kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Киіз үйге әжеге қонаққа бару"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың үйі -киіз үймен таныстыруды жалғастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Киіз үйге әжеге қонаққа бару"»

Күні:

Білім беру салалары: таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Киіз үйге әжеге қонаққа келу»

Мақсаты: Қазақтың үйі – киіз үймен таныстыруды жалғастыру. Қазір адамдар әр түрлі үйлерде тұратынын, ал бұрын олар ыңғайлы, жиналмалы, жылы қазақтың киіз үйінде тұрғаны туралы түсінігін жалпылау. Киіз үй жиналмалы, сондықтан оны жаңа орынға көшіріп апарып, сонда тез құруға болады. Киіз үйді қазақ халқының дәстүріне байланысты жинауын көрсету. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімімен таныстыру. Қазақстанның халықтық қолданбалы өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу. Заттарға деген қамқорлық қарым-қатынас дағдылырын жетілдіру, киімдерді күту және сақтау ережелерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер: Саяхат, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.

Сөздік жұмыс: Камзол, мәсі, бөрік, үкілі тақия, шапан, бешпент, кимешек.

Көрнекі құралдар: Қазақ үйдің бұрышы, сандық, ұлттық киімдер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң, Қайырлы күн!

Күліп атты күн бүгін.

Жарты шеңбер болып отырады.

Бір-бірімен, тәрбиешімен амандасады.



Іздену - ұйымдастырушы







-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Дұрыс айтасыңдар! Адамдар қысқа дайындалады. Егін жинайды. Малшылар жайлаудан қыстауға көшеді.

-Мына суретте не бейнеленген, балалар? Жайлаудың суретін көрсетеді.

- Өте жақсы балалар. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?




Дидактикалық ойын: «Киіз үй құрастыр»

Шарты: Киіз үйдің бөліктерін танып рет-ретімен орналастыру.

-Бұрын біздің аталарымыз неге осындай үйлерде тұрғанын айтайын.Ол жиналмалы, сондықтан оны жаңа орынға көшкенде тез құруға болады. Олар мал баққан. Киіз үй жылы, ыңғайлы.

- Балалар ал сендер қонаққа барғыларың келе ме?

- Ендеше, біз бүгін киіз үйге әжелерімізге қонаққа барамыз. Ол үшін бір – біріміздің артынан тұрамыз. Бұл біздің керуеніміз болады. Өйткені, ертедегі көлік түйе болған. Ал, қане барлығымыз түйелерге отырсақ, мен керуенді бастайын.

- Міне біз әжелердің аулына да келіп жеттік. Көліктеріңнен түсіңдер, балалар..

Әже: - Амансыңдар ма балаларым! Қош келдіңдер, төрлетіңдер.

- Әже, біздің балаларымыз қазақ халқының ұлттық киімдері, қолөнері туралы білгілері келеді.

- Жарайсыңдар балаларым, өз халқының дәстүрін, салтын, қолөнері туралы біліп жүргендерің жөн. Мына өздерің отырған киіз үйде ертеде ата – бабаларымыз өмір сүрген. Киіз үйді өздерінің қолынан шыққан бұйымдарымен безендірген. Мынау астарыңа жайылып жатқан текемет, оны қойдың жүнінен басады, керегедегі басқұр мұны да жүннен жіп иіріп тоқиды. Мынау аяқ қап – оған ыдыс – аяқтарды салып қояды. Ал, мынау сандық онда киім кешек сақталады.

- Сендер киімдеріңді қайда саласыңдар, балалар? (Әже сандықты ашып, киімдерді көрсетіп таныстырады)

. - Әңгімеңізге рахмет әже, біздің балалар сізді мұқият тыңдады. Ендеше, ойынға кезек берейік. Дидактикалық ойын: «Кім не киеді?»

Шарты: Сөйлем құрап айтады: Әжем кең көйлек киеді, атам басына бөрік киеді т.б.

Әженің әңгімесі. - Ұлттық киімдермен зергерлік бұйымдарды қосып тағады. - Мынау – білезік, сақина, сырға. - Ал, мынау – алқа. Бұл әшекейлерді зергерлер жасайды. Киімді ұқыпты киіп, дұрыстап сақтау керек. Әрдайым таза болғаны дұрыс. Әр нәрсені өз орнына қойып, киімдеріңді дұрыстап жинап жүріңдер.

Тыйым сөздер :

- Бас киімді босағаға ілме.

- Киімнің жағасын баспа.

- Әңгімеңізге көп рахмет, әже. Біздің балаларымыз көп нәрсені үйренді. Біз енді балабақшамызға қайтайық.

-Сау болыңдар, балаларым. Қайтадан көліктеріне отырады. Керуен балабақшаға қайтады.


Назары тәрбиешіде.

Сұрақтарға жауап береді.

- Күз мезгілі.

- Күн салқын бола бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар, жәндіктер, жан – жануарлар қысқа дайындық жасайды.

- Жайлаудың суреті. Киіз үйлер, жайылып жатқан мал, малшы.

- Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық.

Дидактикалық ойын ойнайды.







- Иә.

Бір – бірден тізіліп тұрып, тәрбиеші соңынан жүреді.






Көліктерінен түсіп, әжелермен амандасады.













- Шкафқа





Дидактикалық ойын ойнайды.














- Сау болыңыз.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Қорытындылау:

Сұрақтар қою.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.


Мадақталады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Киіз үй бөліктері мен жиһаздарын білу керек.

Болуы керек:Қызығушылығы болу керек.

Қолынан келуі керек:Тыңдап және сұрақтарға толық жуап беру керек.




































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Мен өмір сүретін қала»

Мақсаты: Туған қала оның ғимараттары, ескерткіштері (балабақша, демалыс және ойын – сауық орталығы, ғимараттар, фонтандар, ескерткіштер туралы білімін жалпылау. Қала адамдар үшін құрылған, ересектер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсінігін кеңейту. Туған қаласына деген махаббат патриоттық, үлкендерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Саяхат, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.

Көрнекі құралдар: Қаланың слайд бойынша суреттері.

Сөздік жұмыс: Ғимарат, зәулім үй.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Күлімдеп күн шықты.

Жылы нұрын септі,

Табиғат гүлге оранды,

Балалар күлім қақты.


Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы












«Біз Ақтау қаласында тұрамыз. Біздің қаламыз әдемі, сәулетті. Қаланың үйлері кең. Көліктер ерсілі – қарсылы жүріп жатыр. Қаламызда демалыс саябақтары бар, мектептер, балабақшалар, үлкен

оқу орындары бар. т.б.»

- Балалар, сендер осы сұлу қаламызды аралап саяхат

жасағыларың келеді ме?

Осы кезде топқа қонақ келеді. Ол ауылдан келіпті. Қаламыздың барлық жерлерін фотоаппаратқа түсіріп алыпты. Бірақ қалай аталатынын білмейді екен, көмектесеміз бе?

- Қане олай болса автобусқа отырып, қаланы аралаймыз. Көлікті өзім басқарамын. Рөлді басқарады. Слайдтан қаланың көрікті орындары,

ескерткіштер, ойын – сауық орталықтары, мектеп,

балабақшалар көрсетіледі. Әрбір аялдамаға тоқтап көрсетіп, ғимараттар мен зәулім үйлерді көрсете отырып түсіндіріп өтеді.

- Ендеше көңілді әуенмен саяхатқа аттанамыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Біздер жолға шығайық.

Айналаға қарайық,

Біліп біздер алайық

Оң жақта да, сол жақта да

Биік үйлер бар екен.

Зымырап қара жолда да,

Бұрыла алар оңға да,

Бұрыла алар солға да,

Автобус халық көлігі.

Дидактикалық ойын: «Қаламыздың көрікті жерлерін ата»

Шарты: Балаларға өздері білетін қаламыздың көрікті жерлерін сурет бойынша айту.


Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.





- Иә.




- Иә.


Орындыққа отырады.

Слайдқа бәрі назар аударады.







Сергіту сәтін қимыл жасау арқылы орындайды.









Қаланың көрікті жерлерін сурет бойынша айтып береді.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Сергіту сәтін қимыл арқылы орындай білу.

Болуы керек:Сурет бойынша сөйлеуді игереді.

Қолынан келуі керек:Ақтау қаласының көрікті жерлерін білді.


Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:«Бау-бақшада»

Мақсаты: Көкөністер мен жемістер туралы түсінігін кеңейту: атауларын, сипаттық қасиеттерін, дәмдік қасиеттерін, тағамда қолдану әдістерін білу. Адам баласының өмірінде көкөністер мен жемістердің дәрумендері, қоректену өнімі ретінде ұғымына түсінік беру. Өнім, ақша-теңге, бағасытуралыұғымынеңгізу.

Көрнекі құралдар: Жемістер мен көкөністердің суреті, муляждар.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.

Сөздік жұмыс: өнім, ақша, теңге, баға


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл, сары, қызыл, көк,

Сан алуан көкөніс.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап


Тәрбиешіні мұқият тыңдап, бірге қайталайды.


Іздену - ұйымдастырушы










































Өлең бойынша сұрақтары:

- Өлең не туралы айтылған екен?

- Ал көкөністер, жемістер жылдың қай мезгілінде піседі?

- Күзде неше ай ар?

Жұмбақтар:

Бойын жерге жасырған

Бұрышы бар жасылдан.

Іші толған шәрбәт

Дәмі қандай әйбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты...

Сырты жасыл, қап-қатты

Іші қызыл, тәп-тәтті.

Дидактикалық ойын: «Дәміне қарай ажырат»

Шарты: Балалар көздері жұмулы күйінде тәтті-дәмді, ащы-тұщы екенін ажыратып айтып береді.

Күзде пісті алма,

Ал қызылын таңда.

Қара жүзім, көк жүзім,

Берші маған бір үзім.

- Біз ыстық тамақ пісіргенде қандай көкөністер саламыз?

Турады пияз

Жылады Нияз.

Аппақ дәмді картоп,

Картоп жеген жан жоқ.

Дәмді деп сары сәбізді,

Палауға әжем салғызды.

- Олардан не жасауға болады?

Сергіту сәті:

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккіштен үгіп майдалаймыз.

Қантты сеуіп дәмдейміз,

Қаймақ құйып сәндейміз.

Міне саған нәр тағам,

Дәруменге бай тағам.

Жемістер мен көкөністер туралы әңгіме.

- Олар дәрумендерге өте бай. Сіздердің денсаулықтарыңныңжақсы болу үшін жеген пайдалы. Көкөніс пен жеміс-жидектер күзде піседі. Сонымен қатар оларға уақытымен су құйып,баптап тұруымыз керек. Су құймасақ жемісін дұрыс бермейді, қурап қалады. Сондықтан біз олардан аз өнім аламыз, яғни көп көкөніс пен жеміс ала алмаймыз. Егер оларды күтіп баптасақ көп өнім аламыз. Піскен кезде дүкендерге сатылады. Күтіп баптаған көкөністер мен жемістердің де бағасы мен сапасына қарай адамдар ақшаға сатып алады. Көп түскен ақшаға басқа да заттар сатып алуға

болады. Сондықтан көп еңбектену керек. Балалар осы айтылған жемістер мен көкөністер дәрумендерге өте бай, адамға өте пайдалы.



- Көкөністер,жемістер туралы.

- Күз мезгілінде.

- Күзде үш ай бар.

- Қыркүйек, қазан, қараша.



-Сәбіз.




-Жүзім.


-Қарбыз.








- Пияз, картоп, сәбіз т.б.








- Тәтті салаттар дайындауға болады.

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.






Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.







Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көкөніс пен жеміс атауларын атай білуі керек.

Болуы керек:Жұмбақты шешуін табуды игереді.

Қолынан келуі керек:Көкөніс пен жемістің пайдалы екенін білді.











































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Шайға дастархан дайындайық»

Мақсаты: Балалардың кіші, ас және асханалық ыдыстар туралы түсінігін кеңейту. Дастарханды дайындау дағдыларын дамыту. Тілде шәйнек, сүт құйғыш, қант және кәмпит салғыш, тұз сауыты ыдыстарының атауын тілде айтуын белсендіру. Ыдыс – аяқ заттарына деген ұқыпты қарым – қатынас дағдыларын тәрбиелеу, оны сақтау ережелерін ұстану. Жалпы ұғымдарды меңгеруге ынталандыру.

Көрнекі құралдар: Ыдыс – аяқтар жиынтығы, ойыншық қораптар, тағамдар, дастархан.

Әдіс-тәсілдер: Сурет көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Сүт құйғыш, кәмпит, қант салғыш.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Балалар бізге қонақ келеді. Сендер қонақ келгенді жақсы көресіңдер ме? қонақтарды дұрыс күтіп алайық. Қонақ күту үшін не істеу керек?


- Дастархан жасаймыз. Төрге шығарамыз.

Іздену - ұйымдастырушы












Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше топқа бөлініп, әрқайсымыз өзімізге берілген тапсырманы мұқият тыңдайық.

Дидактикалық ойын: «Нені қайда салады?»

Шарты: Тағамдардың суретін алып, оларды салатын ыдыстарды атайды.

- Жарайсыңдар балалар, енді осы ыдыстарды қайда сақтаймыз?

- Қонақтар келеді, оларды күтіп шәй дастарханнан дәм береді.

- Балалар қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастархан басында өздеріңді ұқыпты, әдепті ұстауларың керек. Ол үшін мына ақыл – кеңестерге құлақ салыңдар: Асты аз – аздан алып асықпай жейді.

Тыйым сөздер:

Тамақ жегенде көп сөйлемейді.

Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

Дастарханды пышақпен қырма.

Қонақтар рахмет айтып, дастарханға бата жасайды


(Балаларды үш топқа бөледі:

1 – топ ыдыстарды жуып, сүртеді. 2 – топ дастархан жаяды.

3 – топ қонақтарды қарсы алып күтеді).



- Шкафтарда.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Балаларды мадақтайды. Оқу іс-әрекетін сұрақ–жауап арқылы қорытындылайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Ыдыс-аяқ атауларын атай білу керек.

Болуы керек:Ыдыс – аяқ заттарына деген ұқыптылықты игереді.

Қолынан келуі керек:Балалардың кіші, ас және асханалық ыдыстар туралы білді.
















Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: .«Мен жалғыз болғанда» (бейнетаспаны қарай, жағдаят келтіру)

Мақсаты: Балалардың тұрмыста қауіпсіздік мінез-құлықтарын дамыту (балабақшада және үйде қозғалыс ойындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, ересектердің рұқсатынсыз өткір заттарды, электрқұрылғыларды ұстауға, отпен ойнамауға, бөтен адамдарға есікті ашпауға, қайшымен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігін сақтауға). Серуендеу кезінде мінез-құлық қауіпсіздіктерін сақтау ережелерін (бөтен адамдармен, қаңғыбас иттер мен мысықтармен кездескенде абай болу, серуен кезінде ересектерден алыстамауға, белгісіз саңырауқұлақтар мен жидектерді термеу) бекіту.

Әдіс-тәсілдер: сурет көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Электр құрылғы, бөтен, улы.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Мен тәртіпті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Терезені ашпаймын,

Үйдің ішін шашпаймын


Тәрбиешіні мұқият тыңдап, суретке назар аударады.

Іздену - ұйымдастырушы








Айжан мен Маржан туралы әңгімесі

- Бүгін біз үйде жалғыз қалғанда не істеу керектігі туралы әңгімелесеміз. Ал бізге басты кейіпкерлер көмектеседі. Айман мен Маржан бір үйде тұрады. Олар бір-бірімен достар, бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ойнайды, мультфильм көреді. Бір күні Маржанның анасы дүкенге кеткен кезде ол үйінде жалғыз қалды. Қане енді Маржанның не істеп жатқанын қарап көрейік. Маржан қуыршағымен ойнап отыр. Маржан қуыршағына сөйлей

бастайды.

- Айгүл сенің көйлегіңді әшекейлеп берейін. Қонаққа барған кезде әдемі болып бару керек. (қайшы, ине,жіп.. т.б. салынған қорапшаны алады).

- Мен сенің көйлегіңді алдымен үтіктеп беремін. (үтікті алып,розеткаға қосулы күйінде тастап кетеді).

- Енді көйлегіңді қысқарту керек. (Қайшымен қиып жатырған кезде қолын жарақаттап алады)

- Ай-ай, ауырды. Айгүл сенің көйлегіңді әдемі ету үшін қолымды ауыртып алдым-деп жылайды.

- Балалар қалай ойлайсыңдар, Маржанның қылығы дұрыс па?

Дидактикалық ойын: «Өткір заттар мен электроқұрылғылар»

Балабақшада және үйде ересектердің рұқсатынсыз үтікті қосуға, өткір заттармен ойнауға болмайды.

(Қайшы, ине, пышақ, оттық, шанышқы,түйреуіш... т.б.)

Шарты: балалар сурет бойынша электр құрылғылар мен өткір заттарды рет-ретімен орналастыруы керек.

Жұмбақтар:

1. Екі басы дөңгелек

Екі басы сүйір.

Қиғанға үйір.

2.Жартысы ағаш,

Жартысы темір.

Сергіту сәті:

Көкірек кере тыныстайық,

Тына қалып демалайық,

Қос қолды көтерейік,

Еңкейік, түзелейік,

Түзу тұрып, кел күлейік.

Әңгімелеп болған соң, балалардың көңілін тағы да Маржанның іс-әрекетіне аударады. Қоңырау соғылады. Маржан келіп тұрған кім екенін сұрамастан есікті ашады.


- Анасы Маржанға: Қызым неге есікті сұрамастан аштың. Мен саған айтып едім ғой, есікті ашпас бұрын кім екенін сұрау керек еді. Басқа бөтен адам болуы мүмкін.

- Балалар Маржан дұрыс істеді ме?

- Балалар, егер бөтен келсе, есікті ашуға болмайды.

Балабақшада серуенге шыққан кезде, үлкендермен қыдырған кезде де олардан алыстамау керек. Себебі сені таба алмауы мүмкін. Сонымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды кездестіргенде оларға жақындамау керек. Себебі ол ауру болуы мүмкін. Саңырауқұлақтар мен жидектерді үлкендердің

рұқсатынсыз теруге, жеуге болмайтынын түсіндіру.

Дидактикалық ойын: « Жеуге жарамды, жарамсыз»

Шарты: Жеуге және жеуге жарамсыз жидектер мен

саңырауқұлақтарды топтастыру



Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.




















-Дұрыс емес.




Тақтадан картина бойынша өткір заттарды көрсетіп әңгімелейді.









-Қайшы.


-Пышақ.


Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.




Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.











- Жоқ.









Жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарды ажыратады.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Ересектердің рұқсатынсыз заттарды ұстауға болмайтынын білуі керек.

Болуы керек:Техника қауіпсіздігін игереді.

Қолынан келуі керек:Қауіпсіздік ережелерін сақтауды білді.
































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Жаратылыстану

Тақырыбы: Пәндік лото (дидиктикалық ойын)

Мақсаты: Балаларды заттардың неге арналғаны бойынша топтастыруға үйрету. Жалпы ұғымдарды (ойыншық, киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) бекіту. Заттардың жалпы ұғымдарын меңгеруге ынталандыру.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, киімдер, аяқ киім, ыдыс-аяқтар, жиһаздар суреттері


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

- Күніміз жарық болсын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Күніміз сәтті болсын!

- Деніміз сау болсын!

- Көп жасаңдар айтқан тілектерің қабыл болсын!

Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы







Диалог:

- Енді балалар, мына заттарға қарайықшы нені көріп тұрмыз?

Олар қалай жатыр?

- Балалар, сендер үйде осылай ойыншықтарыңды, киімдеріңді,тамақ ішкен ыдыстарыңды, шешкен аяқ киімдеріңді осылай шашып кетесіңдер ме?

- Балалар, үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен

ойнайсыңдар?

- Ойыншықты сындырмай ойнау керек. (Балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау).

- Ойыншықтар туралы өлеңдерді есімізге түсірейік.

«Қуыршақ»

Сөйлемейсің сен неге

Тілің жоқпа қуыршақ

Жуынбайсың сен неге

Кірің жоқпа қуыршақ

Аяғың бар, неге сен

Жүре алмайсың қуыршақ.

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Алға сырғып жүгірдің,

Шатырға сен секірдің.

- Ал, ыдыстарды қайда жинаймыз?

Есікті қағып Дымбілмес келеді. Қолына ұстаған қорапша.

Дымбілмес:

- Мына қорапшаның ішінде нелер екенін білмеймін, сендер маған көмектесесіңдерме? (Қорапшаны ашып ыдыстарды шығарады).

-Балалар, бұл қандай ыдыс?

- Ал, мынау қандай ыдыс?

Жұмбақтар:

Беті дуылдап тұр

Танауы шуылдап тұр.


Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та берер ол.


Кесе, шыны, пиала,

Оларсыз шәй құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

Дымбілмес:

- Өте жақсы, балалар, білімді, ақылды екенсіңдер, мен көп затты үйрендім, көп-көп рахмет мен енді кетейін, сау болыңдар. (кетеді).

- Балалар тағы да нені топтастыруға болады?

- Дұрыс, киімдердің қандай түрлері бар?

- Киімдерді қайда сатады?

Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір»

Шарты: Балаларды Айгүл мен Айдос атты қуыршақтармен таныстырып, қуыршақты киіндіруді ұсынады. Олар далаға шығып қыдырғысы келеді, дала суық, тоңып қалмау үшін киімдерін кигізу керек. Айгүлдің үстіне көйлек,тон, бөрік, етік кигіземіз. Ал Айдостың үстіне жейде, шалбар, күртеше, бәтеңке, малақай кигіземіз. Бұл кигізген заттар бір сөзбен «киімдер» деп аталады.

Сергіту сәті: «Кім тез киінеді?»

- Содан соң жиһаздарды топтастыра отырып, жиһаздармен таныстырады.

- Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?



- Ойыншық, киімдер, ыдыстар, жиһаздарды, олар шашылып

жатыр.



- Жоқ, әр заттың өз орны бар соған жинаймыз.

- Ойыншықтарды бөлек жинаймыз.

- Ойыншықтармен ойнаймыз.




Өлеңді қайталайды.










(асүйде сөрелерге жинаймыз).






- Бұл ыдыс – кесе.

- Бұл ыдыс – сүтқұйғыш,ағаш қасық т.б.

Осылай көрсеткен ыдыстарды атай береді.

(Шәйнек)




(Пышақ)





(Ыдыс-аяқ)





- Киімдерді.

(қалың киім, жұқа киім, бас киім, аяқ киім).

(дүкенде)

Айтылған киімдерді қуыршаққа кигізеді.







(киінуді іс қимылмен көрсетеді).



- Диван, үстел, орындық, керует, кресло, ыдыс жинайтын сөре, теледидар.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Ыдыс-аяқтарды атай білуі керек.

Болуы керек:Заттарды өз орнына байланысты топтастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Киімдерді ажырата (ұл мен қыз) білді.

































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің өлкем» (бейнефильм қарау, тәрбиешінің әңгімесі)

Мақсаты: Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы, оның назар аударарлық орындары туралы білім беру. Осы қалада Президент тұратыны, Қазақстанның үкіметі орналасқаны туралы түсінігін кеңейту. Астанада түрлі ұлт өкілдері тұратынын айтып өту. Өзінің республикасына деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс–тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап,көрсету, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Елбасы, елорда, Бәйтерек.

Көрнекі құралдар: Астана қаласының бейне суреттері, слайд.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем

- Қазақстан Республикасы деп аталады.

Іздену - ұйымдастырушы







Сурет бойынша Қазақстан Республикасы туралы әңгіме:

- Иә, дұрыс айтасыңдар. Біз кең байтақ, тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Яғни Отанымыз Қазақстан, ұлтымыз – қазақ. Тіліміз – қазақ тілі. Қане енді мына бейне суретке қараймыз. Бұл біздің ел ордамыз – Астана қаласы. Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Астана қаласының көрнекті орындарын: әдемі, зәулім ғимараттар, фонтандар, кең көшелер, ескерткіштерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Астанаға барамыз.

Слайд бойынша жұмыс:

- Балалар бұл үкімет үйі. Онда Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев отырады. Тағы да көптеген басшылар сонда жұмыс жасайды...

- Балалар, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.

Отанымызды қорғай білуіміз керек. Отан туралы мақал-мәтел тыңдайық.

Отан туралы мақал – мәтелдер:

Отан - оттан да ыстық.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Дидактикалық ойын: «Көрікті жерлерді ата»




Суретке қарай отырып, тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.








Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.










Мақал-мәтелдерді қайталайды.



Мемелекетіміздің көрікті жерлерін атайды.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Өзінің туған жері турвлы білуі керек.

Болуы керек:Суретке қарап әңгімелеуді игереді.

Қолынан келуі керек:Қазақстан Республикасынның көрікті жерлерін атай білді.







Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қазақстанның рәміздері» (рәміздерді және бейнефильмдерді қарау)

Мақсаты: Балаларды Қазақстан республиканың туымен, елтаңбасымен, әнұранымен таныстыру. Мемлекеттік рәміздерді қайда қолданатынын және оларға қатысты қандай салтты орындалатынын көрсету. Отанға деген мақтаныш пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Елтаңба, әнұран, рәміз.

Көрнекіліктер: Рәміздердің суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Оқу іс-әрекет Әнұран тыңдаудан басталады.


Шаттық шеңберіне тұрады.

Әнұранды қолдарын жүрек тұсына қойып, орындарынан тұрып айтады.

Іздену - ұйымдастырушы







Балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Ал елбасымыз кім?

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Сурет бойынша рәміздер туралы әңгімесі:

«Елтаңба», «Әнұран», «Ту» суреттері көрсетіліп, сипаттап, түсіндіріледі).

- Рәміздерді Қазақстанның әрбір азаматы құрметтеуге тиіс. Рәміздер кез – келген жерде тұрмайды. (Слайд арқылы көрсетеді).

- Міне үлкен үкімет үйінде, мемлекеттік мекемелерде, арнаулы орындарда ілініп тұрады. Оларды орналастырудың өзіндік ережелері бар. Соны сақтау керек. Рәміздерді сындырып, бояп, бүлдіруге болмайды. Мұндай қиянат жасаған азаматтар міндетті түрде жазаға тартылады.

Рәміздер

Қазақстан байтақ елім,

Елім деп соғар жүрегім.

Елтаңбам – елдігім,

Көк туым – теңдігім,

Әнұраным – намысым,

Үшеуін де биік ұстау парызым

Бегленбетова М.Б.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп.

Өрімдей боп өріліп,

Киіз үй боп көрініп



- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Астана қаласы.

Суретке назар аударып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.












Өлеңді тыңдайды.








Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:Сұрақтарға жауап бере білуі керек.

Болуы керек:Әнұранды орындау ережесін игереді.

Қолынан келуі керек:Қазақстан Республикасынның рәміздерін атай білді.









Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қармен ойнаймыз» (ойындық және ізденушілік іс-әрекет)

Мақсаты: Түрлі материалдармен таныстыру (қар түрлі болады, жылы ауа райында қар жабысқақ, қардан қар кесектерін, түрлі пішіндерді мүсіндеуге болады). Балаларға қармен тәжірибе жасауға ұсыныс жасау (егер қарды жылы жерге алып келсе, ол ериді, егер суды суыққа шығарса,ол қатып қалады). Қарапайым тәжірибе жасауға, қарапайым себеп-салдарлық байланыс орнатуға үйретуді жалғастыру. Тәжірибе нәтижесін көру үшін балаларды дербес әрекет етуге ынталандыру. Қарапайым тәжірибе жүргізуге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету,тәжірибелік жұмыс.

Сөздік жұмыс: ұлпа қар, мұз сүңгі.

Көрнекі құралдар: Қыс келбетін суреттер арқылы көрсету. Алдын ала дайындалған қар, мұз, су


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Жұмбақ:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Жұмбақты мұқият тыңайды.


(Қар)

Іздену - ұйымдастырушы







Қар туралы әңгімесі:

- Балалар қараңдаршы мына жерге қар ұлпасы үйіліп қалыпты, қандай әдемі. (қиылған қар ұлпасын көрсетеді)

- Теңіздерден су буланып аспанға ұшады жоғары көтерілген сайын бу салқындап суға айналады, өте салқын болса олар бір-біріне жабысып қар ұлпасына айналады.

- Қане, сендерде қар ұлпасын жинаңдар.

- Балалар қыс мезгіліндегі көңіл-күйімізді көрсетейікші.

- Қыс айлары қалай аталады?

- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

- Қар қандай болады?

- Дұрыс айтасыңдар балалар! Балалар, суретке қараңдаршы, қандай мезгіл бейнеленген?

- Қараңдаршы, жердің бәрі аппақ, ақ көрпе жамылғандай. Біз бүгін алдын ала дайындалған қармен, мұзбен тәжірибе жасап көрейік.

(балаларға алдарына ыдысқа салынған қар, мұз таратылады).

- Балалар қарды ұстап көрейікші, ол қандай?

- Ал мұздың түсі қандай?

- Салқын жерге шығарсақ (суды дәлізге шығарып қою) ол

қатып қалады.

- Ал, су қандай?

- Балалар қар тағы да неге ұқсайды?

- Балалар алдымыздағы ақ жұмсақ қағазды қолымызбен

умаждайық, бұл қар ұлпасына ұқсайды. Қар алғаш жауған

кезде өте жеңіл және әртүрлі пішінде болады. Қане, қар

ұлпасын алақанымызға салып үрлеп қарайықшы, ұзақ

үрлейміз. Ол жеңіл болғандықтан ұшып кетеді. Менің қолым тоңды, ал сендердің қолдарың тоңды ма? (қолын қайықша жасап, аузына апарып дем шығарады. Балаларды қолдарын жылытуды ұсынады)

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Жұмбақтар:

Қолы жоқ өрнек салады,

Тісі жоқ тістеп алады.


Суда қалқиды,

Жылыда балқиды.

Тыйым сөздер:

Судыңда сұрауы да бар.

Суын ішкен құдыққа түкірме



Әңгімені мұқият тыңдайды.





(кілемде жатқан қар

ұлпаларын жинайды).

- Қар жауады жапалақтап,

- Дала аппақ, қарашы.

- Шаңғыменен ойнаймыз біз,

- Қыс келбеті тамаша!

