Мотиватциялық- қозғаушылық | Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Шаттық шеңбері: Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз. -Өте жақсы балалар, ал енді орнымызға отырайық! | Балалар шаттық шеңберін орындайды. Бәрі бірге қонақтармен амандасады. -Сәлеметсіздер ме апайлар! Балалар орындарына отырады. |
Іздену - ұйымдастырушы | «Гүл шоғы» ойынын ойнату. Мақсаты:балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Шарты: ортада тұрған құмыраға өз есімдерін айтып, қолдарындағы гүлдерін салады. - Балаларбұл не? - Дұрысайтасыңдар. - Енді не істеймізбұлгүлді? - Балаларсендердіңүйлеріңеқонақтаржиікелеме? - Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар? Дұрыс балалар, амандасамыз, қал- жағдайын сұраймыз.Үстел басына шақырамыз. - Үстелге не төсейміз? - Дастарқанға не қоямыз? - Тағамдарды неге саламыз? - Ыдыс–аяқтардыңқандайтүрлерінбілесіңдер? Жарайсыңдар балалар, осы ыдыстырдың түрлерімен жақын танысу мақсатында біз қазір сендерге күнде дәмді тағам дайындайтын аспазшыға саяхат жасайықшы. - Сәлеметсіз бе аспазшы? -Сәлеметсіздер ме балалар! - Балалар мен сендерді ыдыс- аяқтардың түрлерімен таныстырамын. Кәстрөл – ет, сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс. Шәйнек – шай ішуге арналған, оның ішіне сендер күнделікті ішетін сок немесе кисель құюға болады. Таба – жұмыртқа пісіруге, рожки, картоп пісіруге арналған. Тәрелке – дайын тағамды салуға арналған. Кесе – шай ішуге. Қасық –тамақ жеуге. Шанышқы – тамақ жеуге арналған. Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы тиіс. Пышақ – нан кесуге, ет турауға арналған.Пышақты балаларға қолдануға болмайды. Ыдыстардың неден жасалуына тоқталу: - темір, қола, әйнек. -Енді, балалар, қазір мен сендерге осы аталған ыдыс-аяқтар суреті салынған қағазды таратып беремін. Соны маған әдемілеп бояп бересіңдер. Дидактикалық ойын: «Түріне қарай топтастыр» Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу. Шарты: үш бала қатысады.Қысқы киімдер, ыдыстар, үй жиһаздарын ажыратып жинау керек. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнап күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз. Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз. Дидактикалық ойын: «Ыдысты өз орнына қой» Мақсаты: Балаларға пішінді (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек) өз ыдыстарына тауып қоюға үйретуді жалғастыру. Шарты: Балалар ыдыстарды (күрішкені өз тәрелкесіне) түстерін таңдап дұрыс орналастырып ойнайды | -Менің атым-Гүлназ. -Менің атым-Аслан. -Құмыра және гүл. - Келген қонақтарға сыйлаймыз. -Ия. -Ұлдар. «ассалаумағалейкум» - Қыздар «сәлеметсіз бе?» -Дастархан. -Дастарханға түрлі тағамдарды қоямыз. -Тағамдарды ыдыс-аяқтарға саламыз. -Кесе, тәрелке, қасық, шанышқы т.б. Балалар аспазшыға баратынына қуанып келіседі. -Сәлеметсіз бе! Балалар аспазшының әңгімесін мұқият тыңдайды. Балалар өздеріне таратылған ыдыс-аяқтар суретін бояуға кіреседі. Інжу ыдыстарды жинайды. Әбілмансұр қысқы киімдерді жинайды. Диас үй жиһаздарын жинайды. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. Балалар қимыл –қозғалыс жасап, сергіту сәтін орындайды. Мейірлан сары күрішкені сары тәрелкеге орналастырады. Арслан жасыл қақпақты жасыл кәстрөлге жабады т.с.с. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші? - Тақпақ білеміз бе қыс мезгілі туралы? -Жарайсыңдар балалар! -Енді балалар, қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып құрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы , Сау – сәләмәт болайық. | -Қыс мезгілі. -Күн суытады, аяз болады, қар жауады, адамдар қалың киінеді. Жанарыс Ақ шанамыз зырлайды, Ақ қар оны шыңдайды. Біреу шаңғы тебеді, Құйындатып келеді. -Медина Шанасына мінеді, Мәз- мейрам боп күледі. Жарысамыз бәріміз, Жарасып тұр сәніміз. Балалар қонақтармен қоштасады. -Сау болыңыздар! |