kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көркем әдебиет. Тақырыбы:" Жайлауда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бөлімі:   Көркем   әдебиет.                                                                                      Тақырыбы:" Жайлауда"
Мақсаты: а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету;                                                                                 ә) Өлең желісі бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу;                                                            б) Табиғатұа деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көркем әдебиет. Тақырыбы:" Жайлауда"»

Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің технологиялық картасы

Күні: жыл. Топтыңаты:
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет. Тақырыбы:" Жайлауда"
Мақсаты: а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету; ә) Өлең желісі бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу; б) Табиғатұа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешініңіс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялыққозғаушы

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын

Бұрала би билеп

Сурет те саламын

Әуен ырғағымен қимылдар жасайды


Іздену ұйымдастыру-шылық

Ғажайып сәт:

Әуен ырғағымен ата мен әже келеді.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

Кіріспе әңгіме

-Олай болса,бүгін біз ақын Нұрхан Жанаевтың "Жайлауда" өлеңмен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жайлауда

Жаздың күні жайлауда

Күнге күйіп шынығып,

Қандай жақсы ойнауға.

Жүресің сен жайраңдап,

Жүйрік желмен жарысып,

Кең даланы сайрандап,

Қозы, лақпен табысып.

Жайлау, жайлау жасыл бақ,

Көл бойында тынығып,

Мәз боламыз асыр сап.

Көктем

Жылы



Өлең оқылғанда мұқият тыңдайды.


Сұрақ-жауап

-Балалар, өлең шумағында не туралы айтылған?

-Сендер жайлауды қалай түсінесіндер?

-Жайлауда болдыңдар ма?


Сергіту сәті

Мына саусағым атам,
Мына саусағым әжем,
Мына саусағым әкем,
Мына саусағым анам,
Мына саусағым мен,
Бәріміз біз жанұя,

Дәптермен жұмыс:

Жайлаудың суретін салдыру


Тақпақ: Жайлауда
Атам биыл мені де,
Алып барды жайлауға,
Құлындар тұр желіде,
Биелер түр байлауда,
Бұлағын да ұнатам,
Қыранын да ұнатам,
«Жылда жылда» жайлауда,
Апарам - деп жүр атам.


Жайлау Онда қой, қозы, лақ, ешкі, бұзау бәрі бар.



Айтылған өлең жолдарына байланысты жаттығулар жасайды.



Балалар жұмыс дәптерімен жұмыс жасайды.




Рефлексифті - түзетуші

Қортындылау.

Қорытынды; Тәрбиеші атаға балалардың жұмыстарын көрсетіп мадақтайды,
Ата балаларға риза болып батасын,
Бата берсе атасы,
Бата берсе анасы,
Немересі өспей ме,
Болып жұрттың данасы,
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейін,
Фарабилер секілді,
Қас биіктен көрейін,





Балалар өлең шумағын қайталайды.





Күтілетіннәтиже:

Біледі: өлең мазмұнын.

Игерді: жаз мезгілінің ерекшелігін.


Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті.

Тәрбиеші: ______________________________ Туғанбаева .А.Ж.

Әдіскер: _______________________________ Тұрсын.Н.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні: __________ 2015жыл. Топтың аты:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі:Көркем әдебиет Тақырыбы:" Үш жолдас"
Мақсаты: а)Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру; ә) Достық қатынысты бағалай білуге баулу; б) Достаса білуге,адал достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.

Іс – әрекеткезеңдері

Тәрбиешініңіс - әрекеті

Балалардыңіс - әрекеті

Мотивациялыққозғаушы




Шаттық шеңбер

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.



Бір-біріне қуаныш сыйлау.








Ізденуұйымдастырушылық

Кіріспе әңгіме (суретпен ұмыс)

-Балалар, суреттен не көріп тұрсындар?

-Кәне, осы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

-Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Достық дегеніміз -екі адамның арасындағы сыйластық.Ендеше, балалар, бір-біріне адал, қамқор, тату дос болу керек. Қазіргі оқылатын әңгіме "Үш жолдас" деп аталады. "Үш жолдас" әңгімесін оқу (хрестоматиядан) әңгіме желісін, мазмұнын айту.

Сергіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін, жақсысын

Досымызға сыйлайық.



Балалар жауабы.



Достар тату болу керек




Тыңдайды.





Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.


Сұрақ-жауап

-Әңгімеде не жайлы айтылған?

-Шынайы дос қандай болу керек?


"Достық" туралы мақал-мәтел айту.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Достық- татулық белгісі.

Дәптермен жұмыс;

1.Суреттегі шарларды бояу.

2. Сурет бойынша әңгімелеу.



Дос туралы

Адал, шыншыл





Балалар тәрбиешілермен бірге қайталайды.




Тапсырманы орындайды.

Рефлексифті - түзетуші

Қортындылау.

"Менің досым" ойыны. әңгімелестік. Допты лақтырып, қағып алған баладан тәрбиеші достық туралы мақал-мәтел сұрайды.





Ойын ойналады.





Күтілетіннәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын.

Игерді: достық қатынасты бағалай біліуді.
Меңгереді: адал дос болуды,досты сыйлауды.

Тәрбиеші: ______________________________

Әдіскер: _______________________________



Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:______20___жыл. Топтың аты:Айголек
Білім беру саласы :Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Үй жануарлары».
Мақсаты:а)Үй жануарлары туралы түсінік беру; ә)Олардың ерекшеліктерін ,адам өміріне пайдасын,төрт түлік малға не жататынын,олардың төлдерін атап айтуға баулу; б)Төрт түлік малды күтіп баптауға тәрбиелеу;
Сөздік жұмыс: .
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Үлгі суреттер. Қажетті құрал-жабдықтар :суреттер,жұмыс дәптері,хрестоматия,төрт түліктің суреттері,буклеттер.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Шаттық шенбер ұйымдастыру; Қошақан әніне музика әуенімен жасалады; Жазда апамның аулына Барып едім қыдырып. Бір қошақан алдымнан Шықты ойнақтап алдымнан Ақ маңдайлы ай ма екен, Шекер ме екен,бал ма екен, Кеттім оны сағынып, Қошақаным қайда екен.


Балалар шеңбер болып тұрады . Қимылдар жасады.

Ізену ұқйымдастырушылы

Кіріспе әңгіме: Балалар,үй жануарларын атап бере аласыңдар ма? Төрт түлік малға не жатады? Малдардың төлдерін қалай атайды? Ақын жазушылардың төрт түлік малға арналған шығармаларымен таныстыру. Төрт түлік малға сипаттама беру. Түйе –малдың үлкені , Жылқы –малдың үркегі , Сиыр –малдың сүттісі, Қой - түліктің құттысы . (С.Қасиманов) Төрт түлік малдың адам өміріне пайдасын айту Жылқының етін ,қазы-қартасын,қымызын ішеміз,жейміз.Қойдың жүнінен көрпе жасаймыз, тоқыма бұйымдар тоқимыз.Түйенің шұбатын ішеміз,шудасын пайдаланамыз.Міне адам өміріне пайдасы осылай тиеді.Сондықтан малды қастерлеу керек. Сергіту сәті: Үй жануарларының қимылын жасату. Лақша секіріп , Қозыдай маңырап , Құлындай ойнақтап , Сиырша асықпай , Ботадай маң-маң басып жүріп,іс-қимыл жасау. Дәптермен жұмыс: Төрт түліктің төлін ата. Төрт түліктің пайдасын айт. Суретті бояу.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Әңгіменің мағынасын түсініп ,сұрақтарға жауап береді.





Қимылдарын жасап , шеңбер бойымен жүреді.



Тапсырма - ларды орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетін ойын арқылы аяқтау. Ойын шарты:төлдердің дыбысын салу. Қой маңырайды, Сиыр мөңірейді , Жылқы кісінейді , Ешкі маңырайды , Түйе боздайды.Балаларды мақтау ,мадақтау.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.



Күтілетін нәтиже: үй жануарларының пайдасын, төрт тоүлік малдың қалай аталуын біледі.
Қандай түсінік игереді: төрт түлік малды күту –баптауды игереді.
Меңгерген дағдылары мен ісәрекеті: не қалай дыбыстайды, олардың қимылдарын көрсете білуді.



