kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан - менің Отаным. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚР Мемлекеттік Рәміздері туралы балалардың білімдерін қалыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан - менің Отаным. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.»

Қазақстан - менің Отаным. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы балалардың білімдерін қалыптастыру; Отан, туған жер туралы түсініктерін дамыту; Қазақстан туралы өлеңмен таныстыру; кіші отан, туған өлке туралы түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету.

Әдіс-тәсілдер

Аудиотаспа тыңдау, таңғажайып сәт, бейнеролик көрсету, көркемсөз, сурет бойынша әңгімелесу, мнемокарточкалар негізінде сөздік жұмыс, өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңді мәнерлеп оқуға арналған сөзді-ырғақты жаттығу, еске сақтауға арналған сөздік жаттығу, материалды бекіту, қортындылау.

Құрал-жабдықтар

1. Көрнекілік материалдар.

Аудиотаспа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.

Ырғақты, көңілді әуендер аудиотаспасы.

Демонстрациялық сурет: «Алан достарымен».

Қазақстан және оның рәміздері, ландшафт туралы бейнеролик.

Демонстрациялық суреттер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы бейнелер бойынша мнемокарточкалар:

- күн;

- бүркіт;

- ою-өрнектер.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы бейнелер бойынша мнемокарточкалар:

- пырақ;

- шаңырақ;

- таңба тектес аю;

- таңба тектес садақ пен жебе;

- таңба тектес теңіздегі шағала;

- таңба тектес түйе.

Қазақстанның табиғи ландшафты бойынша суреттер бөлімі: жазық дала, шыңын қар басқан таулар, биік жағалы өзендер, толқынды теңіз, шөл дала, аспандағы күн, орман мен тоғай, үлкен жүрек төсбелгісі.

2. Үлестірмелі материалдар.

Таратпалы мнемокарточкалар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы күн, бүркіт, ою-өрнектер; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы пырақ, шаңырақ, таңба тектес аю, таңба тектес садақ пен жебе, таңба тектес теңіздегі шағала, таңба тектес түйе.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Кел, сәлемдесейік!» жаттығуы.

Аудиотаспа тыңдау.

Аудиотаспадан Қазақстан Республикасының Меклекеттік Әнұраны қосылады.

Педагог пен балалар оң қолдарын жүрек тұсына қояды. Әнұранды тыңдайды. Бірінші шумағын айтады.

Педагог:

- Балалар, біз нені орындадық? Иә. Біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындадық.

- Балалар, сөздерін тағы да қайталап көрейікші.

- Балалар, біз әнұранды не үшін орындадық? Әнұран - мемлекеттің рәмізі ретінде қабылданған салтанатты ән. Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Педагог бірнеше балаға осы сұрақты қояды. «Біздің Отанымыз - Қазақстан» сөйлемін қайталауды сұрайды.

Таңғажайып сәт.

Педагог Алан мен достары қонаққа келгенін көрсетеді.

- Балалар, бізге қонақтар келді. Қонақтар бізбен танысу үшін басқа елден келген сияқты. Қонақтармен амандасайық.

Балалар қонақтарға қарап, сәлемдесу сөздерін айтады.

Педагог:

- Алан, біз қонақтарды бірінші рет көріп тұрмыз. Бір-бірімізбен танысайық.

Алан:

- Бұл (Боби) мен (Марк).

- Балалар, енді сендер өз есімдеріңді айтыңдар.

Балалар өз есімдерін кезекпен айтады.

- Менің атым ....

- Балалар, Боби мен Марк Қазақстанда тұрмайды. Олар басқа мемлекеттен келді. Олар біз туралы ешнәрсе білмейді. Оларға біздің елімізді таныстыруға көмектесейікші.

- Балалар, қонақтарды Қазақстанмен таныстыруға келісесіңдер ме? Олай болса, балалар, бастайық!

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Бейнеролик көрсету.

Педагог Қазақстан оның рәміздері, ландшафты туралы бейнеролик көрсетеді.

Қазақстан туралы бейнеролик.

Көркемсөз.

Д. Әбілев «Қазақстан - Республикам менің».

Әйнегі - күн, шатыры - аспан,

Кең дала ...

Төсі толған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан - Республикам менің!

Педагог:

- Балалар, Мемлекеттік Әнұраннан басқа бізде сендер білу керек тағы екі рәміз бар. Ол қандай рәміздер?

Сурет бойынша әңгімелесу.

- Балалар, бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

- Бұл Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы. Қайталаймыз.

Бірнеше баламен пысықтау.

- Қарандаршы, балалар, Елтаңбада не бар? (Күн, пырақ.) Жарайсыңдар! Дұрыс. Күн неге ұқсайды? Дұрыс, ол шаңыраққа ұқсайды.

- Шаңырақтың күн сияқты алтын түстес сәулелері бар.

- Пырақтар қанаты бар сиқырлы сәйгүліктер сияқты.

- Олар жарық шашып, біздің жерімізді қорғайды.

- Елтаңбада не бар? Олар неге ұқсайды? Олар не үшін керек? Жарайсыңдар!

- Бұл Қазақстанның Туы. Қайталаймыз.

Бірнеше баламен пысықтау.

- Тудың түсі қандай? (Ту көгілдір түсті.) Дұрыс. Көгілдір түсті.

- Қараңдаршы, балалар, Туымызда не бар? (Туда күн, бүркіт, ою-өрнек бар.) Жарайсыңдар, балалар! Дұрыс.

- Күн ортасында орналасқан. Күн дөңгелек пішінді, алтын түстес.

- Күннің жоғарғы жағында бүркіт қалықтап барады. Бүркіттің қанаты үлкен.

- Күннің сол жағында не бар? Бұл ұлттық ою-өрнектер.

- Алтын күн біздің көгілдір аспанымызды нұрландырып тұр.

- Бүркіт биікте самғап барады, үлкен қанаттарымен жерімізді қорғап тұр.

Мнемокарточкалар негізінде сөздік жұмыс «Қазақстан жайында...»

Тапсырманы ұйымдастыру үшін педагог мнемокарточка бөлімдерін әзірлейді. (Мемлекеттік рәміздердің элементтері мен өзге елдердің таңбасының элементтерімен қоса.)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы бейнелер бойынша мнемокарточкалар:

- күн;

- бүркіт;

- ою-өрнектер;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы бейнелер бойынша мнемокарточкалар:

- шаңырақ;

- таңба тектес аю;

- таңба тектес садақ пен жебе;

- таңба тектес теңіздегі шағала;

- таңба тектес түйе.

- Балалар қандай сөздерді естеріңе сақтадыңдар?

- Балалар, үстелге жақындап бір мнемокарточкадан алыңдар. Оның суретін қарап аламыз да, қайта орнына қоямыз.

Балалар орнындарына барып суретте көрген заттарды атайды.

Педагог барлық балаларға жеткілікті суреттер дайындайды.

Балалар естерінде қалған заттарды атайды. Егер бала қиналса, педагог оған дұрыс жауап беруге көмектеседі.

Балалар айтуы мүмкін сөздер: алтын күн, сәулелі шаңырақ, қанаты бар пырақтар, қанаты үлкен бүркіт, қазақтың ою-өрнектері, Қазақстанның Туы, Қазақстанның Елтаңбасы.

Педагог әр дұрыс жауап үшін балаларды мақтап отырады.

Мнемокарточкалар арасында Қазақстанға тән емес таңбалар да болады, педагог тапсырма соңында соған назар аударуды ұсынады.

- Балалар, сендер мына таңбаларды алмадыңдар ғой. Бұлар Қазақстанның таңбасы емес. Жарайсыңдар!

- Балалар, Боби мен Марктың айтуынша бұл олар тұратын елдің таңбасы екен. Керемет!

Мәтінді мәнерлеп оқу «Көрікті Қазақстан».

Педагог:

- Балалар, біздің Отанымыз - Қазақстан. Біздің Отанымыз өте көрікті. Біздің Отанымыздың табиғаты қандай?

Педагог аудиотаспадан орташа ырғақты әуенді қосады.

Біздің даламыз - жазық.

- Біздің таулар - биік.

- Біздің өзендер - ағысты.

- Теңіздеріміз - балықты.

- Шөлдеріміз - ыстық.

- Күніміз - нұрлы.

- Орман-тоғайларымыз жап-жасыл.

- Міне, Қазақстан осындай тамаша ел!

Педагог суреттерді көрсете отырып, балаларға керекті жолдарды бірге айтуды ұсынады.

Мәнерлеп оқуға арналған сөзді-ырғақты жаттығу. «Көрікті Қазақстан».

Педагог:

- Балалар, біздің Отанымыз - Қазақстан. Біздің Отанымыз өте көрікті. Біздің Отанымыздың табиғаты қандай?

Педагог аудиотаспадан орташа ырғақты әуенді қосады.

Біздің даламыз - жазық, (қолды екі жаққа сермеу)

Біздің тауларымыз - биік, (қолды жоғары көтеру)

Біздің өзендеріміз - ағысты, (қолдармен толқын жасау)

Теңіздеріміз - балықты. (қолмен жүзу)

Шөлдеріміз - ыстық (қолды жоғары көтеру)

Күніміз - нұрлы, (қолмен дөңгелек жасау)

Орман мен тоғайларымыз жап-жасыл, (орнында айналу)

Міне, Қазақстан осындай тамаша ел! (қол шапалақтау)

Еске сақтауға арналған сөздік жаттығу «Еске сақта».

Педагог:

- Балалар «Өз елің - алтын бесігің» деген мақал бар.

- Қане, жаттап алайық. Үйлеріңе барғанда айтып бересіңдер.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Материалды бекіту және қорытындылау.

Педагог:

- Балалар, біз не жайлы айттық? (Отан туралы айттық.)

- Біздің Отанымыз қалай аталады? (Біздің Отанымыз - Қазақстан.) Жарайсыңдар!

- Еліміздің қандай рәміздері бар? (Әнұран, Ту және Елтаңба). Тамаша!

- Қазақстанның қандай көрікті жерлері бар? Өлеңде жерімізді қалай сипаттайды?

Балалар Отан жайлы білетіндерін айтады.

- Балалар, Аланмен бірге келген қонақтар Қазақстанмен танысқандарына өте қуанышты! Олар сендерге көп рақмет айтып, келесі кездесуімізді асыға күтеді.

- Балалар, Отан жайлы қандай мақал білесіңдер? (Өз елің - алтын бесігің.) Жарайсыңдар!

- Балалар, сендер қай жерге, қай елге бармасаңдар да, туған жерге жететін жер жоқ! Әр адам өз туған жерін жақсы көреді. Отаннан алыс кету мүмкін емес. Бүгін сендер Отанымызды қаншалықты жақсы көретіндеріңді көрсеттіңдер. Жарайсыңдар, балалар! Сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қазақстан - менің Отаным. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Автор: Талипова Гульжамиля Абдисалиевна

Дата: 10.09.2024

Номер свидетельства: 656033

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза? музыкасыны? ??діреті "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-muzykasynyn-k-u-dirieti"
    ["file_id"] => string(6) "158919"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421831178"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Интеллектуальная игра "Моя Родина" "
    ["seo_title"] => string(37) "intielliektual-naia-ighra-moia-rodina"
    ["file_id"] => string(6) "192193"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427435383"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Сценарий "Жас Ұлан" ББЖҰ қатарына қабылдау салтанаты"
    ["seo_title"] => string(57) "stsienarii_zhas_u_lan_bbzhu_k_ataryna_k_abyldau_saltanaty"
    ["file_id"] => string(6) "453675"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1517328249"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Мен Т?уелсіз мемлекет азаматымын "
    ["seo_title"] => string(37) "mien-t-uielsiz-miemliekiet-azamatymyn"
    ["file_id"] => string(6) "156657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421471024"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Разработка познавательно-развивающего конкурса по казахскому языку "Мені? Отаным - ?аза?стан" "
    ["seo_title"] => string(101) "razrabotka-poznavatiel-no-razvivaiushchiegho-konkursa-po-kazakhskomu-iazyku-mienin-otanym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "183535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425897875"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства