kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Құм терапиясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша балаларына құм туралы түсіндіру. Тәрбиешілерге көмекші құрал.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Құм терапиясы"»


Білім беру саласы:
 «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің сыры»

Мақсаты: балалардың төрт мезгіл қыс, көктем, жаз, күз туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің өзгерістері жайлы әңгімелей айтуға, мақал-мәтелдер арқылы жеткізе білуге үйрету, төртке дейінгі сандарды санай білу. Сөйлемді дұрыс толық сөйлеммен айтуға тәрбиелеу. Дыбыстарды анық дұрыс айтуды, әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін дұрыс жеткізе айтуға оны бейнелеп, бояу түстерін дұрыс бере білуге тәрбиелеу.

 

Әрекет кезеңдері

        Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотиватциялық-  қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ағаш, бұта, жасыл шөп
Жайқалып өскен гүлдер көп,
Рахмет саған, қайырымды жер.
Бізге берген таза ауа көлеңкені,
Жапырақ жидек пен жемістер,
Рахмет саған, ғажайып өсімдіктер.
Жапырақты жұлмаймыз,
Бұтақты біз сындырмаймыз.
Су құямыз қараймыз,
Аялаймыз, қорғаймыз.

Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

- Өте жақсы балалар, ал енді орнымызға отырайық!

- Балалар жыл мезгілдерін кім біледі?

- Дұрыс айтасыңдар! Жылдың он екі айы бар.

Күз айлары, қыркүйек, қазан, қараша.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

Шаттық шеңберіне тұрады.

 

 

 

 

 

Бәрі бірге қонақтармен амандасады.

- Сәлеметсіздер ме апайлар! 

Балалар орындарына отырады.

 

- Қыс, көктем, жаз, күз – деп атап тауып суреттерін тақтаға іледі.

Іздену-ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерте, ерте, ертеде атақты жыл патшалығы болыпты. Олардың екі қызы, екі ұлы болыпты. (көктем, жаз, күз, қыс) Осы төрт баласының мінезі әр түрлі болыпты. Жыл патшайымы осы төрт жылды бағып-қағып өсіріпті. Күндердің күнінде осы мезгілдер айтысып қалыпты.

 

Олар былай деп айтысады:

 

Одан кейін күз былай дейді:

 

Одан кейін қыс былай дейді:

 

Табиғат патшайымы: Бәрекелді, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, бұл не жиын? (әуенмен кіріп келеді)

 

Табиғат патшайымы: Орынсыз таласқандарың дұрыс емес. Бәрің де адамдарға керексіңдер. Сендер көктем, жаз, күз, қыс болып өзгеріп тұрмасаңдар олар өмір сүре алмаған болар еді. Барлық кезеңнің  өз кереметтері бар. Сондықтар таласпай адамдарға қалтқысыз қызмет жасауға тырысыңдар. Олар табиғаттың кереметтерімен ғана күн кеше алады.

 

Балаларға төрт жыл мезгілінің боялмаған суреттері беріледі.

 

Сергіту сәті: (слайд арқылы)

 

 

 

Балалар, көктем мезгілі келгенін қалай байқаймыз?

 

 

 

 

 

 

Көктем туралы мақалды кім біледі?

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі келгенін қалай байқаймыз?

 

 

 

 

 

Қыс туралы мақалды кім айтады?

 

 

 

 

 

Ендеше, «Кім жылдам?» деген ойын ойнайық.

 

 

 

 

 

Қазір қандай мезгіл?

Балалар, күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

 

Ендеше, күз туралы мақалдарды кім біледі?

 

Ендеше, жаз мезгілінің келгенін қалай білеміз? Қандай ерекшеліктер бар?

Тағы кім маған жаз туралы мақалдар айтады?

Дидактикалық ойын:«Не 4-еу болады?»

Мақсаты: Саны 4 болатын заттарды тауып айтуға үйрету

Дұрыс жауабы үшін балалар жұлдызша алады (мадақтау)

Көктем: меннен тіршілік көзі басталады. Адамдар қыстан аман шығып, жадырап, қайта түлеп, қызу еңбектерін бастайды. Табиғаттың ең тамаша кезең әрине менмін.

