-Оқыту: балаларға киім машина сы туралы түсіндіру.Жұмыс жасауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,ойыншықтар,үлгі,түрлі түсті қағаз,қайшы,желім,сүрткіш
Көптілділік: кім машинасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
II. Негізгі бөлім:
Қонаққа ойыншық қонжық пен қоян (дауласып)келеді.Екеуі де балалармен амандасады , сонан соң өздерінің не үшін келгендерін айтады.
Қонжық:
-Кеше қоян досымды дүкенге жіберіп, үйге қажетті затты алып кел десем, мына бір затты алып келіпті. « Бұл не?»,-десем , өзі білмейді.
Қоян:
-Мен білетінмін, бірақ та ұмытып қалдым. Мүмкін сендер көмектесіп жіберерсіңдер,-деп алып келген затты көрсетеді.
-Киім машинасы деген не? Оның бізге қажеті қанша?
Кір жуғыш машина электрлі болады.Кір жуғыш машиналар әр түрлі болады.Кір жуғыш машина кірді жуып,кептіреді.Тоққа қосу арқылы жұмыс жасайды.Қазіргі уақытта әр үйде осындай кір жуғыш машина бар.(суретін көрсету)
Қонжық:
-маған кір жуу машинасы керек емес.Мен кірді қолымен жуып аламын.Маған су,сабын, ұнтақ, тазик болса болды.
Тәрбиеші:
-Қонжық сен дұрыс айтасың ,кірді қолмен де жууға болады.Балалар ойланып көріңдерші қайсысымен жуған оңай?
Кір жуғыш машинада кір жуылып жатқанда басқа жұмыстарыңды істеуге болады.
Тәрбиеші:
-Қонжық,байқадың ба,кір жуғыш мшинасыныңда пайдасы бар екен.
Иә,енді түсіндім.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Қонжық пен қоян қоштасады.
Балалар бүгін біз осы кір жуу машинасын қиып жапсырамыз.Жапсыру жолымен таныстырады,түсіндіреді.
Балалар орындарына отырып жұмыс жасауға кіріседі.
«Менің үйімдегі заттар» Ойын шарты :бала үйіндегі тұрмысқа қажетті тұрмыстық заттарды,оның қызметі мен қажеттілігі туралы айту керек.
Қорытынды:
Балалар электр бұйымдарды бір сөзбен қалай айтамыз?
Электро бұйымдардың қандай пайдасы бар?
Балалар, бүгінгі оқу қызметінен естеріңізде не қалды және қандай әсерде болдыңыз?