Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Көркем әдебиет конспект»
Айгөлек аралас тобының ұйымдыстырылған оқу қызметінің конспектісі
Краткое изложение организованной образовательной деятельности смешаннойгруппы «Айголек»
Өткізілетін күні: Дата проведения: 04.12.2020ж
Апта күні: День недели: жұма
Тәрбиеші: Воспитатель:Битенова.Ж.Т
Білім беру саласы: Образовательная область:«Қатынас»
ОҚҰ түрі: Вид ОУД:«Көркем әдебиет»
Тақырыбы: Тема: : «Атам мен әжемнің ауылындағы үй жануарлары»
Мақсаты:Цель: Үй жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Балаларға ертегі мазмұның айтуда жүелегін сақтап кеиіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету.
Балаларға ертегілерді сахналау әртістік дағдысын дамыту.
Көптілдік компонент:Полиязычие:.ата-дедушка, әже-бабушка, үй жануарлары-домашние животные, ауыл-село.
Құрал – жабдықтар: Оборудование: үй жануарлар суреттері.
Алдын – ала жұмыс: Предварительная работа:
Сөздік жұмыс: Словарная работа:
Кіріспе:Вводная часть:
Шаттық шеңбері.
Негізгі бөлім: Основная часть:
Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай керемет! Олай болса, сендерді әжеміз бен атамыздын ауылына қонаққа апарамын. Қонаққа барғыларың келе ме? (Иә) - Олай болса кеттік. Тәрбиеші балаларды жайлауға ертіп келеді. Олар жолда төрт - түлікті көреді. Әжемен амандасады. Әже: - Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым! - Иә, балалар сізді сағынып қалыпты біз жайлаудағы төрт - түлікпен танысуға келдік. - Балалар, мынау - жылқы. Жылқы ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар, жылқының төлін қалай атайды? Құлыншақ. Жылқыға мініп көрдіңдер ме? Мынау - түйе. Түйе төрт түліктің төресі, жүні киім. Түйе таптырмас көлік, ол шөлге шыдамды. Түйенің сүті қалай аталады? Шұбат. Мынау - қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің момыны. Қойдың еті, сүті, майы пайдалы. Жүнінен кигіз басады, киім - кешек, алаша, кілем тоқиды. Балалар, қойдың төлі қалай аталады? Қозы, қошақан. Ал мынау - сиыр. Ірі қара малына жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік жасайды. Балалар, сиыр төлі қалай аталады? Бұзау. Мынау - ешкі. Ол уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ. Тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Балалар, ешкі төлі қалай аталады? Ләқ. Жарайсыңдар, балалар, енді ойын ойнайық. Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны» Сергіту сәті: Шөре - шөре лағым Тентек болма шырағым! Секектеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың.
Жарайсыңдар, балалар. Әжемізбен қоштасайық! - Балалар, айналаға қараңдаршы не байқап отырсыңдар? - Иә, балалар, малдардың бізге қандай пайдасы бар екен? Олар бізге не береді? - Жарайсыңдар, балалар, сендер төрт түлік жайлы жақсы түсінік алыпсыңдар! Біз малды қалай ұстауымыз керек? - Жарайсыңдар, балалар. Міне тобымызға да келдік.
Түйе Сиыр Қой Құлын Ешкі - Сау болыңыз! Қорытынды: Заключение:
Малдардан - Сүт, ет, май алады. Киімнің бәрі мал терісінен тоқылады. Малдарды күтуіміз керек, баптауымыз керек. Үй жануарларының аттарын атап, немен қоректенетінін, адамға пайдасын білу керек