Жаз: жарайды, көп мақтанбай-ақ қой. Менсіз адамдар не істеген болар еді? Егер менің аптап ыстығым болмаса, егін, бау-бақшаларың пісер ме еді? Ал сендер суға шомыла алар ма едіңдер? Табиғаттың ең кереметі менмін.

Күз: өте дұрыс айтқандарың бірақ, адамзатқа менің де қажетім бар. Барлық еңбек атаулының қызған шағы менде, егін, бау-бақшалар жиналып, қыбырлаған жанның бәрі қыс қамына кіріседі. Ал сендер жеміс-жидекке тоймаған болар едіңдер.табиғаттың ең бір жақсы кезеңі менмін.

Қыс: пай-пай мақтануларын. Табиғаттың ең керемет кезеңімін. Меннен күшті ешкім жоқ, барлық жерді ақ бояуға бояп, түрлі өрнектермен безендіріп, табиғатқа сұлулық беретін мен. Жаңа жылды менсіз қарсы алмайсыңдар ғой? Көрдіңдер ме? Табиғаттың ең күшті кезеңі менмін.

Бәрі: Табиғаттың керемет кезеңі кім екен деп таласып жатырмыз.

Бәрі: Дұрыс-дұрыс орынды айттыңыз. Бізден қателік болды. Түсіндік.

(Балалар төрт топқа бөлініп, әр жыл мезгілінің өзіне тән түсімен бояйды. Мысалы: күз мезгілін сары түспен т.с.с.)

Тынық күнде бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-у деп.

Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс – деп.

Айналадағы гүлдер бүршік атып, көшеге көшет отырғыза бастайды. Салқын жақтан құстар ұшып келеді. Адамдар жеңіл киіне бастайды.

1. Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.

2. Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Қыс мезгілі келгенде ауа-райы суытып, айнала аппақ қарға жамылады. Адамдар қалың киіне бастайды. Құстар жылы жаққа ұша бастайды.

1. Қыс азығын, жаз жина.

2. Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.

3. Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

(Балалар мезгілдердің өзіне тән ауа райы түрлерінің және ерекшеліктерінің суреттерін орнымен тақтаға жапсырады.)

 

-Күз.

Күз мезгілінде ауа рай салқындау, жаңбырлы болады, жапырақтар сарғайып түсіп жер бетін сары алтынға малады.

 

1.Егіндікті күз суарар,

Күз суарсаң, жүз суар.

2.Жаз-береген,

Күз-алаған

3.Көктемде түскен бір дән,

Күздің күні мың дән болады.

Жаз мезгілінде күн жылынып, құстардың шиқылдаған дауыстары естіліп, айнала жасыл түске енеді.

1. Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойлама.

2. Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы.

Көбелектің 4 қанаты, үстелдің 4 аяғы болады, 4 қабатты үй болады, мысықтың төрт аяғы, сиырдың төрт аяғы.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Балалар, бүгін сендер не білесіңдер?

Бір жылда неше мезгіл бар екен?

Атап айтқанда?!

Дұрыс айтасыңдар!

«Табиғатты аялайық» балалар.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Жыл мезгілдерін.

 

 

Төрт мезгіл.

Көктем, жаз, күз, қыс

 

Күтілетін  нәтиже:

Нені білуі керек?: Ауа-райы түрлерін, мезгіл атауларын.

Нені игереді?: Әр жыл мезгілін өзіне тән түспен бояй білді.

Нені білді?: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атай білді.



















Ақтөбе қаласы.
№ 49 "Думан" бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Таухабаева Венера Мақсатқызы

Тобы: «Көбелектер» II кіші сәбилер

Мақсаты: Ойын арқылы геометриялық пішіндерді, (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) кеңістікті бағдарлауды, (алдында,артында, дидактикалық, ойын: қайда отыр?) түстерді ажыратуды (сары, жасыл, қызыл), заттарды салыстыруды, биік-аласа, бір- көп ұғымдарын айыра білуді бекіту. Сурет бойынша әңгіме  құра білу дағдыларын дамыту (көктем мезгілі туралы сурет). Балалардың тілдік қорын жетілдіру, аңғарымдылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң Алтын күн
Қайырлы таң Көк аспан
Қайырлы таң Жер-ана
Қайырлы таң Достарым
Қайырлы таң Қонақтар!

Тәрбиеші: Көңіл күйлеріңіз қалай

Балалар: Жақсы

Тәрбиеші: Бүгін мен сіздермен  ғажайып орманға саяхат жасаймыз. Саяхаттауға дайынбыз ба?

Балалар: дайынбыз.

Тәрбиеші: Ал саяхатқа немен шығамыз? Орманға қандай көлікпен баруға болады?

Балалар: машинамен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен...

Тәрбиеші: Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Шешуін табамыз.Сол көлікпен барамыз.

Жұмбақ:

Бұл тұлпар су ішпейді
Жем жемейді.
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.

Балалар: Автобус.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Өте жақсы. Ал енді жанармайын құямыз.

Бакты ашамыз

-    Чик-чик
Жанар майды құямыз
-    -сссссссссссссссссссс
Моторды қосамыз
-    -др-др-др
Ал,енді автобус оталдыма?
-    -пип-пип
Жолға шығайық

Ортада айналып жүреді. Автобустың дыбысы шығады.

Тәрбиеші: балалар біз орманға да келдік. Мына жер қандай тамаша. Қане, отырамыз. Балалар біз орманға да келіп жеттік

Осы кезде аю келеді

Аю: Балалар, мен қыс бойы ұйықтап-ұйықтап, көктем мезгілінің қандай болатынын, ауа-райы  қалай болатынын ұмытып қалдым. Маған көмектесіңіздерші.

Тапсырма: «Көктем мезгілі туралы» әңгіме құрастыру.

Аю: Рахмет балалар

Тәрбиеші: Аюға арнап тақпақ айтып берейік

Ормандғы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық

Орманда нелер өсіп тұр?

Балалар: Шыршалар

Тәрбиеші: Қане, қарайық, қанша шырша?

Балалар: көп шырша

Тәрбиеші: Балалар мұқият назар аударыңыздар, мына шырша қандай?

Балалар: биік

Тәрбиеші: Ал, мына шырша,

Балалар: аласа

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар, мына шырша – биік, ал мына шырша - аласа.

Тәрбиеші: балалар мынау не?

Балалар: Тиін

Тәрбиеші: Тиін қандай шыршада отыр?

Балалар: биік

Тәрбиеші: Қазір біз қызықты ойын ойнаймыз. Ойын ойнағыларын келе ме?

Ойын: «Қайда отыр?» (тиінді биік шыршаның кез келген жағына орналастырып, балалардан қай жағында орналасқанын сұрау)

Сергітусәті: «Көңілді күн»

Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастырайық. Ортада айгалып жүреді.

Тәрбиеші: Балалар, алдамыздан не шықты?

Балалар: Мына өзен қандай?

Балалар: Жіңішке өзен

Тәрбиеші: Аттап өтуімізге болады? Ал мына өзен қандай?

Балалар: жалпақ өзен?

Тәрбиеші: Бұл өзеннен аттап өте аламыз ба?

Балалар: Жоқ суға түсіп кетеміз! Батып кетуіміз мүмкін.

Тәрбиеші: Бұл өзенен өту үшін көпір жасайық, ол үшін жанындағы таяқшаны қойып өтейік

Тәрбиеші: Балалар қараңдар, бізді кім қарсы алды

Балалар: Үкі!

Үкі: Сәлеметсіздер ме балалар? Мен ақылды үкімін, мен неге ақылды екенімді білесіз дер ме? Себебі мен орманда көп жылдан бері тұрамын, сондықтан бәрін білемін. Ал сіздер бәрін білесіздер ме?

Балалар: Білеміз

Үкі: менің сендерге тапсырмаларым бар. Сол тапсырмаларымды орындайсындар ма?

Балалалар: Иә

Үкі: ендеше менің білімділер мектебіне қош келдіңіздер. Қане балалар орындықтарға отырайық. Ал, апайлары, мен сізге мынадай тапсырмаларға толы конвертімді беремін.

Балалар орындарына отырады.

Слайд-шоу: «Пішіндер»

1. Тапсырма

- маған шаршыны тауып көрсетіп, оны таяқшалармен құрастырамыз.

Балалар: Көрсетеді.

Тәрбиеші: келесі тапсырма үшбұрышты табыңыздар.

Балалар жоғары көтеріп көрсетеді. Ал енді таяқшалармен бейнелейміз.

Тәрбиеші: Ал енді шеңберді көрсетіп, оны алдымыздағы жіппен жасап көрсетеміз.

Тәрбиеші: Жарайсыздар ,балалар

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнағылырың келеме?

Балалар: иә

Ойын: «Көп және біреу»

Алдарында парақшаны көріп тұрмыз ба? Көп нүкте бейнеленген парақша және бір нүкте берілген парақша бар. Мұқият назар аударамыз. Үкі бізге қызықты сұрақтар дайындапты. Сол сұрақтарға осы парақшалармен жауап береміз.

- Аспанда жұлдыздар қанша?

Балалар: Көп

- Аспанда күн нешеу?

Балалар: Біреу

- Мысықтын құйрығы нешеу?

Балалар: Біреу

- Біздің топта балалар қанша?

Балалар: Көп

Тәрбиеші: Балалар, маған ақылды үкі айтады қандай білімді, ақылды балалар деп, тапсырмаларды тамаша орындады деп, және үкінің бізге арнаған сыйлықтары бар екен.

Сыйлықтарды тарату.

Тәрбиеші:  Балалар, біздің енді қайтыумыз керек. Бізді балабақшамыз. Балабақшадағы достарымыз күтіп отыр. Қане үкімен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Ал енді, автобусымызды оталдырайық.

Балалар: Дтт-дтт-дтт!!!

Қорытынды:

Күтілетін нәтежие:

Біледі: биік – аласа, көп- біреу, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарды біледі.

Игереді: ойын тапсырмалар арқылы игереді.

Меңгереді: заттардың өзгерістерін аңғарып,байқай білуді меңгереді.



















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жас тобы:  «Еркетай» мектепалды даярлық тобы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту   

Тақырып: «Жабайы аңдар», «Тапқыр қоян» /ертегісі/

Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір-бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін  есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыт,ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру. Табиғаттың бір бөлігі-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Билингвальды құрағыш: Жануарлар - животные қоян-заяц

Сөздік жұмыс: Бөлтірік, мыршай, миығынан күлу.

Технологиялық қамтамасыз ету: Суреттер, ойыншықтар, мнемосхема.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық - қозғаушылық

1. Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Үлкендерді құрметтеп,

 Бас иеміз біз!

Бәрі бірге қайталайды

Ұйымдастыру

шылық-ізденушілік

 

 

Жұмбақтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша түсінік беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік жұмыс:

Билингвальды құрағыш:

 

              

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

Сурет бойынша ертегіні әңгімелеу:

 

 

 

 

 

 

Тілдік жаттығу:

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс:

 

Дидактикалық ойын:

Топ бөлмесі  орман бұрышындай   етіп безендірілген. Орман жануарларының бейнесі  тұрғызылып қойылған.

 

 Кіріспе бөлімі.

 

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы

 

Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны.

 

Сылдырдан қорқады,

 Шошынып жортады.

 

-Балалар осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды?

 

Жаңа тақырып: «Жабайы жануарлар»

Балалар біз бүгінгі сабақта осы жабайы жануарлар туралы әңгімелесеміз.

