Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» | Мектеп: А. Құнанбаев Қарабалық орта мектебі |
Күні: 21.09.17 | Мұғалімнің аты-жөні: Аманжолов Ерболат Ермекович |
Кәсіби даму мақсаты: | Оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру |
Сынып: 5 Т2 | Қатысқан оқушылар саны:10 | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Менің мектебім |
Оқу бағдарламасына сілтеме | Т1. Болжау. О1. Мәтіндегі ақпаратты анықтау. А1. Сөздік қорының алуандылығы |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарларамаларды қолдану арқылы сөз байлығын ұлғайтудың алғышарттарын жасау. Дамытушылық: Жаңа тақырып аясында қазақ тілнен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы ақпараттық ұғымын кеңейту. Тәрбиелік: Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың бойында әдептілік нормаларын қалыптастыру. |
Бағалау критерийлері: | Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау; Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау. |
Тілдік мақсаттар | Мына сөздердің мағынасын түсіндіру және сөйлеу барысында дұрыс қолдануға жаттықтыру: Қызғылт, күлгін, жабдықталған, жиһаз. |
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Мектеп өмірі туралы оқушылардың ойларын ашық түрде жеткізуін және мектептегі барлық заттарды, айналасындағы адамдарды, сыныптастарын, ұстаздарын құрметтеуін қалыптастырады. |
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, өзін-өзі тану |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу |
Осыған дейін меңгерілген білім | Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер туралы алған білімі |
Жоспар |
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Басы 3 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу Кезекшімен сұхбат. Шаттық шеңбер. Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтады. Қызығушылығын арттыру. «Ыстық орындық» ойынын ойнау арқылы мына сөздердің мағынасына толық түсінік береді. Сөздер алдын ала қағаздарға жазылып қояды. Керекті сөздер: құрдастар, үзіліс, мектеп өмірі, ғимарат, оқытушы, көңіл-күй, қоңырау, алаң, сыныптастар. Мұғалім: Оқушылар: Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. | Мектеп өмірі туралы бейнебаян |
Ортасы 5 минут 5 минут 5 минут | Суреттер мен әрекет ету арқылы жаңа сөздерді түсіндіру. (ТКО) Қызғылт, күлгін, жабдықталған, жиһаз. 1-тапсырма. «Шашыраңқы сөздер» Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастырады. мектеп | кітап | қалың | терезе | үлкен | сынып | қабат | жетекші | екінші | бесінші | білімді | таза | ұстаз | мұғалім | дәптер | ақылды | сабақ | оқушы | алты | сөйлем | 2-тапсырма. Сөйлем дұрыс болса, оқушылар қолдарын шапалақтайды. Бұрыс болса, қолдарын айқастырады. Мысалы: Мектебім менің бұл. Досым ақылды менің. Сыныптың іші жарық әрі кең. Мұғалім біздің білімді. Біздің сыныпта 20 оқушы бар. Екінші қабатта бар мектеп кітапханасы. Менің мектебім үш қабатты. | Ғаламтор ресурстары |
1 минут | Сергіту сәті. 'Қызыл гүлім - ай' |
|
7 минут 6 минут | Тыңдалым алды тапсырма: Мына сөздердің синонимін табыңдар: Мұғалім - ......, ....... Білім - ....., ........ А. Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі туралы бейне үзіндіні көреді. Кері байланыс. Тыңдалым тапсырмасы: Көрсетілген бейне үзінді бойынша екі топ постер жасайды және оны қорғайды. Кері байланыс. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта». Оқушылар керекті сөздерді пайдаланып, жұмыс дәптерлеріне берілген сөйлемдерді аяқтап жазады. 1. Мектепте оқушыларды мұғалім....... 2. Математика сабағында ......... 3. Қазақ тілі сабағында.......... 4. Дүниетану сабағында.... 5. Дене тәрбиесі сабағында........ Керекті сөздер: жаттығу жасаймыз, қазақша сөйлейміз,қарсы алады, есеп шығарамыз, оқимыз. Бағалау. Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысын мұғалім немесе әр топтан бір оқушы бағалауына болады. | Ғаламтор ресурстары |
Сабақтың соңы 5 минут | Бағалау. Рефлексия. Үш түсті – «бағдаршам» Жасыл – түсінікті Сары – орташа түсінеді Қызыл – түсініксіз. Үйге тапсырма: 26 бет 2-тапсырма. Сын есімдерді қолданып, өзіңе ұнаған сурет бойынша шағын мәтін құра. | |
Бағалау критерилері. | Дескрипторлар | |
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау; Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау. | Сөздерді зейін қойып тыңдайды және қайталайды. Бейне үзінді бойынша тыңдаған ақпараттың мазмұнын түсінеді және өз сөздерімен жеткізеді. Сөз тіркестерін құрастыруда және сөйлемдерді оқуда қазақ тіліндегі төл дыбыстарының дыбысталуын ескеріп дұрыс оқиды. Көрсетілген бейне үзіндедегі мәліметтерді жинақтайды. | |
|
| | |