Дамыту: Балалардың ерекше ойлау қабілеттерін дамыту
Оқыту: балықтар туралы түсінік қалыптастыру
Педагогикалық технологиялар: дамыту, ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, тапсырмалар,
Билингвальды компонент: балық-рыба
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Күн шуағын таратты
Қайырлы таң, біз сүйкімді қыздармыз!
Қайырлы таң, біз ержүрек ұлдармыз!
-Жыл мезгілдерін атайықшы?
-Ал, қазір қай жыл мезгілі?
-Ауа-райы қандай?
-Қыс мезгілінде дада суық болады
-Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, жауабын тауып көріңдерші?
Шаңқ-шұнқ еткен үні жоқ, Сусыз оның күні жоқ Жүріп кетсе соңында, Қалып қойған ізі жоқ. Балалардың жауабы: Балық.
Дұрыс айтасыңдар жарайсыңдар.
-Балықтар қайда мекен етеді?
-Олар дыбыс шығарады ма?
-Қандай тамақ жейді.
Сол кезде есік қағылады. Тәрбиеші есік ашса, акварим тұрады, Ішінде хат болады. Балалар акваримнің ішінде хат бар екен. Балалар бұл хат айдос деген сендер секілді кішкентай баладан екен, ол акваримдегі балықтарын жоғалтып алыпты, сендерден көмек сұрап жатыр, көмектесейік.