Жабайы аң –қолға үйренбеген тұз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді .Кейбір аңдар орманда, далада, тауда да тіршілік етеді.Олар өздерінен кіші күші әлсіз жануарларды жеп қоректенеді. Олардан барлық ұсақ аңдар қорқады:/Қоян,тышқан,көртышқан т.б

        Барлық жыртқыштар жемтігін тауып жеуге бейімделген.Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген

Жабайы аңдардың да балалары болады.

Қасқыдың баласы –бөлтірік.

Қоянның баласы –көжек.

Түлкінің баласы –мыршай(жаутаң)

Аюдың баласы- қонжық.

Жолбарыстың баласы-шөнжік.

Арастаннның баласы-абдан.

Негізгі бөлім.

А) Балалар мен сендерге осы жабайы жануарлар туралы ертегі оқып берейін.

 Ертегінің аты  «Тапқыр қоян»  деп аталады.

1.Ендеше ертегіні  мұқият тыңдаңдар

   а) ертегіні манерлеп оқу.

  б)ертегі мазмұнымымен таныстыру.

 в) сұрақ-жауап.

-Балалар аң патшасы кім екен?

-Ол аңдарға қандай тапсырма берді?

-Жолбарыс суды кімге іш –деді?

-Қоян не ойлады?

 

 Миығынан күлді-езу тартты, мұртынан күлу.

Қоян-заяц,

Аю-медведь

Түлкі-лисо

Қасқыр-волк

 

    Біз орманға барамыз,

    Жан-жағымызға қараймыз .

    Аю шықты қорбаңдап,

    Қасқыр шықты ырылдап,

    Түлкі шықты майысып,

    Қоян шықты секіріп,

    Қорықпаңдар балала,

    Өз орныңды табыңдар.

-Балалар ертегіні мына  сурет арқылы әңгімелейік.

 

Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтау және осы сөздерді буынға бөлдіру.

Жа-ба-йы, аң-дар

Р-р-р-ырылдайды қасқыр

Ұр-ұр-ұр-Балам орныңнан тұр,

               Қоянның түсі сұр.

Ж-ж-ж-Қоян жолбарысты жықты.

 

Дәптердегі тапсырманы орындату.Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.

 

«Танып ал,атын айт», «Ненің құйрығы»

«Даусынан таны?»

Шарты:аудио таспадан әр түрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып,олардың атын атату.

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың жауабын шешеді.

 

Түлкі

 

Аю

 

Қоян

 

 

 

Жабайы жануарлар

 

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

 

 

Балалардың жауаптары арыстан

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарын қайталап қимылмен жасап көрсетеді.

 

Балалар сурет  бойынша әңгімелейді.

 

 

 

 

 

Балалар сөздерді анықтайды,буынға бөледі.

\

.

 

Рефлекстік - түзетушілік

    Ертегіні кейіптендіру.

 

-Балалар, бүгінгі сабақта қандай ертегі мазмұнымен таныстық?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

 

Балаларды жауаптарына қарай мадақтау.

 

Балалар ертегіні кейіптендіред, өз ойларымен бөліседі.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жабайы аңдар олардың ерекшеліктері туралы.

Нені игереді: Жабайы аңдардардың тіршілігі мен мекенін.

Нені біледі: Ертегі мазмұнын айтуды.

 

 

«Балдырған» балалар бақшасы                            

 Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл  дамыту

Тақырыбы:«Жабайы аңдар», «Тапқыр қоян»



































Білім саласы; Таным. Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Тақырыбы. «Ғажайып математика» Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны, жұмбақтар. Құрал жабдық ретінде суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайдаланылады Билингвизм.. Іс - әрекет кезеңдері; Тәрбиешінің іс - әрекеті; Балалардың әс - әрекеті; Мотивациялық – қозғаушылық - Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыз ба! - Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық! Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге, Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой. Амандасып аламыз. Ал қанекей бәріміз. Сәлем!- дейік үлкенге Жылулық шеңбер. - Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. - Балалар, мынау ненің суреті? (күннің) - Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. - Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып. - Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу - іс әрекеті. Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. - Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын Мына шарларды ала келдім. - Бір жылда неше мезгіл бар? - Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз) Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай?(ақ) - Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қыс. қыста жер қандай болады (ақ) Сары шарды көрсету Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз) - Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды. Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. - Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.. Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем) Қызыл шарды көрсету. - Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз) - Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады. Бір бала шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз 1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау Екі тілде санау. 2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан». (1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.) 3 - тапсырма. Логикалық есептер - Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды? (1) - Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету) Мынау ненің суреті? - Қолда қанша саусақ бар? 2. Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды? 3. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма 4 - тапсырма Жұмбақтар. Адамға серік, күзетке берік.(ит) Жүрегі бар, ізі жоқ, Қанатты бар, ұшпайды. Су астында қыстайды. (Балық) Мен атамнан қаштым, Мен әжемнен қаштым Таба алмадым атамды, әжемді. Үйімді сағындым.(Бауырсақ) Бұл қай ертегі? Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой) Сергіту сәті: «Бала, бала, балапан» әні: Бір серігіп алсаңдар одан әрі жалғастыру. Балалар, ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен. Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз. Балалар: Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек. Тәрбиеші: Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек) Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға) Үлестірме материалдармен жұмыс. Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық! Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек) Қорытынды: Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық. Жұмбақтар шештік. Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз. - Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық. Күтілетін нәтиже: Қолынан келу: - Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық. Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу. Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.













































«Құм қаласына саяхат»

ТақырыбыҚұм қаласына саяхат»

Мақсаты: Білімділігі: Өткен сабақтарда өткен математикалық ұғымдарды бекіту, Математикаға деген қызығушылығын арттыру

Дамытушылығы: Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілік : Құм қаласы, ойыншықтар , пирамидалар.

Қос тілдік компонент:  Құм песок,

Әрекет   кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

 Қол алысып, кәне біз,

 Достасайық бәріміз

 Айтарым бар сендерге,

 Тез тұрыңдар шеңберге.

 Қандай жақсы бір тұру,

 Достарменен бір жүру!

Балалар бір біріне қолдарын беріп шаттық шеңберді айтады.

Іздену-    ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Мен сендермен бірге алыс бір сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым келеді. Сендер менімен бірге барасындар ма?

Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Ол жерге бару үшін мына сөздерді қайталайық, қолдарыңды алдыға созыңдар.

 

Алақанға қараймыз

Жылы сезім табамыз.

Ақылды болып  өсеміз,

Биіктерге жетеміз.

Құмның бетіндегі матаны алады.

Балалар сендермен бірге құм қаласындағы саяхатымызды бастаймыз. Бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды , іздемпаз балалар боласыңдар, бұл қаланың адамдары сендер қандай бала екендеріңді білмей жатыр. Кәне қандай бала болуға болады.

-Ашуланған бала

-Жылауық бала

-Таңқалған бала

- Күлген бала

Мінекей қараңдаршы құм баласында да күлген ақылды балаларды жақсы көреді.

Ақылды бала туралы кім маған тақпақ айтып береді.

 

 



Ал кір қожалақ кір бала туралы не білесіңдер?

 

 

 





Балалар сендерге бір айта кететін жағдай.

Құмды ауызға салуға болмайды

Шашуға тағы да болмайды

Жеуге болмайды келісеміз бе?

1.Балалар құмды

алақандарыңмен  ұстаңдар қатты ма жұмсақ па?

 Құрғақ құм ба, су құм ба?

2. Балалар құмды да өзіміз сияқты күлдірейікші.

 

3. Балалар қолдарыңмен құмды алыңдар да ақырындап тырс – тырс  жеп жаңбыр жаудырыңдар.

 

4. Балалар сендер білесіңдер ме осындай жаңбыр қатты жауып ойыншықтардың барлығы құмның астында қалып кеттіпті. Кәне іздеп шығарайық.

 

-Қандай пішін?

-Түсі қандай?

-Пирамиданың қайсы

үлкен, қайсы қысқа. -Пирамиданың қайсы  ұзын, қайсы қысқа?

 Қандай пішіндерді жинадық?

 

Балалар мен мына бір хатты тауып алдым.  Хатта

-         Балалар сендер мына

ойынды бізге ойнап көрсетіңдерші, құм жаласының балалары депті

«Көңілді адамдар»

Мақсаты: Қандай  түсті адам болса, сондай түсті пішіндерді жинау.

Балалар қараңдаршы мына кішкентай біздің достарымызда бір жылауық баладан қашып «Құм қаласына» қонаққа барғысы келеді екен.  Олардың баруына біз көмектесе алады екенбіз осы достарымыз туралы  тақпақ айтсақ оларды кіргізеді екен..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 









Дұрыс балалар енді апарып құмның ішіне достарымызды  жылауық баладан тығып қойалық.

 

Балалар біз «Құм қаласында» ойнадық, қыдырдық енді бізде  өзіміз әкелген сыйымызды  тастап кетейік. Топта жасаған гүлдерімізді құм қаласына отырғызайық.

Балалар келіседі.

 

 

 

 

 

 

Балалар қолдарын созып өлеңді бірге қайталайды.

 

 



Балалар таң қалады.

 

 

 

 

 

 

Балалар әр түрлі көңіл күйді көрсетеді.

 

 

 

Мен ақылды баламын

Айтқан тілді аламын

Анам нанға кеткенде

Үйде жалғыз қаламын.

 

Анау бала

Бетін қара,

Кір – қожалақ қап- қараша

Тырнағы өскен

Шашы көптен

Алынбаптау масқара!

 

 

 

Балалар келіседі.

 

 

 

Балалардың жауабы.

Балалар сұқ саусақтарымен құмда жыланша ойнайды.

 

Балалар құмды жаңбыр етіп ойнайды.

 

Балалар құмның ішінен ойыншық іздейді.



Пирамиданың дөңгелектерін табады.

 

 Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар хатты тыңдайды.

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

 

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қапты масқара

 

Пеш үстінде мысық отыр.

Екі көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп

Оның тісі қышып отыр.

 

 

Қояным тұршы,

Бетіңді жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы.

 

Достарын құмның ортасына тығады.

 









Гүлдерді қондырады.

Рефлексивті   коррекциялаушы

Балалар бері келіңдерші кәне алыстан

«Құм қаласын» көрдіңдер ме?

Ұнады ма?

Онда біз не істедік.

Олай болса «Құм қаласына » рахмет айтайық

 

Кәне қолымызды құмға созып екі алақан ортасында доп  тұрғандай домалақтайық.

 

Енді қолымызды жүрегімізге қойып «Рахмет саған құм» деп айтайық.

 

 

-         Көрдік

-         Ұнады.

Ойнадық, тақпақ айттық, ойыншықтар іздедік. жинадық




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Құм терапиясы"

Автор: Жамантауова Ботагөз Гариполлаевна

Дата: 09.10.2017

Номер свидетельства: 431453

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "??м терапиясы"
    ["seo_title"] => string(14) "kumtierapiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "319771"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460955721"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "??м терапиясы немесе ??мда?ы ?ажайып ойындар "
    ["seo_title"] => string(56) "k-u-m-tierapiiasy-niemiesie-k-u-mdag-y-g-azhaiyp-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "153583"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421049785"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "??м терапиясы "
    ["seo_title"] => string(17) "k-u-m-tierapiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "170985"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423626351"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "ТРЕНИНГ СУ-ДЖОК ТЕРАПИЯСЫ та?ырыбы:  «Мен сия?ты жаса»"
    ["seo_title"] => string(50) "trieningsudzhoktierapiiasytakyrybymiensiiaktyzhasa"
    ["file_id"] => string(6) "321256"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461246658"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Құм терапиясы "Сыйқырлы гүл""
    ["seo_title"] => string(32) "k_u_m_tierapiiasy_syik_yrly_ghul"
    ["file_id"] => string(6) "445825"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513875455"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства