kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??м терапиясы немесе ??мда?ы ?ажайып ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ылыми ізденіс – ж?мысы.

 

Та?ырыбы: «??м терапиясы немесе ??мда?ы ?ажайып ойындар»

 

 

 

            П?ні:Д?ниетану

7 «Б»  сынып о?ушысы Советбек Назерке

                                                    Жетекшісі:К.Байганышева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазм?ны

Кіріспе б?лімі.......................................................................................3

1. Теориялы? ма?ызы.........................................................................3-4

2. Практикалы? зерттеу......................................................................

                 2.1. Зерттеу б?лімдері.........................................................................4

 

2.2. Зерттеу методикасы..................................................................................5-

2.3. Зерттеуді? практикада ?олданылы..........................................................

                 ?орытынды б?лім............................................................................................

                 ?олданыл?ан ?дебиеттер тізімі.......................................................................

                 ?осымша..........................................................................................................

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

«Бізді? ойлап ж?ргенімізді

?олымызды? к?мегі ар?ылы

шешуге болады»

Карл Густав Юнг

 

            Кішкене кездері?із естері?ізде ме? Кішкене болса да есте ?ал?ан шы?ар? ?алай сіздер есік алдында немесе ата-аналары?ызбен суды? жа?асында ??ммен ж?не сумен ойна?анды жа?сы к?руші еді?іздер.  ??ммен ?рт?рлі ?алашы?тар, пирамидалар жасап, олар ?лемдегі е? ?демі болсын деп т?рлі-т?сті тастармен безендіргендері?із. Немесе ??мнан б?ліштер жасап «пыырушы» еді?іздер. ??мды ?азып, ш???ыр, туннель жасау ар?ылы су?а жетуші едік. ??ммен ойын бала?а ?алай ?ызы?ты болса, солай ?лкендерге де ?ызы?ты.

            ??ммны? ерекшелігі неде, оны? ?андай ??пиясы бар? Осы с?ра??а ?з ж?мысымда жауап тапсам деймін.

            Зерттеу ?зектілігі:  ??ммен ж?мыс жасау барысында ?р бір бала ?зіні? м?мкіндігіне  ?арамастан танымды? ?абілеттерін дамыта отырып, керемет суреттер жасай алады.

            Зерттеу ма?саты: ??мнан керемет суреттер жасауды ?зіде ?йрену, ?згеніде ?йрету. Балаларды?  ??м терапиясында  ?иял,  к?рнекі – бейнелік ойлауды,  с?здік – логикалы? ойлауды,  к?рнекі            іс-?рекеттік  ойлауды,  шы?армашылы?  ж?не сын т?р?ысынан ойлауды дамыту.

??м терапиясыны? ма?ызы:  Бала  ?зін жайлы, ?ор?ал?ан к?йде сезініп, шы?армашылы? белсенділік танытатын таби?и стимулды? орта ?алыптастырады ж?не танымды?, психикалы? процестерді дамытады ол т?йсік (форманы, т?сті, т?тас т?йсік), есті, зейінді, ?иялды, ке?істік т?сінікті, тактильді-кинестетикалы? сезімділік пен ?олдарды? ?са?  моторикасын дамиды.

            Зерттеу объектісі: ??м.

            Зерттеу ?дісі: Баланы? дамуына ??мны? ?сері.

            Зерттеу б?лі мі: О?ушылар, ата-аналар,  денсаулы?ында а?ауы бар балалар.

            Зерттеу барысында мынадай болжам жасадым: ??ммен сурет салу тек ?ызы?ты ?рі танымды ?ана емес, ол пайдалы.

Зерттеу міндеті:

Сауалнама ж?ргізу;

??м терапиясы ар?ылы баланы? ?андай ??зіреттіліктері дамиды;

? Шы?армашылы?

? Танымды?

? Интеллектуалды?

? ?арым –?атынас

Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы бойынша танымды ж?не ?дебиетті  энциклопедияны о?ып танысу.

??м ?неріні? техникасымен танысу.

«??ммен ?ызы?ты ойын» практикалы? ж?мыс ж?ргізу.

«??ммен сурет салу» творчествалы? ж?мыс ж?ргізу.

Зерттеу ?дісі: ?зіндік ойлау.

Сауалнама ж?ргізу.

?аламторда?ы а?паратпен  ж?мыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??м терапиясы немесе ??мда?ы ?ажайып ойындар »

Алматы облысы, Сарқан қаласы, Ақын сара атындағы орта мектеп















Ғылыми ізденіс – жұмысы.



Тақырыбы: «Құм терапиясы немесе құмдағы ғажайып ойындар»







Пәні:Дүниетану

7 «Б» сынып оқушысы Советбек Назерке

Жетекшісі:К.Байганышева























Мазмұны

Кіріспе бөлімі.......................................................................................3

1. Теориялық маңызы.........................................................................3-4

2. Практикалық зерттеу......................................................................

2.1. Зерттеу бөлімдері.........................................................................4


2.2. Зерттеу методикасы..................................................................................5-

2.3. Зерттеудің практикада қолданылы..........................................................

Қорытынды бөлім............................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Қосымша..........................................................................................................



































Кіріспе


«Біздің ойлап жүргенімізді

қолымыздың көмегі арқылы

шешуге болады»

Карл Густав Юнг


Кішкене кездеріңіз естеріңізде ме? Кішкене болса да есте қалған шығар? Қалай сіздер есік алдында немесе ата-аналарыңызбен судың жағасында құммен және сумен ойнағанды жақсы көруші едіңіздер. Құммен әртүрлі қалашықтар, пирамидалар жасап, олар әлемдегі ең әдемі болсын деп түрлі-түсті тастармен безендіргендеріңіз. Немесе құмнан бәліштер жасап «пыырушы» едіңіздер. Құмды қазып, шұңқыр, туннель жасау арқылы суға жетуші едік. Құммен ойын балаға қалай қызықты болса, солай үлкендерге де қызықты.

Құммның ерекшелігі неде, оның қандай құпиясы бар? Осы сұраққа өз жұмысымда жауап тапсам деймін.

Зерттеу өзектілігі: Құммен жұмыс жасау барысында әр бір бала өзінің мүмкіндігіне қарамастан танымдық қабілеттерін дамыта отырып, керемет суреттер жасай алады.

Зерттеу мақсаты: Құмнан керемет суреттер жасауды өзіде үйрену, өзгеніде үйрету. Балалардың  құм терапиясында  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі            іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Құм терапиясының маңызы:  Бала  өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ  моторикасын дамиды.

Зерттеу объектісі: Құм.

Зерттеу әдісі: Баланың дамуына құмның әсері.

Зерттеу бөлі мі: Оқушылар, ата-аналар, денсаулығында ақауы бар балалар.

Зерттеу барысында мынадай болжам жасадым: Құммен сурет салу тек қызықты әрі танымды ғана емес, ол пайдалы.

Зерттеу міндеті:

Сауалнама жүргізу;

Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды;

● Шығармашылық

● Танымдық

● Интеллектуалдық

● қарым –қатынас

Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша танымды және әдебиетті энциклопедияны оқып танысу.

Құм өнерінің техникасымен танысу.

«Құммен қызықты ойын» практикалық жұмыс жүргізу.

«Құммен сурет салу» творчествалық жұмыс жүргізу.

Зерттеу әдісі: Өзіндік ойлау.

Сауалнама жүргізу.

Ғаламтордағы ақпаратпен жұмыс.

  1. Әңгімелесу

  2. Танымдық ойындар

  3. Коммуникативтік ойындар

  4. Пікірталастар

Құм терапиясы негізгі принциптері

Бақылау жүргізу.

Денсаулығында ақауы бар балалармен бірігіп жұмыс жүргізу.


Теориялық маңызы


Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.

Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

         Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.

Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін. Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар бар. Соның ішінде менің тапқаным құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын «менің әлемім»деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен. Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Каалфф.

Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

  1. Бұл құмның осындай құпиялығы неде? Құмды адам өзінің саусақтарының ұшымен ұстаған кезде шексіздікті сезінеді. Құмның су өткізгіш қасиеті бар. Мамандардың айтуынша құм адамның жағымсыз психикалық энергиясынан тазартып, эмоционалды жағдайын қалпына келтіреді. Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау. Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.

  2. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру.

  3.  

Баланың бүкіл өмірі – ойын.

К.Макаренко


Ойын өткізер алдында алжапқыш тағу қажет, яғни баланы киімін таза ұстауға да үйретеміз. Сонан соң баланың қолына массаж жасаймыз. Бұл үшін біз тек алақанды ысқылап қоймаймыз, қарғай мен шыршаның бүрлерінің көмегімен, қырлы қарандашпен тағы да түрлі әдістермен массаждың әр түрін жасауға болады.


2.Практикалық зерттеу:


2.1. Зерттеу бөлімдері.


Менің гипотезамды тексеру үшін зерттеу үш бөлімнен тұрды.

1 Кесте

Бөлім

Мақсат

Қолданылатын әдістер

  1. Бөлім

Теориялық зерттеу әдістері

Құм және оның қасиеті туралы әдебиет энциклопедияларынан оқып танысу

-Өзім ойлану

-ата-аналарға, мамандарға сұрақ қою

-ғаламторға қарау

-кітаптардан қарау

2.Бөлім

Практикалық зерттеу

-Құммен жұмыс істеу барысында ұсақ қол маторикасын және эмоционалды сферасын дамытатынын білу.

- Құммен жұмыс істеу бір-бірімен тіл табысып және бірігіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу

- Денсаулығында ақауы бар балаларға тигізетін әсері қандай

-бақылау

-сараптама

-салыстыру

-сауалнама жүргізу

3.Бөлім

Нәтижені практикада қолдану

Ұсыныстар дайындау, деректер жинақтау, денсаулығында ақауы бар балалармен жұмыс жүргізу

Қорытынды жасау


2.2 Зерттеу методикасы:

Теориялық зерттеу әдісі

Мен осы зерттеу бөлімінде, балалармен ойын ұйымдастыру барысында құм терапиясын әр түрлі тәсілдермен қолдануға болатынымен таныстым. Олар маған өте қызықты болып көрінгендіктен, мен сіздермен бөліссем деймін.

Балалардың белсенді, толыққанды дамуына құм өте қажет. Бұл материалды қандай пішінге келтірем десеңіз де ол оңай көндіге кететін зат. Құм – бұл керемет психотерапиялық материал. Ол адамның қиялын оятып, барлық сезім мүшелеріне әсер етіп, тыныштандырып, жандандырады.

Құм балалардың тілектерін білдіруге, жағымсыз әсерлерді шығаруға, қорқыныштарын сейілтуге әсерін тигізеді. Ойын барысында балаларға қатаң талаптар қойылмайды, керісінше олардың өздерінің шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін көрсетулеріне барлық жағдайлар жасалады. Құм кеңістігіндегі ойындар – жазуға, санауға, еңбек етуге, әр түрлі қимылдар жасауға үйретуде таптырмайтын әдістеме. Бірақ бір есте сақтайтын жәйт, құмдағы ойындар барысында баларға көбірек ерік берілуі керек, өйткені тек осы жерде ғана бала өзін жайлы және қорғаныста сезінеді, себебі ол осы жерде өз қиыншылықтарын шешуге тырысады «өз-өзімен» сөйлесе алады. Белгілі педагог Мария Монтессори тіптен ХХ ғасырдың басында бұл жөнінде айтқан болатын, яғни еңбек ету барысында баланың даму кезеңіне сай түрлі ойын әрекеттері ұсынылады: бала мен үлкеннің біріккен іс-әрекеті, үлкеннің ұсынысымен еліктеу және үлгі бойынша әрекеті, өзінің ниеті бейнеленген дербес іс-әрекеті. Бала құм терапиясында тек қана  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра  процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

Құм терапиясының  маңыздылығы:

  • сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

  • Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің көрсетеді. Юнгтің оқушыларымен бірнеше жолдармен тәжірибе жинақталған, нәтижесінде олар қолайлы мінездемелерін барынын қорытындысын келді. Мысалы осыған көгілдір түсті құмзар жатады, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады. Керекті пішіндердің тізімі бар.

Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркем эстетиканы дамытуға көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,координацияны, танымдық процестерді жақсы дамытады. «Қиялдау- ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған  белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.

Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калфф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген  негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда  бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді  көрсетеді.

Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм , жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.

Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.

Баланың басты қызметі – ойын, сонымен ол өзін және қоршаған ортаны таниды. Ойын барысында бала өз қиыншылықтарымен бөліседі, оны шешеді, жаңалықтар ашады.

Балалардың алғашқы қоғамдық ойындары құм кеңістігінде туындайды. Құмда ойнау барысында бала өзінің қиялға толы және шындыққа жанасқан ішкі дүниесін ашып көрсете алады. Құмды араластыра отырып, бала саусақ моторикасын , ал құмның қалыпқа сиятын мөлшерін анықтай отырып, көз өлшемін дамытады. Бұл ойындар балалардың шығармашылық қасиеттерін дамытып, қиялдарын оятады.

Балардың құм кеңістігіндегі ойындары олардың жан күйзелістерін қалыптастырады, тактильді сезімталдық қасиеттерді дамытады. Өздерінің сезімдеріне құлақ түре білуге, алған әсерлерінің нәтижесін сараптауға үйретеді. Сонымен қатар, ойындар тіл байлықтарын молайтуға, зеректіліктерін, еске сақтау қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қоса алады.

Құмда ойнау барысының өзі бір құпияға толы. Алғашқыда құм кеңістігіндегі баланың жұмысы құммен «танысудан» басталады: құмда тұрады, өзінің демалысын тыңдайды, құмға қарайды, сосын оған қолын салып араластырады.

Шешім: Құммен сурет салу – бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады.

Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері –жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.

Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім бірнеше жұмыстар жасап көрдім. Содан сыныптастарыма айтып бөлістім.

Алдымен сұрақ жүргіздім «Құммен жұмыс жасаудың көптеген түрлері жайлы не білетіндерін?» Бұл сұраққа жауап алу үшін, ен сныптастарымның арасынан социологиялық зерттеу жүргіздім. Бұл сұраққа 2-7 сынып оқушылары кірді, нәтижесі мынадай болды.

1 сұраққа: Құм сөзімен сіздерді қандай ассоцация байланыстырады? Бұл сұраққа әр түрлі жауаптар болды. Көбінесе «теңіз, құмзар, достар, қарындасы, балалар, жаз, жол » сөздері кездесті.

2 сұраққа: «Құммен қандай ойындар ойнатынын сен білесің бе? » деген сұраққа, көбінесе 2-7 сынып оқушылары 100% «иә» деп жауап берді. Бірақ жауаптарда үлкен ерекшелік болмады. Көбінесе «құмнан үйлер тұрғызу, құммен және сумен ойнау» деген сияқты мысалдар келтірілді. «Құмнан әр түрлі суреттер шығарып салуға бола ма?» деген сұраққа 75,6% «жоқ» деп жауап берді.

Балалардың жауаптарын талдай келе мен өз зерттеулеріді жалғастыра отырып, әр түрлі ойындарды жинап және өзімнің сыныптастарымақатысуларына болатынын ұсындым.


Практикалық жұмыс:

«Құммен қызықты ойындар»

2 кесте

Құммен ойын

Құммен жұмыс

Мазмұны

Коктейілге арналған трубачкалармен құммен сурет салу

Балалар құмды ішіне тартпай, трубочкамен тыныс алуды үренеді. Өз достарына алдымен жақсы тілектер айтып, тілекті құм еліне «құмға үрле отырып»

Сыйлауға, сонымен қатар

құмнан шұңқырлар жасап үрле отырып, бір әріпті немесе санды жасауға болады.

Құмды бір қолдан екінші қолға құю немесе ыдыстан ыдысқа құю.

Құммен танысқанның өзі пайдалы, адам құмды қолына алып құйып, құмшалардың іс-әрекетін бақыла отырып, оларды түзетіп немесе жай сипаудың өзі күйзелісті түсіреді.

Құмда әріптерді, әр түрлі заттармен, сандарды қойып, әр түрлі ойыншықтарды қолдана отырып құмда композициялар жасау.

Түймелер, шемішкелер, сіріңкелер, кеспелер, тастар және басқа материал.

Қолмен құмда сурет салу.

Балалар құмда сурет салудан қорықпайды. Себебі жіберген қателігін түзетуге болады. Қанша түзетем десе де өз еркі. Мысалы әріппен танысқан кезде, бала оны құмға жазып көреді, егер дұрыс жаза алмай, қателік кетсе өзгертуге болады.


Шешім: Құмда сурет салу методикасы өте қарапайым болғандықтан, үлкендер мен балалардан ешқандай алдын ала дайындықты қажет етпейді.

Менің сыныптастарымның 100 % риза болып, жұмысты аяқтағылары келмеді. Көптеген қызықты жұмыстар болды.

Неге мүмкіндігі шектеулі балаларға осы қызықты жұмысты ұсынбасқа деген ойда қалдым. Себебі ойын сен саусың ба, аурусың ба, «ерекше баласың ба» деп бөліп жармайды.

Біздің қалада бала өте көп, олармен дені сау балалар араласпайды. Олар мүгедек балалар. Біздің қалада сол балаларға арналған Мемлекеттік коррекциялық № 10 ППКК мемлекеттік мекеме бар. Ол жерде мүгедек балалармен психологтар, мұғалімдер көп уақыт өткізеді. Біздің балабақшада да кішкентай бүлдіршіндермен құм терапиясы жүргізіледі. Сонымен қатар құмдағы ойындарды да енгізуге болады. Құмдағы ойындар – баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің білімімізбен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Өз қиялындағы ертегіні құрастыр (ұсақ ойыншықтар, тастанды заттар, табиғи заттар, алдын - ала қағаздан, ермексаздан жасалған т. с. с.)
Құмдағы ойындардың мақсаты:
1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік
танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті,
тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, тактильді - кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикаларын.
3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым -
қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.
4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік - логикалық ойлауды, көрнекі іс -
әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс - әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу, эмпатияның пайда болуына ықпал ету.
Құм терапиясында  стандартты  өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз  пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

Мәселелері:
1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)
2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі - шынайылық,
көрнекі - бейнелік, сөздік - логикалық, шығармашылық ойлау.
3. Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым - қатынастың табысты
ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.
4. Жеке тұлғалық, ерікті, психофизиологиялық ортаны (тактильді - кинестетикалық
сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын) дамыту.
Құмдағы ойындардың негізгі принциптері:
1. Шығармашылық белсенділік таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезінетін табиғи ынталандыратын орта жасау.
Бұл үшін біз баланың мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін тапсырмаларды таңдаймыз; ертегі түріндегі ойындарға нұсқаулық құрамыз, оның нәтижесін, идеялары мен әрекетін жағымсыз бағалауға жол бермейміз.
2. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау, шынайы «бірге тұру».
Осы принциптің негізінде қиялдағыдан шынайылыққа және керісінше өзара ауысу жүзеге асырылады. Мысалы, Ханшайымның құтқарушысы ролінде болып, бала жағдайдан шығатын жолды ұсынады, сонымен бірге оны құмда шағын фигуралардың көмегімен шынайы ойнайды. Сонымен, ол өзінің ісі мен таңдаған жолының дұрыстығы не қателігіне көз жеткізеді.
Қажетті материалдар мен жабдықтар
1. Су өткізбейтін ағаш қорап немесе пластмасса ыдыс. Қораптың ішкі қабаты (түбі және қабырғалары) көк немесе көгілдір түске боялады. Осылайша, түбі су, ал қабырғалары – аспан нышанын білдіреді.
2. Таза, өзен құмы (алдын - ала жуылған, духовкада заласыздырылған). Олтымұсақболмауыкерек. Құмқораптыңтүбінеғанатолтырылады. Құмдыойындарүшіноныңылғалдыболғаныдұрыс.
3. Түрлі - түстіқұм.
Мектепке дейінгі балалардың өздерінің психо ұйымдастырылуына қарай ашық түстерге эмоционалды әсерленгіштіктерін ескере отырып, жұмыс барысында түрлі – түсті құм қолданылады.
5. Шағын фигуралар «коллекциясы» (биіктігі 8 см – ден аспайтын «Киндер -
сюрприздан»). Ойыншық жиынтықтарына мыналар кіреді:
- адам кейіпкерлері;
- жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.);
- көліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.);
- өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер, жаңғақтар және т. б.);
- табиғи заттар (ұлу тастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.);
- лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.);
- Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер.
Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алады. Егер деойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып жасауғаболады.
Педагогикалық процестің негізгі бағыты әр бір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді іске асыруда жекет ұлғаны жан – жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.
Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан – жақты дамуына ықпал етеді.

Терапия – емдеу деген ұғымды білдіреді, ал құм терапиясы – бұл құммен емдеу, ол жерде ешқандай дәрі де қажет емес.

Мүгедек балаға құммен жұмыс қалай көмектеседі? Бұл сұраққа мынадай жауаптар таптым.

Фантазировать етуді үйрену.

Өзіңнің ерекше нәрсеңді жасау.

Қорқыныш пен үрейден құтылу.

Құммен жұмыс тілдерін, ұсақ қол маторикасын, жадыны, қиялдарының жетілуіне бірден бір көмек. Сонда мен «ерекше бала» тобында бір баламен таныстым, оның диагнозы

Мен ол балаға бірге құмнан сурет салуды ұсындым. Бала қуана келісті.


Шешім:


Құммен сурет салу өте қызықты, пайдалы шығармашылық қана емес деген келісім толығымен расталған гипотеза.

Құммен сурет салу өнері – қолжетімді, қарапайым іс. Кішкентай балалардың дамуына өте пайдалы материал. Құммен жұмыс ұсақ қол маторикасын дамытады. Құмман творчествалық жұмыстар жасау бір – бірімен тіл табысуға, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелейді. Құмның ойын терапия тәсілі – мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығына қуаныш пен рахаттану атмосферасын тудырып, оларға жақсы жағынан әсер етеді. Құммның көмегімен ертегілерді келтіріп ойнап, қиялдарын жетілдіріп, өз әлемін жасауға болады.









Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Д. Купер, Р. Теймз, М. Линкольн и др. Большая энциклопедия почемучек. – М.: Росмэн, 2002.- 200 с.

  2. М.С. Голицын. Сокровища Земли. – М.: Астрель, 2004.- 406 с.

  3. Құм терапиясы скульптуралары сайтта http://unnatural.ru/muzej-peschanyx-skul...

  4. Құм терапиясы сайтта ndou195.ru›index.php…

  5. Құм апталығы аяқталды [Электрондық ресурс]. – Режим доступа: http//www. gazeta. ugra-news. ru/news

  6. Құмнан жасалған әлемдегі ең керемет скульптуралар – Рекордсмены в Книге Рекордов Гиннеса [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http//www. cooltura. ru/index. php.

  7. Чудеса из песка на сайте stranagnomov.ru







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??м терапиясы немесе ??мда?ы ?ажайып ойындар

Автор: Байганышева Камчат Мырзабаевна

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153583


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства