Мотивациялық қозғаушылық | Сәлеметсіздер ме, балалар! Шаттық шеңбері Күнге қарайық, Шашымызды тарайық Керіліп дем алайық Бойымызды жазайық Секірейік, жүгірейік Қуанайық, күлейік Отырайық, дем алайық Дем алып ап, жүрейік. | Шаттық шеңберін құрады. Қимылдарды орындайды. Балалар қызығушылық танытады. |
Ұйымдастыру Іздестіру | Балалар, бүгін біз «Ақ серек, көк серек» ойынын ойнаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз. Араларың 50-60 метр қашықтық болуы керек. Және қарама – қарсы тұрасыңдар. Екі жақ шеңбер сызып қоямыз. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын басшы «ақ серек, көк серек, бізден сізден кім керек?» деп сұрайды. Ал оған қарсы топ: Ай керек- ау, ай керек. Айдың жүзі дөңгелек Ақ серек пен көк серек Шауып алдым бәйтерек. Сонау тұрған ........... өзі керек. Деп қарсы тұрған бір ойыншының атын атаймыз. Сонымен аты аталған бала келгенде қарсы жақтың балалары түгел қолдарын созып, алақандарын жайып тұрады. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі тұратын адамды таңдайды. Топтың алдын 3-тен артық кесіп өтуге болады. Егер 3 рет өткенде де ешкімнің алақанынан ұрмаса, ол ойыншының өзі «қолға түседі» ойыншы өзін қуып жете алмайды – ау деген біреуді ұра салып қашады. Жеткізбей өз қтарына қосылса, қуған ойыншы «қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойынщы «ұсталады». Сөйтіп, қай жаққа көп қолға түсірсе, сол жақ жеңеді. | Балалар тыңдайды. Екі топқа бөлінеді. Қарама – қарсы тұрады. Бірінші топ, «ақ серек, көк серек, бізден сізден кім керек?» дейді. Келесі топ жауап береді. Алақандарын жайып тұрады. Мұқият тыңдайды. Ойынды бірнеше рет ойнайды. |