3. - Д?рыс айтасы?дар. ?арлы боранымен, сы?ырла?ан аязымен ?ыс та келіп жетті. Біра? біз ?ыстан ?оры?паймыз денемізді шы?даймыз, жылы киінеміз. Сыр?анап ойнап, а??ала жасаймыз.
- Ал ?анекей балалар б?гін біз а??аланы? тапсырмаларын орындаймыз.
- ?ане, балалар олай болса а??аланы? тапсырмаларын орындауды бастайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға, бір – біріне көмек беруге тәрбиелеу.
3. - Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанап ойнап, аққала жасаймыз.
- Ал қанекей балалар бүгін біз аққаланың тапсырмаларын орындаймыз.
- Қане, балалар олай болса аққаланың тапсырмаларын орындауды бастайық.
Аққаланың тапсырмалары:
1. Тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2. Тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық.
3. Тапсырма: Сергіту сәті
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)
4.Тапсырма: Санамақ айту.
Оқушы: "1" дегенім - бөрік,
Кисең бойға көрік.
"2" дегенім - етік,
Киер сәнді етіп.
"3" дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
"4" дегенім - тымақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
"5" дегенім - байпақ,
Іші жылы тайпақ.
5.Тапсырма: Оқулықпен жұмыс 20-бет.
Қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін салу.
6 тапсырма:"Аққала" дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.