Топ тәрбиешісі:__________________
Әдіскер:________________________ Тұрсын Н

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 2015жыл. Топтың аты: Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің әжем ».
Мақсаты:а)Өлеңнің мазмұнын түсініп ,оны жаттай білуге үйрету; ә)Есте сақтау ,ойлау қабілетін жетілдіру; б)Кішіпейілдікке ,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:мейірімді, әже, қомзол,кимешек .
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар:үнтаспа ,аудио-диск. Қажетті құрал-жабдықтар :суреттер,жұмыс дәптері,хрестоматия.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Шаттық шенбер ұйымдастыру; Үнтаспаға қосылып «Әже » әнін орындау : Сағындым ,әже , өзіңді , Мейірімді көзіңді . Ертегіңді сағындым , «Құлыным » деген сөзіңді . Қайырмасы: Сағындым , әже ,сағындым , Мейіріңе табындым . Демалысқа шығамыз. Аяғында мамырдың.



Балалар шеңбер болып тұрады , бірігіп әнге қосылады..

Ізену ұқйымдастырушылы

Кіріспе әңгіме: -Балалар ,өлең кім туралы? -Сендердің әжелерің бар ма? - Қадыр Мырза Әлидің «Менің әжем » өлеңімен танысып ол өлеңді жаттаймыз.Өлеңді оқып беру. Менің әжем Менің әжем , ақ әжем - Ұл мен қыздың бағы әжем . Ертегі айтып бер десең , Айтып берер тағы әжем . Менің әжем , жыр әжем - Шуағы мол нұр әжем. Ақ таяққа сүйеніп Аман-есен жүр әжем. Сұрақ –жауап (суретпен жұмыс): -Суретте кімді көріп тұрсыңдар ? -Әже үстіне қандай киім киген ? -Әже не істеп отыр? Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз , Гүлдей болып өсеміз . Құстай болып ұшамыз , Көбелектей қонамыз. Дәптермен жұмыс: 1.Қазақтың қандай ұлттық ою-өрнегін білесіңдер? 2.Ою-өрнек арқылы сырмақты безендіңдер.


Әже туралы Бар

Өлеңді жаттайды.









Әжені Кимешек Сырмақ сырып , көрпе құрап отыр

Өлеңді айта отырып, қимылдар жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Оқу іс-әрекетін балаларға тәлім-тәрбие туралы мақал- мәтелдер айтып аяқтау. 1.Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергенің . 2.Сыйластық , сыйлы боларсың.

Қайталайды.





Күтілетін нәтиже: өлеңнің мазмұнын түсініп ,жаттай білді.
Қандай түсінік игереді: өлең жаттауды.
Меңгерген дағдылары мен ісәрекеті: жақсы қасиеттерді.



Топ тәрбиешісі:__________________
Әдіскер:________________________ Тұрсын Н








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Көркем әдебиет. Тақырыбы:" Жайлауда"

Автор: Сейлханова Салтанат Бахытовна

Дата: 26.11.2021

Номер свидетельства: 592673

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Саба?ты? та?ырыбы:         Ыбырай Алтынсарин «?зен» "
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-ybyrai-altynsarin-ozien"
    ["file_id"] => string(6) "110781"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1406610510"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ашы? о?у іс-?рекеті  "Шал?ан"   ертегісі "
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk-ok-u-is-riekieti-shalk-an-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "191922"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427384302"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "с?йлемні? ай?ынд м?шелері."
    ["seo_title"] => string(30) "soiliemnin-aik-ynd-mushielieri"
    ["file_id"] => string(6) "294257"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455627566"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "конспект к-"
    ["seo_title"] => string(11) "konspiekt-k"
    ["file_id"] => string(6) "315885"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459967885"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Жақты және жақсыз сөйлемдер"
    ["seo_title"] => string(35) "zhak-ty-zh-nie-zhak-syz-soiliemdier"
    ["file_id"] => string(6) "215318"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432646198"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства