Просмотр содержимого документа
«"Құстардың тіршілігі" ұйымдастырылған оқу қызметі»
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс-әрекеттің тақырыбы:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Құстардың тіршілігі.
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.
Сабақ барысында орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Құралдар:қыстап қалатын құстардың суреттері,үнтаспаға жазылып алынған құстар үні.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар дөңгелене тұрып,бір-біріне құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады.
--Көгершінім.
--Балапаным.
--Қарғам.
--Қарлығашым.
--Тотым,т.б.
2.Кіріспе бөлім.
а)Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ-жауап ойыны арқылы суреттеу,әңгімелеу.Балалардың жауаптары тыңдалып,жауаптарын қортындылау.
--Қыс мезгілі,балалар,суық,қарлы,боранды болады.Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады.Олар мыналар (суреттерін көрсету):торғай,қарға,кептер,сауысқан.Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді.Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді.Адамдар жем-шашар жасап,оған жем салып,ағаштың бұтағына іліп қояды.
ә)Балалар құстар,ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.
б)Сергіту сәті:
Құстар біздің досымыз,
Бау-бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қолдайды.
3.Негізгі бөлім.
а)"Құстар қайда қыстайды?"деген ертегіні оқу.
Қыстың бір суық күні Суықторғай,Қарға,Торғай,Тоқылдақ,Құр,Сауысқан кездесіп әңгіме- дүкен құрыпты.
Қарға:Адамдар тұратын жерге жақын келіп орналасқанымыз жақсы болды.Бізге дастарқан дайындап қойыпты.Тіпті жеміс те бар екен.
Құр:Бірдеңе таптың ба?Маралдар да келмей қойды.Олардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жеп,бір тоятын едім.
Торғайлар:Мынадай қалың қарда дән қайдан табылсын?Ағаштың бүршігімен күн көре тұрамыз да.
Сауысқан:Ей,Қаздар сендер жылы жаққа кетпеп пе едіңдер?Қыс түскенде мұнда неғып жүрсіңдер?
Қаздар:Әй,Сауысқан-ай,танымадың ба?Біз отырықшы Қаздармыз.Кейбір жабайы Қаздар ғой жылы жаққа ұшып кететін.Сендер өздерің неге жылы жаққа кетпедіңдер?
Сауысқан:Мен туған жерде қыстайтын отырықшы құспын ғой.Мен сияқты Алақарға,Шымшық,Тоқылдақ,Торғай қыста өз туған жерлерінде қыстайды.