Ғажайып сәт. Тәрбиеші балалардың назарын топ ішінде тұрған сыйлығы бар қапшыққа аударады. -Балалар, қараңдаршы біздерге мұражайдан ішінде сыйлығы бар қапшық беріп жіберіпті,қалай ойлайсыңдар ішінде не болуы мүмкін? -Балалар,ендеше ашып көрейік. Әуен ойналады. Ішінен көңілсіз бояу ханшасы шығарады.Амандасады. Бояу ханшасы: -Балалар мен сіздерден көмек сұрай келдім.Менің бояулар әлемімнің бояулары жоғалып бара жатыр.Мен бояуларымды қайтаруым керек. Тәрбиеші бояу ханшасына көмектесуге ұсыныс жасайды. Тәрбиеші балаларға сурет өнері туралы қысқаша түсінік береді: -Балалар біз көмек беру үшін сурет салу әдістерін және жанрларын білуіміз керек.Сурет салу екіге бөлінеді. Дәстүрлі-қылқаламмен,қаламмен,қарындашпен, фломастермен.Дәстүрден тыс-тіс қылшағымен,жіппен,бастыру арқылы, саусақпен,беттестіру арқылы,шашыратып т.с.с. Ал сурет салу жанрлары көп,соның ішінде біз мына үш түрін біліп жүруіміз керек. Балалардың назарын тақтадағы суреттерге аударады. Портрет-адамның келбеттік тұлғасы бей- неленген көркем шығарма. Натюрморт-заттар мен бұйымдар бейне- ленген көркемдік шығарма. Пейзаж-табиғат көрінісі бейнеленген көр- кем шығарма. -Балалар,біздер бояулар ханшасына пейзаж жанрында « күзгі бақтың» суретін дәстүрден тыс әдісімен салып берейік. Саусақ жаттығуы. Саусақтарды тарамдап, Ашып,жұмып алайық. Әр саусақты бір-бірлеп, Бүгіп,бүгіп алайық. Бастырып салу,шашыратып салу әдісін түсіндіреді, көрсетеді.Алдынала дайындалған трафареттерді таратады. Сурет салу барысында қиындық танытып тұрған балаларға тәрбиеші көмектеседі. Сергіту сәті. Жаңбыр жауды себелеп, Ағаштар тұр дірілдеп. Дауыл тұрып жел соқты, Жапырақтар түсті бір-бірлеп. -Балалар,күзде көп жаңбыр жауады, аспан бұлттанады.Сондықтан,енді бұлт пен жаңбырдың суретін салайық. Саусақпен салу әдісін түсіндіреді, көрсетеді.Балалардың жұмыстарын қадағалай жүріп,оларға көмек көрсетеді. Сөздік жұмысы. «Портрет», «Натюрморт», «Пейзаж» сөздерін қайталатады. -Бояу ханшасы, біздің балаларымыздың Салған суреттері ұнады ма? Бояу ханшасы алғысын білдіреді. Балалармен ойын ойын ойнайды. «Өз түсіңді тап!» Дидактикалық ойыны. Ойын шарты: Әр бала қолындағы суреттерге сай түстерді табу керек. Бояу ханшасы балаларға рахметін айтып, өздеріне арнаған сыйлығын беріп қоштасады. | Балалар таңдана қарайды. Балалар ойлана отырып әр түрлі жауаптарын айтады. Не екенін таба алмайды Балалар қызығушылық танытады. Амандасады. Бояу ханшасын тыңдайды. Балалар көмектесуге келіседі. Тәрбиешіні зейін қойып,мұқият тыңдайды. Сурет салуға дай- ындық жасайды. Өлең жолдарына сай саусақ жатты- ғуын жасайды. Балалар алдын ала дайындалған тра- фаретпен ағаштың діңін тәрбиешінің түсіндіруі бойынша салуға тырысады. Өлең шумақтарына сай сергіту жаттығуын жасайды Балалар тәрбиешінің көрсет- кен әдісі бойынша жұмыстарын аяқтайды . «портрет,натюр-морт,пейзаж» сөздерін қайталайды. Дайын болған суреттерін бояу ханшасына көрсетеді. Балалар бояу ханшасымен бірге ойын ойнайды. Бояулар ханшасымен қош- тасады. |