/
- Қысқы орманда қандай құстар қалыпты?
- Суыққа шыдамды құстар қалыпты.
- Ал, қалған құстар қайда?
- Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” деп атаймыз.
Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.

- Ал, енді суықторғай, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты
 «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Отырықшы құстар” немесе “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?    (суреттерін  көрсетіп, атап шығу)
Отырықшы құстарға тоқталу.


№3 Слайд. ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қандай құс ұшып келді?
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы», - деп
Қайсы құсты мақтаймыз?
Балалар: Көгершінді.         
№4 Слайд. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Кептер қала, адамдарға жақын мекендейді.
Ол бізге не алып келді, қане көрейікші. Жаңа ғана қарға туралы айтып бастағанмын. Ал,көгершін құстардың тапсырмаларын алып келген екен.

Қарғаның тапсырмасын оқып берейін:

Мен туралы айтып жатыр екенсіңдер, ендеше мен туралы тақпақ білесіңдер ме?- дейді.
Қарға туралы тақпақты Нұркен айтып береді.

№5 Слайд.ТОҚЫЛДАҚ –  ұзын тұмсығы бар, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа ,түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді.
Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.
Тоқылдақтың  тапсырмасы:
Балабақшаға неше  күн  келесіңдер?
Неше күн демаласыңдар?
Күн аттарын атап беріңдерші.-депті.
Балалардың жауаптары.

№ 6 Слайд. СУЫҚТОРҒАЙ – кеудесі қызыл, кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды  мекендейді. Бұталардың  дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

СУЫҚТОРҒАЙ: Маған геометриялық пішіндерден торғайларды құрастырып беріңдерші.
/Балалар дайын пішіндерден торғайды құрастырады/

№ 7 Слайд. САУЫСҚАН-/Сорока/ – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.

САУЫСҚАН: құстарға байланысты тыйым сөздерді айтып беріңдерші.
1 бала: Құстың ұясын бұзба, балапандарына  тиіспе.
2 бала: Құсқа тас лақтыр ма.
3 бала:Құстардың жұмыртқасын жарма.
4 бала: Құсты атпа.

№ 8 Слайд.Торғай /Воробей/–пайдалы, кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен  қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.
 
Тәрбиеші: Сендер серуенге шыққанда қандай құстарды көп көресіңдер?
Ендеше, торғай болып сергіту сәтін орындап берейік.

1.Сергіту сәті.
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай – торғай томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді менің әңгімеме құлақ сал.

2. Құстар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
- Қарлығаш пен Дәуіт.
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр.
- Қарлығаш пен шөже торғай.

3. Слайд. Жалпы құстар қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
/құстардың жұмыртқадан пайда болатынын айтады/

Жаңа сөздермен таныстыру:
құстар-птицы, балапандар - птенцы,
Қыстап қалатын құстар- зимующие птицы.
Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары  сақтайды.  (Мамықтарын көрсету)
- Біз қай құстардың тапсырмасын орындадық?
- Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?

- Құстар болмай қалса не болады?
Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдермен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар,  қоңыздар ормандарды кем іріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).
Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.
Амина: Қамқоршы боп жүреміз,
Табиғатқа құстарға.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.

Торғай –әні орындайды.

Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Қонақтармен қоштасып шығып кетеді




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қыстап қалатын құстар

Автор: Ажыбаева Назгул Жолдыгазиновна

Дата: 17.12.2018

Номер свидетельства: 491133

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Конспект уроки "  ?ыстап  ?алатын ??стар"."
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekturokikystapkalatynkustar"
    ["file_id"] => string(6) "330917"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464448255"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Қыстап қалатын құстар""
    ["seo_title"] => string(24) "kystap_kalatyn_ku_star_3"
    ["file_id"] => string(6) "498080"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549038087"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Қыстап қалатын құстар""
    ["seo_title"] => string(27) "k_ystap_k_alatyn_k_u_star_2"
    ["file_id"] => string(6) "450514"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516182871"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "?орша?ан ортамен таныстыру.  Та?ырыбы:?ыстап ?алатын ??стар."
    ["seo_title"] => string(66) "k-orshag-an-ortamien-tanystyru-tak-yryby-k-ystap-k-alatyn-k-u-star"
    ["file_id"] => string(6) "295450"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455813202"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Қыстап қалатын құстар"
    ["seo_title"] => string(27) "k_ystap_k_alatyn_k_u_star_1"
    ["file_id"] => string(6) "448206"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515254139"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства