Әдемі безендірілген сахнада туған күнге дайындық жүріп жатыр (Балжан айнаның алдында шашын тарап, Ерсұлтан сағатына қарап, туған күн иелерін тағатсыздана күтуде. Нұрғиса,Ринат, Нұрдос дастарханды ретке келтіріп әлек. Торт әкелу).
Тәрбиеші: Туған күн кімге де болса аса қымбат қуаныш күні. Бүгін бізде осындай қуанышты күн. Себебі жаз айларында бізде бірнеше бала бес жасқа толып, мектеп табалдырығына жақындап қалды.
Қандай жақсы туған күннің болғаны,
Әр жыл сайын бір жасқа адам толығады.
Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды,
Көңіліміз көтеріңкі жайдары.
Әр жыл сайын есейесің бір саты,
Шығар енді өмір белес
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қызыққа толы туған күн!"»
Тақырыбы: «Қызыққа толы туған күн».
Тәрбие сағатының мақсаты: Жақсылық , туған күн қуанышы туралы түсінік беру. Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Туған күн иелерінің көңіл-күйлерімен бөлісе білуге, достыққа, бірлікке шақыру. Балаларға музыка, ән-би арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, жапсыру, қоршаған ортамен таныстыру, математика, құрастыру.
Тәрбиелік іс-шараның барысы:
Әдемі безендірілген сахнада туған күнге дайындық жүріп жатыр (Балжан айнаның алдында шашын тарап, Ерсұлтан сағатына қарап, туған күн иелерін тағатсыздана күтуде. Нұрғиса ,Ринат, Нұрдос дастарханды ретке келтіріп әлек. Торт әкелу).
Тәрбиеші: Туған күн кімге де болса аса қымбат қуаныш күні. Бүгін бізде осындай қуанышты күн. Себебі жаз айларында бізде бірнеше бала бес жасқа толып, мектеп табалдырығына жақындап қалды.
Қандай жақсы туған күннің болғаны,
Әр жыл сайын бір жасқа адам толығады.
Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды,
Көңіліміз көтеріңкі жайдары.
Әр жыл сайын есейесің бір саты,
Шығар енді өмір белес қыраты.
Саулығыңды тілеп жүрер ата-анаң,
Сенің адам болғаның тек мұраты.
(есік қағылады).
Тәрбиеші: Балалар, туған күн иелері келіп қалған сияқты (көңілді әуенмен сырттан жаз айларында 5- ке толған балалар кіреді. Келген балаларға әдемі гүл сыйлайды).
Балалар қуанышты туған күндерің құтты болсын!
-Бүгін бізде қандай күн?
-Туған күн.
-Туған күнде не істейміз?
-Ән айтып, би билейміз, ойындар ойнаймыз.
Ендеше бәріміз туған күннің көңілді өтуіне ат салысайық.
Жүріңдер бәріміз дастархан басына жайғасайық. Өздеріңе арналған торттан дәм татыңдар, мына жанып тұрған сан қандай сан? (балалардың жауаптары, 5- саны. Тортты үрлейді).
Құттықтаймыз, бүгін туған күніңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Асқар таудай асқақ асыл армандар,
Орындалып, бақытты өмір сүріңіз!
-Балалар мен қандай өлең оқыдым?
-Туған күн туралы өлең.
-Сендер туған күн туралы тақпақ білесіңдер ма?
Сымбат:
Үй іші түгел көңілді,
Шат күлкілер төгілді.
Қуаныштың себебін,
Айта алады, қане кім?
Ахметқали:
Дастархан толы дәмді астар,
Тегін емес думанды үн.
Жиналды барлық шын достар!
Өйткені бізде туған күн!
Шыңғыс:
Жастан- жасқа жете бер,
Асулардан өте бер.
Денсаулығың мықты боп,
Мақсатыңа жете бер.
Зылиха:
Туған күнге тарту саған сыйлаймыз,
Еркелей бер, ештеңеден тыймаймыз.
Сен аман боп ер жетсін деп күн-түні,
Әлемдегі бар жақсыны жинаймыз.
Нұрғиса:
Алға басып келесің,
5 жасқа енді енесің.
Қуанышың көбейсін,
Періштең сенің жебесін!
Заңғар:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Бүгінгі туған күнге!
Әмина:
Отбасының алданышы,
Ертең болар қорғанышы.
Туған күнің құтты болсын,
Азамат бол қорғар кіші.
Мирэль:
-Апай, біз би билеп берейік.
-Қыздарымыз тамаша би билеп берсін, қошеметтеп отырайық.
Хор: "Құтты болсын туған күн".
-Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Себет пен құмыра.
-Себетке не салынады?
-Гүл.
-Сонымен балалар, себетке гүл салайық па?
-Ия.
-Ендеше мына гүлдер мен жапырақтарды өз орындарына жабыстырып, туған күн иелеріне гүл құрастырып берейік.
-Балалар біз не жасадық?
-Әдемі гүл.
-Гүлдің түсі қандай?
-Қызыл.
-Жапырағы ше?
-Жасыл.
-Балалар сендерге туған күн ұнап жатыр ма?
-Ендеше балалар мен ән айтайын ал сендер маған қосылып би
билеңдер.
Ән "Көңілді күн" (балалар шар ұстап билейді).
-Балалар сендер қанша жасқа келіп жатырсыңдар?
-5 жасқа.
-Келесі жылы неше жасқа толасыңдар?
-6 жасқа.
-Сендер болашаққа қарай қадам басып бара жатырсыңдар. Сондықтанда мен сендер үшін "Болашақ" кемесін алдыртқан болатынмын. Сол кемеге отырып барлықтарыңның жұптарың жазылмай, тату-тәтті өмір деген теңізде, шайқатылмай ұзақ уақыт жүзе беріңдер. Сонымен бірге сендерге арналған сыйлығым да бар (сыйлық тарату). Қане бәріміз кемеге жылжиық.
Диляра:
-Өтінемін, апайымызбен бірге суретке түсіріп жіберіңізші, бұл күн мәңгі
есімізде қалсын! (суретке түсіріледі) кеме жылжиды.