kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош келді?,Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ош келді?, Наурыз!

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Ма?саты: 1. Ата-бабамызды? ?рпа?тан-?рпа??а беріліп келе жат?ан ?лтты? мерекесі-Наурыз туралы т?сінік беру. ?лысты? ?лы к?ні айтылатын тілектер, бата, наурыз к?жені? ма?ызы туралы айту.
2. О?ушыларды? санасына хал?ына деген ма?таныш сезімін ?ялату, ана тілін, оны? тарихын, ?нерін, м?дениетін ?астерлей отырып, дамыта отырып ?жымшылды??а т?рбиелеу.
3. Саба?ты халы?ты? педагогика?а негіздей отырып, ?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындарын, ?лтты? та?амдарын, на?ыл с?здерін ?астерлей отырып о?ушылар?а ??ындыру.
К?рнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, на?ыл с?здер, ?деби кітаптар,, буклеттер.

Барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і. ?она?тарды т?рге шы?ару, отыр?ызу.
2. Т?рбие са?атын ашу.
Саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатымен таныстыру.

1. ??рметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ?стаздар, о?ушылар! Та?ы да жадырап, к?ктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жа?а к?н, жа?а жыл мерекесімен ??тты?таймыз. ?аза? хал?ы ?шін ?лкен мейрам – наурыз жа?а жыл болып санал?ан. Наурызды? 22-сінде к?н мен т?н те?еледі, ?ыс ?тіп, к?ктем келеді. Міне, біз де хал?ымызды? салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе ?ткізіп отырмыз. М?нда?ы ма?сат, балаларды? Наурыз мерекесін ??ынуы, сезінуі лер ж?не ата-аналар ?з балаларыны? ?нерін тамашалау. Міне сыныбымызды? «?ош келді?, ?з-Наурыз! » атты т?рбие са?атын тамашала?ыздар.

2. Келі?дер, Наурыз к?нін ?арсы алайы?,
Билейік, жыр жырлайы?, ?н салайы?.
?а?арлы ?ыстан ?тіп, Наурыз келді,
Ар?а?ды ке?ге созшы, уа, халайы?!

3. Хал?ымызды? салтында Наурыз тойыны? с?ні –а?ыз ??гімелер мен ертегі кейіпкерлері ?арашаш с?лу, ?ожанасыр, Алдар к?се, Тазша бала бол?ан. Ендеше, орта?а ?арашаш с?луды ша?ырайы?.
?арашаш:Уа, халайы?! Б?гін ?лысты? ?лы к?ні. Ата-бабаларымызды? с?зімен айтса?, а? т?йені? ?арны жарыл?ан к?н. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген с?зді? ?зіне то?талатын болса?, б?л к?не парсы с?зі. ?аза?ша?а аударса?, ал?аш?ы буыны нау-жа?а, рыз-к?н деген ??ымды білдіреді. Сонда жа?а к?н деген с?з шы?ады екен. Наурыз – жа?а к?н, я?ни жа?а жылды? ал?аш?ы к?ні – жыл басы. Б?л бізді? хал?ымызда к?н мен т?н те?елер мезгіл-наурыз айыны? 22-інші ж?лдызына с?йкес келеді.
?аза? елі Наурызды ?алай ?арсы ал?ан?
Жа?а жылда м?нтаздай таза ?йге кірсе, ол ?й ауру-сыр?аудан, п?ле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурыз?а дейін ?й ішіндегі жи?аз, м?лікті? ша?ы ?а?ылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жа?сы басталса, ая?ына дейін жа?сы болады дейді.
Ал, халайы?! Енді осы ?лысты? ?лы к?ні ата салтымыз бойынша ортамыз?а ?ызыр бабамызды ша?ырайы?. ?ызыр баба баршамыз?а а? тілек, о? батасын берсін!
?ызыр баба:
Армысы?дар, жама?ат.
?лыс о? болсын,
А? мол болсын,
?айда барса? жол болсын!
?лыс ба?ты болсын!
Т?рт т?лік а?ты болсын,
?лыс береке берсін,
Б?ле-жала жерге енсін!
?лы хал?ым то? болсын!
К?йлектері? к?к болсын!
?ай?ы уайым жо? болсын!
?уаныштары? к?п болсын! ?умин! ! !
Ж?рт тегіс бетін сипап, айт?аны?ыз келсін деп айтады.
?ызыр баба: - ?арашаш ?ызым, ата салтын ?мытпай ?лыс тойын ?ткізіп жат?андары? ?те жа?сы екен. ?лкен рахмет. Ал, енді ?андай ?ызы?тары? бар.
?арашаш: ?ызыр баба, сіз т?рге шы?ып отыры?ыз. ?лысты? ?лы к?ні «Наурыз» ?нін айтайы?.
1. Хор: «Наурыз – бізді? ?німіз».
?ызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! ?ркендері? ?сіп, талаптары?а н?р жаусын!
?арашаш: ?ызыр баба, хал?ымызды? салтында кез-келген той-томала?ты? ойын-к?лкісіз думансыз ?тпесі белгілі. Ал сол ойын-к?лкіні? к?ркі мен с?ні бол?ан жары?ты? ?ожанасыр, Алдар к?се, Тазша балаларды ?мытпа?ан боларсыз. Б?гінгі тойымыз?а сол кісілер де келіп отыр. Соларды орта?а ша?ырып, ?ызы?тарын тамашаласа? ?айтеді.
Ж?ргізуші:?те орынды!
?арашаш:Шал?ытып мерекеде ?н салайы?,
?нерпаз ?рендерге тамсанайы?.
А?ыз бен ертегіден келіп жеткен
??рметті ?она?тарды ?арсы алайы?!
(Са?на?а алдымен ?ожанасыр, одан со? Алдарк?се шы?ады).

Алдар к?се: (?нжыр?асы т?скен ?ожеке?е)
- ?й, ?пендім, ?н-т?нсіз сіленіп не?ып т?рсы?? Тым болмаса мына хал?ы?а аман-с?лемі? ?айда?
?ожеке?: Ай, Алдарым-ай, ??р?а? с?лем ж?ртыма тама? болар дейсі? бе?К?к есегіме артып ?келе жат?ан бірер ?ап базарлы?ым бар еді, ?не бір б?рышта рекет деген бір б?лелер тартып алып.
Содан есек те жо? базарлы? та жо?, мына ж?ртыма не дерімді білмей т?р?аным.
Алдар к?се: Апыр- ай, ?, шыны? ба?

?ожанасыр: Мен ешкімді алдап к?рген жо?пын. Мына сен ?ой ел-ж?ртты б?лдіріп, ?азіргілерді? б?рі Тазша бала екеуі?ні? ?рпа?тары? к?рінеді.
Алдар к?се: -?ой, ойбай, мына ж?рт шын к?ріп ?алар.
?ожанасыр: -Б?рі шетінен суайт. Б?рі бірін-бірі ?айтсем алдап кетем деп т?р?ан алыпсатар болып алыпты. Сен екеуі?ні? ?рпа?ы?ды тауып берем.
?ожанасыр:-А-а. ?алай. А?тарылып ?алады.

Алдар к?се:-Апыр-ай, ?, мына б?леден ?алай ??тылсам екен. ?-?, таптым, таптым. Айтпа?шы, ?ожеке, осы сені? есегі? к?к емес пе ?анары? ?ызыл ала..
?ожеке?:-И?, д?л солай.
Алдар:- Ендеше, ?лгінде бір-екі ауыл милис?сі ж?рт?а жар салып иесін таппай ж?рген. Т?п-тура мына Ш?йланы? бергі б?рышында. ?ш жет тез.
(?ожанасыр шапаныны? етегін ?олына ?стап, ?албала?тап солай ж?гіре ж?нелді. Бір шеттен Тазша баланы? т?бесі к?рінеді. Ол ?ндетіп келе жатады)

Тазша:
Айтпаймын ?лтірсе? де ?тірікті,
Салт-сана, ?дет-??рып кетіліпті.
?лкен т?рып с?йлемес кіші ?айда?
Бір шал?а немересі жекіріпті.

Алдарк?се: (киіп кетеді)- ?й, Суайтбегім, мынау та?ы не с?мды?-ей! ?айда?ы жо? б?лені бастап. Салтымызда жо? н?убетті ?айдан тапты? та?ы??тірік айтуды? да ж?ні бар емес пе?
Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегені?із?Имандай шынымб?л. Олл??и-білл??и, мінеки! (?олыны? ?ырымен тама?ын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салма?ан ?тірікші екені? барша?а аян. «С?мырай келсе, су ??риды» деп?ожеке? екеуі? немене, ?ара аспанды алдырып?Обалы не, мен т?скен ауылды? балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан т?сіріп, бірі ?олты?тап ?йге бастап, бірі шынта?ымны? астына жасты? тастап, енді бірі ?олыма су ??йып, наурыз к?же дегендей ??ра? ?шып ?арсы алды ?ой.
Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен ?оры??андары да. ?йтпесе бізді ?айтесі? б?лар. ?пенділері де ?тірікшілері де толып жат?ан к?рінеді. ?лгінде анау бір той болып жат?ан шеткі ?йге т?ссем, бір ?арадомала?:

«Ой, а?а, м?нда не бар сізге? Бізді? депутаттар мен ?кім а?аларымызды? ?асында ?тірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.
(Осы т?ста елпе?деп ?ожеке? шы?ады, Оны к?рген Алдар со?ан б?рылады).
Алдарк?се:О, не, ?ожеке, есегі? табылды ма?
?ожанасыр:Табыл?аны ??рысын, ?лгілері? мы? сом айып т?леттіріп, ?зер берген жо? па ? Жол т?ртібін б?зды, к?шені ластады дей ме-ау. (?олын бір-а? сілтеп, енді бас?а ??гімеге к?шеді). ?й, ?здері? м?нда не?ып т?жікелесіп? Ана жа?та, ?не анау бір киіз ?йді? артында бір-бір ?аптан алтын ділд? ?лестіріп жатыр.
Тазша:Алтын?!

?ожанасыр:И?, алтын бол?анда, к?дімгі саф алтын, б?ларды? тілінше б?л?т? дей ме. Т?сінбедім. К?мпінс?тси деді ме, балалар?а берілетін ж?рдем к?рінеді. Сені? Бізбикештен ту?ан бес баланы? тізімі ж?р, Алдеке. (бір-бірлеріне ?арасып ал?ан Алдар мен Тазша ол н?с?а?ан жа??а ?арай ?ша ж?нелді )
?ожан?сір:(Оларды? артынан ?арап с?л т?р?ан со? та?ыр?ай)
?й мына ж?ртты? б?рі солай ?арай неге а?ылып барады-ей?! Жа?а?ы с?зім шын болып ж?рмесін ?зі??ой мен де жетейін. (Сахнадан елпе?дей т?сіп кетеді. )
Ж?ргізуші: Асы?ып –апты?ып Шы?айбай мен б?йбішесі келе жатады.
Шы?айбай:?й, б?йбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болды?, болса?шы к?йбе?демей.
Б?йбіше:?азір, ?азір, байеке! Мына бір ысты? к?лшені Наурыз?а пісіріп едім. Ойбай, мынау ?лгі Алдар ?ой! Енді ?айттым?Мынаны ?айда ты?ам?

Шы?айбай:(?ойнын к?рсетіп). М?нда ты?, м?нда.
Алдар:Ассалаумалейкум, Шы?еке! Наурыз ??тты болсын, ?лысты? ?лы к?ні ойда?ы-?ырда?ы ??ша?тасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де ??ша?тасып к?ріселік.
Шы?айбай:Ойбай, к?йдім, к?йіп барам. Жібер, жібере к?р Алдеке, сен-а? алшы осыны.
?арашаш:Ал, жігіттер, «с?зді? к?ркі - м?н, тойды? к?ркі-?н мен би» деген. Ортамыз?а Ауданды? «Кел, билейік» о?ушылар сайысына ?атысып келген «Сыр?алым» тобыны? биші ?ыздарын ша?ырайы?.
Ж?ргізуші:Наурыз тойыны? та?ы бір басты к?делеріні? бірі ол-Наурыз айтыс. Ендеше Гаухар  мен Даниярды? орындауында «К?й тартыс» айтысы.
Ел ішінде наурыз к?жені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарасты?ы ажыраспайды ренжу болмайды деген ??ым бар. Бізді? де жарасты?ымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз са?талсын, сыйласа білейік.

К?ріш салдым к?жеге
Женті к?п болсын деп
Адал аспен б?йыр?ан, Тойда палау болсын деп.
Д?м татсын ел жиыл?ан. Ауыздан а? кетпесін
Бидай салдым к?жеге, Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан, Б?гінгі той ?она?тары наурыз-к?жеден д?м таты?ыздар.
-Сыныпта Айг?л деген ?ызымыз бар,
?н салып, би билейді о?уда озат
Ол гимнаст, мостик т?рып, сальто айналад,
Болаша?та болады на?ыз акробат.
Ауданды? «Кел, билейік» о?ушылар сайысына ?атысып келген акробат ?ызымыз Айг?лді орта?а ша?ырамыз.

Хал?ымызды? салтында ?она? к?деге жол беріледі. Оай болса, кезек ата-аналарда. К?некей, кім, шы?ады екен. То?атова М?лдірді? орындауында «Арыс жа?асында» ?ні.
Орта?а Айн??атова Дананы ша?ырамыз.
- Келтіріп сахнаны? енді с?нін,
Б?гін біз аямаймыз ?олда барын.
?алайша та?дай ?а?ып, та?данбас?а,
Шабондоз жігіттеріміз алдары?ызда.
- Б?гінгі ?лыс ??рметіне арнап бізді? сыныпты? Шабондоз жігіттеріміз бір ?нер к?рсетіп жіберсін. «Шабондоз» биі.

-Бізді? ?аза? хал?ы ?ай кезде де ма?алдап с?з с?йлеген. Ма?ал ар?ылы астарлы ой ?алатын с?здер айт?ан. Келесі тамашалайтындары?ыз ?она?ты ма?алдап ?арсы алып, шы?арып салу айтысын тамашалайсыздар.
?н менен би,
Жыр менен к?й жарас?ан
Н?рын т?гіп к?лімдейді к?к аспан
?адірлейік бейбіт аспан а???сын
?адірлейік хал?ымызды? д?ст?рін.
-??рметті ?она?тар, Наурыз тойымызды б?дан ?рі «Т?саукесер» ырымымен жал?астырса? деген тілек бар. Б?гінгідей ?лы тойда жинал?ан халы?, ата д?ст?рін к?ріп тамашаласын.
-Кішкентай б?бегімізге ?адамы? ??тты болсын дей отырып, Же?ісов Н?рлыны? орындауында?ы «Т?й-т?й б?пем» ?нін ?абыл алы?ыздар.

♦ Жігіттер КВН-і
Шары?татып, шыр?атып тамсандыр?ан талайды,
?уелеген ?сем ?н к?к аспан?а тарайды.
?нерпаз ?рпа? мерейі биіктерге жетелеп,
?аза?ымны? к?гіне ба? боп м??гі жан?айды.

?н:Айым мен Н?рм??анбетті? орындауында «Наурыз-думан » ?нін ?абыл алы?ыздар.
Негізгі ма?сатымыз - «Б?ла? к?рсе? к?зін аш » демекші сыныбымызда?ы ?нерлі, талантты балалар шы?далсын, ынталансын, жан-жа?ты ?абілетін ашу?а м?мкіндік жасау еді. Сіздер мен біз ку? болып отыр?ан мерекелік кешімізге а? дастар?анын жайып, атсалыс?ан ата-аналар?а рахметімізді айта отырып, отбасылары?ыз?а береке –бірлік тілейміз!

?аза? хал?ында батаны? т?рлері к?п. Соны? бірі осы Наурыз бата. М?нда Наурыз к?жеге ша?ырыл?андар?а, тойда ?нер к?рсеткен а?ын, ?нші, жас талапкерлерге т. б а?са?ал аталар, а? жаулы?ты аналар, ел а?алары бата береді. Жастар б?л к?ні ?лкендерден бата алу?а тырысады. К?пшілікке ?лкеніміз а? батасын берсін.
Та?ы да барша?ызды наурыз-?лысты? ?лы к?ні мерекесімен ??тты?таймыз. Барлы?тары?ыз?а ба?ыт тілейміз.