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

(Суық болады, қар жауады, боран соғады, адамдар қалың киім киеді)

(Шаңғы, шана, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз)

-Ақ түсті, мамықтай, болады. Ол қолға ұстаса ериді. Күмістей жылтырайды.

(қыс мезгілі)

( түсі ақ, өте салқын, қолымызда тез ериді)

(мөлдір, жылтырап тұр, жылы жерде

ұстасақ ол су болып ериді.)

(ол сұйық, мөлдір, қолға ұсталмайды.)

(ақ мақтаға ұқсайды).

(балалар үрлейді 2-3 рет қайталайды)







Сергіту сәтін орындайды.





Жұмбақты мұқият тыңдайды.


(Аяз)


(Мұз)



Тыйым сөздерді тыңдайды.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білуі керек.

Болуы керек:Қарға тәжірибе жасап игереді.

Қолынан келуі керек:Қардың қасиетін білді.










































Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Киім неден тігіледі?» (киім кешектерді қарау, матаның қасиеттерімен танысу)

Мақсаты: Киім тігетін матаның қасиеттері туралы білімдерін кеңейту (мата жұқа, қалың, ақ және түрлі түсті болуы мүмкін). Киімнің бөлшектерін (жең, жаға, қалталар) ажырату, атау және киімдерді маусымдар бойынша ажырата білуге үйрету. Киім заттарына ұқыпты қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ, түсіндіру, көрсету, тәжірибелік жұмыс.

Көрнекі құралдар: Киімдердің суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Сұрақ қоюдан бастайды.

- Қазір жылдың қай мезгілі?, Қыс мезгілінің қай айы? Қыс

мезгілінде неше ай бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

Сұрақтар беріліп балаларға қыс мезгілінде (көктем, жаз, күз, қыс) қандай киімдер киетініндерін, еске түсірулерін сұралады. Аталған киімдердің суретін тақтаға қойып, қандай киімдер екенін сұрайды.



-Қыс.

-Қаңтар.

-Үш ай бар.

-Бүгін аптаның бейсенбі күні.


Киімдерді атайды.

Іздену - ұйымдастырушы







Дидиктикалық ойын: «Тігін шеберханасы»

Шарты: Фланеграфқа киімдер үлгісі жапсырылады. Үстел үстінде киім бөліктері: қалтасы, жеңі, белбеуі, жағасы, ілгектері. Балалар тігінші болады, өзі қалаған үлгіге үстелден керекті бөлшектерді жапсырады.

Жұмбақтар:

Есігі біреу,

Қолы бар,

Бөлмесі бесеу.


Саусағы жоқ,

Мойны бар,

Басы жоқ.


Күндіз аяғымды қаптаймын,

Түнде босағаға тастаймын.

Дидактикалық ойын: «Маталар дүкені»

Шарты: Бір бала сатушы, қалғандары сатып алушылар болады.

Ойында өзі сатып алушы болады.

- Маған күрте тігетін былғары беріңізші.

- Маған қысқы тон тігетін қалың мата беріңізші.

- Маған жазғы киім тігетін жұқа жеңіл мата беріңізші.

- Сонымен балалар киімдерді әр түрлі маталардан тігеді. Ал аяқ киімдерді тек қана былғарыдан тігеді екен.





Жейденің қалтасы жоқ, мен қалта тігемін. Көйлектің ілгегі жоқ, мен ілгек қадаймын.



(Қолғап)




(Көйлек)



(Аяқ киім)


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Киімдерді атай білуі керек.

Болуы керек:Киімнің бөліктерін қажетті жеріне жапсыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Жұмбақтарды шеше білді.







Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Біз не үшін керекпіз?» (затты суреттерді қарау немесе бейнетаспаны көру, әңгімелесу).

Мақсаты: Тұрмыстық техника – теледидармен, кір жуу машинасымен, телефонмен, қысқа толқынды пешпен т.б. таныстыру. Адам өмірімен еңбегін жеңілдету үшін тұрмыстық техниканың мағынасын түсіну біліктілігін дамыту. Тұрмыстық техника заттарына деген ұқыпты қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Ортамызды қоршаған,

Тек мейірім сыйлаймыз.

Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.


Іздену - ұйымдастырушы

Балаларға тұрмыстық техникалары бейнеленген слайд арқылы әңгімелеп көрсету

- Кір жуу машинасы, теледидар, телефон, қысқа толқынды пеш т.б. Бұл заттарды бір сөзбен тұрмыстық техникалар деп атаймыз. Тұрмыстық техника адамдардың, яғни біздің өмірімізді жеңілдетіп, уақытымызды үнемдеу үшін шығарылған. Оларды үлкен зауыттарда еңбек ететін ағайлар мен апайлар дайындап, жасап шығарады. Адамдар тұрмыстық техникаларын дүкендерден сатып алады.

- Балалар, естеріңде болсын! Оларды кішкентай балалар тоққа қосып немесе ажыратуға болмайды.

Бұл заттардың барлығы біздің күнделікті тұрмыс тіршілігімізге өте қажет...

Сергіту сәті:

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккіштен үгіп майдалаймыз.

Қантты сеуіп дәмдейміз,

Қаймақ құйып сәндейміз.

Міне саған нәр тағам,

Дәруменге бай тағам.

Жұмбақтар:

1. Жылдам барып қайтады,

Не айтсам соны айтады.

Жатырқамайды ешкімді,

Бекер деп кім айтады.


2. Ән салады чемодан,

Ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесеңде сен оған.

Дидактикалық ойын: «Не үшін қажет»

Шарты: Тұрмыстық техникалық заттарды рет-ретімен орналастыру.

Слайдқа назар аударып, әңгімені мұқият тыңдайды.

Тұрмыстық техникалармен танысады.

Тұрмыстық техниканың пайдасы туралы біледі.





Тұрмыстық техниканы кішкентай балалар ұстауға болмайтынын есінде сақтайды.



Саусақ жаттығуын орындайды.







Жұмбақтарды тыңдайды.



(Телефон)





(Теледидар)


Дидактикалық ойынды ойнайды.

Рефлексті

түзетушілік

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Тұрмыстық техникаларды танып білу.

Болуы керек: Тұрмыстық техникалық заттарды рет-ретімен орналастыруды игереді.

Қолынан келуі керек: Тұрмыстық техникалық заттарды атай білді.









Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін біл және орында» (жол торабына саяхат)

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту. Торап, жүргінші, жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту. Жаяу жүргіншінің өзін-өзі ұстау мәдениетін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Ойын, әңгіме, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер: қала көшесі, бағдаршам, жол белгілері.

Сөздік жұмыс: торап, жүргінші, тротуар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Тосын сәт:

Топқа қоян кіреді

Қоянға назар аударады.

Іздену - ұйымдастырушы







- Қоян, саған не болды? Неге көңілсізсің?

Қоян:

- Мен жолдан қалай өтуді білмегендіктен, сіздерден көмек сұрай келдім. Жолда өтіп бара жатырған кезде көлік басып кете жаздады.

- Балалар осындай жағдайға тап болмас үшін, бүгін жол ережелері туралы әңгімелейміз. Қоян сен де мұқият тыңда.

Әрбір адам жол ережесін білу керек.

- Балалар, қараңдаршы мына суреттен не көріп отырсыңдар?

Жүргінші дегеніміз адамдар. Көшеден көшеге

өткенде тротуарлар бар. Оларды жолдан өткен кезде орындау керек. Әр адам жолдан өткенде жүргінші жүретін өтулерден өту керек.

- Тротуардан қалай өту керек?

- Балалар жолда жүргінші өтетін жол белгілері бар. Қане қарайықшы.

- Асфальттың үстіндегі ақ жолақшалар адамдарға арналған. Бірақ бұл жолдан өткен кезде де, жан-жағыңызға қарап өтуді ұмытпаңдар.

Бағдаршам

Бағдаршам біледі,

Бәрін де көреді

Адам да, көлік те,

Сол шаммен жүреді.

Үлкен біздің қаламыз,

Есте сақтап аламыз

Қызыл, жасыл, сары шам,

Көшеде тұр бағдаршам.

- Жолда бағыт сілтеп тұратын не деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс. Балалар, бағдаршамның неше көз болады?

- Ол үш көзінің түстері қандай?

- Қызыл көзін ашқанда,

- Сынық сүйем баспа алға!

- Балалар, бағдаршамның қызыл көзі жанғанда не істеуге болмайды?

- Сары көзін ашқанда,

- Қарап қалма, аспанға.

- Ал, бағдаршамның сары көзі жанғанда не істейміз?

- Жасыл көзін ашқанда,

- Өте бергін, жасқанба!

- Ал, бағдаршамның жасыл көзі жанғанда не істейміз?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын-қысқа жолдарды,

Біліп біздер алайық.

Оң жақта да, сол жақта да,

Биік үйлер бар екен.

Қимылды ойын: «Қызыл, сары, жасыл»

Кел, балалар ойнаңдар,

Бағдаршамға қараңдар.

Жанған кезде көздері

Ережені бұзбаңдар.

Шарты: Сары көзі жанады: балалар жүруге дайындалады.

Жасыл көзі жанады: балалар жүреді.

Қызыл көзі жанады: балалар тс-с-с-с-с деп дыбыстап тоқтайды.

Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік!

Қоян балаларға рахметін айтады

Қоянға көмектескісі келеді.









Назары слайдқа аударылады.

- Көліктер мен жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін арнайы

белгілер бар.



(жауабы)







Өлең жолдарын тыңдайды.








- Бағдаршам.

- Бағдаршамның үш көзі болады.

- Қызыл, сары, жасыл.




- Жүруге болмайды.




- Жүруге дайындаламыз.




- Жүруге рұқсат болады.


Сергіту сәтін орындайды.











Сары көзі жанғанда жүруге дайындалады. Жасыл көзі жанғандажүреді. Қызыл көзі жанғанда тс-с-с-с-с деп дыбыстап тоқтайды.


Рефлексті - түзетушілік

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Бағдаршамның түстерін білуі керек.

Болуы керек: Бағдаршамның көздері арқылы жүруді игереді.

Қолынан келуі керек: Бағдаршамның белгілерін білді.










































Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үлкен және сан қырлы Қазақстан» (Қазақстан туралы бейнефильм, әңгімелесу)

Мақсаты: Қазақстан қалаларының көптігі және әртүрлі табиғат аймақтары (орман және жазық дала, шөл дала, тау мен өзендер) туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстанның ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Өз Отанына деген махаббат пен қызығушылығын тәрбиелеу

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ – жауап, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Жазық дала, шөл, кең байтақ.

Көрнекі құралдар: Қазақстан қалаларының слайд бойынша суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Ен даласын,

Егін жапқан.

Бар баласы,

Бағын тапқан.

Мен жерім,

Туған елім,

Күн сәулелі – Қазақстан!


Шаттық шеңберіне тұрады.


Іздену - ұйымдастырушы







Слайд арқылы Қазақстан туралы әңгіме:

- Бұл Ел ордамыз Астана қаласы – ақ бидай астық өндіріледі.

- Бұл Алматы қаласы – бұл қала қып-қызыл апорт

алмасымен белгілі.

- Бұл біздің Ақтау қаласы – бізде әдемі Каспий теңізі бар және мұнай, газ өндіріледі.

- Бұл Қарағанды қаласы – мұнда қара алтын көмір өндіріледі.

- Бұл Атырау қаласы – бұл қала балық өнімімен, мұнайымен белгілі.

- Мынау Шымкент қаласы – бұл қала қорғасын өнімімен және ақ мақтасымен танымал.

- Бұл Қызылорда қаласы – мұнда ақ күріш өндіріледі.

- Теміртау қаласы – болат құрыш өнімдерімен белгілі.

- Сендер осы қалаларға немен бару керек екенін білесіңдер ме?

- Иә. Біз бұл қалаларға пойызбен немесе ұшақпен барамыз.

Сергіту сәті:

Керегені жазайық,

Шаңырақты құрайық.

Уық болып иіліп,

Киіз үйге ұқсайық.

Дидактикалық ойын: «Қалаларды ата»

Шарты: Қалаларды сурет бойынша ажырату.



Слайдқа назар аударып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


















Сергіту сәтін орындайды.





Суреттер бойынша қай қала екенін атап береді.


Рефлексті - түзетушілік

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өз мемлекетіннің атауын білуі керек.

Болуы керек: Суреттер бойынша қалаларды ажыратып игереді.

Қолынан келуі керек: Сергіту сәтін орындай білді






Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Айгүлдің жаңа үйге көшуі» (жиһаздарды алып келу) (дидактикалық ойын)

Мақсаты: Балалардың жиһаз заттары туралы білімдерін кеңейту (ол неден жасалған, ол не үшін арналған). Кейбір заттардың жалпы бөлшектерін (арқасы, орындықтар, қорапшалар, есіктер, шынтақшаларды) білуге үйрету. Жиһазға деген ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Әдіс– тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ – жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Қуыршақ, ойыншық жиһаздар, жиһаздардың суреті.

Сөздік жұмыс: Үстел, шкаф, орындық, керует


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Апам ыдыс жуады,

Мінезі оңды, биязы.

Ол барында тұрады,

Жайнап үйдің жиһазы.


Шаттық шеңберіне тұрады.


Іздену - ұйымдастырушы







Жиһаз туралы әңгіме:

Ал ендеше біз бүгін Айгүлдің жаңа үйге көшуіне көмектесейік.

- Олай болса, Айгүлдің жаңа үйіне барайық.

Айгүл қуыршақ балалармен амандасады.

- Менің жаңа үйіме қош келдіңіздер! Маған үй жиһаздарын дұрыс орналастыруға көмектескілерің келе ме?

Айгүл:

- Жиһаздарды қалай орналастыратынымды білмей тұрмын. Сіздер маған көмектесесіңдер ме?

- Балалар алдымен мына жиһаздарды атайық.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Сағат тілімен,

Оң жаққа иіліп,

Сол жаққа бір иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Дидактикалық ойын: «Заттардың бөліктерін ата»

Шарты: орындықтың арқасы, төрт аяғы бар. Үстелдің үсті төрт аяғы бар. Шкафтың есігі, тұтқасы, сөрелері бар. Диванның отыратын орны, арқалығы, шынтақшалары бар.

- Балалар осы біз жиһаздың неден жасалатынын білеміз бе?


- Дұрыс айтасыңдар.

- Біз шкафты не үшін қолданамыз?

- Енді жиһаздарды орнымен орналастырайық.

- Мынау не?

- Балалар жиһазды қалай қолдану керек?

- Ал мынау ше?

- Дұрыс айтасыңдар.




- Балалар сендердің көмектеріңе өте ризамын.

- Балалар көмектескендеріңе рахмет! Қош сау болыңдар!





- Амандасады.



- Иә, көмектескіміз келеді.




- Үстел, шкаф, керует, диван, орындық.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.







Жиһаздардың бөліктерін атайды.






- Иә, жиһазды ағаштан жасайды.

(бірнеше жиһаздың атын атады).


- Киім салып қою үшін.


- Бұл үстел.

- Ұқыпты, сындырмау керек.

(жиһаздарды бір-бірлеп атауларын атап, орындарына орналастырады).

(бірнеше жиһаздың не үшін

қолданылатынын айтады).

-Сау болыңыз!


Рефлексті - түзетушілік

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жиһаздардың атауын білуі керек.

Болуы керек: Жиһаздарды орналастыруды игереді.

Қолынан келуі керек: Жиһаздардың бөліктерін атай білді.























































Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Біздің өміріміздегі көліктер» (жүргізушінің еңбегіне бақылау)

Мақсаты: Жүк көлігінің түрлерімен таныстыру. (сүт, нан таситын жүк көліктері). Көліктің бөліктерін – рөл, кабина, дөңгелектерін көрсету. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдету үшін көліктің мағынасын түсіне білуін дамыту. Жолдың бөліктері (жүргінші жол мен тротуар) ажырату мен атауға үйрету. Көшеде жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: ойыншық көліктер суреті.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Аспаның ашық болсын!

Күніміз жарқырасын!

Деніміз сау болсын!

Әлемде тыныштық болсын!

Шаттық шеңберіне тұрады.


Іздену - ұйымдастырушы







Жұмбақтар:

1.Көзін ашып жұмады

Бағыт беріп тұрады.


2.Көшеде жүреді кішкентай үйлер

Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер.

- Жарайсыңдар балалар. Енді мына суреттерге назар аударайық.

- Бұл суретте не бейнеленген?

- Қандай көлік?

- Дұрыс, тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Көліктер туралы әңгіме:

- Бүгін біздер жүк көліктерімен танысамыз. (нан, сүт таситын жүк көліктері)

- Біздің балабақшаға нан таситын көлік нанды жеткізеді. Ал мынау сүт, айран шығаратын зауыт. Біздің балабақшаға сүт таситын көлікпен сүт, айран тасиды. Бұл көліктердің пайдасы зор. Себебі олар бізге уақытымен азық-түлік тасиды. Балалар нан таситын, сүт таситын көліктерге назар аударайық. Қандай бөліктері бар?

- Ал, балалар сендер көшеде жүру ережелерін білесіңдер ме?

- Балалар саяхатқа шыққыларың келе ме? Бәріміз сыйып отыру үшін қандай көлік қажет?

- Олай болса автобусқа жайғасып отырамыз.

- Жолда көлік жүргізушілері ережені сақтау үшін не қажет?

- Иә, бағдаршамда неше түс бар?

- Жарайсыңдар балалар. Олай болса үш бала қызыл, сары, жасыл түстерді алып, бағдаршам болады. (Алдын-ала дайындалған жолға көліктер шығады).

Дидактикалық ойын: «Бағдаршам»

Шарты: Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтайды.

- Балалар алда жүргінші жол жатыр, не істеу керек?

- Дұрыс, жарайсыңдар балалар.

- Балалар қане енді балабақшамызға оралайық. Қауіпсіздік белдігін шешіп, асықпай автобустан түсейік.



(Бағдаршам)


(Көлік)




- Көліктер.

- Жүк көлігі.

(Жауабы)










- Рөл, кабина, дөңгелектері бар.


- Иә, білеміз.


- Автобус.



- Бағдаршам.

- Үш түс: қызыл, сары, жасыл.





Жасыл түсті көрсеткенде жүреді, сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтайды.

- Адамдарды өткізіп барып жүру керек.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Бағдаршамның көздерінің қызметін білуі керек.

Болуы керек: Жұмбақтарды шешуін табуды игереді.

Қолынан келуі керек: Көліктерді атай білді.

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Сумен ойнаймыз» (ойындық және ізденушілік іс-әрекет)

Мақсаты: Судың қасиеттерімен танысу. Балаларға сумен тәжірибелік жұмыс жасауға ұсыныс жасау: су ыдысқа құйылып, оның пішінін алады, оны бояуға, тұзды қышқыл, тәтті дәмдерін беруге болады. Себеп-салдарлық қарапайым байланыс орната білуін дамыту. Тәжірибе нәтижесін байқау үшін балаларды дербес жұмыс істеуге ынталандыру.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ -жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Су, ұнтақ бояулар, стақан.

Сөздік жұмыс: қышқыл.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Су – тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің,

Гигиена егізі.

Су деп және білгейсің,

Су табиғат байлығы.

Өзен-көлге барғайсың,

Суға түсіп тұрғайсың.

Шаттық шеңберіне тұрады.


Іздену - ұйымдастырушы







- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Көктем мезгілінде ағаштар бүршік атады. Адамдар ағаш егеді, гүлдер егеді. Балалар ол үшін не керек?

- Бүгін біз судың қасиетімен танысамыз. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер барлық тіршілік сусыз өмір сүре алмайды екен.

Ендеше су туралы тиым сөздерді есімізге түсірейік.

- Балалар суды дұрыс пайдалану және үнемдеп сақтауымыз керек. Балабақшада, үйде крандарды жауып қою керек, сумен ойнамау керек. Су дәмсіз, исі болмайды. Пішіні болмайды. Суды төксек ол жайылады. (Төгіп көрсетеді).

Тәжірибе жасау. Су құйылған стақанды иіскету.

- Балалар не байқадыңдар?

- Балаларға суға секер салғызып ішкізу, балалар тәтті дәмін сезеді.

- Суға тұз салып ішкізіп көреді.

- Судың дәмі қандай?

Сергіту сәті:

Күн болып жанайық

Мөлдір су боп ағайық

Гүл болып жайнайық

Сурет бойынша әңгімелеу:

- Суретке қарап көлдің суретін көрсету, оған суға түсуге болады дәмі тұщы болады. Ал мынау теңіздің суреті. Теңіздің суы ащы,тұзды болады екен. Біздің теңіз қалай аталады?

Каспий теңізі туралы әңгімелеу.

- Есік қағып сиқыршы кіреді.

- Өзінің қолындағы суды түрлі түске бояп көрсетеді.

- Балалар су қандай түске боялды?

Балаларға су туралы ертегі айтып беру.

- Ерте, ерте, ертеде су болмай құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалады. Шаршаған құстар желден ақыл сұрапты. Жел көмектесейін деп күнге барады. Күн жердегі суларды, яғни өзендер мен көлдерді қатты қыздырады. Су түйіршіктері буға айналады. Аспанға бу көтеріледі де су түйіршіктері бірігіп, бұлттар болды. Жел бұлтты қуалап, су түйіршіктері жерге жаңбыр болып жауды. Жер тыныс алды. Шөлін қандырған құстар мен өсімдіктер жадырады.

- Ертегі ұнады ма?

Дидактикалық ойын «Су»

Шарты: Суды қажет ететін нәрселерді тауып, орналастыру керек.

- Көктем мезгілі.



- Су керек.




- Су шашып ойнама.

- Суды үнемде.

- Су ішкен құдығыңа түкірме.




- Иісі жоқ.



- Тәтті.


- Судың дәмі ащы.


Сергіту сәтін орындайды.







- Каспий теңізі. (Амандасады).




- Көк, қызыл, көк түске боялды.


Ертегіні тыңдайды.










- Ия, ұнады.


- Гүл, адам, жануар, балық, т.б.


Рефлексті - коррекциялаушы

Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Судың қасиетін білуі керек.

Болуы керек: Суды үнемдеп пайдаланып, ырым сөздерді естеріне сақтайтын болуы керек.

Қолынан келуі керек: Суға тәжірибе жасап, қасиеттерін ажырату.
















































Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Біздің әскер» (бейнефильм мен көрнекіліктерді қарау, тәрбиешінің әңгімесі)

Мақсаты: Әскер қатарындағылар Отанымызды қорғайтын әскерде танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер бар екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Әскер қызметі туралы алғашқы түсініктер беру. Жауынгерлер мықты, епті болуы үшін жаттығады, нысананы дәлдеп атуды, қиындықтарды жеңуді үйренеді. Өзінің әскеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу және мықты әрі батыл жауынгерлерге ұқсау, тілегін ояту.

Әдіс-тәсілдер: Сурет көрсету, әңгіме, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Біздің әскер туралы суреттер, отбасылық суреттер.

Сөздік жұмыс: ержүрек


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Солдат болам мен ертең»

Гүлдей жайнап,

Күндей жайнап,

Мен ержетіп толамын.

Әжем айтқан дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

Бір, екі, үш.....

Бойға жинап күш,

Шынығамын таңертең.

Ағалардай Отанға,

Солдат болам мен ертең.


Шаттық шеңберіне тұрады.


Іздену - ұйымдастырушы







Сурет бойынша «Біздің әскер» туралы әңгімесі:

Теңізшілер кемеде қызмет етеді. Олар көп уақытын теңізде өткізеді. Олар бізді теңіз жақтан келетін жаудан қорғайды.Ұшқыштар ұшақпен ұшады, аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін көп оқиды. Ал танкистер танкімен жүреді. Танк темірден жасалады және ол мықты көлік. Танкінің оқ ататын ұзын мойны бар. Танкистің шуылдан қорғайтын бас киімі болады. Балалар, ұшқыш ұшақпен аспан әлемін, теңізші кемемен теңіз суын, танкист танкімен жердің тыныштығын ұйықтамай, күн-түн демей қорғап елдің бейбітшілігін сақтайды.

Осылардың барлығын тәуелсіз еліміздің жауынгерлері деп атаймыз. Жауынгерлер батыл, мықты, епті, нысананы дәл көздеп ататын мерген, қиындықты жеңе білуі керек. Жауынгерлердің бойында осындай қасиеттер болса, оларды ержүрек деп атауға болады. Ол үшін көп оқып, жаттығуы керек.

- Сонымен ержүрек жауынгерлер қандай болу керек?


- Дұрыс айтасыңдар, ертең біздің ұл балаларымыз өсіп елімізді қорғайтын ержүрек жауынгерлер болады деп сенеміз!

Қимылды ойын: «Нысанаға дәл тигіз»

Дидактикалық ойын: «Әскери мамандықтар»

Шарты: Балалар суреттерден әртүрлі әскери

мамандықтарды:танкішілер, ұшқыштар, теңізшілер топтастырады.


«Ел қорғауға әзірміз» әні

Аязда да, тоңбаймыз,

Аптапқа да төземіз.

Түнде де жол барлаймыз,

Суда еркін жүземіз.

Бұл шақта, бұл шақта,

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та,

Ел қорғауға әзірміз!


Сурет бойынша тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.



















- Батыл, мықты, епті, нысананы дәл көздеп ататын мерген,

қиындықты жеңе білуі керек.




Қимылды ойынды ойнайды.


Суреттерден әртүрлі әскери

мамандықтарды:танкішілер, ұшқыштар, теңізшілерді топтастырады.

Әнді хормен айтады.

Рефлексті - коррекциялаушы

Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Тәуелсіз еліміздің жауынгерлерін, олардың атқаратын қызметтерін білу керек.

Болуы керек: Отанын қорғайтын, еліміздің әскеріне деген мақтаныш сезімі болу керек.

Баланың қолынан келуі керек: Әскери мамандықтарды атау, сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы керек.
















































Күні: 20. 04.2017 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бағдаршамнан емтихан» (викторина)

Мақсаты: Балаларды жол бөлігі, сызық арқылы екі жолға бөлінетін жүргінші, тротуармен таныстыруды жалғастыру. Балаларға бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері нені білдіретінін және олардың мағынасын көрсетуді ұсыну. Жаяу жүргіншілерге арналған жол ережелерін қайталату (жолаушылар көлікті алдында күтеді; балалы жолаушылар көліктің алдыңғы жағынан кіруіне болады; көлікте әр бір жолаушы өзін сабырлы ұстап, өзге жолаушыларға кедергі етпеуі керек).

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, жұмбақ, ойын, әңгіме, түсіндіру, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Бағдаршамның суреті, жолда жүру ережелеріне арналған суреттер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Жұмбақ:

Көздерін ашып-жұмып тұрады,

Жол тәртібін реттеп тұрады.


Көшеде жүреді кішкентай үйлер,

Сол үйлерді жүргізушілер жүргізер.




(бағдаршам).


(машина).

Іздену - ұйымдастырушы







«Бағдаршам»

Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!

- Қане тақтаға мына суретке қарайықшы. Бұл суретте біз кімді көріп тұрмыз?

- Қане анасымен қызына ат қояйық. Анасына кім деп ат қоямыз?

- Ал қызына ше?

- Анасы Айжан мен қызы Мөлдір не істеп жатыр?

- Дұрыс айтасыңдар. Суретте бағдаршамның қай көзі жанып тұр?

- Жолдан өткенде өткенде өте абай болу керек. Бірінші оң жағымызға, кейін сол жағымызға қарау керек.

Балалар, айтыңдаршы жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүреді?

- Жарайсыңдар, ақ жолақпен және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен жүру керек. Келесі мына суретке қарайықшы, кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Қане балаларға ат қояйық.

- Жарайсыңдар, олар суретте не істеп жүр?

- Балалар айтыңдаршы жолға жақын жерде доп ойнауға бола ма?

- Дұрыс айтасыңдар. Жолдың бойында доп ойнауға болмайды. Балалар допты қайда ойнауымыз керек?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Біздер жолға шығайық.

Ұзын, қысқа жолдарды,

Біздер біліп алайық.

Оң жақта да, сол жақта да,

Биік үйлер бар екен.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Алты бала қатысады. Үш үштен бөлініп жарысады. Тақтада бағдаршамның суреті қойылған, сол бағдаршамның көздерін шатастырмай орналастыру керек.

- Біз күнде балабақшаға немен келеміз?

- Кім автобуспен келеді?

- Біз автобусты қайда күтеміз?

Балалар автобуста шуламай, басқаларға кедергі жасамай, әдепті болып отыруымыз керек. Автобусқа кіргенде алдыңғы жағынан кіру керек, үлкен кісілерге орын беруіміз керек.









- Анасымен қызын.


- Айжан деп қоямыз.

- Мөлдір деп қоямыз.

- Екеуі жолдан өтіп бара жатыр.


- Жасыл көзі жаны тұр.





- Ақ жолақпен.




- Кішкентай балаларды.

- Бекболат, Дәурен, Айдын.

- Доп ойнап жүр.


- Жоқ болмайды.


- Аулада.


Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.






Бағдаршамның көздерін шатастырмай орналастырады.



- Жаяу, автобуспен, көлікпен.

Балалар жауабы тыңдалады.

- Аялдамада.

Рефлексті -

түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Бағдаршамның қызметін білуі керек.

Болуы керек: Көлікке отыру мәдениетін игереді.

Қолынан келуі керек: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Киіз үйге әжеге қонаққа бару"

Автор: Қайырбай Амангүл Бекболатқызы

Дата: 14.03.2019

Номер свидетельства: 503050

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Жаңа жылдық ертегі "Қар Ханшайымы""
    ["seo_title"] => string(36) "zhana_zhyldyk_ertegi_kar_khanshaiymy"
    ["file_id"] => string(6) "494875"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547236427"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Қонақтарға шай берейік"
    ["seo_title"] => string(28) "k_onak_targ_a_shai_bierieiik"
    ["file_id"] => string(6) "450369"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516118130"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""С?з ж?не оны? ма?ынасы" (2-сынып) "
    ["seo_title"] => string(33) "soz-zh-nie-onyn-mag-ynasy-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "202630"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429288355"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?рбие са?аты "?ош келді?, Наурыз!" "
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-aty-k-osh-kieldin-nauryz"
    ["file_id"] => string(6) "213452"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432056741"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Армысы?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(15) "armysynznauryz2"
    ["file_id"] => string(6) "304541"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457752496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства