kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен Т?уелсіз мемлекет азаматымын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып: 5 «А»

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Мен Т?уелсіз мемлекет азаматымын».

Т?рбие са?атыны? ма?саты: О?ушыларды Отанымызды с?юге, елімізді? р?міздерін ?астерлеуге баули отырып, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын ??рметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты ?алыптастыру. Желто?сан о?и?асын негізге ала отырып, патриотты? т?рбие беру.

К?рнекілігі: «Болмыс-Желто?сан о?и?асы» бейне фильм, презентация,  ?аза?тан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері: Ту, елта?ба, ?н?ран. Н.?. Назарбаевты? портреті, Астана суреттері, желто?сан ??рбандарыны? суреттері.

Саба?ты? ?дісі: баяндау, пікір айту, с?ра? – жауап.

Т?рбие са?атыны? барысы:

 

І. ?йымдастыру кезе?і:  

         - О?ушыларды? назарын аудару.

 

 ІІ. «Т?уелсіздік шежіресі»

      М??алім: - ?ай халы?, ?андай ?лт болмасын ?з еркіндігін а?сайды. ?р ел ?зіні? егемен, т?уелсіз болуын армандайды. Хал?ымызды? жылдар бойы а?са?ан ізгі армандары ж?зеге ас?ан кезе?де т?уелсіздігімізге ?ол жеткіздік. Б?гінгі т?уелсіздік к?ніне орай ?ткізгелі отыр?ан «Мен Т?уелсіз мемлекет азамаматымын» атты т?рбие са?атына ?ош келді?іздер! Т?уелсіздігіміз баянды болсын, а?айын! Міне, Т?уелсіздігімізді т?у етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Осы аз?антай уа?ытты? ішінде елдігімізді танытып, е?семізді к?терген ?аншама ?лы о?и?алар болды.

 

ІІІ. Т?уелсіздік хроникасы.

 

- Б?гінде ?аза?стан к?к байра?ы к?кке желбіреген, ?азына байлы?ын пайдалана білген, ?рпа?тарына ?лтты? т?лім-т?рбие берген егемен ел. Енді т?уелсіздік хроникасына назар аударайы?.

  (О?ушыларды? жауабы ты?далады)

 

            IV. О?ушы та?па?тары:

 

            V.  Т?уелсіз ел - ?андай ел? (О?ушыларды? жауабы ты?далады.)

Отан деген не?

 

 

                           

 

 

Т – ?ріпі білдіреді те?дікті

? – ?ріпі ?дептілік, ?лдікті

У – ?ріпі уайымсыз уа?ытты

Е – ?ріпі егемендік, елдікті

Л – ?ріпі дейді ла?ып лепірме

С – ?ріпі сенімділік секілді е?

І – ?ріпі ілтипат пен ізет ?ой

З – ?ріпі зиялылы? тілек ?ой

Д – ?ріпі ша?ырады досты??а

І – ?ріпі іркілмей тек шынды?ты айт

К – ?ріпі дейді к?н бол к?ктегі

 

 VІ.?орытынды:

 

Міне, балалар, б?гін ?здері?ді Т?уелсіз елімізді? болаша?ы екендері?ді, я?ни, на?ыз азамат екендіктері?ді к?рсете білді?дер. Белгілі а?ын атамыз Ж. Молда?алиев:

                         ?ткені?ді еске алса?,

                         ?скені?ні? белгісі.

                         ?ткені?ді ?мытса?,

                         ?шкені?ні? белгісі,

- деген екен.

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен Т?уелсіз мемлекет азаматымын »

Күні: 11.12.14

Сынып: 5 «А»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен Тәуелсіз мемлекет азаматымын».

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: «Болмыс-Желтоқсан оқиғасы» бейне фильм, презентация, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Сабақтың әдісі: баяндау, пікір айту, сұрақ – жауап.

Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың назарын аудару.


ІІ. «Тәуелсіздік шежіресі»

Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен Тәуелсіз мемлекет азамаматымын» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.

1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

7-оқушы. Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.


ІІІ. Тәуелсіздік хроникасы.


- Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.

1991 жыл, 1992 жыл, 1993 жыл, 1994 жыл, 1995 жыл, 1996 жыл, 1997 жыл, 1998 жыл, 1999 жыл, 2000 жыл, 2001 жыл, 2002 жыл, 2003-2006 жылдар бойынша еліміздің жетістіктеріне тоқталу. 2002 жылы «Бәйтерек» ғимараты ашылды. 97м.(Астананың 1997 жылы ашылу құрметіне байланысты) 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болды.

- Ал, 2011 жылғы болған ұлы өзгерістер, оқиғалар туралы не айта аласыңдар?

(Оқушылардың жауабы тыңдалады)


IV. Оқушы тақпақтары:

Өлең жолдары 4 оқушы

Алина:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың

Тас көшеде тас – талқан боп өлгені


Лаура:

Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған

Ата – баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған

Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын

Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын


Еркебұлан:

Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы

Татулығым – бірлігімнің айғағы

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлде де бар ұрпағымның арманы


Саида:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейін құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


V. Тәуелсіз ел - қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

- Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін - рәміздерін жақсы білуі қажет. ( Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)

- Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?

- Көп ұлтты.

- Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.


Отан деген не?

- Ия, балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз - Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.





Т – әріпі білдіреді теңдікті

Ә – әріпі әдептілік, әлдікті

У – әріпі уайымсыз уақытты

Е – әріпі егемендік, елдікті

Л – әріпі дейді лағып лепірме

С – әріпі сенімділік секілді ең

І – әріпі ілтипат пен ізет қой

З – әріпі зиялылық тілек қой

Д – әріпі шақырады достыққа

І – әріпі іркілмей тек шындықты айт

К – әріпі дейді күн бол көктегі

Көз алартып, көршілерге қол сұқпа


VІ.Қорытынды:


Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!













Алина:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың

Тас көшеде тас – талқан боп өлгені







Лаура:

Жеттік, міне, осы күнге көптен бері аңсаған

Ата – баба ұрпақ үшін көп қуатын жұмсаған

Осы күндер құрбан етті талай қазақ жандарын

Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын







Еркебұлан:

Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы

Татулығым – бірлігімнің айғағы

Сөгілмесе еліміздің іргесі,

Әлде де бар ұрпағымның арманы










Саида:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейін құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Мен Т?уелсіз мемлекет азаматымын

Автор: Кужиева Аида Руслановна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156657


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства