кызык
№10 «Ақбота» балабақшасы
(дене шынықтыру оқу іс-әрекетінен ашық сабақ, №10 «Ақжелкен» тобы)
Тексенген әдіскер: Текеева Р. Н
Өткізген дене шынықтыру маманы: Муханбетова Ж
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Қызықты ойындар»
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтап жүруге жаттықтыру. Балалардың бойында ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын барысында ынтымақтастыққа баулу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындық, құрсаулар, кеглилер, қасқыр және қояндардың маскілері.
Жүргізу барысы:
Нұсқаушы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Көңіл-күйлерің, денсаулықтарың қалай? (жақсы).
Балалар бүгінгі біздің дене шынықтыру сабағымызға сендердің осындай дендерің сау, әдемі, жақсы көңіл-күймен келгендеріңе мен өте қуаныштымын.
Кіріспе бөлім:
Сап түзеп, оңға бұрылып, бастаушы баланың артынан алға қадам басамыз.
- қолды жоғары көтеріп, екі жаққа созып, қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру, жүгіру (өкшені көтере);
- жай жүру;
- Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;
- жартылай отырып алға жүру;
- төрт тағандап шаян жүрісін салып жүру;
- Қолды белге қойып, оң және сол қапталмен жүру, жүгіру;
Жалпы дамыту жаттығулары (таяқшамен):
«Штангистер» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып тұрады, қолдары төмен түсірілген, таяқшаны көлденең екі шетінен ұстау. Таяқшаны кеуде тұсына көтеру, одан соң жоғары көтеру, б.қ оралу.
«Отыру» жаттығуы: аяқтың бастарын сәл ашып, өкшелерін қосып тұру, таяқша жауырын үстінде. Ақырын отыру, тізелерін екі жаққа қаратып, денесін тік ұстап, б.қ оралу.
«Байдаркада» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып отыру, таяқшаны көлденең екі қолмен орта тұсқа келтіріп ұстау.
«Ескекпен есушілер» жаттығуы: алдыңғы жаттығуды қайталайды.
«Жай жүріс» жаттығуы: бір орында тұрып жүру, жүгіру.
Тыныс алу жаттығуы: «Шар жарылды»
Негізгі қимыл-қозғалыс:
- Екі қолына құм салынған қалташыны ұстап, қолды екі жанына созып гимнастикалық орындық үстімен жүру.
- Шеңбер ішімен екі аяқтап секіріп, бір қатар сапқа тұру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқыр мен қояндар».
Балалар арасынан бір баланы қасқыр қылып сайлайды. қалған балалар қоян болады. қояндар орманға шыққанда қасқыр оларды ұстап өз үйіне алып кетеді.
«Смакатпен жарыс»
Балалар екі топқа бөлініп жарысады.
«Шабондоз»
Балалар екі топқа бөлініп атпен шауып жарысады.
Қорытынды.
Залды айнала саппен жүру. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетін қорытындылау. Мадақтау.