Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Балалардың білімдерін белсендіру. Қандай құстарды білесіңдер? Ал қандай құстарды қыста даладан көрдіңдер? Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Ондай құстарды қалай атайды? Сұрақтарға жауап алу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне мақсатын болжамдап тапқызады. | Қандай суық қыс деген? Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең, Құлағыңды тістеген. Қандай қызық қыс деген? Бəрін шебер істеген. Бақша-бауды, тауды да, Болған ақ түспенен. А.Асылбеков Жұмбақтар шешеді: Қара түстi қарқылдақ, Ұшып-қонып жалпылдап. Қоқыстарды шоқиды, Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға) Жем көрсе, Шықылықтап қалтандайды, Сескенсе, Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан) Бұл құсты бəрі білер, Ауламызда шырылдап, Шиқ-шиқ етер, Қоңыр ... (торғай). Кеудесі сары Жем шоқыр. Жып-жып етіп ұшар, Бұл қай құс? (Сарышымшық) Еркін самғап ұшсын деп, Мəпелейміз баптаймыз. «Бейбітшілік құсы», – деп Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін) |
| Əліппе-дəптердегі суреттермен жұмыс. Суретші қандай құстардың суретін салды? Мыршай суықторғайды сипаттауға тапсырма бергенін айтады. Ол жыл құсы ма əлде қыстап қалатын құс па? Қайда тіршілік етеді? Немен қоректенеді? Қанаты қандай? Педагог балалардың айтқандарын толықтырады: Суықторғайлар ағаш тұқымдары, жеміс-жидек, шетеннің жемісімен қоректенеді. Қылқанжапырақты ормандарда жəне аралас ормандарда тіршілік етеді жəне ұяларын аса биік емес қылқанжапырақты ағаштарға тостаған тəрізді етеп жасайды. «Суықторғай» ойыны. Шарты: суықторғай сияқты секіреді, ұшады жəне шырылдайды. Педагог үстел үстіне жемсауыт шығарады жəне құстарға арналған жемдерді де қояды: кəмпиттер, тұқымдар, шемішке, картоп, шоколад, сəбіз т.б. Суықторғайдың жемін таңдауға тапсырма береді. Сергіту сəті. Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды орындауға шақырады. | Құстар туралы білетіндерін əңгімелейді. Суықторғай – жотасы қоңыр, кеудесі сұр, кішкентай құс. Олар үйірімен жүреді. Торғай – пайдалы құс. Ол зиянкес құрттар жəне дəнді дақыл, нан қиқымдарымен қоректенеді. Сарышымшық – жылдам ұшатын құс. Кеудесі сары-жасыл, басы, тамағы қара, құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары, ал желкесінде ақ дақ бар. Суықторғай мен сарышымшық жазда жəндік жəне жидектермен қоректенеді, түрлі дəнді дақылдар да – олардың қорегі. Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып жейді. Тоқылдақ – орман құсы. Ағаш қуысындағы зиянды жəндіктермен қоректенеді. Оны «Орман дəрігері» деп атайды. Орманда оның тоқылдатқан дыбысын естуге болады. Көгершін (кептер) – қала, ауылда адамдарға жақын мекендейді. – Суықторғай – өте əдемі құс. Төбесі,қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры қызғылт. Балалар қысқа адыммен секіреді, ұшады, «рюм-рюм-рюм», – ысқырып дыбысын салады. Балалар құстарға арналған жемді таңдайды. Торғайларға – нан қиқымы, дəндер. Сарышымшыққа – нан қиқымы, дəндер. Суықторғайға – өсімдік тұқымдары,шетеннің жемісі. Қарғаға – тағам қалдықтары, жеміс пен көгөністердің аршылған қабықтары. Көгершінге – тары. Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік, Тергеніңді торғайларға берейік. Торғай, торғай томпаң-томпаң секірсін, Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал. Дəптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексивтік- түзетушілік | Педагог қорытынды жасайды. Рефлексия: рефлексиянің əдістерінің бір тəсілін қолданады: Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты өсіп жетілгендерін көру: отырып, тұрып, созылып. Ым-ишарамен көрсету: Міне, тамаша! Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен топылдатыңдар! Түрлі түсті суреттерді қолдануға болады: гүлдер, қар қиыршықтары, жапырақтар т.б. | ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады: Қандай құстарды кездестірдіңдер? Бүгінгі ҰОҚ-да танысқан құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Қыстап қалатын құстар). Қыста құстарға қандай қамқорлық көрсетуге болады? |