Осы, міне мереке бастал?аны,
Наурызым, к??ілдерді? тас?ан ша?ы.
С?нді болсын ?аза?ты? жарасты?ы,
Д?мді болсын жайыл?ан дастар?аны.
Ал, ??рметті ?она?тар, дастар?аннан д?м татайы?.
Міне, бізді? елден алар ба?амыз,
К??іл кілтін адалды?тан табамыз.
?р наурызда жолы?тырсын аман-сау
?н-шашуды? шымылдыры?ын жабайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош келді?,Наурыз!"»

Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Мақсаты: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар, , буклеттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.
2. Тәрбие сағатын ашу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

1. Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі лер және ата-аналар өз балаларының өнерін тамашалау. Міне сыныбымыздың «Қош келдің, әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

3. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болған. Ендеше, ортаға Қарашаш сұлуды шақырайық.
Қарашаш:Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады.
Қызыр баба: - Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.
Қарашаш: Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
1. Хор: «Наурыз – біздің әніміз».
Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!
Қарашаш: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашаласақ қайтеді.
Жүргізуші:Өте орынды!
Қарашаш:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық!
(Сақнаға алдымен Қожанасыр, одан соң Алдаркөсе шығады).

Алдар көсе: (ұнжырғасы түскен Қожекеңе)
- Әй, әпендім, үн-түнсіз сіленіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?
Қожекең: Ай, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?Көк есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта рекет деген бір бәлелер тартып алып...
Содан есек те жоқ базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Алдар көсе: Апыр- ай, ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар көсе: -Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Қожанасыр: -Бәрі шетінен суайт. Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпағыңды тауып берем.
Қожанасыр:-А-а... Қалай. Аңтарылып қалады.

Алдар көсе:-Апыр-ай, ә, мына бәледен қалай құтылсам екен. Ә-ә, таптым, таптым. Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк емес пе Қанарың қызыл ала.. .
Қожекең:-Иә, дәл солай.
Алдар:- Ендеше, әлгінде бір-екі ауыл милисәсі жұртқа жар салып иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына Шәйланың бергі бұрышында. Ұш жет тез.
(Қожанасыр шапанының етегін қолына ұстап, қалбалақтап солай жүгіре жөнелді. Бір шеттен Тазша баланың төбесі көрінеді. Ол әндетіп келе жатады)

Тазша:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.

Алдаркөсе: (киіп кетеді)- Әй, Суайтбегім, мынау тағы не сұмдық-ей! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубетті қайдан таптың тағы?Өтірік айтудың да жөні бар емес пе?
Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегеніңіз?Имандай шынымбұл. Олләһи-білләһи, мінеки! (қолының қырымен тамағын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. «Сұмырай келсе, су құриды» депҚожекең екеуің немене, қара аспанды алдырып?Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді бірі қолыма су құйып, наурыз көже дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.
Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да. Әйтпесе бізді қайтесің бұлар. Әпенділері де өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ:

«Ой, аға, мұнда не бар сізге? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.
(Осы тұста елпеңдеп Қожекең шығады, Оны көрген Алдар соған бұрылады).
Алдаркөсе:О, не, Қожеке, есегің табылды ма?
Қожанасыр:Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па ? Жол тәртібін бұзды, көшені ластады дей ме-ау. (Қолын бір-ақ сілтеп, енді басқа әңгімеге көшеді). Әй, өздерің мұнда неғып тәжікелесіп? Ана жақта, әне анау бір киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.
Тазша:Алтын?!

Қожанасыр:Иә, алтын болғанда, кәдімгі саф алтын, бұлардың тілінше бәлүтә дей ме... Түсінбедім. Кәмпінсәтси деді ме, балаларға берілетін жәрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес баланың тізімі жүр, Алдеке. (бір-бірлеріне қарасып алған Алдар мен Тазша ол нұсқаған жаққа қарай ұша жөнелді )
Қожанәсір:(Олардың артынан қарап сәл тұрған соң таңырқай)
Әй мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады-ей?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі?Қой мен де жетейін. (Сахнадан елпеңдей түсіп кетеді. )
Жүргізуші: Асығып –аптығып Шығайбай мен бәйбішесі келе жатады.
Шығайбай:Әй, бәйбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей.
Бәйбіше:Қазір, қазір, байеке! Мына бір ыстық күлшені Наурызға пісіріп едім. Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттым?Мынаны қайда тығам?

Шығайбай:(қойнын көрсетіп). Мұнда тық, мұнда.
Алдар:Ассалаумалейкум, Шығеке! Наурыз құтты болсын, Ұлыстың ұлы күні ойдағы-қырдағы құшақтасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де құшақтасып көріселік.
Шығайбай:Ойбай, күйдім, күйіп барам. Жібер, жібере көр Алдеке, сен-ақ алшы осыны.
Қарашаш:Ал, жігіттер, «сөздің көркі - мән, тойдың көркі-ән мен би» деген. Ортамызға Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген «Сырғалым» тобының биші қыздарын шақырайық.
Жүргізуші:Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол-Наурыз айтыс. Ендеше Гаухар мен Даниярдың орындауында «Күй тартыс» айтысы.
Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.

Күріш салдым көжеге
Женті көп болсын деп
Адал аспен бұйырған, Тойда палау болсын деп.
Дәм татсын ел жиылған. Ауыздан ақ кетпесін
Бидай салдым көжеге, Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан, Бүгінгі той қонақтары наурыз-көжеден дәм татыңыздар.
-Сыныпта Айгүл деген қызымыз бар,
Ән салып, би билейді оқуда озат
Ол гимнаст, мостик тұрып, сальто айналад,
Болашақта болады нағыз акробат.
Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген акробат қызымыз Айгүлді ортаға шақырамыз.

Халқымыздың салтында қонақ кәдеге жол беріледі. Оай болса, кезек ата-аналарда. Кәнекей, кім, шығады екен. Тоқатова Мөлдірдің орындауында «Арыс жағасында» әні.
Ортаға Айнұқатова Дананы шақырамыз.
- Келтіріп сахнаның енді сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда барын.
Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,
Шабондоз жігіттеріміз алдарыңызда.
- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап біздің сыныптың Шабондоз жігіттеріміз бір өнер көрсетіп жіберсін. «Шабондоз» биі.

-Біздің қазақ халқы қай кезде де мақалдап сөз сөйлеген. Мақал арқылы астарлы ой қалатын сөздер айтқан. Келесі тамашалайтындарыңыз қонақты мақалдап қарсы алып, шығарып салу айтысын тамашалайсыздар.
Ән менен би,
Жыр менен күй жарасқан
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан аққұсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
-Құрметті қонақтар, Наурыз тойымызды бұдан әрі «Тұсаукесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда жиналған халық, ата дәстүрін көріп тамашаласын.
-Кішкентай бөбегімізге қадамың құтты болсын дей отырып, Жеңісов Нұрлының орындауындағы «Тәй-тәй бөпем» әнін қабыл алыңыздар.

♦ Жігіттер КВН-і
Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды.

Ән:Айым мен Нұрмұқанбеттің орындауында «Наурыз-думан » әнін қабыл алыңыздар.
Негізгі мақсатымыз - «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!

Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.

Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"?ош келді?,Наурыз!"

Автор: Баталова Айнур Ермухамбет?ызы

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307745

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?ош келді?,  Наурыз! "
    ["seo_title"] => string(22) "k-osh-kieldin-nauryz-2"
    ["file_id"] => string(6) "191609"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427349449"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""?ош  келді?, Наурыз!" (ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik-1"
    ["file_id"] => string(6) "206813"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430284833"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?ош келді? Наурыз" (ерте?гілік)"
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik-2"
    ["file_id"] => string(6) "308043"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458491784"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""?ош  келді?, Наурызым!" (ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryzym-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "203986"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429591727"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Келді Наурыз даладай ке?дігімен!"
    ["seo_title"] => string(36) "kieldi-nauryz-daladai-kien-dighimien"
    ["file_id"] => string(6) "314017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459596502"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства