Мотивациялық қозғаушылық
| Шаттық шеңбері. Сәлем саған алтын күн! Сәлем саған көк аспан! Сәлем саған жер ана! Сәлем саған достарым! Жақсылықты үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп Үлгі аламыз жақсыдан Қ.Мырза Әли Іші толған бөлменің, Ойыншығым мол менің. Босқа тізіп қоймайық, Келе ғой,дос, ойнайық. Қайталату , балаларға ойыншық түрлері және сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелету. -Не туралы? -Қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер? | Балалар шаттық шеңберін қызығушылықпен орындайды, жұмыс орындарын дайындайды.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Балалар өздерінің сүйікті ойыншықтары жайлы әңгімелейді.
Автокөлік, қуыршақ, трактор, автобус |
Ұйымдастыру іздестіру | Әңгімелеу. Поездың, автобустың дауысы естіледі. -Балалар сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар? -Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? -Көлік орыс тілінде – транспорт. -ол адамға не үшін қажет? -сендер мектепке келгенде қандай көлік түрімен келесіңдер? Енді мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ерте заманда көліктің орнына жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған. Тек қана қазақ халқы емес басқа елдерде мысалы үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа - сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған. – Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.Өйткені қазіргі заман талабына байланысты көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын және суда жүретін. Жерде жүретін көліктерге қандай көліктерді жатқызуға болады, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктерге қандай көліктер жатады? -Ал кейбір қалаларда көлік көп жерде жер асты көлігін пайдаланады. Оны метро – деп атайды. -Ал кейбір қалаларда троллейбус сияқты көліктер бар. Олар тоқпен жүреді. -Сендер тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер? -Балалар енді мен сендерге көліктер әлеміне саяхат жасауға ұсыныс жасағым келіп тұр. Сендер саяхат жасағыларың келе ме? Алыс жолға саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз? Ал сендер қандай көлік түрімен саяхатқа шыққыларың келеді? -Олай болса, қазір автобуспен ән айтып саяхатқа барайық. Автобус алға зулайды Бағыттан еш таймайды Зыр айналар дөңгелек Көлік бізге ең керек Көліктер әлеміне келдік. Көліктер әлемі бізге тапсырма дайындапты: автобустың суретін құрастырып жапсыр. -Автобусты пішіндерін үлгіден бастырып қиып алып, оларды құрастырып жапсыру арқылы орындаймыз. Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз Қанатымызды жаямыз Ұшақ болып ұшамыз Кемелерді түземіз Жол тәртібін сақтаймыз -Балалар енді біздер саяхаттан мектепке оралу керек. Ол үшін біздер тапсырма орындауымыз керек. Дидактикалық ойын: «Не артық?» Шарты: көліктердің ішінен артық нәрсені тауып сызамыз. Мектепке кері оралдық. |
Балалар дыбысты тыңдайды.
Поездың, автобустың.
Көліктер Транспорт Баратын жерлеріне жету үшін. Трамвай, автобус.
Жерде жүретін көліктерге автобус, жеңіл машина Әуеде ұшатын көліктер: Ұшақ, тік ұшақ. Суда жүзетін көліктер: Қайық, кеме, т.б.
Жүк тасымалдайтын көлік. Оған нан таситын, құрылыс материалдарын таситын көліктер жатады. арнаулы көліктерге: жедел жәрдем, өрт сөндіру, МАИ көлігі, т. б. жатады.
Автобус
Автобуспен
Ия
Балалар жұмыстың орындалу ретімен танысып, жапсыру
Жұмыстарын орындайды
Қимыл іс – әрекет арқылы жасайды.
Тапсырманы бұлжытпай орындайды.
|